«Шет елдер тарихы бойынша деректер»


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/3
Дата27.02.2020
өлшемі337,5 Kb.
#58551
1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті
Тарих кафедрасы
050203-Тарих мамандық студенттеріне арналған

«Шет елдер тарихы бойынша деректер»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ТжҚ факультеттің деканы

___________ Ақышев А.А.

(қолы)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: ___________ т.ғ.к., доцент Молдакимова А.С.


Тарих кафедрасы

050203-Тарих мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған Шет елдер тарихы бойынша деректер» пәні бойынша

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі____________ Мамытова С.Н. 2012 ж. «____» ________
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Батталов Қ.Қ. 20___ж. «_____»___________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Молдакимова Әлия Сәрсенбайқызы – тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Кафедра №431 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1326

2 Пән туралы мәліметтер

«Шет елдер тарихы бойынша деректер» пәні гуманитарлық таным методологиясының дамуымен тығыз байланысты. Тарихшы үшін зерттеудің негізгі объектісі тарихи дерек болып табылады.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖМ

7

2

90

15

15

-

-

-

60

30

Емт.

Бар-лығы

2

90

15

15










60

30





4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты – Пәнді оқытудың мақсаты жалпы ғылыми әдістер негізінде деректерге талдау жасау. «Шет елдер тарихы бойынша деректер» курсы деректердің теориясы мен методологиясы тарихи деректердің сақталған және олармен жұмыс істеу әдістері саласындағы тарихи білімнің қазіргі даму деңгейіне сай білім беру.

Пәннің міндеті:

  • шет елдердегі деректану ғылымының қалыптасуының негізгі кезеңдерін студентерге көрсете білу;

  • деректанудың қазіргі әдіснамалық мәселелердің мазмұның ашып көрсету;

  • тарихи дерек деген құбылыстың мазмұның зерттеу;

  • деректанудағы жалпыметодологиялық принциптердің спецификалық мазмұның көрсету;

  • түрлі деректермен жұмыс icтей білуге дағдылану.

Студент білу керек:

- шет елдер тарихы деректерінің деректік мәліметтеріне сыни талдауды қалыптастыру.

- тарихтың деректерінің сыныпталу принциптерін білу;

Студент істей алу керек:

- оқу барысында студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыта білу;

- білімділік-ізденушілік дағды қалыптастыру.

5. Пререквизиттер:

Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстанның ортағасырлар тарихы. Қазақстанның жаңа заман тарихы. Ежелгі дүние тарихы, ортағасырлар тарихы, шетелдердің жаңа және казіргі заман тарихы.


6 пәннің мазмұны


№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе. Деректанудың мақсаты мен міндеті. Деректік зерттеу түрлері.

1

-

-

-

-

-

2

Ежелгі деректер.

2

1

-

-

-

8

3

Ортағасырлық деректер

2

2

-

-

-

8

4

Жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.

2

4

-

-

-

10

5

Жаңа замандағы араб елдері тарихының деректері

2

2

-

-

-

8

6

Жаңа замандағы Азия тарихының деректері


2

2

-

-

-

8

7

Қазіргі замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.

2

2

-

-

-

10

8

Қазіргі замандағы Азия мен Африка елдері тарихының деректері.

2

2

-

-

-

8

БАРЛЫҒЫ :

15

15

-

-

-

60


7 курстың қысқаша сипаттамасы

Деректанулық талдау жасай білу, деректерді түрлер мен типтерге айыра білу кәсіби тарихшыны басқа да тарихпен айналысатын бұқарадан ерекшейді. Ғылыми зерттеулер деректер санымен олардың сапалық дәрежесімен айқындалады.


8 КУрс КОМПОНЕНТТЕРІ

ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1 тақырып. Kipicпe.

Деректанудың мақсаты мен міндеті. Деректанудың түрлері мен типтері. Әртүрлі тарихи кезеңдерге тән деректер. Аймақтық деректердің ерекшеліктері. Деректанулық талдаудың негізгі белгілері. Жазба деректердің маңыздылығы.



2 тақырып. Ежелгі деректер.

«Илиада» мен «Одиссея» ежелгі тарих бойынша деректер ретінде. Гомердің «Тарихы» дүниежүзілік тарих жазуындағы ең бipiнші тәжірибе ретінде. Конфуцийдің нақылдары ежелгі Қытай тарихына байланысты дерек ретінде.



3 тақырып. Орта ғасырлық деректер.

Ерте ортағасырлық деректер. Ауызша тарих тарихи дерек ретінде. «Алпамыс», «Манас» және орыс батырлар жырлары. Эддалар. Ерте орта ғасырлык жазба деректер. Баяндаушы деректер «Тарихтар», Лев Дьяконны «Тарихы», Прокопий Кесарийскийдің шығармалары. Батыс Европа бойынша деректер: капитуларийлер, грамоталар, хартиялар, картулярийлер, полиптикалар. Жылнамалар. Жылнамалардың шығу тарихы. Жылнамалардың шығу тарихындағы субъектілік пен объектілік. Жылнамаларды зерттеу методикасы. «Бағзы заман жылнамасы». Дамыған ортағасырлық деректер. Қарапайым құқық жазулары (ордонанттар, патенттер және жеке актілер). «Эпарх кітабы», «Тарих қаласының кәсібі». Киев Русі тарихының деректері. «Русская правда» баспасы. Ерте феодализм деректері. 1447 жылғы Заңдар жинағы. 1550 жылғы Заңдар жинағы. 1640 жылғы Шіркеулік жинақ. Шығыс тарихының деректануы. Араб графиялық деректері. Монғол империясы кезеңіндегі деректер. Селжұқ құжаттары.

4 тақырып. Жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдері тарихының деректері.

Деректер жене тарихи таным. Өткеннің ерекшелігі таным объектісі ретінде. Тарихи танымның ретроспективті және реконструктивті мәні.

Өткен тарих туралы мәлімет түрлері. Тарихи дерек және тарихи факт. Тарихи дерек әлеуметтік мәлімет таратушы.



Тарихи деректi анықтау. Тарихи танымның түрлі теорияларындағы тарихи дерек туралы ұғым. Бейнелеу теориясындағы тарихи деректі анықтау. Деректегі объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі. Тарихи деректің мәлімет туралы ілімде бейнеленуі. Тарихи мәліметтердің дамуының негізғі ұстанымдары. Жазып алынған мәліметтердің қоғамда көбеюі. Тарихи деректің эволюциясы: факторлар, оны аныктауыштар. Тарихи деректерді жіктеудің проблемасы. Деректердің түрлері: заттық, жазбаша, бейнелеу және фоникалық. Жаппай деректер туралы ұғым.

Деректер әдістемесі мен тарих әдістемесінің өзара қатынасы. Деректерді тарихи сынау туралы ілімді өңдеу мен жинақтау. Тарихи тұжырымдама және деректерді зерттеу әдістерінің өзара әрекеті, құжаттарды қолдану. Тарихи танымның түрлі теориясы көзқарасы бойынша деректемелік талдаудың негізгі принциптері. Материалистік диалектикадағы историзм мен объективтілік принципі: эволюциялық үрдістің деректерге деген тарихи сынның өзгеруіне әcepi. Деректемедегі таным субъектісінің мәселесі.

Деректеме пәні мен міндеттері. Тарихи ғылымның дамуының түрлі кезеңдерінде шетелдердің жаңа тарихы деректері пәні мен міндеттерін анықтау. Деректер жене тарихи зерттеулер. Деректану-деректер туралы ғылым. Дерек тарихи құбылыс ретінде. Деректерді зерттеу әдістері. Деректерді зерттеу турлері.

Деректерді зерттеу жумысының нeгiзгi сатылары. Деректерді іздеу және табу. Деректемелерді талдау міндеттері ескерткіштің сыртқы келбетің анықтау оның түпнұсқасын белгілеу, мәтінді оқу, уакытьн, орнын, авторларын, шығу тегін, мәтіннің баяндалуын анықтау; оның шынайылығын, толықтығын, өкілеттігін мәліметтің ғылыми маңызын белгілеу. Белгілі деректерді талдауды жетілдіру.

Статистикалық материалдар. «Статистика» терминінің мәні. Уильям Петти (1623-1687) – статистиканың негізін қалаушы. XVIII ғасырдағы неміс университеттеріндегі мемлекеттің көрнекті жерлерін сипаттау статистиканың мектебі. Жаппай бақылау. Саяси статистика. Тарихи танымдағы статистикалық деректер мен статистикалық әдістердің ролі.

Мемлекеттік заңдардың aктiлepi. Заң-құқық дерегі. Ұлы француз революциясы кезіндегі буржуазиялық заңдар. Негізгі (Конституциялық) және кәдімгi заңдар. АҚШ-ң Конституциясы. Латын Америкасындағы азаттық соғыстар нәтижесіндегі негізгі заңдарды жасау тәжірибесі XVIII-XІX ғғ. Батыс Европада баспасөз беттерінде заң актілерін жариялау.

Кодификация заңды жүйелеу түpi. Наполеонның Азаматтык Кодексі (1804), Сауда (1807), Қылмыстық-процессуалды (1808), Қылмыстық (1810) Кодекстер.



Парламенттік құжаттар. Жаңа заманда парламент жұйесінің пайда болуы. Парламентаризм эволюциясы. Англия-парламенттік жұйенің отаны. XIX ғасырдағы Англиядағы сайлау реформалары (1832,1867,1884). ХІХ ғасырдағы парламенттік құрылыс негіздерін бекемдеу (Италия, Австро-Венгрия, Германия, Франция, Испания). Адамдардың жалпы сайлау құқы. Заң санкциясы. Заңды жариялау. Парламент құжаттарын жариялай бастау. Парламент дебаттарына деректемелік талдау жасау.

5 тақырып. Жаңа замандағы араб елдері тарихының деректері

Тарихи хроникалар, сипаттамалар, өмірбаяндық жинақтар. Ибн Халиканның (XVII ғ.) өмірбаян жинағы. Аль Бакридің «Гүлденген бақ» еңбегі. XVII ғасырдағы Египет тарихының дерегі. Абд ар-Рахман аль-Жабарти хроникасы XVIII ғ. соңғы ширегі - XIX ғ. бірінші ширегіндегі Египеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихының дерегі. Хусейн ибн Ганамидің «Неджда тарихы». Аравиядағы ваххабит козғалысының дерегі. Осман ибн Санад «Бағдад тарихы». Аль-Акики еңбегі (XIX ғ. ортасы). Ливан тарихының дерегі.

Саяхатшылардың жазбалары. Покок, Вольней, Нибур, Буркхардт, Палгрэв, Филби, Доутидің саяхаттары. Араб елдеріне жасалған француз экспедцициялары. Бонапарттың Египетке жасаған экспедициясының мақсаты мен міндеттері.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет