28– сабақ Сабақтың тақырыбы: Диалог
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың диалог туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық
Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге «Сіз» деген!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
*Ой қозғау
Диалог дегеніміз не? Есімізге түсірейік.
Монолог дегеніміз не?
Мысал келтір.
Диалог дегеніміз сұхбат, сөйлесу, әдеби шығармадағы екі адамның немесе бірнеше кейіпкердің өзара сөйлесуі.
Монолог дегеніміз бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен - өзі сырласуы, толғанысы. Монолог өлеңмен де қара сөзбен де жазылады. Бұлардың екеуі де гректің сөзі.