Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет58/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

* * *
«Биыл қысың не, осы күзден артылар ма екенбіз», – дегендей 
көшеде  ілбіп  басып,  биік  қақпаларды  таяғымен  тақылдатып, 
қайыр-садақа  сұрап  тұрғандар  кездесе  бастады.  Бұлар  қала 
дуаналарына ұқсамайды. Әне, анау кір кимешек киіп, бес-алты 
жасар  бала  жетектеген  әйел,  сөз  жоқ,  елден  келген.  Баланың 
өңі  бит  сорғандай  боп-боз  шекесінен  көк  тамыры  көрініп  тұр. 
Кішкентай нәрестенің көздеріне күллі әлем аш-жалаңаштарының 
қайғы-қасіреті  келіп  қонақтап  қалғандай  екен.  Бет-аузы 
күлкілдеп  іскен  шешесі  әлсіз  қолмен  қақпаны  тықылдатады. 
Зарығып көп тұрады. Оның тағдыры осы қақпаның ашылуына 
байланысты  сияқты.  Кісі  баласына  алақан  жаюға  арланатын, 
ұяты  күшті  жан  шығар.  Есік  тықылдатуынан  байқалады.  Есік 
қағуға  қолы  әрең  көтеріледі.  Тарсылдатпай,  өлімсіретіп  жай 
қағады.  Оны  түкпірдегі  үй  иелері  естімеуі  де  мүмкін.  Бірақ 
қақпаның ар жағынан өршеленіп ит үреді. Ит қазір қайыршыға 
қастық қылдым десе де, достығы күшті. Өйткені ініне тығылған 
қала тоғышарының мазасын алып, қақпаны ашпасына қоймайды.
Әйел кәрі де емес, бірақ  жасына жетпей боржып, бет-әлпеті 
бұзылып  болыпты.  Сірә,  тірегі  жоқ,  күйеуі  ажал  қармағына 
бұрын ілінген тәрізі бар. Енді өзі де тірілер санатынан шығып 
қалғандай. Тек баланы сақтасам-ау деген аналық сезім барлық 
ар-ұяттан  аттатып,  алақан  жайдырып  қойыпты.
Ар жақтан бұрқылдап үй иесі шықты. Қайыршыларды көріп, 
қатты ашуланып, қайырымнан иненің жасуындай сезім білінбей, 
қақпаны тарс жауып қойды.
– Ары жүр, – деді әлгі үй иесі ашуланып, итімен қоса арсылдап. 
–  Бар,  ана  большевиктер  асырайды  сендей  сандалғандарды! 
Атшабарда асхана ашыпты дейді аштар үшін. Кешікпей өзіміз де 


сонда баратын шығармыз. Ішегімізді суырып жейік деп отырмыз. 
Саған беретін садақа қайда?!
Тұрар әлгі әйелге таяп келіп:
–  Атшабарға  барыңыз.  Мирза-ауф  дегеннің  үйін  сұраңыз. 
Аштарға  сонда  тамақ  беріледі.  Енді  құлап  қалмай  тұрғанда 
тезірек  жетуге  тырысыңыз,  –  деді.
Әйелдің  долырған  ерні  бірдеңе  деп  қыбырлағандай  болды. 
Бала  шешесінің  жеңінен  тартқылады.
– Апыр-ай, нәубет төне бастапты ғой, – деп Сәбден шошынды.
Тұрар артына бұрылып қарап еді, баланың көзіне көзі түсіп 
кетіп, тұлабойы дір ете қалды. Нәрестенің жанары баланың емес, 
жасамыс  адамның  көзқарасындай  сұмдық  екен.  Басы  қауқиып, 
дәу көрінеді. Қылдырықтай мойын сол басты көтере алмай былқ-
сылқ етеді. Аяқ-қолы шидей де, қарны шермиіп қалыпты, аран 
аурудың шын нышаны көрініп тұр.
– Сәке, сәл кідіріңіз, – деді Тұрар алдыға түсіп, асыға басып бара 
жатқан Сәбденге. Сәбден әлденеден күдіктеніп, қашқақтағандай 
ыңғай білдіріп:
– Асығып тұрмын, Тұраржан. – Жұма намаз...
–  Асықпаңыз.  Мыналарды  екеуміз  Мырза-ауфтың  үйіне 
жеткіземіз. Тастап кетуге қалай дәтіміз шыдайды? Көрдіңіз бе, 
шешесі  мүлде  жүре  алмайды.  Бала  да  құлағалы  тұр.
– Ойбай, шырағым-ау, сонау Атшабарға бұларды жеткізгенше 
күн де батады той. Бұлардың қайсыбірін жарылқайсың, Тұрар?! 
Құдай  жарылқамаған  сорлыға,  адамның  жаны  ашығаннан  не 
пайда?  Мені  қинама.  –  Сәбден  қипақтап,  ары  бұрыла  берген. 
–  Сәке!  –  деген  сөз  сақпандай  сарт  ете  қалды.  Сәбден  селк 
етіп  тоқтады.  –  Алыңыз  қолтығынан  анау  әйелді!  Мен  баланы 
көтеремін. Мен сізге үйден шыққанда маған ілес деген жоқпын. 
Маған  ілескен  адамдардың  жұмысы  осындай  болады,  біліп 
қойыңыз.  Ал  айтқанымды  тыңдамасаңыз  –  мыналарды  сіздің 
үйге  алып  барамын.  Бағасыз,  бақпасаңыз,  зорлап  көндіреміз.
–  Қайдам,  қарағым,  жаманшылығым  жоқ  еді  саған,  –  деп 
Сәбден  қомыт  әйелді  әшейін  қорыққанынан  ғана  қолтығынан 
демеген болды. Бала шүйке жүндей жеп-жеңіл екен. Шермиген 
қарын болмаса, қырым ет жоқ, қу сүйек. Таза киінген бейтаныс 


адам өзін көтеріп келе жатқанына сенерін де, сенбесін де білмей, 
үңірек  көздер  Тұрарға  кірпік  қақпастан  тесіле  қарайды.
– Әй, қарағым Тұрар-ай, сендей төре адамның жұмысы бұл 
емес еді-ау, – деп Сәбден әлгіде Тұрармен қатар келе жатқанын 
дәреже  көрсе,  енді  намыстанып,  өткеннен  де,  кеткеннен  де, 
ұялып  қара  терге  түсіп  келеді.
– Қателесесіз, Сәке. Мүмкін, бұл бала кейін халыққа сіз бен 
бізден гөрі қажеттірек азамат болып өсер. Өлтіріп алсақ, обалы 
екеумізді екі дүниеде де жібермейді.
Арт  жақтан  ат  жеккен  арбаның  дыбысын есітіп,  Тұрар  тұра 
қалды  да,  қол  көтерді.  Делбе  ұстап  отырған  қызыл  бет,  қаба 
сақал  тоқ  кісі  Тұрардың  айтқанына  көнбей,  аттарға  қамшы 
баса  бергенде,  Тұрар  божыны  тартып  қалып,  жан  қалтасынан 
револьверді суырып алды. Көзі шарасынан шыға, тілі күрмеліп 
қалған қаба сақал арбадан секіріп түсіп, көлікке әйел мен баланы 
өзі  көтеріп  отырғызды.
Арбаға Тұрар да мініп, қаба сақалға:
– Атшабарға тарт! Тез! – деп бұйырды.
– Кешіре гөр, сен кімсің? –деді арбакеш әлден уақыттан кейін 
тілге келіп.
– Әулие-Ата совдепінің мүшесі Тұрар Рысқұлов.
Үңірек  көз  бала  Тұрардың  бетіне  тағы  да  ұзақ  қарады.  Не 
жылай білмейтін, не күле білмейтін, сіреспе рең – жүз жасаған, 
дүниеден  түңіліп  болған  қақбастың  ірепетіндей  мүлде  енжар, 
мүлде  самарқау.  Бірақ  тереңде  жатқан  көздері  ғана  шыңырау 
түбіндегі  суға  түскен  сәуледей  жылтырап,  Рысқұловтың 
өңменінен өтіп барады. «Мен мұның жасында түрмеде едім-ау» 
деген  ой  Тұрардың  басына  сап  ете  қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет