А және В пункттерінен бір мезгілде бір-біріне екі автомобиль шықты. Екеуі кездескеннен кейін олардың біреуі В пунктіне 1 сағ 15 минуттан соң, ал екіншісі А пунктіне 48 минуттан соң келіп жетті. А және В пункттерінің ара қашықтығы 90 км. Автомобильдердің әрқайсысының жылдамдығын табыңыз.