Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі266,5 Kb.
#45677
түріАвтореферат
  1   2   3
ӘӨЖ 371.806:370.712 3(420) Қолжазба құқығында

МүтӘлі Әлия Қадырқызы




Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу

(ағылшын тілі материалы негізінде)

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2008
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Омар Е.О.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Байсерке Л.А.

педагогика ғылымдарының кандидаты Дүйсенбаев А.Қ.

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ Ұлттық

педагогикалық университеті

Қорғау «_________» 2008 жылы сағат ___________ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.


Автореферат 2008 жылы «____» _________________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Беркімбаев К.М.



КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу тұжырымдамасын таңдау қажеттігі Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының қағидаларынан, яғни жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттерінен туындады.

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық кезде оқушыларға елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытып келеді. Әсіресе, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Ал бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, яғни жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы жағдайында қоғамдық келісімді одан әрі нығайту міндеті басты назарда тұрғандықтан, мектеп оқушыларының елжандылық көзқарасын қалыптастыруда жаңа бағыттың қажет екендігі де аңғарылды. Өйткені, өткен озық тәжірибелердің елжандылық сезімге игі әсер ететін тәлімді-тағылымдық әлеуеті мен бүгінгі мектептегі тәрбие әрекетінде, олардың пайдалануы арасында қайшылықтар қатты сезілуде. Себебі Отан, сенім, ерлік дәстүрлерге құрмет, парыз, абырой, ар-намыс, елі үшін өзін құрбан ету сияқты құндылықтарға көзқарас өзгеріп кетті. Әлеуметтік-адамгершілік бағыт бұрмаланып кетті, керісінше жастарға өзімшілдік, антигумандық тән бола бастады. Күнделікті өмірде қазіргі жастардың маңызды азаматтық міндеттерін орындамауы, әлеуметтік және рухани толыспағандығын көрсетуі, әртүрлі діни секталарға кіруі, жасөспірімдер арасында заңсыз топтардың пайда болуы сияқты іс-әрекеттерден көрініс беруде. Туындап отырған жағдайлардың себептерінің бірі еліміз егемендік алғаннан кейін елжандылық тәрбиенің мәні мен рөлінің жете бағаланбағандығынан болып отыр. Елжандылық тәрбиенің практикада жинақталған бай тәжірибесінің ғана беделі түскен жоқ, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға дайын және қабілетті елжанды азаматтың да, яғни тұлғаны қалыптастыру мен дамыту идеясының да беделі түсіп кетті.

Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет жағдайында шынайы елжандылықты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, білім беру саласы қазіргі кездегі әлеуметтік маңызды құндылықтар мен мақсаттарды қоғамның жаңа құндылық жүйесіне біріктіруі қажет. Ол ашықтықты, рухани және мәдени мазмұнға бай ұлтаралық татулықты, толеранттылықты қамтамасыз етуге бағытталған сара жол болуы қажет.

Елжандылық тәрбиесі философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылыми еңбектерде патриотизм ұғымы арқылы көрініс табады. Жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеуде классик-педагогтар К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеялары қарастырылған.

Советтік патриотизм Н.П.Егоров еңбегінде қарастырылса, Г.И.Щукина, Б.Т.Лихачев зерттеулерінде патриотизмнің мән-мазмұны тиянақты талданады. Бүгінгі таңда оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтары И.Е.Кравцев, М.А.Терентий, А.В.Русецкий зерттеу жұмыстарында қарастырылады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда түрлі ғылым салаларында терең ғылыми зерттеулер жүргізілген. Тарихшылар М.Қ.Қозыбаев, М.Мұқанов, философтар А.Айталы, Д.Раев, А.Қасабеков, Ж.Алтаев, психологтар Қ.Б.Жарықбаев, А.Темірбеков, С.Балаубаевтар еңбектерінде қарастырды. Педагогика саласында зерттеулер жүргізген Отандық ғалымдар С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Құнантаева, Қ.Бөлеев, Е.О.Омар еңбектерінде педагогика тарихы мен теориясына қатысты мәселелерде патриоттық тәрбие мәселелері қамтылған. Соңғы жылдары жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі бойынша түрлі бағыттарда Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, Д.С.Құсайынова, А.А.Бейсембаева, У.К.Санабаев, Л.Сейдахметова, Р.Н.Кенжебаева, Ж.Б.Қалиев, Н.А.Мұхамединова, К.Т.Әбілғазиева, Р.М.Рысбекова, А.К.Қалимолдаева, Ж.А.Касымбеков, Е.К.Утегенов, А.С.Қарпықбаевалар зерттеулер жүргізіп, оның мазмұнына, міндеттеріне және оларды шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар берген.

Оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеуде жинақталған ғылыми қордың бар екендігіне қарамастан, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу қоғам сұранысынан туындаған өзекті мәселе екенін ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар көрсетіп отыр.

Педагогикалық-психологиялық, оқу-әдістемелік еңбектерге және озық педагогикалық тәжірибелерге жасалған талдаулардың нәтижесінде шет тілін оқытуды И.А.Зимняя психологиялық тұрғыдан, ал Е.И.Пассов, В.П.Кузовлев, В.С.Коростелевтер шет тілін оқыту үдерісінде басқа тілдік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған амал-тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, З.П.Горбенко өзінің диссертациялық еңбегінде ағылшын тілі материалы негізінде тұлғаға бағытталған оқыту үдерісінде оқушылардың субъектілігін дамытудың педагогикалық шарттарын жан-жақты қарастырады. Қазақстанда шет тілін оқыту үдерісінде де тәлім-тәрбие, атап айтсақ экологиялық, адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне зерттеу жүргізілген. Ж.Н.Базарбекова өзінің “Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері” атты диссертациясында ағылшын тілін оқыту барысында экологиялық тәрбие берудің теориясы мен практикасына талдау жасап, сабақта, сабақтан және мектептен тыс жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, әдістерін, тиімді жолдарын ұсынған. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту барысында сабақта, сабақтан және мектептен тыс экологиялық бағытта ұйымдастырылатын іс-шараларды өзара бірлік негізінде қарастырып, ағылшын тілін оқытудың әр кезеңіндегі оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін тіл материалдарын және оңтайлы жұмыс түрлерін көрсеткен. С.Н.Елчиева шет тілін оқыту үдерісінде студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселесін қарастырған. Ғалым, шет тілін оқыту үдерісінде студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми-теориялық аспектісін қарастыра келіп, тұлғаның адамгершілік мәдениетінің өлшемдерін, көрсеткішін, студенттерде адамгершілік мәдениетінің көріну деңгейін анықтаған. Автор “тұлғаның адамгершілік мәдениеті” ұғымына талдау жасап, шет тілін оқыту үдерісінде студенттерде адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда қазақтың халықтық педагогикасын қолданудың жолдарын, шарттарын көрсетеді.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі, шет тілінің пән ретінде, атап айтсақ, ағылшын тілінің, білім беру саласында маңыздылығын жете түсінбеуі, шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері жете қарастырылмағандығы анықталды. Сондықтан бұл мәселені мақсатты түрде шешу үшін, шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан мемлекетінде жаңа сипатқа ие болып отырған елжандылық мәселесін Қазақстан Республикасының ұштұғырлы саясатымен ұштастыра жүргізуді міндеттейді. “Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары”, “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы қазіргі кездегі елжандылық тәрбие мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді. Сонымен, ғылыми еңбектер мен білім беру саласындағы ізденістерді талдау:

- оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жаңа тұжырымдамалық бағдарды анықтаудың қажеттілігі мен оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде ағылшын тілі пәнінің әлеуеттік мүмкіндіктері мен ағылшын тілін оқыту арқылы елжандылық тәрбие беруді ұйымдастыру жүйесінің қалыптаспағандығының арасындағы;

- оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің өзектілігі мен ағылшын тілін оқыту арқылы осы мәселені шешудің ғылыми-педагогикалық негіздердің жеткіліксіз зерттелгендігінің арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін аңғартады.

Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуді ағылшын тілі пәнінің мүмкіндіктерімен ұштастыра жүргізу проблемасы тақырыпты «Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)» деп таңдауымызға негіз болды.



Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептегі елжандылыққа тәрбиелеу үдерісі.

Зерттеу пәні: ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын шет тілі арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтап, әдістемелік негізін жасау және оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепте шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің тиімділігі артады, егер:

- отандық философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерде “елжандылық”, “елжандылық тәрбие” ұғымдарының мәні талданса; оқушыларға елжандылық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік қағидалары оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланылса;

- Қазақстанның өзгерген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайында оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие мазмұны елжандылыққа тәрбиелейтін жаңа материалдармен толықтырылса;

- шет тілін оқыту үдерісі елжандылықты тәрбиелеуге бағытталса және шет тілін оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің озық тәжірибелері анықталып ғылыми және әдістемелік негізі жасалса;

- шет тілін оқыту мазмұны арқылы оқушылардың елжандылық қасиеттерін қалыптастырудың моделі жасалса, онда, оқушылардың ұлттық сана сезімі артып Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға болады, ал бұл, көпұлтты Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауға негіз болады.

Зерттеу міндеттері:

- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына елжандылық тәрбие берудің теориялық негізін айқындау және мәнін ашып көрсету;

- жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына шет тілі арқылы елжандылық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;

- шет тілін оқыту үдерісі арқылы мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу құрылымдық-мазмұндық қалыптасу моделін жасау, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау;

- оқушыларға елжандылық тәрбие берудің мазмұны мен жетілдірудің бағдарламасын жасау, оның тиімділігін эксперименттік-тәжірибе жүзінде тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Жетекші идея: шет тілі пәнікөпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттің оқушыларының елжандылық сана-сезімдерін қалыптастырудың жетекші құралдарының бірі.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып жалпы білім мен тәрбиенің мән-мазмұнын ашып көрсететін таным теориясы, табиғаттың, қоғамның және адамның диалектикалық бірлігі мен өзара байланысы туралы заңдылықтар. Жеке тұлғаның елжандылық құндылығын қалыптастыру, іс-әрекет, тұлға, құндылықтар теориялары негізінде қарастырылады. “Бала құқықтары” туралы Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы, Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы басшылыққа алынды.

Зерттеудің әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби еңбектерге теориялық шолу, шет тілін оқыту үдерісіндегі ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену, оқушылармен тестік жұмыстар және сауалнамалар жүргізу; жалпы білім беретін мектептердің елжандылыққа тәрбиелеуге байланысты тәжірибе жұмысының нәтижелерін жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.

Зерттеудің көздері:


  • Қазақстан Республикасы заңдары, нормативті құжаттары, оқушыларға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар;

  • алыс және жақын шет ел, Қазақстан ғалымдарының елжандылыққа тәрбиелеуге байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық, тарихи, жазушылардың жас ұрпаққа елжандылық тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбектер, шығармалар, диссертациялар, мақалалар, монографиялар, әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың, қазақ зиялыларының тәлім-тәрбиелік мұралары, тұжырымдары;

  • білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибелер, алдыңғы қатарлы тәрбиеші-педагогтардың оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие жұмысындағы озық тәжірибелері және ғылыми-ізденушінің өзінің педагогтік қызметі мен зерттеу тәжірибелері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2002-2003 жж.) ғылыми жұмыстың тақырыбы айқындалды. Елжандылық тәрбиеге қатысты педагогикалық, психологиялық, философиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынып, жалпы білім беретін мектеп құжаттарына, бағдарламаларына сараптама берілді. Проблеманың ғылыми-теориялық негіздері жасалынды. Зерттеу жұмысының мақсаты, болжамы және міндеттері айқындалды.

Зерттеу мәселесіне байланысты мектептердің, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелері жинақталды. Оқушылармен, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен сауалнамалар жүргізілді.



Екінші кезеңде (2003-2006 жж.) ағылшын тілі пәнінің оқу бағдарламалары мен оқулық мазмұндарын талдаудың нәтижесінде шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың жоспары жасалынып, анықтау және қалыптастыру эксперименті жүргізілді. Ғылыми мақалалар басылым көрді.

Үшінші кезеңде (2006-2008 жж.) тәжірибелік-эксперимент жұмысы сарапталып, қорытындылар мен тұжырымдар жасалынып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалып, диссертация жұмысы әдеби рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

- «ұлтшылдық», «ұлтжандылық», «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм» ұғымдарының негізінде «елжандылық» ұғымының қазіргі қоғамдағы атқаратын рөлі мен мәні ғылыми-теориялық тұрғыдан анықталды;

- оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудегі шет тілі пәні мүмкіндіктері мен бүгінгі жағдайы айқындалды;

- шет тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары елжандылығының қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;

- оқушыларға елжандылық тәрбиесін беру мазмұны мен бағдарламасы жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған нақты жоба әдісі бойынша «Түркістанның көрнекті жерлері» атты әдістемелік нұсқау жасалды;

- сыныптан тыс жүргізілген “English Club” (ағылшын тілі) үйірмесіне ұсынылған бағдарламасы мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді;

- «ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу» атты мектеп мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне арналған ғылыми-әдістемелік нұсқау:

- «ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу» атты мұғалімдердің білімін жетілдіру мен қайта даярлау институтында, қолданысқа ұсынылған әдістемелік нұсқаулар.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- “ұлтжандылық”, “ұлтшылдық”, “қазақстандық патриотизм”, “ұлттық патриотизм”, “елжандылық” ұғымдарының мәні, олардың құрылымдық компоненттері мен функциялары, теориялық және практикалық мәні. Елжандылық ұғымының мәнін ашу, нақтылау елжандылық тәрбиесінің сапалық деңгейін көтеруге септігін тигізуі. Орта мектеп оқу-тәрбие үдерісінде елжандылық тәрбиесін беруде шет тілі пәнін тиімді пайдануды теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, елжандылық тәрбиесінің мазмұнын айқындау оқушылардың елжандылық сезімін оятуға, дамытуға негіз болуы;

- шет тілі пәні арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің мотивациялық, мазмұндық, іс әрекеттік компоненттерден құрамдалған моделі, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері;

- шет тілі пәнін оқытуда оқушылардың елжандылық ұғымын таныту, елжандылық тәрбиесін беру, жеке тұғаның елжандылық қасиеттерін дамыту мүмкіндіктері және олардың мазмұнына сипаттама;

- ағылшын тілін оқыту барысында, сабақтан және мектептен тыс жұмыс кезінде оқушыларды елжандылыққа тәрбелеудің мазмұны, бағыттары және әдіс-тәсілдері;

- шет тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушыларға елтану білімдерін беру, елтанымдарын дамыту арқылы елжандылыққа тәрбиеу.



Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі тарихи-педагогикалық қағидаларды нақты әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында орта мектептерде ағылшын тілін оқыту үдерісіне енгізілуімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясында, С.Сейфуллин атындағы №4 және Ш.Ниязов атындағы мектептерінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа мектептерден 290 оқушы және 67 мұғалім қатысты.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары және нәтижелері М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты ұйымдастыруымен өткен “Қазіргі таңдағы білім мен ғылым” атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Шымкент, 2005), Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің ұйымдастыруымен өткен “Қазақстан Республикасында шетел тілінде білім беру философиясы және тілдік саясат” атты профессор П.Г.Козловтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Алматы, 2006), Халықтар Достығы Университетінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Шымкент, 2006), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен “Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту” атты Орта Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумында (Түркістан, 2006) баяндамалар жасалды. Зерттеу жұмысына байланысты 9 ғылыми-әдістемелік мақала республикалық ғылыми басылымдарда жарық көрді, 3 оқу-әдістемелік көмекші құралдар дайындалып баспадан шықты.

Диссертацияның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңалығы және теориялық мәні, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалды.

Оқушыларды гуманитарлық пәндер мазмұны бойынша елжандылық рухта тәрбиелеудің теориялық негіздері” атты бірінші тарауда оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу тарихына талдау жасалынып, оның ғылыми-теориялық аспектілері қарастырылды. Ұғымдардың мәні, мазмұны, өзара байланысы зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылып, «ұлтшылдық», «ұлтжандылық», «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм» ұғымдарының негізінде «елжандылық» ұғымының қазіргі қоғамдағы атқаратын рөлі анықталып, жаңа тұрғыдан түсіндіріледі. Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде шет тілі пәнінен тәрбиелік мүмкіндіктері және ерекшеліктері айқындалды.

Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі” атты екінші тарауда оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуді ағылшын тілін оқыту арқылы жүргізудің жолдары, формалары, әдіс-тәсілдері айқындалды. Сабақта және сабақтан тыс елжандылық бағытта ұйымдастырылатын іс-шаралардың өзара байланысы, елжандылыққа бағытталған материалдар сұрыпталынып, ағылшын тілін оқытудың негізгі принциптерін басшылыққа ала отырып сабақ үлгілері және “English Club” (ағылшын тілі) үйірмесіне бағдарлама ұсынылды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесіне талдау жасалынды.

Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қосымшада сабақтар мен тақырыптық кештердің үлгі-жоспарлары берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару процесі өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, оны мектептің оқу-тәрбие үдерісінде күн талаптарына сай тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасауда. Ата-баба мұралары негізінде тәлім-тәрбие барысында жеткіншектерді елжандылыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілдікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу міндеті басты назарда тұрғандығы белгілі.

Бұл міндеттер оқушыларды елжандылыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, кішіпейілдікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің генезисін қарастыру қажеттігін көрсетті. Осындай қасиеттердің тарихи генезисі (‘genesis’ грек тілінен – «шығу тегі» дегенді білдіреді) жеке мемлекеттердің құрылуымен және нығаюымен, олардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресімен байланысты танылады. Ұлттық елжандылыққа тәрбиелеудің генезисін тану үшін орта ғасырлық және кейінгі ұлы ойшылдар мен ғұламалардың, қазақ зиялыларының, кейінгі ақын-жазушылардың еңбектеріне шолу жасау қажеттілік көрсетеді, себебі қазақ халқының ерлік дәстүрінің қалыптасуында олардың ықпалы зор болды.

«Елжандылық» ұғымын анықтау оны «патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «отаншылдық», «ұлтжандылық», “ұлтшылдық” ұғымдарымен салыстыра қарастыруды қажет етеді. Бұл ұғымдардың мән-мазмұны кеңестік ғылыми-педагогикалық еңбектерде «советтік патриотизм» тұрғысынан қарастырылады. ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы қазақстандық саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер білім, тәрбие беру ісінде де келелі өзгерістерге әкеліп соқтырды. «Советтік патриотизм» ұғымын қолдану жаңа мемлекетке келмейтіндігі, ал «қазақстандық патриотизм» ұғымымен алмастыру үшін Қазақстан халықтары мен қазақ халқының ерекшелігі мен өзгешелігін ескеру қажеттігінен туындады.

Қоғамдық, саяси әлеуметтік, педагогикалық, шығармашылық еңбектер мен тәжірибелік жұмыстарды зерделеу, елжанды адамды төмендегідей қасиеттермен даралап көрсетуге мүмкіндік туғызды: елжанды адам дүниетанымдық сапалық белгілермен дараланады; елжандылық даралық қасиеттерге қоғамдық-саяси қарымдылық, саяси көрегенділік, отансүйгіштік, өркениеттілік, принципшілдік, кемшілікке төзбеушілік сияқты қасиеттер жатады; адамгершілік мінез-құлық сапалық белгілері: білімдарлық, зиялылық, хабардарлық, жаңашылдық, жоғары мәдени дүниетаным, ұқсай білуге іңкәрлік, өзіндік сыншылдық; ерік-күш сапалық белгілері: ыждақаттылық, ұқыптылық, қарымдылық; тұлғалық эмоционалды-динамикалық сапалық белгілері: көтеріңкі көңіл күй адамы, қызуқандылық, сезімталдық; іс-әрекет үдерісінде байқалатын сапалық белгілері: өнертапқыштық, өзбетінше әрекетшілдік, қарымдылық, көркемдік талғампаздылық, көпшілдік, сабақтастықты ұстану, бөгдеге ұқсамаушылық, кәсіби біліктілік, ұқыптылық, тәлімгершілдік; белсенділік белгілері: ынташылдық, іскерлік, қабілет, қайрат-қажырлылық, энтузиазм, кәсіпкерлік; мінез-құлық сапалық белгілері: ұйымдастырушылық, байқампаздылық, тапқырлық, мақсатшылдық, байсалдылық, шектен аспау, сарыуайымсыздық, елгезектілік, қарапайымдылық, іңкәршілдік; адамдарға қатысты көзқарасындағы белгілері: тілтапқыштық, ұжымшылдық, беделдік, мәмлегершілдік, әдепшілдік, ымырасыздық, демократшылдық; адамдармен қатынас жасау үдерісінде байқалатын сапалық белгілері: елгезектілік, мейірбандылық, орнықтылық, кішіпейілділік, төзімшіл, бір сөзде тұрушы, қол ұшын беруге дайын, ұқыптылық, зейінділік; адамдармен қарым-қатынас жасаудағы сапалық көріністер: тәрбиелілік, талапшылдық, қайырымдылық, міндеткерлік, назаршылдық; өзіне сын көзбен қарау сапалық көріністері: өзін-өзі орнықты ұстау, қарапайымды, өзіндік сын адамы.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде шет тілін оқыту мен оқып үйренудің маңыздылығы және тәрбиелілік мүмкіндіктерін анықтауда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы «Тілдердің ұштұғырлығы» мәдени жобасы басшылыққа алынды. Шет тілін оқытудың жетекші мақсаты коммуникативтік, білім беру, тәрбиелік және дамыту функцияларын жүзеге асыру екендігі анықталды.

«Патриотизм - өзінің Отанына деген сүйіспеншілік сезім, өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддесіне бағындыру және еліне адал қызмет ету, оны қорғау» - екендігін ескерсек, біздің еліміздегі патриотизм ұғымының басты ерекшелігі мен өзгешелігі Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігімен байланысты танылады. Ғалым А.Айталының пікірі бойынша: «Бірұлтты мемлекетте отаншылдықтың тірегі этникалық негіз болса, екінші тірегі – азаматтық бағыт. Бірұлтты мемлекетте ортақ тіл, тарих, тағдыр, мәдениет күш-қуат беріп, ұлт бірлігін арттырады. Көпұлтты мемлекеттің дамуы дау-жанжалдарға жақындау келеді. Этникалық сәйкестілік пен азаматтық сәйкестілікті үйлестіру өзара ұлттық түсінікті орнатуға, өз ұлттық қадір-қасиетін құрметтеуге, басқа ұлттардың қадір-қасиетін кемсітпеуге тәрбиелеуді қажет етеді. Өз халқының тамаша ерекшеліктерін сыйлау, басқа халықтардың асыл қасиетін бағалай білуге жол ашады.»

А.Айталы, Т.Әбсәлімұлы, Х.Оралтай, С.Зиманов, Ғ.Есім, Л.Сейдахметова, А.Бейсембаева, А.Калимолдаевалардың «ұлтшылдық», «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «отансүйгіштік», «отаншылдық» ұғымдарына берген тұжырымдарға және сөздіктерге сүйене отырып «елжандылық» ұғымына анықтама беру қажеттігі туындады. «Ел» - көне түркі тілінде «халық» сөзінің синонимы ретінде қолданылғаны, ал қазіргі кезде «ел» географиялық, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағынан қолданылып, қоғамдық, саяси-құқықтық салада «мемлекет» атауы қолданылатыны анықталды. Философ ғалым Ғ.Есімнің сипаттауы бойынша: «Ел дегеніміз – субстанция, яғни негіз, іргетас. Ал елдің мәселесін мемлекет жүргізеді. Мемлекет елді басқарудың технологиясы. Ел болмаса, мемлекет болмайды. Мемлекет дегеніміз кең мәнісінде ел ұғымының ішіне енеді.»

Осыған сәйкес, түбірі «ел» сөзінен шыққан «елжандылық дегеніміз – өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетін сүйетін, оны дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыратын, өзге халықтарға бөтен ниеті жоқ әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет» - деп анықтадық. Елжандылық ұғымын басқа ұлттың мәдениеті мен дәстүріне толеранттық көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыру ұсынылады. Этникалық сәйкестілік пен азаматтық сәйкестілікті үйлестіру өзара ұлттық түсінікті орнатуға, өз ұлттық қадір-қасиетін құрметтеуге, басқа ұлттардың қадір-қасиетін кемсітпеуге тәрбиелеуді қажет етеді. Өз халқының тамаша ерекшеліктерін сыйлау, басқа халықтардың асыл қасиетін бағалай білуге жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет