Күтілетін нәтиже:
Көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп, ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.
Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.
Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді.
Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.
Шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.
Халықтың қанатты сөздерінің мәнін,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.
3-сынып
№
|
Өтілетін сабақ тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Уақыты
|
Ітоқсан
|
1
|
Шешендік өнер нені үйретеді?
|
1
|
|
2
|
Жазда не байқадың?
|
1
|
|
3
|
Жақсылық пен жамандық
|
1
|
|
4
|
Сенің сөйлеу мүмкіндігің
|
1
|
|
5
|
Қарым – қатынас әліппесі
|
1
|
|
6
|
Сөйлеу мәдениеті
|
1
|
|
7
|
Тіл және сөйлеу
|
1
|
|
8
|
Шежірені білесің бе?
|
1
|
|
9
|
Жаттап алмай, еркін әңгімеле
|
1
|
|
II тоқсан
|
1
|
Қысқа да нұсқа сөйлейміз
|
1
|
|
2
|
Мақтау және мадақтау
|
1
|
|
3
|
Тыңдаймыз және түсінеміз
|
1
|
|
4
|
Тыңдаймыз және тереңіне бойлаймыз
|
1
|
|
5
|
Кітап оқимыз
|
1
|
|
6
|
Жаңа ойды жаңа жолдан жаз
|
1
|
|
7
|
Шығарманы өңдеудің тәсілдері
|
1
|
|
ІІІ тоқсан
|
1
|
Әдемі сөйлеп үйренейік
|
1
|
|
2
|
Сыпайылық деген не?
|
1
|
|
3
|
Әдепті деген кім, әдепсіз деген кім?
|
1
|
|
4
|
Сәлем - сөздің атасы
|
1
|
|
5
|
Сыпайы сөйлеуді үйренейік
|
1
|
|
6
|
Сауатты жаза біл!
|
1
|
|
7
|
Сөздерді дұрыс айта біл!
|
1
|
|
8
|
Сөздерді дұрыс қолдана біл
|
1
|
|
9
|
Өз сөзіңмен айтып бер
|
1
|
|
10
|
Кітап – алтын қазына
|
1
|
|
IV тоқсан
|
1
|
Керек жерін таңдай біл
|
1
|
|
2
|
Диалог
|
1
|
|
3
|
Монолог
|
1
|
|
4
|
Құттықтау және тілек айту
|
1
|
|
5
|
Мәтіннің түрлері
|
1
|
|
6
|
Салыстыру
|
1
|
|
7
|
Пайымдау
|
1
|
|
8
|
Өзіндік пікір
|
1
|
|
Барлығы
|
34 сағат
|
1 – сабақ
Мұғалімнің аты-жөні:Байсейтова Ж
Сыныбы: 3«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер нені үйретеді?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдебиет жанрының бір түрі – шешендік өнерімен таныстыру. Оқыған шешендік сөздер туралы түсінігін әдеби тілде, өз тілінде әңгімелей білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), қазақ билерінің портреттері
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Табыс тілеп көзбенен
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Шешендік өнер дегеніміз не?
Шешендік өнер – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік өнер ерте кезден халықтың тапқырлықпен айтылған ой тұжырымдары. Қазақ халқы шешендігімен ел жұртты мойындатқан адамдарды би деп атаған. Бәріміз білетін үш би Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сондай ұлы адамдар.
Тапсырмалармен жұмыс
Шешендік өнер нені үйрететінін есіңе түсір. Төмендегі жауаптардың қайсысысы сұраққа дәл жауап береді? Өз көзқарасыңды дәлелді түрде түсіндір.
Шешендік өнер сөйлеуді және тыңдай біліуді үйретеді
Шешендік өнер шебер, әсерлі, көркем және астарлы сөйлеуге және жазуға үйрететін ілім.
Шешендік өнер ойлы сөйлеуді және жазуды үйретеді.
Біздің анықтама
Шешендік өнер қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Тапқырлықпен айтылған, көркем тілмен жеткізілген үлгі ой тұжырымдарды шешендік дейміз. Мұндай сөздер халықтың даналығын, тілдің байлығын көрсетеді.
Қазақ халқы шешендігімен ел жұртты мойындатқан адамдарды би деп атаған. Бәріміз білетін үш би Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би олар ұлы адамдар болған.
Ежелгі гректер шешендікті төл ғылымы ретінде санаған. Ежелгі Грекияда риторика бұдан 2500 жыл бұрын пайда болды.
Ежелгі гректер риториканы әр адамға қажетті аса маңызды ғылым деп есептеген. Сол себептен жазу мен оқу секілді, сөйлей білуді де арнайы пән ретінде оқытқан.
Мақалдың мағынасын қалай түсінесің?
«Орынды айтылған сөз –
Орнына қағылған шеге.»
Бұл мақал қандай жағдайға байланысты туған деп ойлайсың?
Оқы және ойлан.
- Үшінші сыныпта сіздермен бірге оқуға Қожанасыр келіп қалды делік.
Ол бұған дейін екінші сыныпта ертегішілер елінде оқыған. Шешендік
өнердің әліппесін естімеген, білмейді.
Сондықтан сендер біріге отырып, Қожанасырға шешендік өнер туралы білетіндеріңді айтып беріңдер.
Әрқайсысыларың бір бір сөзден айтқаннның өзінде, оның біраз дүниеден хабардар болары анық.
Қожанасыр кімнің не айтқанын көріп отыруы үшін үшбұрыш жасап отырыңдар.
Олай болса іске сәт!
Қорытынды.
Оқушылар, шешендік өнер дегеніміз не?
Қазақ билерінен кімдерді білесіңдер?
Грекияда шешендік өнер қашан пайда болған?
Қазақ шешендерінен кімдерді білесің?
Оқу ісінің орынбасары: .........................................К.Тәліпбай
2 – сабақ
Мұғалімнің аты-жөні:Байсейтова Ж
Сыныбы: 3«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Жазда не байқадың?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды оқиғалар мен әңгімеледі дұрыс тыңдай білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, оларды әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Ойға толып санамыз
Бестік баға аламыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Бүгінгі сабағымыз «Жазда не байқадың?» деп аталады
Үш күндей болмай, үш айлық демалыс та өте шықты. Жаз бойы, әрине, сөйледің және сөйлестің, тыңдадың және оқыдың. Алған әсерлеріңді қағазға түсіріп жазғанда боларсың.
Олай болса, төмендегі анкетаның қысқаша сұрақтарына жауап бер
Анкета
Кімнің қалай сөйлейтінін байқадың?
Тым айқайлап сөйлейді
Тым жай сөйлейді
Жасанды дауыспен сөйлейді
Түсініксіз сөйлейді
Сен байқадың ба, кейбіреулер сыпайы:
Тыңдай алмайды
Сәлемдесе алмайды
Өтіне алмайды
Рақмет айта алмайды
Кешірім сұрай алмайды
Таңғаларлық қызықты, есте қалатындай не тыңдадың?
Әңгіме
Ертегі
Жұмбақ
Жаңылтпаш
Басқа....
Мүмкін жазда өзің де жазған шығарсың? Не жаздың?
Әңгіме Жаңылтпаш
Ертегі Өлең
Жұмбақ Хат
Естіген әңгіме немесе санамақ,өзің байқаған ерекше құбылыс, сұхбаттасудан туған ой немесе әлденеден алған әсерің туралы жаз. Жазған әңгімеңе тақырып қой. Сурет салуды, безендіруді ұмыстпа.
II. Өлеңді оқы.
Кім болсың?
Бармақтарың майысып, Құрығыңды майырып,
Түрлі ою ойысып, Түнде жылқы қайырып,
Ұста болар ма екенсің? Жаудан жылқы айырып,
Таңдайларың тақылдап, Жігіт болар ма екенсің?
Сөйлегенде сөз бермей, Айыр қалпақ киісіп,
Шешен болар ма екенсің? Ақырып жауға тиісіп,
Кең балағын түсіріп, Батыр болар ма екенсің?
Ойға, тауға жүрісіп, Айналайын, балдырған
Балуан болар ма екенсің? Қылығың мейір қандырған
Күйші болар ма екенсің,
Өнердің отын жандырған?
Бұл өлең неге кім боласың деп аталады?
Неге әр екі жол сайын «болар ма екенсің» деген тіркес қайталанады?
Осы өлеңдегі ең маңызды сөздердің астын сызып көрсет.
Өлең кімге арналған деп ойлайсың?
Біздің анықтама
Арман – адамның сондай болсам, сондай бір биікке жетсем, көрсем деген ойының ұшқыр сезімі. Арман адамды алға жетелейді, биіктерге бастайды. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» деген мақал содан шыққан.
Мектеп сені ең басты неге үйретеді?
Үйде сені ең басты неге тәрбиелейді?
Шешендік өнер сабағында не үйренесің?
Достарыңызбен бөлісу: |