Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу


«Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәнін



бет2/3
Дата02.07.2018
өлшемі266,5 Kb.
#45677
түріАвтореферат
1   2   3

«Елжандылық» ұғымының құрылымдық мәнін анықтау мақсатындағы ғылыми әдіснамалық еңбектерді сараптау мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік туғызды: 1) елжандылық ұғымының бір бағыты жеке тұлғаның өз ұлтын, халқын, жерін, ана тілін, ділін, мәдениетіне оң көзқарасының болуымен, оны сүюімен танылады; 2) елжандылық ұғымының екінші бағыты жеке тұлғаның елді дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыруға мүделілігімен сипатталады: 3) елжандылық ұғымының үшінші бағыты жеке тұлғаның елдегі өзге халықтарға оң ниетті болып әрбір ұлт адамына жарастықты қасиет көріністерінің болуымен анықталады.

Қазіргі кездегі мектеп тәлім-тәрбиесінің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында қалыптасқан тәрбиеліліктің және оның құрамды көріністері – білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, технократтық парадигманы жаңа оқу парадигмасымен ауыстыруды ұсынады. Елжандылық тәрбиесі тұлғаны қалыптастыру процесінің маңызды және құрамдас бөлігі ретінде тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптерінің негізінде жүзеге асатындықтан, ғылыми-педагогикалық еңбектерді сараптай келе, елжандылық тәрбиенің принциптері 1) сабақтастық және үздіксіздік; 2) жүйелілік; 3) аймақтық; 4) икемділік пен баламалық; анықталды.

Ғылыми еңбектерді саралап, ғалымдардың пікіріне сүйене келе, елімізде қалыптасқан толеранттықтың (төзімділік) негізінде бірнеше факторлар анықталды. Бірінші фактор – Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы.

Екінші фактор – еліміздің өткен тарихы мен халықтың бай психологиясы.

Үшінші фактор – Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі.

Төртінші фактор – қазақ халқы ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті.

Бесінші фактор – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дастан, жырлар, қазақ даласының ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, жыршы Асан Қайғы, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлылар мен кейінгі қазақ зиялыларының шығармалары арқылы бүгінгі ұрпаққа еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті дәріптеп, зерделеуге мүмкіндіктің болуы.

Алтыншы фактор – Қазақстан елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілінің ресми бекітілуі.

Жетінші фактор – көпұлтты Қазақстанның арасында татулық пен келісімнің болуы.

Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларының елжандылығының қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда тану үшін «елжандылық», «елжандылықты қалыптастыру», «оқушылардың елжандылығын қалыптастыру» ұғымдарының мәнін ашуды қажет етеді. «Қалыптастыру» түсінігі ғылыми әдебиеттерде бірнеше мәнге ие болады. Оларда «қалыптасу» белгілі бір жағдай немесе дайын қасиет ретінде қарастырылады. Кейбір жағдайда «қалыптасу» деген түсінік «қалыптасып болған, толық аяқталуына жеткізілген» деген мағынаны береді. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде «қалыптастыру» түсінігі алда тұрған іс-әрекетке жеке тұлғаның бағыт алуы, белсенді өмірлік ұстанымды жүзеге асыруға қажетті білім мен іскерлікті меңгеру екендігі анықталған. Бұл жерде «қалыптастыру» жеке тұлғаның кең көлемдегі сапаларын дәлірек айтқанда жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қамтиды. «Қалыптастыру жұмысы» түсінігі педагог-тәрбиеші еңбегіне қатысты айтылады. Бұл жалпы алғанда педагог-тәрбиешінің адамға қатысты нақты міндеттерді саналы түрде шешуге арналған, педагог-тәрбиешінің іс-әрекетінің жиынтығын көрсетеді. Оқушылардың елжандылығын қалыптастыру жеке тұлғаның елжандылық үлгілерін қабылдауы арқылы, елжандылық үлгілерінің білімдерін, елжандылық іскерліктері мен дағдыларын, қызығушылығын, көзқарасын, идеалын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің әдіснамалық негіздерін талдау, бұл проблеманың шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің теориясы мен шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің практикасына бөлу арқылы тануға болатынын көрсетті.



Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің теориясы: шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бағыттарына, мүмкіндіктеріне, құрылымдық бағдарламасына, оны оқыту курсына, кезеңдеріне, әдістер жүйесіне, формаларына, нәтижелеріне, проблеманы шешудің моделі мен көрсеткіштеріне байланысты танылатындығы айқындалды.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің практикасы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу бағдарламасынан, әдістемелік құралдарынан, әдістемелік нұсқауларынан құралатындағы танылды. Сонымен қатар оқушылардың елжандылық білімін, танымдық іс-әрекеттерін, тәрбие нәтижесін талдау іс-әрекеттерін білдіреді.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бағыттары мен мазмұны ретінде мыналар танылады: еліміздің өткен тарихы мен халықтың психологиясы Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы; Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі; қазақ халқының өз ұрпағын елжандылыққа тәрбиелей алу қасиеті; ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дастан, жырлар, қазақ даласының ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, жыршы Асан Қайғы, Бұхар жырау, Исатай мен Махамбет, кейінгі қазақ зиялыларының шығармалары арқылы бүгінгі ұрпаққа еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті дәріптеп, зерделеу; XIX ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген ғалымдардың “түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі” деп бағалауын халықтың тілі халықтың ой-пікірлерінің айнасы елдің бірлігі қасиеттерінің айнасы ретінде танылуы; Қазақстанның көпұлттары арасында татулық пен келісімнің болуы; Елбасы өзінің жолдауында қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтуі; қазіргі кезде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға талапты күшейтіп жатқан шақта, мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы этносаралық келісім, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына жауаптылығы; Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттар мен ұлыстар да қоғам алдында өз жауапкершілігін сезінуі; елжанды қоғам мүшесі басқаларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар тұлғалық сипаттамалармен даралануы; елжанды адамның жеке тұлғалық сапасының өзіндік көріністері болу керектігімен сипатталуы.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің нәтижелері ретінде есептейтініміз: елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы, елжандылық сипаттағы ағылшын тілі пәнінің мазмұнын эмоционалдық сезіммен қажетсінуі; елжандылық сипаттағы ағылшын тілінің елжандылық қасиеттерді қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін түсінуі; ағылшын тіліндегі елжандылыққа баулитын бейнелерге қызығушылығы және аялы көзқарасы; ағылшын тіліндегі мәдени мұра құндылықтарын елжандылық сезіммен қабылдауы; ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылық мүмкіндіктерін білуі және түсінуі; елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі объектілердің мазмұнымен таныс болуы; ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұндағы бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін көре, түсіне білуі; бейнелердің ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұнына талдау бере білуі; ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелерге еліктеуі, үлгі тұтуы; елжандылық мазмұндағы ағылшын тіліндегі шығармаларды талдағанда өзінің елжандылық көзқарасын көрсете білуі; ағылшын тіліндегі елжандылық көріністерді дәлелді әңгімелей білуі, оған деген өз ойын жеткізе білуі.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің принциптері ретінде: оқу-тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы; оқытудың мақсаттылық принципі; түсініктілік принципі; ғылымилық принцип; саналылық пен белсенділік принципі; беріктік принципі; дидактикалық жүйелілік принципі; көрнекілік принципі; тәрбиелеп оқыту принциптері саналады.

Шет тілін оқытуды елжандылық тәрбие берумен ұштастыра жүргізуі үшін педагогтардың басшылыққа алатын шарттарымен анықталады.



Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық шарттарына жататындар:

Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің бірінші шарты - шет тілін оқыту арқылы салалық тәрбие берудің теориясы мен практикасына, мазмұнына, әдістеріне оларды өзара бірлік негізінде қарастыру, ағылшын тілін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін тіл материалдарын меңгертудің оңтайлы жұмыс түрлеріне сараптама жасау олардың қоғамдық-тарихи объективті қажеттілігін ұғынуға байланысты екендігін және оны қоғамдық, педагогикалық мұрат, деңгейіне көтергенде игілікті нәтиже беретіндігіне көз жеткізілді.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің екінші шарты - оқушыларға елжандылық тәрбие беру жұмысының мақсаты мен міндетін нақты ұғынуы тиіс. Осы мақсат-міндеттерге сәйкес елжандылық тәрбие берудің мазмұны, оқыту тәсілдері таңдалып, сабақ барысында және сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шаралардың түрлері айқындалды.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің үшінші шарты - мұғалім оқыту процесін, оның заңдылықтарын, принциптерін, тұлғаны дамытып, оның бойындағы елжандылық тәрбиелілікті қалыптастырудағы барлық компоненттердің мәнін дұрыс түсінуі, яғни шет тілін оқытудың тәрбиелік потенциалын ұтымды түрде пайдалануы тиіс. Елжандылық тәрбие беру жұмысының нәтижелі болуы мұғалімнің білім мен тәрбие беру тәсілдерін жетік меңгеріп, қажет жағдайда тиімдісін таңдай білуіне байланысты.

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің төртінші шарты - оқыту үдерісінде елжандылық тәрбие жұмыстарының жүзеге асуы үшін мұғалімнің бұл пәнді оқытуды елжандылық тәрбие берумен ұштастырудағы ұсынған нақты теориялық-педагогикалық бағыты болуы тиіс. Әрбір тақырыптың мазмұнын ашып көрсетуге дайындала отырып, осы тақырыпқа байланысты елжандылық тәрбие беру жұмысымен тұлғаны қалыптастырудың жалпы міндеттерін шешуді оқытудың мазмұны, түрлері және әдіс-тәсілдерімен байланыстыру міндетті түрде ескерілуі қажет.

Тәрбие қызметіне қарағанда тәрбие жұмысы педагог-тәрбиешінің жасайтын немесе қайта құратын педагогикалық қатынастар жүйесінен туындайтын шарттарды білдіреді.

Сонымен, мектеп оқушыларының елжандылығын қалыптастыру деп ағылшын тілін оқыту арқылы жеткіншек ұрпаққа ел тарихынан, мәдениетінен, халықтар достығынан білімдер беріп, олардың күнделікті өмірде ел тану білімдері, іскерліктері мен дағдыларын игертуге бағытталған мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара байланыстарын көрсететін нәтижені түсінеміз. Бұл түсініктің құрылымын біз зерттеп отырған мектеп оқушыларының елжандылығын қалыптасуының сандық және сапалық жақтарын анықтайтын моделдің өлшемдерінен, көрсеткіштерінен, деңгейлері мен байланыстарынан көруімізге болады.

Мектеп оқушыларының туған елді тануға елжандылығын қалыптастыруға бағытталған: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық және іс-әрекеттік компоненттер, сонымен қатар олардың қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері, өздерінің жиынтықтарымен қосылып ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларының елжандылығын қалыптастырудың құрылымдық-деңгейлік моделін құрайды (Кесте 1). Педагогика ғылымында оқушылардың тәрбиелілігі өлшемдеріне, «елжандылық» ұғымының мәні мен елжандылыққа тәрбиелеу үдерісі анықтамаларына берілген көзқарастарды негізге ала отырып, зерттеу пәнімізге қарай ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары елжандылығының қалыптасуы моделі жасалынды. Шет тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларының елжандылығын қалыптастырудың құрамына кіретін әрбір өлшемді талдау олардың төмен, орта жеткілікті және жоғары деңгейлерін бөліп көрсетуге ықпал етті. Төменде оқушылардың зерттеліп отырған дайындық деңгейлерінің мынадай сипаттамасын көрсетуге болады.



Көрсетілген моделдің негізінде шет тілін оқыту үдерісінде қалыптасатын оқушылардың елжандылық тәрбиелік деңгейлері анықталды.
Жоғары деңгей: мектеп оқушылары ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылықты қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін өте жақсы түсінеді, қызығушылығы тұрақты, эмоционалдық сезіммен қабылдайды; елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі ақпараттың мазмұнын, елжандылық бейнелердің өзіндік ерекшелігін өте жақсы біледі; ағылшын тіліндегі мәтіннің елжандылық бағытын еркін мазмұндайды, оларға талдау беруде өзінің көзқарасын дәлелді қорғайды, ағылшын тіліндегі елжандылық бағыттағы мәліметтерді көпшілік алдында сенімді көзқараспен, үлкен елжандылық сезіммен бейнелей алады.
Жеткілікті деңгей: мектеп оқушылары ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылық бағытын, әлеуметтік мәнін жақсы түсінеді, оған қызығушылық танытады, эмоционалдық сезіммен қабылдайды; елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі ақпараттың мазмұнын түсінеді, елжандылық бейнелердің өзіндік ерешелігін жақсы біледі; ағылшын тіліндегі мәтіннің елжандылық бағытына мазмұндық сипаттама береді, оны талдауда өзінің көзқарасын қорғай алады, көпшілік алдында елжандылық мазмұндағы ағылшын тіліндегі мәліметтерді сенімді дәлелдей алады, мазмұнын жете түсінеді.
Орта деңгей: мектеп оқушылары ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылықты қалыптатырудағы әлеуметтік мәнінен түсінігі жеткіліксіз, қызығушылығы тұрақты емес, эмоционалды тұрғыда қабылдайды; ағылшын тіліндегі ақпараттың мазмұнының елжандылық сипатынан түсінігі аз, ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелердің өзіндік ерекшелігіне аса мән бермейді; ағылшын тіліндегі мәтіннің елжандылық бағытына мазмұндық сипаттама беруде қиналады, оларға талдау беруде өзінің көзқарасын мұғалімнің көмегімен қорғайды, елжандылық бағыттағы мәтінді топпен бірлесе талдайды.
Кесте 1 – Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу моделі


Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Эмоционалдық-мотивациялық


Елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі мәліметтерге оқушылардың жағымды эмоционалдық көзқарасы


  • елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы,

  • елжандылық сипаттағы ағылшын тілі пәнінің мазмұнын эмоционалдық сезіммен қажетсінуі;

  • елжандылық сипаттағы ағылшын тілінің елжандылық қасиеттерді қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін түсінуі;

  • ағылшын тіліндегі елжандылыққа баулитын бейнелерге қызығушылығы және аялы көзқарасы;

- ағылшын тіліндегі мәдени мұра құндылықтарын елжандылық сезіммен қабылдауы.

Мазмұндық


Ағылшын тіліндегі елжандылық білімінің мазмұндылы-

ғы және толықтығы



  • ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылық мүмкіндіктерін білуі және түсінуі;

  • елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі объектілердің мазмұнымен таныс болуы;

- ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұндағы бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін көре, түсіне білуі.

Іс-әрекеттік


Өзінің білімін практикалық іс-әрекеттерде пайдалана білуі және пайдалануға талпынысы


  • бейнелердің ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұнына талдау бере білуі;

  • ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелерге еліктеуі, үлгі тұтуы;

  • елжандылық мазмұндағы ағылшын тіліндегі шығармаларды талдағанда өзінің елжандылық көзқарасын көрсете білуі;

  • ағылшын тіліндегі елжандылық көріністерді дәлелді әңгімелей білуі, оған деген өз ойын жеткізе білуі.

және көпшілік алдында елжандылық мазмұндағы мәтіннің мазмұнын ағылшын тілінде баяндауда қиналады.

Төмен деңгей: мектеп оқушылары ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылықты қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін түсінбейді, қызығушылық танытпайды, қабылдамайды; ағылшын тіліндегі ақпараттардың елжандылық сипатынан түсінігі жоқ, ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелердің өзіндік ерекшелігін түсінбейді, қабілеті жетпейді; ағылшын тіліндегі мәтіннің елжандылық бағытына мазмұндық сипаттама бере алмайды және талдау беруде өзінің көзқарасын қорғау дегенді білмейді, көпшілік алдында елжандылық мазмұндағы мәтіннің мазмұнын ағылшын тілінде жеткізе алмайды, тұлғалық қалыптасуында ағылшын тіліне мән бермейді.

Аталған модель шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу деңгейін зерттеп білуге, принциптер жүйесін (жүйелік, кешендік, тұлғалық іс-әрекеттік көзқарас принципі; оқушылардың жас және дара ерекшелігін ескеру принципі; оқу-тәрбие процесіндегі сабақтастық принципі; «оқытушы-оқушы» жүйесіндегі өзара белсенді әрекеттестік принципі; оқыту мен тәрбие мақсаттары, мазмұны, формалары мен әдістері бірлігінің принципі; оқу-тәрбие үдерісінің елжандылық бағыттылығы принципі) айқындауға және тәрбие әдістерін (елжандылық мазмұндағы ағылшын тіліндегі оқулық мазмұнымен, қосымша мәліметтермен танысу процесінде оқушылардың елжандылыққа бағытталған білімі мен елжандылық қасиеттерін дамыту; қабылданған елжандылық мазмұндағы материалдар негізінде көрініс алған әсерлену сезімін дамыту; оқушыларға ағылшын тілі пәнінің оқу бағдарламасы бойынша елжандылық бағыттағы материалдарды әр сынып бойынша сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда белсенді-шығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың бірлігін қамтамасыздандыру) айқындауға мүмкіндік берді.

Мектеп оқушыларының елжандылық тәрбиелілігінің алғашқы деңгейін айқындау үшін, оқушыларды зерттеу ұйымдастырылады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Түркістан қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде, қазақ мектептерімен қоса өзбек және орыс мектептерінде: №15 М.Жұмабаев атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясында, С.Сейфуллин атындағы №4 және Ш.Ниязов атындағы мектептерде үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Экспериментке 290 оқушы қатысты. Оның 150-і эксперимент тобына, 140-ы бақылау тобына тартылды.



Анықтау экспериментінде оқушылардың елжандылық тәрбиелілік деңгейін анықтау барысында сауалнама жүргізілді. Анықтау экспериментінің нәтижесінде оқушылардың белгілі көлемде, мазмұны әр деңгейдегі елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға қажетті білімдері бар, бірақ әлі де болса ол білімдері, түсініктері толық емес, сезімдері де тұрақсыз екендігі анықталды. Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында эмпирикалық тәжірибедегі мұғалімнің талдаулары, сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы анкета жүргізу әдістері қазіргі мектептегі «мұғалім – оқушы» жүйесіндегі арақатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Тұлғаны елжандылық бағытта тәрбиелеуде шет тілі пәні мұғалімдерінің білім деңгейі анықталды. Ағылшын тілін оқыту барысында оқушының бойына Отанға деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, мемлекеттің экономикалық, ғылыми, моралдық саяси көзқарасын, ұлт мәдениетіне, тіліне т.б. деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру қажеттігін және осы мәселелерді шешудің жолдарына ата-баба мұраларын оқып білуде, елтану, салт-дәстүрлерді қолдану арқылы жетуге болатындығы айқындалды. Зерттеу жұмыстарымызда байқағанымыз оқыту үдерісінде ата-баба мұраларын оқып білу арқылы бүгінгі күні ағылшын тілін оқыту барысында оқушы бойында елжандылық қасиетті қалыптастыру жүйесі жеткілікті түрде жетілдірілмеген. Анықтаушы экспериментте табиғи педагогикалық эксперименттің әдістерін қолданғандағы мақсатымыз шет тілін оқыту барысында ата-баба мұраларын оқып білуге талдау жасау, оқушы мен мұғалімнен және ата-аналардан анкета алу сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу, пікірлесу, тест алуды көздедік. Сонымен қатар оқыту барысында оқушыларға ата-баба мұраларын игерту арқылы олардың бойына елжандылық қасиетті қалыптастыру мұғалімге байланыстылығын, ал тілдің оны бейнелеп жеткізетін құрал екендігіне көз жеткіздік.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде педагогтардың оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстарын талдап қорыту, танып-білу және оны жүзеге асыру жүйесінің нәтижесі қарастырылды. Осыны негізге ала отырып ең алдымен Ресей және «Атамұра», «Мектеп» баспаларынан шыққан ағылшын тілі оқулықтарына шолу жасалынды. Шетелдік оқулықтарға, сонымен қатар соңғы жылдардағы басылымнан шыққан Ресейлік оқулықтар және өзіміздің төл оқулығымызға да оқытудың төрт аспектісі енгізілген. Олар: 1) таным - шет тілін оқытуда мәдениеттанулық мазмұнды меңгеруге бағытталған; 2) даму - шет тілін оқытуда психологиялық мазмұнды меңгеруге бағытталған; 3) тәрбие - шет тілін оқытуда педагогикалық мазмұнды меңгеруге бағытталған; 4) үйрену - шет тілін оқытуда әлеуметтік мазмұнды меңгеруге бағытталған.

Шетел және Ресей басылымдарынан шыққан оқулықтармен оқыту шет тілі мәдениетінің төл мәдениетімізбен диалог құруына қайшы келеді. Сондықтан да елжандылыққа бағытталған тақырыптар мен материалдарды іріктеп бағдарлама құрастыру қажет болды. Ағылшын тілі пәні бойынша сыныптан тыс ұйымдастырылған «English Club» (ағылшын тілі) үйірмесіне бағдарлама жасалып, эксперименттік жолмен тексерілді. Бағдарламаның мақсаты ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге арналған материалдар арқылы туған жерінің, елінің сонымен қатар Ұлыбритания мен Американың және де ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тарихын, мәдениетін, табиғатын, әдебиетін оқу, зерттеу болып табылады. Ағылшын тілі үйірмесінің бағдарламасын құрастыруда шет тілі мәдениетінің мазмұнын меңгерту үдерісінде мазмұн компоненттері (мәдениеттанулық – елдің мәдени фактілері, осы мәдениеттің төл мәдениетінің диалогындағы бөлінбейтін компоненті; психологиялық – сөйлеу әрекетін, қарым-қатынас, оқу әрекетін және т.б. жүзеге асыру қабілет; педагогикалық – адамгершілік, патриотизм, интернационализм, гуманизм, этикалық мәдениет, эстетикалық мәдениет, экологиялық мәдениет; әлеуметтік – қарым-қатынас құралы ретінде 1. сөйлеу, 2. оқу, 3. тыңдау, 4. жазу білігі;) негізге алынды. Бұл жұмысты жоспарлы, жүйелі түрде жүргізу аса маңызды. Егерде бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жүйелі түрде жүргізілсе, онда осы бағдарламаның алдына қойған мақсатын ойдағыдай жүзеге асыруға, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге үлес қосты деп есептеуге болады.

«Ағылшын тілі» атты үйірменің бағдарламасында 6, 7 сыныптар бойынша Қазақстан, Ұлыбритания және АҚШ елдеріне саяхат; Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер; Түркістан және оның географиясы (географиялық орны, елді мекендері, климаты мен ауа-райы); Қ.А.Ясауидің өмірбаяны және оның кесенесі; Әр елдің тағамдары; Батырлар: Алпамыс батыр, Қобланды батыр және Робин Гуд; Бекзат Саттарханов және спорт. 8, 9 сыныптар бойынша Қазақстан, Ұлыбритания және АҚШ елдерінің мерекелері; Отырар мұражайы және Арыстан-баб; Әл-Фараби, оның өмірбаяны және шығармалары; Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті; Кітапханалар: Алматыдағы Ұлттық кітапхана, Британ кітапханасы; Абай Құнанбаев және Шекспир; Менің сүйікті жазушым. 10, 11 сыныптар бойынша Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, Ағылшын тілі – халықаралық тіл; Қазақстан – менің сүйікті елім; Қазақстан және ағылшын тілінде сөйлейтін елдер (телекөпір); Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Жаңа Зеландияның нышандары; Менің сүйікті мамандығым; Есірткі және жастар; XXI ғасырдағы білім беру жүйесі.

Қалыптастыру экспериментінің соңғы кезеңінде анкеталық сұрақтарды қайталап жүргізу бақылау сыныптарында бірінші және екінші анкета жауаптарының арасында үлкен айырмашылықтың жоқ екендігін көрсетсе, эксперименттік сыныптарда елжандылыққа бағытталған тәрбие процесі тиімділігін көрсетті. Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары елжандылығының қалыптасуы компоненттерінің даму деңгейлерінің эксперимент басындағы және соңындағы көрсеткіштері кесте 2-де берілген (Эксперимент тобында – 150; Бақылау тобында – 140)

Кесте 2 - Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары елжандылығының қалыптасу компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері %



Компоненттер

Жұмыс кезеңдері

жоғары


жеткілікті

орта

төмен







ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Эмоционалдық-мотивациялық

Басы

-

-

31,8

26,6

39,0

41,9

29,2

31,5

Соңы

13,2

-

49,5

27,6

27,9

41,9

9,4

30,5

Мазмұндық

Басы

-

-

24,5

22,9

43,6

44,7

31,9

32,4

Соңы

12,5

-

45,4

24,8

33,8

44,8

8,3

30,4

Іс-әрекеттік

Басы

-

-

24,6

24,7

42,7

44,7

32,7

30,6

Соңы

11,3

-

4,2

27,6

30,9

43,8

9,6

28,6

Қорытындылай келе, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде негізгі рөлді гуманитарлы профилді пәндер атқаратынына көз жеткіздік. Сабаққа ұлттық-аймақтық компонентті енгізгенде тәрбие жұмыстарының рөлі арта түседі. Біздің жұмысымыздың қорытысында мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті негізделген шет тілінің оқулық құралдарымен білім беру әрекетіне арналған құжаттардың тікелей әсері болды. “Атамұра” баспасынан шыққан 8-9 сыныптарға арналған оқулықтардың елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тәрбиелік потенциалының зор екендігін байқадық. Оқулықтардың әртүрлілігіне қарамастан, мұғалімдер шет тілін оқыту барысында жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңіруде. Тәжірибелік-зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде байқағанымыз шет тілін оқыту барысында елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеудің тиімділігі: тәрбие бағыттарының барлығы біріктірілсе, қалыпты сабақ пен сыныптан тыс ұйымдыстырылатын іс-шаралар үйлестірілсе, оқыту материалдары елжандылық сипатта болып, оқушылар өз бетінше ізденіп, шығармашылық жұмыспен айналысса, озық жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері таратылып тұрса арта түсер еді, оны мына кестеден көруге болады (кесте 3).

Қорытынды нәтижелерден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобындағы алғашында төмен деңгейді көрсеткен оқушының саны – 31,3% болса, эксперимент соңында төмен деңгейді оқушының саны – 2,1% төмендеді, орта деңгейдегілердің саны алғашында – 41,8% болса, соңында олардың саны – 30,9% болды, жеткілікті деңгейді алғашында 26,9% көрсетсе, соңында олардың саны – 45,4% көтерілді, жоғары деңгейді алғашында ешбір оқушы көрсетпесе,


Кесте 3 - Ағылшын тілін оқыту арқылы оқушылар елжандылығының қалыптасуы бойынша жүргізілген эксперимент жұмысының қорытынды нәтижелері

Эксперимент тобы (ЭТ) – 150, Бақылау тобы (БТ) – 140.

Жұмыс кезеңдері

жоғары


жеткілікті

орта

төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Басы

-

-

26,9

24,8

41,8

43,8

31,3

31,4

Соңы

21,6

-

45,4

26,6

30,9

43,5

2,1

29,9

соңында олардың саны – 21,6% өсті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.

Жоғарыда келтірілген эксперимент нәтижелері эксперименттік топ оқушыларының елжандылығының қалыптасу деңгейлерінің табысты динамикасын көрсетті.






Сурет 1 - Ағылшын тілін оқыту арқылы оқушылар елжандылығының қалыптасуы


Сонымен, зерттеу жұмысының нәтижесі біздің ұсынған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді және мектеп оқушыларын ағылшын тілін оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің тиіміділігін арттыратын шарттардың жиынтығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет