Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Тақырып



Дата18.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#132334
Байланысты:
Презентация1


Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру
Тақырып:
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама- қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.
Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі .
Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады. Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді» . 2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі. Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан тек қана Прибалтика елдері озық тұр.
Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл, Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің келуін атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшылары шақырылды.
ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ.
1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздыр- майды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министр- лігінің сайтында жазылса болғаны. 2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды. 
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары
1959 жылы Сингапур мемлекеті өте кедей болғандықтан қызметкерлердің жалақысын көтере алмады. Есесіне олар барлық заңдарында жемқорлықты туындататын мүмкіндіктерді жойды, әрі жемқорлық жасаған қылмыс үшін жазаны қатайта түсті. Экспремьер-министр Ли Куан Ю 1985 жылы 22 наурызда өткен парламентте жариялағандай, мемлекеттегі басшы қызметкерлер мен саяси көшбасшылардың жалақысын көтеру салдарынан – жемқорлықтың туындауына себеп болатын стимулдарды жояды. Себебі, оларға қажетті мөлшерде еңбекақы төленбесе, оларды жемқорлық әрекеттер нәтижесі қызықтырып, өз арнасына тартып әкетуі мүмкін. Осыған орай, Сингапур мемлекетінің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы 1973,1979,1982,1989 және 1994 жылдары біршама деңгейге көтерілді. Сонымен Сингапур мемлекетінің жемқорлыққа қарсы күрес 1960 жылдан бастап оң нәтижесін бере бастады: 1) жемқорлық әрекеттердің бой алуына кедергі болатын мүмкіндіктерді РОСА мен СРІВ-тің күрес тәсілдерін бірлесе қолдану арқылы қол жеткізді. 2) Саяси көшбасшылар мен басты мемлекеттік қызметшілердің жалақысын жоғарыда айтылған әрекеттерге бару мүмкіндіктерін азайту мақсатында кезең – кезеңімен көтеру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді. Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал. Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар. Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді. 
Сингапурдағы жемқорлық әрекеттердің азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етті. Шындығында, ондай күрес жолдары оң нәтижелерге қол жеткізді деуге болады. Бұған мықты саяси қаржылық керек. Егер осы айтылғандарды жүйелі түрде іс жүзінде асырмаса, мақсатқа жетуге қиындатады.
Сингапурдың сыбайлас жемқорлықа қарсы саясатының басты идеясы мына қағидаларды басшылыққа ала отырып шешіледі:
- мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы жеке секторда табысты жұмыс істейтіндердің жалақысымен теңестірілген.
- сыбайлас жемқорлық жағдайына байланысты шенеуніктер ісіне қатаң бақылау жасау.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес Сингапурдың экономикалық жетістіктерінің негізгі өзегі деп танылды.
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет