ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ РӨЛІ
Оспанова П.А., Тулебаева С.К.
Тараз қ, ТарМПИ
ӘОЖ: 803.037.8147
Т.65
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.
Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек [1].
Кез келген ойынды сабақ барысында қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
Әр-түрлі ойындарды ойнаған білімгер шығармашылдыққа дайын;
Ойын, оның түрі, мазмұны білімгерлердің жас ерекшеліктеріне сай болуы;
Жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
Ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланысты болуы;
Біз сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың түрлерінен мысал келтірсек.
1.»Milling» - «Сыңарыңды тап» жаттығуы.
Бұл жаттығуды кез келген пән сабағында қолдануға болады. Білімгерлер екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар аудиторияда де еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.
Мысалы: Тақырып: «Holidays»
«А» тобына:»В» тобына:
HALLOWEEN it’s f holiday for children in Britain. Children dressed in costumes knock on their neighbours’ doors and ask if he\she would like “ trick'' or ''treat''.
NEW YEAR HOLIDAY People begin celebrating this holiday on Decemder 31. Many families watch television. [1]
2.Teaching with limited Resources:-
«Шектелген ресурстармен оқыту»
Бұл жағдайда мұғалім аудиториядағы бар заттарды қолданып сабақ өткізеді.
Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.
«Hot chair»-«Ыстық орындық»
Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі-«true»,екіншісі-«false». Тақтаның алдына 4-6 білімгер шақырылады. Оқытушы өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Білімгерлер естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған білімгер ойыннан шығады. Женген білімгер бағасын алады. Шет тілі сабағында қолдануға арналған ойын түріндегі жаттығулар:
Ойынды сабақтың қай бөлігінде пайдалану білімгерлердің білім деңгейіне, тақырыпқа және сабақтың мақсатына байланысты. Бір ойынды әр сабақта түрлендіріп пайдалануға болады. Ойын арқылы тіпті нашар оқитын білімгердің де белсенділігін арттыруға болады, себебі коллективпен жұмыс істеу барысында ол өз командасы үшін тырысып бағады. Шет тілін үйрету үшін пайдаланатын ойындарды 3-ке бөлуге болады:
Лексикалық ойындар – мақсаты: - білімгерлерді лексиканы өмірлік ситуацияларда пайдалана алуға үйрету, білімгерлердің сөйлеу қабілетін дамыту.
Грамматикалық ойындар – мақсаты: - білімгерлерді грамматика жағынан қиындық тудыратын сөйлемдерді өмірлік ситуацияларда пайдалана алуға үйрету, білімгерлердің сөйлеу қабілетін дамыту.
Фонетикалық ойындар – мақсаты: - білімгерлерді дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Лексикалық ойындар
Соңғы әріп
Білімгерлер екі топқа бөлінеді, бірінші топ бір сөз айтады, екінші топтың өкілі сол сөздің соңғы әрпінен басталатын басқа сөз айтады. Осылайша қай топ соңғы сөзді айтса, сол топ жеңеді.
Бұл не?
Жүргізушінің қолындағы қара жәшіктің ішіндегі заттың не екенін әр топ мүшесі бір-бір сұрақтан қою арқылы табу керек. Мақал-мәтелдің соңын тап
Жүргізуші мақалдың басын айтады, соңын топ мүшелері табу керек. Дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Мысалы:
A FRIEND IN NEED …….
IS A FRIEND IND [2]
Грамматикалық ойындар
Созылмалы сөйлем
Бірінші білімгер бір қысқа сөйлем айтады. Екіншісі оған бір-екі сөз қосып, толықтырады. Осылайша мүмкіндігінше ең ұзын сөйлем құрастырылады. Мысалы:
I went shopping.
I went shopping and bought some cheese.
I went shopping and bought some fresh cheese.
I went shopping and bought some fresh Cheddar cheese and some bread.
Ролдік ойындар
1.Пантомима, мимиканы қолданып:
- сізге жүгіріп келе жатқан итті көргенде не істейсіз;
- сіздің кітабыңыздың бетінің жыртылғанын көргенде не істейсіз т.с.с..
Соңынан осы ситуациялар кезіндегі өздерінің сезімдері туралы әңгіме жаздыруға болады.
2.Әр білімгерге бір-біріне көрсетпей, екі суреттегі айырмашылықтарды бір-біріне сұрақтар қою арқылы табу қажет.
3.Егер мен жасырақ немесе жасым үлкенірек болса! Әр білімгер өзін жасырақ не кәрі адам ретінде елестетіп, жас ерекшелігін ескере отырып, оның орнында болсам не істер едім деген сұраққа әңгіме құрау керек
Шет тілін үйренуде білімгерлердің сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында ойын элементтерін пайдаланудың рөлі зор. Шет тілі пәні білімгерлердің жан жақты дамып жетілуіне, дүниеге көз қарасының, сана-сезімінің , рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын, дағдыға айналдыруға игі әсер етеді.
Шет тілін оқытуда ойын элементтерін пайдалану білімгерлердің жазу және ауыз екі сөйлеу дағдысын дамытады, сондай-ақ, олардың тілдік белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту тәсілдерінің бірі. Шет тілінде сөйлеуде, қарым-қатынас жасауда, коммуникацияға үйреткісі келген әрбір оқытушы өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданады. Ойындарды жаңа тілдік материалды бекітуге, сабақты қызықты өткізуге, шәкірттерінің тілге деген қызығуын арттыруға, білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойын элементтерін пайдалану әдісі ең көне болса да, оқыту әдістерінің арасында ең қолайлысы. Ойында адамның қабілеттілігі ерекше толық көрінеді. Ойын элементтерін пайдаланған сабақ ерекше ұйымдастырылған сабақ, бұл сабақ эмоция және ойлау күшін қажет етеді. Ойын әркезде шешім қабылдауды – не істеймін, не айтамын, қалай жеңемін деген ой туғызып отырады. Осы сұрақтарды шешкісі келген ойыншыларда ойлау қабілеті артады. Ал егер ойыншы сол кезде шет тілінде сөйлесе бұл оқытудың жетістігінің бірі емес пе. Білімгерлер үшін ойын, ең алдымен қызықты сабақ. Ойында барлығы бірдей. Ойын нашар оқитын білімгер үшін де ыңғайлы. Тіл деңгейі төмен білімгер ойында озып шығуы мүмкін өйткені тапқырлық бұл жерде пәнді білуден маңыздырақ болып тұр. Ойын кезінде барлығы бірдей деген сезім, қуанышты, қызықты атмосфера - осының барлығы ойыншыларға өздерінің өзге тілдің сөздерін еркін пайдалануға ұялмауға дағдылайды және де оқытудың нәтижесін жақсартады.Тілдік материал оңай меңгеріледі сонымен қатар «мен өзгелермен бірдей сөйлей алады екенмін» деген қанағат сезім пайда болады. Сонымен ойын оқытушының өз білімгерлерінің ойлау қабілетін қозғайтын, оқу процессін тартымды, қызықты қылатын, білімгерлерді толғандыратын және тілді үйренудегі қызықты жігерді қалыптастыратын құрал болып табылады.
Ойын жаңа тақырыпты өткенде сөздерді, грамматикалық материалды,тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланады.Оқытушы ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы,ықшам,өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн.Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына,тілдік қорына сай болуы керек.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі.Олардың бірі дұрыс екпін қою мен мәнерлеуге арналған болса, ал екіншісі жылдам және еркін сөйлеуге бағытталған. Қандай ойын түрін қолданса да,оқытушының басты мақсаты өз шәкірттерін шет тілінде еркін сөйлеуге баулу.
Кейбір ойын түрлерін жалпы бүкіл аудитория мен кейбір ойындарды екі топқа бөліп жарыс түрінде өткізуге болады.
Сауалнама өткізу де өте пайдалы тәсілдердің бірі болып есептеледі. Себебі алдын ала дайындалған сұрақтарды қолдану арқылы бір-бірімен сөйлесіп, ақпараттар жинайды.Сауалнамада өтілген сөздерді,сөз тіркестерін,жағдаяттарды қолдана отырып бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы қатынас жасайды.
Рольдік ойын түрін қолдану да көптеген білімгерлерге де пайдасын тигізеді.Олар күнделікті өмірде болатын кездесулерді (іскерлік кездесу,сұхбаттасу,тамақтану т.б.)жасау арқылы өз тілдерін,ойлау қабілетін дамытады.
Мимикалық ойын – сөйлемей іс-әрекеттер жасау арқылы сөздерді табуға арналған ойын түрі. Бұл ойын түрі кең көлемде лексика-грамматикалық тақырыптарды пысықтауға арналған. Мысалы: мамандық түрлеріне байланысты, бір ойыншы белгілі бір мамандық иесінің қандай жұмыс атқаратындығын іс-қимыл арқылы оны табуға тырысады.
Әдетте ойындар бұрын өтілген материалдарды негізге ала отырып, соларды пысықтау,толықтыру қаншалықты меңгерілгенін байқау үшін қолданылады. Білімгерлердің тілдік материалдарды жақсы біліп,сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді.Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында,білімгерлер белсенділікке,өз бетінше жұмыс істеуге,қорытынды жасауға дағдыланады.
Сонымен, шет тілін үйрету барысында жаңа инновациялық технологияларды қолдануда ойын элементтерінің маңыздылығы өте зор.
Әдебиеттер:
1.New English File. Oxford. 2006.
2.Гладилина «Некоторые приемы работы на уроках английского языка в начальной школе», 2003.
3. Кукушин В.С. «Современные педагогические технологии», Ростов, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |