Тапсырмамен жұмыс
Монологтарды оқы. Сөйлеп тұрған адам не туралы айтқысы келді? Монологтың біреуі таңдап алып, нақышына келтіріп оқы.
Таңертең қожайын келді. Қожайын жорғаны мойнынан сипалап, алдене деп жылы - жылы сөздер айтып тұр. Гүлсары оның не дегенін қайдан түсінсін. Ал, Танабай болса:
Ой, Гүлсары ай, кеше мені тәуір - ақ әуреледің - ау. Немене? Жаурадың ба? Қаншырдай қатып қалыпсың ғо өзің. Тамаша! Сен өкпелеме, досым. Қашанғы бұлғақтап бос жүресің. Ештеңе етпейді, әлі - ақ үйреніп кетесің. Рас, біраз азаптандың, онсыз болмайды, досым. Өмір деген, бауырым, әлі - ақ төрт аяғыңды да тағалайды. Ал, бірақ оның жақсылығын да көресің, жол үстінде жатқан көрінген тасқа сүрінбейсің. Ашығып қалдың ба? Шөлдеп тұрсың ба? Білемін .... - деп еді.
III. Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |