Шернияз жарылғАСҰЛЫ



Дата05.11.2016
өлшемі266,53 Kb.
#1033
ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ

Шернияз Жарылғасұлы (1806, қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданы — 1867, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) — халық ақыны. Кіші жүз қазақтарының Исатай,Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 — 37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады.Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Шернияз өлеңдері үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшїүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Қ.Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, “18 — 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Айтыс” (1-т., 1965) жинақтарында басылған.

 Махамбет рухында жыр толғап, азатшылдар көтерілісіне үнқосқан, халықтың қайнаған шерін өңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі –Шернияз.


Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойынмекендеген кете елінен. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі шағындәулетті, еті тірі ел ағасы болған.Шернияз жас шағынан ел өмірін, халықтұрмысын жақсы біліп, олардың мұң – мұқтажын жете түсінген. «Махамбет батырдыңШернияз шешенге айтқан жұмбағы» 1925 жылы басылады.  Баймағамбет Шерниязды өз сынынан өткізеді. СүйінбекұлыОразғалидың айтуынша, Шернияз 15 жасар шамасынан  - ақ кішкене ділмар шері атанады. Сол он бесшамасында Шернияз адайдың атақты ақыны домбырашы Абылмен кездеседі. Абыл кішіжүз елін аралап жүріп, кете еліне келеді. Кейбір деректерге қарағанда, Шернияз1817 жылы туып, 1881 жылы қайтыс болған. Ол Исатай Тайманов бастаған Кіші жүзқазақтарының көтерілісіне қатысқан. Исатай қазаға ұшырап, көтеріліскеқатысқандар жазаға тартыла бастағаннан кейін, Шернияз Баймағамбет сұлтанныңқудалауына түседі. Бас сауғалап лажсыздан Баймағамбетке бағынышты болып, онымен татуласса да, Исатаймен жолдасболған кезін аңсауын, қуғында жүрген  Махамбетақынмен кездесуін қоймаса керек. Қазақ әдебиетінде Шернияздың әкелген біржаңалығы ертеден келе жатқан импровизация өнерін кемелдендіре, жетілдіре түсіп,оны өзіне қарсыласушылардың мін – кемістіктерін, оғаш мінездерін көрсетуге, әжуаетуге шебер пайдалануында демекпіз.Бұған үлгі ретінде, Шернияздың Баймағамбеттөремен кездескендігі айтқандарын атаса жеткілікті. Сонымен бірге Шернияз он бірбуынды қара өлеңді де кең қолданады.  Шернияздың өлеңдері, көбінесе, ауызшатараған, шығармалары 1925 жылдан бері әр кезде жарияланып келді.



ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ

ШӨЖЕ ҚАРЖАУБАЙҰЛЫ



Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялықкөзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. 

Шөже ай­тысқа түсіп қана қой­май, кезінде ар­нау өлеңдер де айтқан. Оның бізге жет­кен бірне­ше толғаула­ры да бар. Олар: «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәуке, осын­ша не қыл­ды бейілің қашып», «Дом­бы­ра шыққан тыңқыл­дан», «Жи­ылған көп жа­мағат отыр қор­шап», «Ас­са­ла­умағалай­кум, қара Бәй­тек», «Бәйтікке», «Кім өлсе, соған түсер за­ман ақыр», «Қос құлаққа», «Ер­ден ба­тырға», тағы басқалар.

Асқақ жыр­шы, ли­рика­лық-эпи­калық дас­тандар­ды ше­бер орын­да­ушы болған. Абай­мен кез­десіп, ха­лық эпос­та­рын, әндері мен аңыз­да­рын білетіндегімен оған зор ықпал жа­саған. Ш. Ш. Уали­ханов 1864 жы­лы 6 на­урыз­да өзінің Ом­бы­дағы пәтерінде Шөже орын­даған «Қозы Көрпеш–Ба­ян сұлу» дас­та­нының ең таңда­улы нұсқала­рының бірін жа­зып алып, Шөженің ақын­дық ше­берлігіне жоғары баға бер­ген.

Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды.

Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады.

Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың

Үйде жарлы болсам да,түзде баймын.

Асығымнан алтынға бөлесеңде,

Дүние жүзін көрмеген сормаңдаймын,-

деуіне қарағанда, ақын өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би-болыстар қатты сыналады. Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте өткір.

Жолшора өзің қазы, әкең Анай,

Бұрып сөйлеп, параны жедің жалай.

Алдында жеті тамұқ, сегіз жұмақ,

Қайсысына кіруің екі талай.

Қажылықпен дүниеде жедің пара,

Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай! - дейді. Балтаның «Ит соқыр» деп айыптаған дөрекі сөздеріне де ақын бұлтарыссыз батыл жауап береді. Балта елінің аға сұлтаны Құнанбайдың да соқыр екенін айтып, мықты болсаң содан құтыл дейді.

Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса,

Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан.



Шөже Балтаны жеңгенде оның парақорларлығын, ұры-қарыларға жақтастығын айтып бет қаратпайды. Сен ұрысың, олар парақор – бәрінің пиылғың бір деп оларды қоса айыптайды.



СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ

Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.

Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды.“Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.



Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[1] Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-іхалық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында СырдарияЖетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.

Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Сүйінбайдың МалыбайЖетібайӘзірбай атты ұлдары, БағжанҚойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет