6 – сабақ Мұғалімнің аты-жөні:байсейтова Жанар Сыныбы:3 «Ә» сынып Күні:09.10.2020ж Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлеу мәдениетімен таныстыру. Сөйлеу мәнеріне үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық
Кайырлы күн достар
Бүгінгі күн, міне
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кіл бестікке толсын!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.