5 – сабақ
Мұғалімнің аты-жөні:Байсейтова Жанар
Сыныбы:3 «Ә» сынып
Күні:02.10.2020ж
Сабақтың тақырыбы: Қарым- қатынас әліппесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлеу мәнеріне үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жүргізу дағдыларын, сөздік қорын жетілдіру. Оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің)
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Армысың, күн, емендер мен кең дала,
Армысың тау, ормандар мен теңіздер,
Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.
Армысың, әлемде өмір сүргендер!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Біз қашанда бір мақсатпен сөйлесеміз. Сөйлеудің мақсаты: жаңалықты хабарлау, болған жағдайды түсіндіру, көз жеткізу ықпал ету. Сондай - ақ басқалармен өз ойымызды бөлісіп, ішкі пікірімізді сыртқа шығарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |