Тақырып 7. Х1Х ғасырдың 2-ші жартысындағы позитивизм және тарих ғылымының дамуы 1 сағ.
1.«Позитивті» ғылымның пайда болуының алғышарттары.
2.Ұлттық тарихнамалық мектептердің дамуы.
Тарих – қоғамның қозғалыс түрінің көптігін ашып көрсететін, адамзаттың өз дамуында өтетін күрделі жолдарын түсінуге мүмкіндік беретін ғылым. Тарих, әрбір ғылым сияқты, объективті білімдерді жүйелеусіз, эмпирикалық материалдарды теориялық толықтырусыз, зерттеу құбылыстарының мәніне осы құбылыстарды басқаратын ішкі заңдылықтарын ашу жолдарына тереңдеп енбей өмір суре алмайды.
ХІХ ғасырдың басындағы көптеген көрнекті тарихшылар қоғамдық таптардың тарихи үдерістегі таптық күресті танығанға дейін өмір сүру фактісін мойындады. Бірақ, таптар неге пайда болды? Адамдардың әрекеттерін қандай жасырын серіппелер бағыттап отырады? Оларды күресуге, қандай да бір ұрандарды, саяси және әлеуметтік идеалдарды алға қоюға не итермелейді? деген мәселеге ешкім де дұрыс жауап бере алмады.
Көрнекті ойшыл А.Сен-Симон білімді дамытуды тарихи үдерістің негізігі факторы ретінде есептеді. Өйткені, оған дейін адамзат табиғатының өзгермейтіндігі туралы козқарас қалыптасқан болатын. Оның даму идеясына өту, адамзат идеяларының өзгеретіндігі жайлы пікірі бір адым алға басқандық болды. Бірақ ол да, білімнің неге дамитындығын түсіндіріп бере алмады. Соңында, жетілуге ұмтылатын адамның ерекше қасиеті жайлы тезиске оралды.
Маркске дейінгі тарихи ғылымда, қандай да бір қоғамның тиянақты дамуы, әр түрлі екінші кезектегі себептер нәтижесінде өз бетімен жүріп отырады деген көзқарас кең таралды. Ұзақ уақыт бойына, қандай да бір қоғамның немесе адамзат дамуының, тіпті, тұтас өркениеттердің өзіне тән себептерін іздестіруге ұмтылыс жасалды. Олар мұны, бұлардың діни көзқарастарымен, күрделі иерархиялық құрылымымен, қауымдық немесе туыстық – рулық байланыстардың ерекше беріктігімен түсіндіруге тырысты.
Кез келген халықтың, кез келген адамдар қауымының, жалпы тұтас қоғамның өмір сүруін және дамуын анықтайтын жағдай – барлық уақыттарда негізгі өмірлік қажеттілікті, оның ішінде тамаққа, киімге және тұрғын үйге деген қажеттілікті қанағаттандыру. Тарихи ғылым мәселелерінің бірі – осы қажеттілікті қамтамасыз етудің әр ғылым мәселелерінің бірі – осы қажеттілікті қамтамасыз етудің әр түрлі тәсілдерінің қоғамдық қатынастарға қалай әсер ететіндігін, бұл қатынастар түрінің қалай қалыптасатынын түсіндіру болып табылады.
Саясаттың мазмұны өндірісті қоғамдық ұйымдастырумен анықталады. Оның ерекше белсенді рөлінің қайнар көзі нақты осында болып табылады. Экономикадан өз импульсін алып, оған тәуелді бла отырып, саясат терең экономикалық мүдделердің анағұрлым ауқымды күшіне қарай, өте жиі қоғам өмірінде жетекші жағдайға ие болады.
Бүкіл әлемдік тарихи үрдістің бірлігі қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарында көрініс береді. Бұл бірлікті жалпы заңдылықтардың тиянақты түрінің міндетті сәйкестігі ретінде түсіну дұрыс болмас еді. Қоғамдық даму заңдылықтары бұл дамудың барлық құрамдас бөліктерін байланыста алып қарап зерттемей тарихи үрдісті түсіну мүмкін емес.
Әр түрлі кезеңдегі көрнекті өкілдердің аттары белгілі. Оларды толық құқықпен «ұлы адамдар» деп атауға болады. Олардың саны аз, бірақ олардың қалдырған ізі өте маңызды. Ол бәрінен бұрын, бұл көрнекті өкілдердің дана жеке тұлғалар ретінде көрінуіне емес, керісінше, тарихи дамудың сол сатысындағы тұтас таптардың немесе әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіргендігіне байланысты. Бұл таптар немесе әлеуметтік топтар алдыңғы позицияны алған кезде, олар қоғамдық прогрестің тасушыларына айналады.
Қоғамдық қайраткерлерге тарихи талдау жасау кезінде қоғамға теріс ықпал еткен тұлғаларды да естен шығармау керек. Мұндай жағымсыз сирек кездесетін жеке тұлғалардың да, өзінің жеке тілегі бойынша тарихи сахнаға шықпағанын атап өту керек. Олардың құрылымы бұзылған қызметтің «жеке мейірімсіз еркі» қоғамдық прогрестің реакциялық сипатын, тарихи сахнадан кетіп жатқан таптық күштер қарсылығын білдіретін белгілі бір әлеуметтік жағдайда жүзеге асуы мүмкін.
Сонымен бірге қандай да бір белілі кезеңдегі халықтың әлеуметтік мінез – құлқы және өздерінің жеке позициясына сәйкес келетін жеке тұлғаны таңдауы, көбінесе, сол кезеңнің рухани өмірімен, мирасқа қалған дәстурлерімен анықталады. Сондықтан да қоғамдық сана мен мәдениет мәселесінің, тұтас алғанда тарих ғылымының бір бөлігі болып табылатыны даусыз.
Тарих мәдениеті - өткенді зерттеудің арнайы саласы...
Мәдениет элементтері тек әлеуметтік – экономикалық формацияның барлық қуысына терең еніп қана қоймайды, сонымен бірге онда автономдық жағдайды ұстайды. Әлеуметтік психология саласымен тығыз байланысты бола отырып, мәдени мұра, тіпті, ең ірі деген әлеуметтік өзгерістердің ықпалына баяу ұшырайды. Ол мұнда тез қайта құруға бөгет жасайтын белгілі бір селқостықты сақтайды.
Зерттелген қоғамда дамып отырған, тарихи – мәдени үрдістерге көңіл аудару – оны терең зерттеудің және түсінудің қажетті жағдайы. Сонымен қатар мәдени үрдістерді түсіндіруге деген қарапайым механикалық көзқарастан сақтану қажет. Оларды тікелей саяси және экономикалық өзгерістерден шығарып қарауға болмайды. Мысалы, белгілі бір қоғамның әдебиетіне талдау жасау, зерттеліп жатқан құбылыстар мен үдерістерді олар дамыған тарихи «түсте» алып зерттеуді талап етеді. Алайда, ол әдеби шығармашылықтың көптеген өзіндік ерекшеліктерін түсіндіре алмайды. Әлеуметтік – экономикалық дамуға негізді тұжырым жасау үшін қарапацым сәйкестендіру жеткіліксіз. Тек тар хронологиялық шеңберде қарастыру арқылы, мәдени – психологиялық үдерістерді терең түсіндіру мүмкін емес. Мұнда күрес пен жарыс дамып отырған кзеғдегі, уақытша орын алған әлеуметтік – экономикалық жүйенің, аталған тарихи кезеңнің көптеген қарама – қайшы факторларының ықпалын зерттеә қажет. Мәдениет тарихын зерттеудің мәдени, әсіресе көркемдік көрнекті құбылыстардың қазіргі бай тарихтың күрделі үдерістерімен байланысын анықтауды маңызы зор.
Тарихи ойдың, зерттеудің жаңа әдістері мен тәсілдерінің дамуы көп зерттелген іс жүзіндегі материалдан жаңаны көруге мүмкіндік береді. Тарихи зерттеу нысаны қатып қалған және өзгермейтін нәрсе болып табылмайды. Археология мұндай жаңалықтардың көптеген мысалдарын бере алады. Ол материалдық мәдениеттің бұрыннан белгілі, жан – жақты зерттелген ескерткіштерге жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді. Тастар «сөйлеп», бұрыңғы өткен заманның бейнесін маңызды түзетулер енгізе отырып, қабылдауға ықпал етеді.
Тарих ғылымы пәнінің керемет кеңдігі ғылымдарға жоғары талап қояды. Ол міндетті кәсіби және жалпы теориялық дайындықты қажет етеді. Кәсіби дайындық соған сәйкес мамандануды, тарих ғылымның белгілі – бір саласына жататын тиянақты материалды білуді білдіреді. Жалпы тарихи дайындық әдіснамалық зерттеуді меңгеруді, ішкі күрделілігіне және көлеміне қарамастан, эмпирикалық материалдың бағытын анықтауға мүмкіндік беретін, материалистік диалектика материалдарын тиянақты түсінуді қарастырады.
Тақырып 8. Ресей тарих ғылымының даму тарихы. 1сағ.
1.Орыс тарих ғылымының қалыптасуы.
2.Романтикалық кезеңдегі орыс тарихнамалық мектебі.
3Позитивизм кезеңіндегі ресейлік мектептер.
Ресейдегі тарих ғылымы өте ұзақ, күрделі жолдардан өтті. Ол Киев – Русінде қалыптасты. ІХ – ХІ ғғ. Бізге дейін келіп жеткен тарихи ескерткіш «Повесть временных лет» ХІ ғ. жатады. Повестьтің басталуының өзі – «Орыс жері қайдан басталды» деген мәселені көтерді.
ХҮІ ғасырда жекеленген жылнамалардан жылнамалық жинақтар құрастырыла бастады. Жылнамалықтың негізгі идеясы тарихи жылнамалар бір жинақ құрып отырды. Сондай жылнаманың ең бірінші үлгісі «Степенная книга» онда тарихи оқиғаларды әлеуметтік жағынан баяндайды.
1647 жылы Киев қаласында Инакент Гизель басып шығарған ең алғашқы тарихи оқулық «Синопсис» түрлі жылнамалықтың, әңгімелердің әдеби өңделген түрі болған. Ғылыми түрде болған жоқ. Олардың мазмұны негізінен, негізгі және жанама тарихи фактілерден және әулие атақты адамдардың өмірбаянынан тұрды, және де екінші сипаттағы фактілер жалаң түрде берілгенмен өзара байланыс болған жоқ. Ал, жалпы тарих ғылымы Ресейде европадағыдай ХҮІІІ ғасырда қалыптасты. Бірақ, Ресейдегі І ғ. қалыптасу процесі әлде қайда күрделі жағдайда өтті. Дамудың артта қалуына орай, оқу орындары кейінірек ашылды. Тек қана 1753 жылы Москва университеті ашылды. Ғылым Академиясы 1725 жылы құрылды. Тағы бір орыс зерттеуліне қиындық келтірілген бір мәселе – түпдеректік базаның әлсіз болуы.
І Петр орыс Ресей тарихын жазу туралы сенатқа өзінің жарлығын берген. Сол жарлық бойынша түпдеректерді жинақтау кезінде барлығы 40 – ақ түпдерек болды. Оның ішінде 8 ғана тарихи сипатта болды.
Үшіншіден Ресей тарихы туралы еңбекті жазу ісімен алғашында тарихшы емес, мемлекеттік қызметкер болды. Ресей тарихының ең алғаш жүйелі жинағы болды. Ресей тарихымен бірге Татищев географиялық, археологиялық деректерді жинауға нұсқау берді. Соған қарамастан оның еңбегінің кемшілігі – жинақталған материалдардан нақты тұжырым жасай алмаған және концептуалды идеясы жасалған жоқ.
Тағы бір кемшілігі – тілінің ауырлығында. Ғалымдардың өздері де ұға алған жоқ. ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Ресей тарихы ғылымның дамуында түбегейлі өзгеріс байқалған. Ол ең алдымен ағартушылықпен байланысты болды. Осы кезеңде ел басқарудың ең алдымен ІІ Екатеринаның Рсейдегі көзі ашық адамдардың ортасында тарихқ қызығушылығы болды.
ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында ХІХ ғасырдың басында тарих ғылымын дамыту үшін деректік базаны құруға үлкен қадам жасалды.
ХҮІІІ ғасырдағы көрнекті ағартушы, жазушы, баспагер Н.И. Новиков барлық жинахталған жылнамаларды, мемлекеттік актілерді, көне әдеби мұраларды бір жинаққа басып шығарды. Соның нәтижесінде 20 томдық «Древняя Россиская Виблиобрика» жазып шығарды. Карамзиннің атақты «История Россиского Государства» деген еңбегі (1816-1828) жарық көрді. Бұл еңбектің маңызы орыс тарихына деген нақты көзқарастық тұрғысынан жазылған толыққанды еңбек. әдеби тілде тарихи тұрғыда ұсынылған.
Карамзиннің еңбегіне тән негізгі идея Ресейдің ұлттық мемлекеттік қуаттылығын көрсету болатын, және де бұл қуаттылыққа мемлекет дәрежесіне жетелеген Русь жеткізген, басты назарын ұлы патшалығымен, князьдарға арнайды. Бірақ Карамзиннің идеясы мемлекеттің доктринасына, саясатына сай келді. Карамзин осы еңбегі үшін Ресей мемлекетінің тарихнамашысы болып тағайындалды.
ХІХ ғасырдың 30 – 50 жылдары тарих ғылымы цензураға тәуелді болып қалды. Тек қана крепостнойлық право жойылғаннан кейін ғана дамуында ілгеріқадам байқалды. Ресей тарихында либералдық бағыт қалыптасты.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы көрнекті орыс тарихшыларының бірі В.Л. Ключевский (1841-1911) еңбегінің маңыздылығы сол, «Тарихи мектептің» қалыптасуына ықпал етті.
Ключевскиймен қатар Данилевскийді алуға болады. Оның маңызы, ол Европа ғалымдарына дейін – ақ мәдени – йивилизацияның бағытын ұстанған. Нақ осы Данилевский цивилизацияның мәдени тарихи туралы теорияны ұсынып славян цивилизациясын осы қырынан қарастыруға тырысқан.
ХХ ғасырдың басында Ресей тарих ғылымының дамуында біршама алға басу байқалды. Орыс тарихшыларын лкен өзгерістер күтіп тұрды.
Ресейде ХІХ ғасырдың ІІ жартысында – ХХ ғасыр басында көптеген белгісіз европалық мектептер өмір сүрген. Орыс ғалымдарының көбі ғылыми және тарихи танымның бір уақытты спецификалық мінезді мойындады.
Тарихи білімде позитивтік концецияда мықты позициясын өте ұзақ сақтап, өзінің кейбір версиясында біршама таңқалатындай нәтижесін берді. Оны мынадай ірі Ресейлік тарихшылар бөлген: В.О. Ключевский, Н.И. Кареев, М.М. Ковалевский және т.б.
ХІХ ғасырдың 50 жылдары басты рөлді сыни әдіс бойынша тәрбиеленген «Петербургтық тарихи мектептің» ғалымдары болған. Бірақ 1860 – 70 жж. тарихи ғылымның передовой орталығы Мәскеу қаласына ауыстырылды. Бұнда Т.Н.Грановскийдің дәстүрлері берік сақталған және оның жақын шәкірттері ең бастысы П.Н.Кудряведева және С.М. Соловьева. Ол 1864 – 1870 ж. тарихи – филолгиялық факультеттің деканы, ал 1871 – 1877 ж. университеттің ректоры болып тағайындалды.
Тимофей Николаевич Грановскийдің көзқарасы (1813-1855) тарихтың әлеуметтік функцияларын қарастырды.
Грановский кең эрудициясы, тарихқа деген шексіз ынтасы барлық дәуірді толық анықтап суреттй алды. Көптеген жылдар бойы романтикалық тарихнамада істеп, Грановский 1852 ж өзінде – ақ өзінің сөзінде «Заманауи жағдай мен жалпы тарихтың дамуында мынадай тезис қозғаған, тарих дейді методты жаратылыстану ғылымымен тығыз байланыстыру керек» дейді. Осы кездің өзінде – ақ ол позитивтік рухында өзінің ортағасырлық тарих лекциясында түзете бастаған болатын.
Атақты ресейлік тарихшы Владимир Иванович Герье (1834-1919) Грановскийдің дәстүрін жалғастырушысы болды. Ол Мәскеу университетінде оқыды. Герье позитивистік тарихнамаға қарсы шығып, Бокольдің «Тарихтың цивилизациясын» қатты сынға алды. Ол мынаны отыра тарихшының ең басты дерегі адамның шығармасы болып табылады. Ал басты оқу құралы – адамдардың іс – қимылы, тарихи таным психологиялық анализге арқа сүйеу керек.
Герье бірінші болып ғылыми практикаға неміс тұрғыдан тарихи семинарларын енгізді. Студенттерге білім беруде әлеуметтік және экономикалық тарихи тақырыптарды енгізген болатын.
Герьенің досы, Ресейдің ірі тарихшысы Василий Осипович Ключевский (1841-1911) мемлекеттік мектептердің орнықтармен байланысын үзіп, ресейлік тарихты жалпының бөлігі ретінде қарастырды. Ол адамзат қоғамының қалыптасуындағы жалпы заңның ғылым ретінде қалыптастыруды арман еткенн. Ол өзінің қайталанбайтын тарихи концепциясын қалыптастырды.
Ключевский сонымен қатар синтетикалық концепцияны қалыптастырды, бұнда тарихи жағдай мен адамзаттың әлеуметін байланыстырды.
Позитивтік рухының қалыптаусында жаратылыстану ғылымын принциптік білімінде Ключевский «Методологиялық Ресей тарихы» курсында субъективтік методтың айырмашылығының сұрағы, тарихтан қоғамдық тәрбие құралын жасауын және объективтік методы өткенді танудағы ғылыми бағыттарын алға қойған. Оның пікірінше, субъективтік методта деректерді табу және біртіндеп адамзаттың жаңа замандағы мәдениетін қалыптасытырып, содан барып тарихи фактілердің тек осы процеске қатысы барлар ғана жиналды. Бірақ адмазат бір халық емес, сондықтан – да бұл жиналған факт және тарихшылардың бағасы әртүрлі мәдениетке жататындар, бір – біріне ұқсамайды. «Бұндай тарихи оқу» - деп Ключевский жазады – тарихилық құбылыс жеке оқып жаттау ортасынан, яғни қаралатын объектіден емес, керісінше қаралатын субъектіден.
«Тарихи орыс мектептерінде» жалпы тарихтың қалыптасуына үлкен себеп болған Мәскеу университетінің тарихшыларының байланысы болды. Герьенің жақынжақтасы Мәскеу университеті бойынша болып орыс медиевисті Павел Виноградов (1854-1925) болды. Оның ғылыми орталық қызметінде пайда болу мәселесі мен Батыс Европалық феодалдардың дамуы алда тұрды. Виноградрв позитивистік тарихнамада ең ірі жақтас ретінде көрінді. Ол өзінің ең басты оқу құралы болғандықтан, оған әлеуметтік тарих аспетісі ретінде көрсетілді.
1901 жылы отставкаға кетіп, Англияға кетуге мәжбүр болды. Бұнда оны жақсы танып, бағалап және де осында оған Оксфорд университетінде кафедра берілді. Виноградовтың Оксфордтық семинарында жас европалық және американдық ғалымдар қатысты. ХХ ғасырдың басында ғылымның шырқау шегі ретінде Виноградов мына фактыны бағалады, қоғамдықтың дамуы кездейсоқтық сияқты емес, керісінше заңның жүрүінің нәтижесі ретінде қабылдана бастады.
Тақырып 9. ХХғасырдың басындағы тарихи философия .
1.Ғасырлар тоғысындағы тарих ғылымының дағдарысы.
2.О.Шпенглердің тарихи философиясы.
3. «Тарихи синтез» әдістемесі және «жаңа әлеуметтік тарихтың» қалыптасуы.
ХХ ғасыр барысында тарих ғылымы бірнеше рет түбегйлі өзгерістерді басынан өткізді.Бұл өзгерістер ғылымның пәні, оның мазмұны, мәселелері, зерттеу әдістері мен түптеп келгенде ғылымның кәсіби-ғылыми және әлеуметтік статусын түсіну төңірегінде болып жатты. Бұл уақытағы тарих ғылымының дағдарысы өткен ғасырдағы тарихи танымның ерекше дамуының салдары болды.Тарих ғылымы туралы теориялық білімді оның анағұрлым кеңіген эмпирикалық базасына сай құру қажеттігі туды.Тіпті, Х1Х-ХХ ғғ.аралығында-ақ, және жаратылыс тану және тарихи танымның принципиальдық ерекшелігі орнаған соң ескі ғылыми парадигманы қайта қарау басталды да ең соңында тарихтың өзінің бейнесінің терең өзгерістерін туғызды.1-нші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында позитивизмге шабуыл жасалына бастады. Ғасырлар аралығында басталған методологиялық дағдарыс соғыс жылдары асаүдеп, тарих ғылымының жалпы дағдарысынаәкеп соқты.
Қоғамдық сананың формасы ретінде, тарих, оның қиындықтарына байланысты болады. Бұл қиындықтар неғұрлым терең әрі өткір болған сайын, олардың ғылымға ықпалы да соғұрлым ауқымды бола түседі.Міне сондықтан да, тарих ғылымының түйінді мәселесі ашық түрдегі әлеуметтік аспектке ие болады.Ол өз кезегінде тарихтың барлық ағымдарын қиындатып, шиеленістіреді.Осы тұста, батыстық өркениеттің тоқтаусыз үдемелі дамуына деген сенім жоғалып, прогресс теориясы күйрей бастады.Осыған орай,тарих атаулы жалпы керек пе деген мәселе өткір туындады.
Тарихи танымның негізгі принциптерін қайта қарауға сондай-ақ, Х1Хғ.аяғы- ХХғ.басында ғылыми ойда төңкеріс жасаған оқиға- А.Эйнштейннің саластырмалылық теориясының ашылуы болды.
Осы тұста тарихи білімнің позитивистік эпистемологиялық негізін релятивизм және презентизм тұрғысында қайта қарау басталды.Позитивизмнің неғұрлым беделді және тұрақты сыншылары ХХғ.көрнекті ойшылдары Б.Кроче мен Р.Дж.Коллингвуд болды және олар Гегель тәрізді тарихи үрдісті Рухтың даму тарихы деп ұқты.Американдық релятивизмнің өкілдері Ч.Бирд пен К.Беккер, орыс ғалымдары Р.Ю.Виппер, А.С.Лаппо-Данилевский, Л.П.Карсавин тарих теориясы мен тарихи таным мәселелеріне өзіндік қырларымен келді.
Тарих ғылымындағы позитивтік жүктің біраз түскеніне қарамастан қоғамды- әлеуметтік организм ретінде ұғынуға, прогресс концепциясын, ұлы адамдардың әрекетіндегі оқиғалар мен үрдістердің заңдылығы мен себептілік байланымтарын ың таным идеалын түсініп, объективтілік пен субъективтілікті, материалдық және рухани факторларды қарсы қоюдың әлі ұзақ жолы тұр еді. Тарихшылардың көпшілігі әлі де тарих ғылымының фактологиялық негізінің объективтілігін жақтады. Практик- тарихшылардың бұл ұстанымы антипозитивистік концепциямен бір мезгілде қатарлас дамып отырған неопозитивистік концепцияны өмірге әкелді.Тарихтың неопозитивистік философиясы тарихтағы жалпы әлеуметтік және психологиялық фактролардың ролін мойындаумен сипатталады.Және осыдан келіп,тарихи танымдағы түсіндірмелік процедуралардың –зерттелетін құбылыстарды әдепстандарттары, ойлау, күнделікті қарым- қатынастың типтері мен құрылымдарымен салыстырудың маңыздылығын баса көрсетті.Бұл бағыттың белді өкілдері К.Поппер, экономикалық тарихтың зерттеушілері-Франсуа Симиан, Э.Лябрусс, ағылшындар Ричард Тоуни, Дж.Клепэм т.б. болды.
«Ғылыми тарихты» барынша теріске шығарған неміс тарихшысы және философы О.Шпенглер. «Закат Европы» атты еңбегінде ол, тарихи құбылыстар дүниесіндегі себептілікті жоққа шығарып, тағдыр идеясын көтерді.Оның ойынша тарихи танымның негізгі әдісі интуиция деп санады. Және О.Шпенглер тарих теориясындағы өркениеттік көзқарасқа негіз қалады.Бұл бағытты сондай ақ , ағылшын ғалымы А.Тойнби қолдады.Тарихи- мәдениеттану әдістемесінің аясында нидерландтық ғалым Йохан Хайзинги ментальдық тарихтың негізін салды.
Тарих теориясы мен тарихи таным үрдісінде тарих ғылымының дағдарыстан шығуына Февр мен Марк Блок бастаған француздық «Анналдар» мектебі тарихшыларының бірнеше ұрпағы үлкен үлес қосты.Кең ауқымдағы пәнаралық тарихты жасауға бағыт алынды.Осы мектептің атымен байланысты: « жаһандық тарих», «жаңа тарих ғылымы», «жаңа әлеуметтік тарих»,тарихи антропология, тарихи этнология, ментальдықтың әлеуметтік тарихы сияқты т.б. жаңа бағыттар пайда болып, тарих ғылмының сапалық деңгейі өзгерді.
Тақырып 10. ХХ ғасырдағы жетекші ұлттық тарихнамалық мектептері.
1.М.Вебердің идеалды түрлер теориясы.В.Шубарт пен П.Сорокиннің мәдени- тарихи талдауы.
2.Тарихты формациялы және өркенниеттік тұрғыдан түсіндіру және олардың қазіргі кезеңдегі арақатынасы.
3.Ұзын толқындар теориясының қалыптасуы.
4..Хаос теориясы
Тарихты адамдардың өзарақатынасы деп ұғыну әр кезде тарихи болмыстың ерекшелігіне байланысты әртүрлі формада көрініп отырды. Әлеуметтік тарихтың «барлық уақытқа» арналған ауқымды түсінігін қалыптастыруға ұмтылу еш нәтижесіз, жүзеге аспайтын әрекет екені әу бастан белгілі.Тарих ғылымының бір саласы ретіндегі әлеуметтік тарихқа талдау жасаған шақта,осы ұғымның өзінің тарихи сипатын есепке ала отырып, интеллектуалдық эволюцияның әрбір жеке кезеңінде оның пәнін анықтау, өзекті мәселелерді тудыру, әлеуметтік- тарихи зерттеулердің әдістерін анықтаудағы өзектілікті табу болады.
Әлеуметтік тарихтың қалыптасуы мен жетекші сала ретінде дамуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықтағы тарих ғылымының методологиялық қуатын интенсивті түрде жаңарту үрдісімен әділ байланыстырылып жүр.ХХ ғ.ортасындағы тарихнаманың басты және айқындаушы белгісі тек гуманитарлық білімдердің бір саласы ғана деп саналып келген дәстүрлі тарихқа қарама- қарсы, қоғамдық ғылымдардың теориялық моделдері мен зерттеу техникасымен байытылған аналитикалық пәнаралылық тарихты жасау жолындағы қозғалыс болды. Міне дәп осы, ХХ ғ. екінші жарт. Кең интеллектуалдық қозғалыстың арнасында тарихи өткенді социологияның терминдерімен түсіндіру, қоғамның, оның жекелеген топтарының ішкі күйін, олардың арсындағы қатынысты суреттеу міндетін көтерген «жаңа әлеуметтік тарих» қалыптасты.
1960-шы – 1970-ші жылдардың басында әлеуметтік қатынастарды зерттеуге деген ұмтылыс тарихи - әлеуметтанулық зерттеулер шегінде болды, ал әлеуметтік тарихтың өзін түсінуде қоғамды біртұтастықта қарауға бағдарланған тотальдық (ауқымдық) идеямы басым болды.Нақ осы жылдары тарих және салыстырмалы социологияға, сондай ақ, Макс Вебердің теориясына қызығушылық артты. М.Вебер қоғамдық үрдістерді қарастырудың нақты- тарихи, салыстырмалы- типологиялық және идеялық- типтік әдістерін сәтті біріктіре отыра, тарих пен социологияны екі бөлек сала емес, ғылыми мүдденің екі бағыты деп қарады.Жалпы алғанда, әлеуметтік- ғылыми теориялар құрылымдар мен үрдістерді талдауды жеңілдеткенімен оны тарихтың субъектерімен байланыстыра алмады.Жаңа ізденулер әлеуметтік тарихқа антропология мен әлеуметтік психологияның әдістерін кіргізе бастады. Тіпті, 1970ж.ортасы -1980 ж.басында пәнаралық ықпал ету алаңының алдына мәдени антропология шықты. Оның өсіп отырған ықпалының нәтижесінде әлеуметтік тарихшылар объективтік құрылымдар мен үрдістерді зерттеуден бас тартып мәдениеттің антропологиялық түсіндіруін зерттеуге көшті, яғни өткен дәуірлердің адамдарының әдеттегі санасын, ментальдық түсініктеріне мән берілді.Бұған дейін сыналып келген ментальдық тарих енді әлеуметтік зерттеулермен ұштасып ментальдықтың әлеуметтік тарихына айналды.Тарихтың макро, микро түрлері, гендерлік тарих, экономикалы тарих, социо- мәдени тарих т.б. түрлері пайда болды.
Қазіргі таңда тарих ғылымында « интеллектуалдық тарихқа» үлкен мән берілуде.Сондай ақ, «жаңа мәдени тарих», пәндік тарих, ауызша тарих т.б.бағыттар үздіксіз туындауда.
3.Практикалық сабақ
Антикалық кезендегі тарих білімдерінің пайда болуы мен дамуы.
Грек тарихи әдісі ОЙ және білім түсінігі.
Фукидид – рационалистік тарихтың негізін қалаушы
Римдегі эллиндік кезеңдегі компиляциялық тарихи әдістің пайда болуы
Полибий- прагматикалық тарихтың негізін қалаушы.
Рим тарихнамасындағы тарих шығармаларындағы анналдар ролі.
Ерте христиандық дәстүрлердің ерте ортағасырлық тарихнаманың құрылуындағы әсері
Ортағасырлық тарихнаманың тарихи жазбалары- әлемдік хроника жанры.
XYII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының тарихнамасы.
Капиталстік қатынастар кезеңіндегі индустриалдық өркениеттер тарихнамасы.
Марксизм тарихнамасы – жаңаша көзқарастар сипатында.
I- дүние жүзілік соғыс тарихының тарихнамасы.
Қазіргі замандағы Шығыс елдеріндегі азаттық күрес тарихнамасы.
XIX ғ. орыс баспасөзіндегі Азия мен Африка тарихының мәселелері.
Фукидид – рационалистік тарихтың негізін қалаушы.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |