Шешуі: Белгісіз т±з І жєне ІІІ топтаѓы металдардыњ сульфаты болуы керек, себебі ашудастардыњ жалпы формуласы Me(I)ME(III)



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі210,5 Kb.
#92646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
olimp-2

10 сынып
1-есеп.
Қанықпаған 4 көмірсутегінің проценттік құрамдары бірдей: 8,5,7 процент С және 14,3 процент Н. Олардың ауамен салыстырғандағы тығыздықтары 0,98; 1,5; 2,0; 2,43 болса, олар қандай көмірсутектер? Бұл көмірсутектердің алыну реакциялары теңдеулерін жаз. Структуралық (графикалық) формулаларын келтір.
Шешуі:
Ауамен салыстырмалы тығыздықтары негізінде көмірсутектердің жеке-жеке салыстырмалы молекулалық массаларын есептейік:
Dауа= Mr(CxHy)/Mr(ауа)
Mr(ауа)=29;
M1(CxHy)=29*0.98=28.42;
M2(CxHy)=29*1.5=43.5
M3(CxHy)=29*2.58
M4(MxHy)=29*2.43=70.47
Енді көмірсутектердің проценттік құрамы бойынша көміртегі мен сутегінің мөлшерін есептейік:
100г CxHy -85,7г С болса,
28,42г CxHy –х1 г.
Х1=28,42* 85,7/100:=23,25г С;
23,25: 12≈2; екі атом С
100г CxHy -14,3г Н,
28,42г CxHy –х2 г;
х2=28.42*14.3/100=4.1г Н
сутегінің атом саны-4,1:1=47
Бірінші көмірсутегінің формуласы – С2Н4, бұл-этилен;
СН2=CH2-этиленнің графикалық (структуралық) формуласы.
Этиленнің алынуы:
С2Н5ОН*Н2SO4/t0*C2H4↑+H2O немесе С2Н6→С2Н42;
100г СхНу – 85,7г С;
43,5г СхНу –х3г;
х3=85.7*43.5/100=37.28г С
37,28:12=3 атом С.
100г СхНу –14,3г Н,
43,5г СхНу –х4;
Х4=43,5*14,3/100=6,2г Н.
6,2:1=6 атом Н.
Екінші көмірсутегі С3Н6-пропен, СН2=СН-СН3.
Алынуы:
С3Н8→С3Н62;
100г СхНу –85,7г С,
58г СхНу –х5 г;
х5=85,7*58/100=49,7г С.
100г СхНу –14,3г Н бар 58г СхНу –х6 г;
х6=58*14,3/100=8,3г Н
8,3:1=8 атом Н№
Үшінші көмірсутегі С4Н8-бутен.
Н2С=СН-СН2-СН3 бутен-1
СН3-СН=СН-СН3 бутен-2
С4Н10→С4Н32
100г СхНу –85,7г С
100г СхНу –14,3г Н бар
79,47гт СхНу –х8 г
х8=79,47*14,3/100=10,08г Н
10,08:1=10 атом Н№
Төртінші көмірсутегінің формуласы С5Н10-пентен. Кейбір изомерлерінің формуласы мен аттары:
Н2С=СН-СН2-СН3 пентен-1
Н2С=СН-СН2-СН3-СН3 пентен-2
СН3-СН=С-СН3 2-метилбутен-2
|
СН3
Жауабы: С2Н4-этилен, С3Н6-пропилен (пропен), С4Н10-пентен.
Бәрі де қанықпаған көмірсутектерінің өкілдері.


9 – сынып
1-есеп.
41,3г мыс пен мыс(ІІ) оксидінің 88 проценттік күкірт қышқылының біраз мөлшерінде ерітілген. Реакция нәтижесінде, 8,96л газ(қ.ж) бөлінген. Қоспаның алғашқы құрамын және түзілген тұздың мөлшерін есепте.
Шешуі:
Концентрлі күкір қышқылы қоспа құрамындағы екі затпен де әрекеттеседі
Cu+2H2SO4=CuSO2+SO2↓+2H2O
CuO+H2SO4=CuSO4+H2O
Реакция нәтижесінде бөлінген газ күкірт (ІҮ) оксиді SO2. Бөлінген газдың көлемі бойынша әрекеттескен қоспадағы мыстың мөлшерін есептейміз:
Х1 8,96
Cu+2H2SO4=CuSO4+SO2↓2H2O
64г 22,4
х1:8,96=64:22,4;
х1=25,6г Cu.
Қоспа құрамындағы мыс(ІІ) оксидінің мөлшері 41,3-25,6=15,7г болады. Есептің шартына сәйкес түзілген тұздың мөлшерін есептесек:
25,6 х2
Cu2H2SO4=CuSO4+SO2↓+2H2O

  1. 160

25.6:x2=64:160, бұдан
х2=25.6*100/64=64г CuSO4

    1. x3

CuO+H2SO4=CuSO4+H2O
80 160
15.7:x3=80:160, бұдан
х2=15.7*160/80=31.4г CuSO4
Барлық түзілген тұздың мөлшері
64+31,4=95.4г.
Жауабы 25,6г Cu 15,7г CuO, 95,4г Cu SO4


2-есеп.
81,95г калий хлориді, калий нитраты және бертолет тұздарының қоспасы массалары тұрақталғанда дейін қатты қыздырылған кезде газ бөлінген. Ол газды сутегімен әрекеттестіргенде, 14,4г су түзілген. Қатты қыздырылғаннан кейінгі өнім суда ерітіліп, күміс нитратының ерітіндісімен өңделген. Сонда 100,45г тұнба түзілген. Қоспаның проценттік құрамын анықтаңдар.
Шешуі:
Қатты қыздырғанда, калий нитраты мен бертолет тұзы айырылып, оттегі бөлінеді:
2КNO3=2KNO2+O2↑ (1)
2KCIO3=2KCI+3O2↑ (2)
Бөлінген оттегінің сутегімен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген судың мөлшерін біле отырып, оған кеткен оттегінің мөлшерін есептейміз:
Х1 14,4
22=2H2O

  1. 36

x1:14.4=32:36, бұдан
х1=14.4*32/36=12.8г О2;
Оттегінің бұл мөлшері екі тұздың (КNO3 мен KCIO3) айыру нәтижесінде түзілгенін ескере осынша мөлшерде газ түзілу үшін қанша тұздар айырылғанын (1) және (2) теңдеулер бойынша есептейміз. Екі теңдеудің сол жақ бөлігін, оң жақ бөлігіне оң жақ бөлігін қосып, төмендегідей теңдеу құрайық:
2KNO3+2KCI3=2KNO3+2KCI+4O2↑ (3)
Бұл теңдеудегі коэффициенттер жұп санды болғандықтан, екіге қысқартып, төмендегідей теңдеу аламыз:
KNO3+KCIO3=KNO2+KCI+2O2↑ (4)
Осы теңдеуді (4) пайдаланып, 12,8г О2 түзілу үшін қоспада KNO3 пен KCIO3 –тің мөлшері қандай екенін есептейміз:
Х2 12,8
KNO3+KCIO3/223,5=KNO2+KCI+2O2
64
x2:12.8=223.5:64, бұдан
х2=12.8*223.5/64=44.7KNO3 пен KCIO3
Енді әуелгі қоспадағы калий хлоридінің мөлшерін табайық:
81,95-44,7=37,25г KCI
Қатты қыздырғаннан кейінгі қалдық құрамындағы калий хлоридінің мөлшерін күміс нитратымен әрекеттескеннен кейінгі түзілген тұнбаның мөлшері бойынша табамыз:
Х3 100,45
KCI+AgNO3=AgCI↓+KNO3 (5)

    1. 143.5

x3:100.45=74.5:143.5 бұдан
х3=100.45*74.5/143.5=52.15г KCI
Бертолет тұзы айырылуы кезінде түзілген калий хлоридінің мөлшері:
52,15-37,25=14,9г KCI
14,9г KCI түзілуі үшін айырылған KCIО3 мөлшерін есептейік:
Х4 14,9
2KCIО3=2KCI+3О2↑ (6)

  1. 149

Х4:14,9=245:74,5 бұдан
Х4=245*14,9/74,5=24,5 KCIО3
Қоспада 24,5г бертолет тұзы болған. Бұл мәлімет бойынша қоспадағы калий нитратының мөлшері 44,7-24,2г болады. Қоспадағы тұздардың проценттік мөлшері:
С%ксе=37,25/81,95*100=45,45;
С%ксIo3=24.5/81.95*100=29.9;
C%kno3=20.2/81.95*100=24.65;
Жауабы: 45,45%KCI;
8-сынып
1-есеп.
Азот қышқыл натрий мен натрий хлоридінің 3,72 қоспасы 21,28мл суда ерітілген. Осы ерітіндінің азот қышқыл күміс тұхымен әрекеттестіргенде 2,86г тұнба түзілген. Қоспаның проценттік құрамын және даярланған ерітіндідегі тұздардың проценттік мөлшерін есепте.
Шешуі:
Ерітіндінің мөлшерін есептейміз:
21,28мл немесе 21,28г су
21,28+3,72=25г ерітінді.
Азот қышқыл күміс тұзымен ерітіндідегі натрий хлориді ғана реакцияланады:
NaCI+AgNO3=AgCI↓+NaNo3
Түзілген тұнбаның мөлшері бойынша ерітіндіде қанша натрий хлориді болғанын есептейміз:
Х1 2,86г
NaCI+AgNO3=AgCI↓+NaNO3

    1. 143.5г

Х1:2,86г=58,5г:143,5г бұдан
Х1=2,86*58,5/143,5=1,17г NaCI
Қоспадағы азот қышқыл натрий тұзының мөлшері:
3,72-1,17=2,55г.
Қоспадағы тұздардың проценттік құрамын есептейміз.
%NaCI=1.17/3.72*100≈4.68%
%NaNO3=2.55/3.72*100≈68.55
Ерітіндідегі қоспаның жеке-жеке проценттік мөлшерін есептейміз:
25г ерітіндіде 1,17г NaCI,
100г ерітіндіде-Х2;
бұдан Х2=1,17/25*10≈4,68%
25г ерітіндіде – 2,55г NaNO3,
100г ерітіндіде-Х3;
Х3=2,55/25*100≈10,2%


2-есеп.
Д.И.Менделеевтің периодтық системасында бір периодқа орналасқан екі элемент А2В2 қосылысын түзеді. А элементі оксидінің құрамында 47 процент оттегі бар, ал екінші элемент сутегімен қосылысының құрамында 94,1 процент В элементі бар. А және В элементтерін ата.
Шешуі:
Есептің шарты бойынша А2В3 қосындысында А элементі үш валентті, ал В элементі екі валентті. Оттегінің проценттік молшері бойынша А элементі оксидінің молекулалық массасын есептейміз:
100г оксидте (А2В3)-47г О бар,
Х1 г оксидте -48 г О бар.
(Мұндағы 48г – оттегінің үш атомының массасы)
Х1=48*100/47=102г.
Бұл оксидтің құрамына А элементінің 2 атомы кіретінін ескеріп, оның мөлшерін табамыз:
2А=102-48=54
А=54:2=27г.
Бұл алюминийдің массасына сәйкес келеді де, оның оксидінің формуласы АІО3 болады.
В элементі екі валентті болғандықтан, оның сутекті қосылысының Н2В молекулалық массасын есептеу үшін сутегінің проценттік мөлшері:
100-94,1=59% болатынын есептейміз.
100гН2В қосылысында 5,9гН, х2 қосылысында 2г Н бар (2 атомына сәйкес):
х2=2*100/5,9=34г Н2В
В элементінің массасы 34-2=32г болады, бұл-күкірт элементінің массасына сәйкес келеді. Күкірттің сутегімен қосылысының формуласы Н2S
Жауабы: АІ және S

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет