Шет тілі сабақтарында сөйлеу дағдысын дамытуда ойын элементтерін пайдалану рөЛІ



бет2/2
Дата05.02.2022
өлшемі71,31 Kb.
#15515
түріСабақ
1   2
Грамматикалық ойындар
Созылмалы сөйлем
Бірінші білімгер бір қысқа сөйлем айтады. Екіншісі оған бір-екі сөз қосып, толықтырады. Осылайша мүмкіндігінше ең ұзын сөйлем құрастырылады. Мысалы:
I went shopping.
I went shopping and bought some cheese.
I went shopping and bought some fresh cheese.
I went shopping and bought some fresh Cheddar cheese and some bread.
Ролдік ойындар
1.Пантомима, мимиканы қолданып:
- сізге жүгіріп келе жатқан итті көргенде не істейсіз;
- сіздің кітабыңыздың бетінің жыртылғанын көргенде не істейсіз т.с.с..
Соңынан осы ситуациялар кезіндегі өздерінің сезімдері туралы әңгіме жаздыруға болады.
2.Әр білімгерге бір-біріне көрсетпей, екі суреттегі айырмашылықтарды бір-біріне сұрақтар қою арқылы табу қажет.
3.Егер мен жасырақ немесе жасым үлкенірек болса! Әр білімгер өзін жасырақ не кәрі адам ретінде елестетіп, жас ерекшелігін ескере отырып, оның орнында болсам не істер едім деген сұраққа әңгіме құрау керек
Шет тілін үйренуде білімгерлердің сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында ойын элементтерін пайдаланудың рөлі зор. Шет тілі пәні білімгерлердің жан жақты дамып жетілуіне, дүниеге көз қарасының, сана-сезімінің , рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын, дағдыға айналдыруға игі әсер етеді.
Шет тілін оқытуда ойын элементтерін пайдалану білімгерлердің жазу және ауыз екі сөйлеу дағдысын дамытады, сондай-ақ, олардың тілдік белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту тәсілдерінің бірі. Шет тілінде сөйлеуде, қарым-қатынас жасауда, коммуникацияға үйреткісі келген әрбір оқытушы өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданады. Ойындарды жаңа тілдік материалды бекітуге, сабақты қызықты өткізуге, шәкірттерінің тілге деген қызығуын арттыруға, білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойын элементтерін пайдалану әдісі ең көне болса да, оқыту әдістерінің арасында ең қолайлысы. Ойында адамның қабілеттілігі ерекше толық көрінеді. Ойын элементтерін пайдаланған сабақ ерекше ұйымдастырылған сабақ, бұл сабақ эмоция және ойлау күшін қажет етеді. Ойын әркезде шешім қабылдауды – не істеймін, не айтамын, қалай жеңемін деген ой туғызып отырады. Осы сұрақтарды шешкісі келген ойыншыларда ойлау қабілеті артады. Ал егер ойыншы сол кезде шет тілінде сөйлесе бұл оқытудың жетістігінің бірі емес пе. Білімгерлер үшін ойын, ең алдымен қызықты сабақ. Ойында барлығы бірдей. Ойын нашар оқитын білімгер үшін де ыңғайлы. Тіл деңгейі төмен білімгер ойында озып шығуы мүмкін өйткені тапқырлық бұл жерде пәнді білуден маңыздырақ болып тұр. Ойын кезінде барлығы бірдей деген сезім, қуанышты, қызықты атмосфера - осының барлығы ойыншыларға өздерінің өзге тілдің сөздерін еркін пайдалануға ұялмауға дағдылайды және де оқытудың нәтижесін жақсартады.Тілдік материал оңай меңгеріледі сонымен қатар «мен өзгелермен бірдей сөйлей алады екенмін» деген қанағат сезім пайда болады. Сонымен ойын оқытушының өз білімгерлерінің ойлау қабілетін қозғайтын, оқу процессін тартымды, қызықты қылатын, білімгерлерді толғандыратын және тілді үйренудегі қызықты жігерді қалыптастыратын құрал болып табылады.
Ойын жаңа тақырыпты өткенде сөздерді, грамматикалық материалды,тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланады.Оқытушы ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы,ықшам,өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн.Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына,тілдік қорына сай болуы керек.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі.Олардың бірі дұрыс екпін қою мен мәнерлеуге арналған болса, ал екіншісі жылдам және еркін сөйлеуге бағытталған. Қандай ойын түрін қолданса да,оқытушының басты мақсаты өз шәкірттерін шет тілінде еркін сөйлеуге баулу.
Кейбір ойын түрлерін жалпы бүкіл аудитория мен кейбір ойындарды екі топқа бөліп жарыс түрінде өткізуге болады.
Сауалнама өткізу де өте пайдалы тәсілдердің бірі болып есептеледі. Себебі алдын ала дайындалған сұрақтарды қолдану арқылы бір-бірімен сөйлесіп, ақпараттар жинайды.Сауалнамада өтілген сөздерді,сөз тіркестерін,жағдаяттарды қолдана отырып бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы қатынас жасайды.
Рольдік ойын түрін қолдану да көптеген білімгерлерге де пайдасын тигізеді.Олар күнделікті өмірде болатын кездесулерді (іскерлік кездесу,сұхбаттасу,тамақтану т.б.)жасау арқылы өз тілдерін,ойлау қабілетін дамытады.
Мимикалық ойын – сөйлемей іс-әрекеттер жасау арқылы сөздерді табуға арналған ойын түрі. Бұл ойын түрі кең көлемде лексика-грамматикалық тақырыптарды пысықтауға арналған. Мысалы: мамандық түрлеріне байланысты, бір ойыншы белгілі бір мамандық иесінің қандай жұмыс атқаратындығын іс-қимыл арқылы оны табуға тырысады.
Әдетте ойындар бұрын өтілген материалдарды негізге ала отырып, соларды пысықтау,толықтыру қаншалықты меңгерілгенін байқау үшін қолданылады. Білімгерлердің тілдік материалдарды жақсы біліп,сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді.Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында,білімгерлер белсенділікке,өз бетінше жұмыс істеуге,қорытынды жасауға дағдыланады.
Сонымен, шет тілін үйрету барысында жаңа инновациялық технологияларды қолдануда ойын элементтерінің маңыздылығы өте зор.
Әдебиеттер:
1.New English File. Oxford. 2006.
2.Гладилина «Некоторые приемы работы на уроках английского языка в начальной школе», 2003.
3. Кукушин В.С. «Современные педагогические технологии», Ростов, 2003.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет