8 – сабақ 22.10.19. Сабақтың тақырыбы: Шежірені білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шежіре туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың өз шежіресін білуге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, сөйлеу дағдысын жетілдіру; Олардың эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық
Армысың, күн, емендер мен кең дала,
Армысың тау, ормандар мен теңіздер,
Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.
Армысың, әлемде өмір сүргендер!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Рулық, туыстық кестені қазақтар шежіре деп атайды. Шежіре арқылы арғы тегіңнің кім екенін білесің. Ол ата - бабаларымызды ұмытпай, оларды қадір тұтып жүру үшін де қажет. Сондай - ақ қазақ халқында жеті атаға дейін туысатын жігіт пен бойжеткен қыз бір - біріне үйлене алмайды.
Шежіре барлық халықтарда болады.
Қазақ рулары
Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз
Үйсін Арғын Байұлы
Жалайыр Найман Әлім
Албан Уақ Жетіру
Суан Керей
Дулат Қыпшақ
Сарыүйсін Қоңырат
Сіргелі
Ысты
Ошақты
Шапырашты
Шанышқылы
Қаңлы
Қазақ руларына кірмейтін бөліктер
Төре
Төлеңгіт
Қожа
Сунақ
Ноғай
Қазақта жеті атаға дейін өте жақын қандас деп есептеген. Бұл туыстық бір - біріне қамқорлық жасаудың ең бір қасиетті түрі. Қазақ халқында ертеден жалғасып келе жатқан әдет жетім жесірге, кемтарларға көмек жасау, қолдау жасау көрсетіп, қол ұшын беру.
Біздің анықтама
Жеті ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
Туажат
Қазақта:
Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер, деген мәтел бар