Шет тілі сабақтарында ойын технологияның Әдістерін қолдану мүмкіндіктері



Дата30.04.2017
өлшемі242,4 Kb.
#15243
ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

С.Әлкен

оқытушылар Қарағанды Мемлекеттік Медициналық университеті

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

Резюме В данной статье описываются возможности использования элементов игровой технологии в изучении иностранного языка в неязыковых университетах. Рассматриваются методы, используемые при закреплении лексического, фонетического и грамматического материала на уроках. В статье говорится о преимуществах игровых технологий, поскольку они способствуют стимулированию всех сторон развития студентов.

Summary In the near future, the appearance of more contemporary methods of teaching is possible. This article is written about the possible using ways of games in the Foreign Languages lessons of Non-linguistic universities. The article covers the methodological ways of using them in grammar, lexical and phonetic revision.



«Ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды». Сухомлинский. Қазіргі таңда жас ұрпақты ертеңгі күні егеменді еліміздің берік тұтқасы болатындай етіп тәрбиелеуіміз қажет. Жас ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгінгі оқу орнының мақсаты- әрбір жас ұрпаққа түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан –жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет оқу орнының қабырғасында қаланады.Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсат әрине сабақ үрдісіне жүктелетіні сөзсіз, жас тұлғаның білімді, білікті болуында тұлғаға бағытталған оқыту технологияларының қолданылуы сөзсіз. Соның бірі – ойын. Ойын арқылы баланы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Ойынның дидактикалық мәнін К.Д. Ушинский дәлелдеген. Ойын арқылы студент қоршаған ортамен өз бетінше танысады, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, өзін қоршаған адамдар іс-әрекетіне електейді. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр студенттің жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Educational Leadership in EFL Context 66 KazTEA 2014 Ойын арқылы студенттердің өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Сонымен қатар ойын үлгісінде проблемалық жағдайларды құру, проблемалық жағдайларға қатысушыларда ойындық даму қалыптасады, ойынның ең басты ролі студенттердің отырып ойынның нәтижесін және барысын талқылауға жағдай жасалынады. Жалпы ойынның біздің өмірімізде атқаратын функциялары: - қызықтыратын – ойынның бұл басты мақсаты- баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту, - коммуникативтік- сөйлеу дағдыларын дамыту, - диагностикалық- ойын үрдісі кезінде баланың өзін-өзі тануын бақылау, - ойынтерапевті- өміріміздің әртүрлі қиындықтарын жеңе білу, - өзін-өзі көрсету- білінбейтін дағдылар мен мүмкіндіктерін көрсету, - ұлтаралық коммуникация- әр тұлға үшін бірдей әлеумет мәдени құндылықтарды меңгеру, - әлеуметтендіру- қоғам арасындағы қатынастарға қосу, - эстетикалық- ойыннан рахат алу А.С.Макаренко: «Ойын – балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады»,-деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Осы жобаның проблемасы бойынша көп әдебиеттермен, әдістемелермен, нұсқаулармен таныстық. Шет тілін оқыту технологияларын зерттейтін көп ғылымдар ойын технологияларының тиімділігіне көңіл бөлген. Соның ішінде А.С. Выготский, А.Н.Леонтьев, К.Д.Ушинский, В.А. Сухомлинский. Оқу процесінде ойынның атқаратын функциялары. * Оқыту. * Тәрбиелеу. * Қызықтыру. * Коммуникативті. * Релаксация. * Психологиялық. * Дамыту. - Оқыту функциясы – есте сақтау, ықыласты, ақпаратты қабылдау, жалпы оқыту дағды мен білікті дамыту, сонымен қатар шет тілін меңгеру дағдыларын дамытуға өз септігін тигізеді. Ойын барысында студент не деп жауап беремін, не деп айтамын деген проблемалық жағдайларды шешеді. - Тәрбиелеу функциясы- студенттердің достық сезімін оятады, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Студенттерді жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Қызықтыру функциясы- сабақ үстінде жақсы қарым-қатынасты туғызу, сабақты ойын арқылы қызықты және есте қаларлық жаңалық ретінде өткізу. - Коммуникативті функциясы – шет тілінде сөйлеуге жағдай туғызу. Студенттердің бірігіп жаңа эмоционалды-коммуникативті қарым-қатынас жасауы. - Релаксация функциясы – шет тіліне оқыту кезіндегі эмоционалды сезімдірін (қорқу, сенімсіздік) азайту. - Психологиялық функциясы – көп ақпаратты қабылдауға өзінің психикасын өзгерту, соның ішінде іскерлік ойынның алатын орны ерекше, себебі олар өмірде кездесетін жағдайларға ұқсас. - Дамыту функциясы - тұлғаның барлық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Әрине ойын технологиясы – оқу процесінің арнайы бөлімін меңгеретін және жалпы мазмұнын, сюжетін, кейіпкерін біріктіретін толық білім ретінде құрылады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ студенттерге жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары студенттердің өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу оқытушының меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың түрі ретінде пайдаланылады. Сабақ барысында ойындарды қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдаа алынуы тиіс. Студенттерге біз білім беріп ғана қоймай, шет елдердің мәдениетін, салт-дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын сыйлауға тәрбиелейміз. Бұл мақсатқа осы ойын арқылы жетуге болады. Себебі шет елдерде біздің мемлекетте сияқты ұлттық мерекелері бар. Соның ішінде, Halloween, Christmas, Happy New Year, Easter және тағы басқалары. Бұл мерекелерге байланысты көптеген өлеңдер, тақпақтар ойындар бар. Бұл ойындарды сабақ барысында өткізу үшін алдын ала жоспар құрылады. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан, мынадай шарттарға жауап беруі тиіс: - ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі; - ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі; - ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау, т.б. нақтылануы. - ойынға қажетті материалдардың тұгел дайындалып қойылуы; - қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал – мәтелдер, тақпақтар, өлеңдердің таңдалынып алынуы; - пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы; - ойынның өту барысының жоспары жасалуы. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар және т.б. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, кейіптендіру ойындары. Мазмұнды-бейнелі ойында студенттер ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Студент алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан алған алған білімдерін пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны студенттердің өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Қимыл-қозғалыс ойынында санамақтар, өлеңдер, әндер, сергіту ойындары қолданылады. Бұндай ойындарда студенттердің ептілігі, қимылдың әдемілігі қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық, көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білуге үйренеді. Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға көмектеседі. Таңдап алынған жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер, жұмбақтар студенттердің жас ерекшеліктеріне, сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы қажет. Дыбыстарды дұрыс айту, қайталау үшін көбінесе жаңылтпаштар қолданылады. Бұл жерде студенттің дыбыстарды дұрыс айтумен қатар, айту жылдамдығын тексеруге болады. 1. Why do you cry, Willy? Why do you cry? Why Willy? Why Willy? Why Willy? 2. A sailor went to sea, To sea what he could see. And all he could see, Was sea, sea, sea. Соның ішінде рифма жұмбақтары өте қолайлы. Балалардың назарына рифма жұмбақтары беріледі, олар осы жұмбақтардың арасына керек сөздерді қою қажет. Соның біреуі: How much is one plus one? … apples growing in the sun (two). How much is two plus two? … apples for little Sue (four). How much is three plus three? … apples are on the apple-tree (six). How much is four plus four? … red apples and no more (eight). Фонетикалық ойындар арқылы студенттердің шет тілінің дыбыстарын айтуға, оқушыларды тақпақтарды дауыстап және дұрыс айтуға үйрету. Берілетін өлеңдер бір дыбысты шынықтыру үшін беріледі. For example: the sound “h” Little brown rabbit went hippity hop, Hippity hop, hippity hop. Into the garden without any stop, Hippity hop, hippity hop. He ate his supper a fresh carrot top, Hippity hop, hippity hop. Then home went the rabbit without any stop, Hippity hop, hippity hop. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, студенттер шет тілінің дыбыстарын дұрыс дауыстап айтуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әртүрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Шет тілінде көп ойнатылатын ауызша дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі.Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек – бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Сол ойынның бірі «Таңғажайып бас киімі» - «A magic hat». Бұл ойынның басты мақсаты студенттердің лексикалық, есте сақтау қабілетерін дамыту. Ойынның тәртібі - бас киімнің ішіне алфавиттің бүкіл әріптері салынады, студенттер бірнеше әріптерді алып, сөздерді құрастыру керек. Құрастырған сөздерден студенттер әңгіме құрастырады. Бұл ойын қызықты өтеді, себебі құрастырылған сөздердің барлығынан бір әңгіме құру қиын. Сонымен қатар лексикалық тақырыпты бекіту үшін студенттерге келесі тапсырманы беруге болады. Берілген кестеде дұрыс жазылған сөздерді сызып, көрсетеді. S W I M M I N G A F H K O W A J U D O K L N S I M O T H E R V A W T L D E X C V B H E L P K K O T O D O H O M E W O R K I J I O P W B O X I N G M K A R A T E S U B J E E M U S I A R T T U B E S E L D O M G B M O W A Осы ойын технологияларын қолдану жұмысының нәтижесінде жасалған қорытындысы ретінде студенттер бойында байқаған өзгерістерді атап кеткені дұрыс: - ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың көп ықпал етуі, - жеке оқыту маңызының артуы, - ойындарға қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы. Студенттердің білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында студенттер белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, нәтиже шығаруға дағдыланады. Сабақта дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар студенттердің таным-түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін өмір жағдайларында қолдана алуына ықпал ететіні сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. «Ағылшын тіліндегі сахналық қойылымдар сабақтары мен сыныптан тыс іс шаралар» Е. В. Дзюина 2006ж. 2. «Ағылшын тілін оқытудағы ойын әдісі» А.В.Конышева 2006ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет