«...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Жалпы инклюзивті білім беру - мүміндігі шектеулі студенттерді оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту - мүміндігі шектеулі, дамуында сәл ауытқулары бар студенттердің дені сау студенттермен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзив сөзі – латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.
Инклюзивті білім беру – білім барлық балаларға.
Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды. 1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
- сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;
- арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
- арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
- педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі» (тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.