«шетелдер тарихының тарихнамасы және деректемесі»


Тақырып 3. Орта ғасырлар тарихнамасы. 2 сағ



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі227,5 Kb.
#54937
1   2   3   4

Тақырып 3. Орта ғасырлар тарихнамасы. 2 сағ.

1.Ортағасырлық тарихнаманың басталуы.

2.Кейінгі феодализнің тарихнамасы, «хроникалар».

3.Жылнамалар жинағы Русьтегі алғашқы тарихи шығармалар ретінде.

4.Қайта өрлеу кезеңіндегі ортағасырлық тарихтың тарихнамасы.
Ортағасырлық тарихи шығармалар өзінің тақырыбы мен жанры бойынша әралуан өрі көп болды: анналдар, хроникалар, өмірбаяндық және автобиографияллық шығармалар, жекелеген азаматтық және шіркеулік қауымдастықтардың тарихы, билеуші және ақсүйек династиядардың шежірелері жатады.Өзінің мағынасы мен қызметі бойынша тікелей тарихи шығ- ға біртабан жақын болған агиографиялық шығ-лар ( жития) болды. Оларда тек әулиелердің өмірі ғана емес, сол әулиеге қатысты қауымдастық пен жердің тарихы да қамтылды. Әлеуметтік жадтың сақталуының ерекше формасы қайтыс болғандарды еске алып отыратын литургиялар болды. Тарихи шығармалардың мақсатын ұғынуда ортағ-лық авторлар да көп жағдайда куәгері бар шынайы оқиғаларды ыждаһатпен тіркей отыра антикалық дәстүрдің жалғастырушылары болды. Өткенді қабылдауда ортағ-лық тарихшылар да антикалық авторлар сияқты: өткен бүгінгіні тудырады, бірақ одан айырмашылығы болмайды деп ұқты. Өткеннің тәжрибесі іс-әрекеттің практикалық жол нұсқасы болдып саналды. Антикалық және ортағасырлық тарихнаманың сабақтастығы олардың көптеген аспектлердегі ұқсастықтарын туғызғанмен, жалпылық сипатта болған емес. Ортағ-лық тарихи сананың түбегейлі ерекшеліктері анықталды және олар адамзаттың дамуы туралы концепцяның – оның мәнін, мақсаттарын, қозғаушы күштерін христиандық діннің түсініктері жүйесінде анықталды.

Христиандықтың дамыған діни және дүниетанымдық жүйе ретінде қалыптасуы тарихи сананың жаңа түрін өмірге әкелді. Библияның абсолюттік беделін мойындау, антикалық авторлар кең қолданған ақпаратты сыни бағалау принципінен бас тартуға әкеп соқты. Библия және христиан дінінің дамуы барысында пайда болған басқа да мәтіндердің бірқатары күман келтіруге болмайтын абсолюттік ақиқат деп бағаланды.Ақпараттың шынайылығы мен құндылығы оны берушінің беделімен анықталды.Тарихты жаһандық діни үрдіс ретінде түсіну латин шіркеуінің бас теологы Аврелий Августиннің «О граде Божием» атты шығармасында негізделді.

Ортағасырлық тарихнаманың өзіндік келбетін анықтайтын басты жетістігі тарихи уақыттың ерекше концепциясының жасалуы болды.Ортағ-лық тарихнаманы көбінесе себеп-салдарлық байланыс принципіне бағынған антикалық тарихнамадан ажыратуға мүмкіндік берген нәрсе – ол баяндаманы хронологиялық түрде жүргізу принципі, яғни фактлерді уақыттық реттілікпен баяндау болды.Тарихи уақытты түсінудің үш түрлі моделі болды: антикалық, библиялық және ертедегі германдық. Басқы екеуі алғашқы теологтардың қарастыруымен христиандық концепцияның негізін құрады, ал соңғысын христиандық ығыстырып шығарды.Алғашқы христиандық кезінде ақ адамзаттың тарихын біртұтас өзара байланыстағы үрдіс деп қарауға әрекет жасалды. Бұл үрдістің бел ортасында нағыз сенімді сақтаушы таңдаулы халықтар- иудейлер мен христиандардың тарихы орын алды. Ортағасырлық тарихи сананың парадигмасы Қасиетті тарих - сенімнің халықтар арасында таралуының тарихы.

Жалпы, ортағасырлық тарихнама христиандық провиденциализм жетегінде дамыды. III-V ғғ. алғашқы христиандық хронографиялар пайда болды. Оларда язычестволық шығармалардағы белгілі тарихи оқиғаларды библиялық және нақты христиандық тарихтың бейнесімен сәйкестендіру көзделді. әлемдік тарихтың үлгілі схемаларын жасаушы епископ Евгений Кесарийсккий (263-339 ) болды.Ал, христиандықтың тұңғыш әмбебап тарихының авторы Августиннің сенімді шәкірті Павел Орозий болды.Оның еңбегі - «Семь книг истории против язычников» Рим империясының күйреуі қарсаңында жазылғандықтан осы тақырыпқа арналды.Бұдан кейін Исидор Севильский. Оттон Фрейзингенский, Беда Достопочтенный, Эразм Роттердамский сияқты авторлардың тарихи шығармалары жарық көрді.

Ортағ- лық тарихшылар кәсіби тарихшылар емес-тін.Көбінесе бұл іспен епископтар мен монахтық қауым өкілдері шұғылданды.Әсіресе, бенедиктин орденінің монастларында тарих жазумен белсенді айналысты. Х111 ғ. монастрлық тарихнама екінші орынға түсе бастады.

Ортағасырлардың соңына қарай тарихнама әу бастағы өзіне тән әралуан: теологиялық , діни- уағыздық. құқықтық қызметтерінен арыла бастады.Ол барған сайын бір жағынан, әлеуметтік және саяси бірегейліктің, екінші жағынан ұлттық бірліктің қайнар көзі мәніне ие бола бастады.Осымен бір мезгілде білімді адамдардың ортасында тарихқа деген жаңаша көзқарас қалыптаса басдады, өткенге қызығушылық христиандық теология мен саяси легитимация үшін қажеттілік сипатынан арылып дербес құндылыққа айналып келе жатты.

Ренессанс немесе қайта өрлеу кезеңі мәдени және әлеуметтік өмір салаларында маңызды өзгерістер әкелді, алайда олар өткен дәстүрлерден түбегейлі бас тарту дегенді білдірмейтін. Әлеуметтік болмыстың басқа салаларындағыдай Ренессанстық тарихи санада тарихты ұғынып жазуда ортағ-лық тәжрибемен сабақтастық сақталып қалды.Бірақ, бұл кезкңнің тарихи шығармаларының өзіндік ерекшеліктері де байқалды,олар тақырып, тарих туралы түсінік, тарихшының жұмыс әдісі жүйесінде көрінді. Қ.Ө. мәдениеті аясында дамыған жаңа бағыт гуманизм деп аталды.Бұл атау ортағасырдағы аскеттік, діни-уағыздық дәстүрге қарсы әрекет түрінде адам, оның мүдделеріне, мүмкіндіктеріне деген қызығушылықтың тез өсуіне байланысты шықты.Соған қарамастан, бұл кезеңде тарихты өзінің зерттеу құралдары,таным әдістерінің жиынтығы тарихи шығармаларда шынайы бейнеленуі мақсатында өткенді ұғыну жүйелері бар ғылыми пән түрінде қалыптасты деуге болмайды.Онымен қатар Қ.Ө.кезеңіндегі европалық тарихнама біркелкі болған жоқ.Итальяндық гуманистік тарихнамаға тән: антикалық авторларға еліктеу, тарихи оқиғаларды діни тұрғыда түсіндіру, қоғамды түсінудегі секуляризация мен рационализация сияқты белгілер Италиядан тысқары аймақтарда қолдау таппады.Тағы бір аса маңызды әлеуметтік- идеоогиялық, дүниетанымдық қозғалысты тудырған кезкң герман Реформациясының нәтижесінде тарихты діни және теологиялық тұрғыда түсіну өзінің үстем жағдайын сақтап қана қоймай, рим- католик теоретиктерімен айтыста одан әрі қарқынды дами түсті. Сонмен бірге Реформация және Контрреформациялық конфессионалдық қозғалыстар туғызған тарихнамада оқиғалардың өзара байланысы мен себептерін түсіндіруде рационалдық аргументация, яғни оңтайлы уәжді кеңіту ағымы байқалды.Және дерекпен жұмыстың жаңа қырлары, ең алдымен оларды қатаң сұрыптау, сосын олардағы ақпаратарға сыни талдау жасау қажеттілігіне мән берілді.

Аталмыш кезеңнің тарихнамасында ФраческоПетрарка, Джованни Бокаччо, Леонардо Бруни сияқты есімдерді атауға болады және тарихнаманың өзінің сипаты натикалық дәстүрге еліктеушілікті танытты. Гум-лық тарихнаманың ортағ-лық тарихнамадан айырмашылығы авторлардың әлеуметтік және мәдени статусымен, оқырман аудиториясының болуымен анықталады. Гум.тарихн. негізгі қарастырғаны саяси тарих пен билеушілердің және мықтылардың қылығының сырын түсіндіру болды.

Қ.Ө.тарихнамасының жаңа асамаңызды бір аспекті шіркеулік дүниетаныммен араны үзу болып табылады. Бұл типтегі тарихи шығармаларда тарих Құдайдың емес адамдардың әрекет саласы деген ойды байқауға болады.Осылайша, тарихи сананың жалпы секуляризациясына, яғни діни көзқарас басымдығынан бас тартуға жетеледі. Никколо Макиавелли, Лоренцо Валла, Франческо Патрици , Жан Боден сияқты тарихшылар саяси тарихқа мән беріп, дерекке сыни көзқараспен қарау мәселесін көтеріп отырды.

Византиялық тарихнама бойынша, айтар болсақ мұнда да алғашқыда антика дәстүрі сақталып келгенмен христиандық шіркеу тарихын жазу басып кетті.Византиялық тарихшылардың қатарында:Прокопий Кесарийский, Агафий Миринейский, Феофилакт Симокат тарихнаманың бірінші кезеңінің өкілдері.

Екінші кезеңде Фотий, Михаил Пселл, Анна Комнина, Никифор Григор тәрізді авторлардың шығармалары белгілі.

Орыс тарихи ойының дамуына келсек, мұндағы тарихи шығармаларды жазу дәстүріне де христиан дінінің ықпалы болды. Ертедегі орыс тарихи шығармаларының негізгі типі сонау ХУ11 ғ.дейін жеткен жылнамалар болды. Онымен бірге византиялық тектегі –хронографтар жүрді.Жылнама- орыс жерлерінде 13-18ғғ.аралығында жыл сайын жүргізіліп отырған жекелеген оқиғалар туралы жазбалар.

Жылнама жазудың бірнеше кезеңдері белгілі.

1.Киевтік жылнама жазу кезеңі- Х1 ғ.- Х11ғ алғ.жарт. Бірінші тұрақты жылнама- «Повесть временных лет».

2.Х11 ғ.ек.ж. – жергілікті жерлер мен жекелеген қалаларға байланысты жылнамалар. Оларға тән сипат жергілікті оқиғалар мен персонаждарға қатыстылығы, бірақ жалпыорыстық жылнамалылық сипат та сақталып отырды.

3.Мәскеулік Ұлыкняздік биліктің күшеюіне орай, мәскеулік жылнама жазу- орыс тарихы туралы ресми баяндауға айналды. Бұл уақыттағы жылнамалар: Иван Грозный тұсында жасалған көптомдық жинақ « Лицевой свод», Мәскеу билеушілерінің династиялық тарихы – «Степенгая книга».


Тақырып 4. Ерте жаңа заман тарихнамасы. 1сағ.
1.Гуманистік тарихнаманың ұлттық мектептері.

2 Ғылыми революция және ХVII тарихи білім

Қазіргі зерттеушілер XVI-XVII ғғ.аралығындағы Европа тарихын – саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдің жаңа формаларының қалыптасу, дүниеніұғыну жүйесіндегі терең өзгерістер мен белгілі мен мүмкіндік шегінің кеңуімен сипатталатын ерте жаңа уақыт кезеңі деп атайды.Р. Тарнастың сөзімен айтқанда Батыс жаңа адамның туғанын, өзін және өз бостандығын қайта түйсінген, айналадағының бәріне көңіл қойып қарайтын, ежелгі классиканы жықсы көретін, тіпті өзінің ұлы болашағына берілген, табиғатты игеруге өзінің ақылы қабілетті екеніне көзі жетті.

XVI-XVIIғғ. Европалық мәдениетте ортағасырлық дәстүр мен ренессанстық ғылымнан өзгеше таным принциптері қалыптасты. Интеллектуалды қозғалыстың нәтижесінде әлем мен адам туралы түсініктер қайта қалыптасып,жаратылыстану пәндері, тарихи, саяси, қоғамдық, философиялық жүйе негіздері қайтадан анықталып ғылыми революция деген атқа ие болды.Бұл кезеңнің шекарасын шегін шартты түрде 1543 жылдан бастайды. Осы жылы Н.Коперниктің «Аспан денелерінің айналуы туралы» еңбегі шығып, И.Ньютонның жаңалығы ашылған еді. Коперник, Галилей, Кеплер, Декарт, Ньютон сияқты ғалымдардың ерте жаңа замандағы интеллектуалды мәдениеттегі еңбектері нәтижесінде әлемнің тұтас жаратылыстану ғылыми картасы жасалынды.

Ерте жаңа заман дәуіріндегі философтар білім құрылымының принциптеріне, физика, математика, медицина, әлеуметтік ғылымдар қолданып отырған жаңа әдістерді негіздеуге ерекше назар аударды. Тарих білім ретінде мораль, саясатпен байланысты болды да бұл пәндердің аумағына кіре қойған жоқ. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) « Жаңа органон» атты басты шығармасында білімнің бүкіл жүйесін қайта қарауға әрекет жасалып ақиқатты табу әдісі ұсынылды.

Бэкон өз еңбектерінде тарих пен жаратылыстану ғылымдарының бірлігі туралы жазды, өйткені екеуі де адамның еске сақтау қабілетіне сәйкес болды. Азаматтық тарих та, жеке оқиғаларды зерттеумен, олардың уақыттан тыс қасиетін сипаттаумен айналысты. Сөйтіп, табиғат құбылысын және өткен оқиғаны зерттеу арасында айырмашылық бола қойған жоқ. Бақылаудың нәтижелері болды, жеке құжаттар бойынша дәлелденген фактлер тәжрибе үшін құнды еді.Англияда Бэконның еңбектері жаңа ғылымның сипатына үлкен әсер етті.

Рене Декарт (1696-1650), Гуго Гроция (1583-1645 ), Томас Гоббс (1588 -1679) сияқты философтар қоғамды адамдар арасында жасалатын қоғамдық келісім шарттың нәтижемі деп есептеді. Мемлекет заңдары адам табиғатынан шығатын табиғи құқық негізінде құрылуы керек деп есептеді. Бұл теориялар әлеуметтік және философиялық еңбектерде үстем болғанымен, ХУ11 ғ.тарихи еңбектерге мұндай идеялардың енуі өте баяу болды. Тек келесі ғасырда бұл теориялар тарихтың өткені туралы білімге айтарлықтай ықпал етті.

Тарих әлі адам, қоғам, әлем туралы білім саласынан бөлініп, дербес пән ретінде қалыптасқан да жоқ еді.Өткенді зерттеу әдебиет, шешендік өнер сияқты ілімдермен бірге жүрді.Университеттерде тарихты игеру ежелгі тілдерді ұйренуге қатысты қолданбалы мәнде болды. Соған қарамастан, ХУ11 ғасырда тарихты зерттеу сәнге айналды. Оксфорд пен Кембриджде азаматтық тарихтың алғашқы кафедралары ашылды. Осы кезде тарихты білу саяси күрестегі маңызды фактор болды. Мысалы, Ағылшын революциясы кезінде корольдың жақтастары мен парламентті қолдаушылар монархтың шексіз билігі немесе Англияның ежелгі «еркіндігінің» негізін бұрынғы құжаттардан іздеді.

Бэкон « ХVII Генрихтың тарихы» (1621) атты шығарманың авторы.Ол бұл еңбекті Англияның күшеюі туралы жазды. ХУ11ғ.ек.ж. Британияда революциялар, азамат соғысы, монархияны қайта үндеу туралы бірқатар тарихи-саяси еңбектер, естеліктер мен трактаттар шықты. Олардың қатарында граф Кларедонның «Бүлік тарихы», Г. Барнеттің «Менің заманымның тарихы», Дж. Локктың « Өкімет туралы екі трактат», « Діни шыдамдылық туралы» атты еңбектері бар. Тарихнамадағы бұл бағыт ХУ111 ғ.одан әрі жалғасын тапты.

Франциядағы мавристер одағы 1648 ж. француз провинцияларының тарихын басып шығаруға әрекет жасады.

Хроникалар мен құжаттарды шығару Германия, Италия, Англия, Польша, Чехия, Испанияда кең тарады. Эрудиттер қолжазбаларға сыни талдау жасады, сөйтіп қосалқы тарихи пәндердің (палеография, хронология, дипломатика ) және жалпы тарихи білімнің дамуында үлкен роль атқарды.
Тақырып 5. Ағартушылық кезеңіндегі тарихнаманың дамуы. 2сағ.

1.Ағартушылық идеологиясы дүниетанымдық кешен ретінде.

2.Ағартушылықтың ұлттық мектептеріне шолу.
ХVІІ ғ. соңғы ширегі - ХVІІІ ғ. тарихнамада жаңа серпіліс болды. Зерттеушілер бұл кезеңді Ағарту ғасыры деп атады. Өйткені Европа елдерінде, Солтүстік Америка, Ресейде интеллектуалды қозғалыс кең тарап, оның рухани орталығы Франция болды. Бұл қозғалыс әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдегі бірқатар өзгерістермен, азаматтық қоғамдағы процестердің қалыптасу және модернизациялануымен, буржуазиялық – демократиялық революциялармен, дүниетанымдағы трансформациялармен байланысты болды. Ағарту идеялары ең алдымен философияда, сонымен қатар ғылымда, тарихнамада, қоғамдық және саяси ойда, әдебиетте, өнерде өз көрінісін тапты. Бұл дәуір қайраткерлерінің қатарында Франциядан Вольтер, Руссо, Монтескье, Британиядан Дж. Локк, Д. Юм, Э. Гиббон, Германиядан И. Кант, И. Гердер, Ресейден М.В. Ломоносов, В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин болды.

Ағартушы философтар, тарихшылар, әдебиетшілер, ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болғанымен, олардың шығармаларында ұқсас мәселелер көтеріліп, бір – біріне жақын пікірлер айтылды. Бұл кезеңнің интеллектуалды мәдениетіне «адам» және «қоғам» деген негізгі ұғымдары қайта қарауға талпыныс жасалды. Адам табиғаты деген не? Қоғамдық құрылым ненің нәтижесінде пайда болады? Дүние жүзінің көптеген халықтарын не біріктіреді және қандай айырмашылығы бар? Ғылымның жетістігі мен адамгершілік нормаларының жетілуіне қарамастан адамдар неге бақытсыз? Мемлекет те, халық та үйлесімді өмір сүру үшін қазіргі тәртіпті өзгертуге бола ма? Осы сауалдарға рационалды философия және тәжірибелі ғылымдардың негізінде жауап беру ұсынылды.

Ағарту қайраткерлерінің қөзқарастары билік пен дәстүрге сыни қатынасты сипаттады. Ұсынылған құндылықтардың жаңа жүйесінің жоғары критерииі сословиелік теңсіздікке, шіркеудің билігіне қарсы ақыл мен салауатты ой болды. Өнеркәсіп төңкерісінің әсерімен экономикадағы, әлеуметтік саладағы, күнделікті өмірдегі терең өзгерістер прогресс идеясына философиялық жылдам мәдени үрдісіне үміт туғызды, яғни жеке қателіктерінен, надандықтан, наным – сенімнен, қанаудан құтылу керек болды.

Ағартушылардың идеялары бойынша табиғаттың бәрі бітұтас танымдық тәртіпке бағынды. Адам табиғаты әмбебеп және дүние жүзінде өмір сүріп жатқан адамдар өзгермейді, әуелден – ақ олар тең және бостандықта болып даратылды деп түсіндірілді. Қоғамды ақылдың заңдарымен, адамның табиғи рационалды түрде қайта құру және өткенді қайтадан ой елегінен өткізу керек деп пайымдалды. Философтар үшін үлкен құндылық көптеген адамдарға пайда әкелетін білім болып есептелді.

Француз ағартушыларының ірі еңбектері қатарына Жан Д’Аламбер (1717 - 1783) және Дени Дидро (1713 – 1784) жетекшілігімен шыққан мәтіні 17 томнан, гравюрасы 11 томнан тұратын «Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы немесе Түсіндірме сөздігі» (1751 – 1772) болды. Бұл «Энциклопедияда» философияның, түрлі ғылымдардың маңызды принциптерін, жаңалықтар мен өнеркәсіпте қолданылатын пайдалы зерттеулердің нәтижелерін сипаттаған мақалалар жазылды. Дегенмен де бұл жинақтағы маңызды орын тарихқа берілген. Д’ Аламбердің айтуынша, адам тарихының пәні мен оның әрекеті, не оның білімі, сондықтан ол азаматтық және ғылыми тарих болып бөлінеді.

Ағартушылар жазған тарихта философияның ықпалы күшті болды. Алайда, ХҮІІІ ғ. ағартушылық «философиялық тарих» тарихи сипаттаудың барлық әдістерін қолданды деп айтуға болмайды. Бұл кезде европалық қауым «тарихқа» қанық болды, өйткені соғытарды, корольдардың, қолбасшылар мен епископтардың қызметін сипаттаған, қателері көп, көшіріліп қарастырылған дүниелер баршылық еді. ХҮІІІ ғасырда тарих ғылыми білімнің саласы деп саналмады, көсем сөздің ерекше жанры деп есептелді. Университеттерде тарихты филологтар, ежелгі тілді білетін адамдар, құқықтанушылар берді.

Сонымен бірге өткенге, қазіргіге, болашаққа деген біртұтас христиандық көзқарас болды. Оған мынадай бірқатар факторлар әсер етті: мәтіндерге гуманистік сынның ықпалы, ежелгі пұтқа табынушы авторлардың көптеген еңбектерімен танысу, географиялық ашуларға байланысты әлем бейнесіне деген радикалды өзгеріс, Реформация дәурінде шіркеу абыройының шайқалуы, жаңа философиялық және ғылыми теориялар.

Француз ағартушысы, жазушы, ақын, драматург Мари Франсуа Аруэ Вольтердің (1694 - 1778) «Халықтардың адмагершілігі мен рухы және басты тарихи оқиғалар туралы тәжірибе» (1756 – 1769) деген шығармасынан көреміз. Вольтер бұл еңбегінде алғашқыларпдың бірі болып Европаның өткен тарихын ғана емес, барлық адамзат тарихын көрсетуге тырысты. Бұл теологиялық тұжырымдарға қарсы қойылған тәсіл еді. «Философиялық тарих» бойынша, әуел баста адамдардың кінәсі жоқ, олардың ерекше қасиеті – ақылы болды. Оның негізгі идеясы тарихты ағартушылық философиямен біріктіру еді. Вольтер тарихшының міндеті факт жинап, оқиғаны мазмұндау емес, бүкіл материалды саналы тұғырда сыннан өткізіп, «философиялық тарих» жасау деп есептеді. Ол тарихтан мен тек корольдер тарихын көремін, мен адамдар тарихын көргім келеді, тарихшыдан дәстүрге, заңға, мінез – құлыққа, саудаға, қаржыға, егіншілікке, халыққа назар аудару талап етілетінін айтты. Вольтердің жалып тарихы – бүкіл адамзатты қамтыған тарих болды. Ол қолда бар мәліметтермен Қытай, Үндістан, Жапония, Таяу Шығыстың, Африка халықтарының, Американың өркениетін жазуға тырысты. Басқа ағартушылардан ерекшелігі Вольтер мұрағатқа құп көңіл бөлді. Ол прогресстің жақтаушысы болды. Вольтердің ойынша, дүниеге рационалды көзқарасты бекітуде Батыс Шығыстан, Америка мен Африкадан озып кетті.

Көптеген философ – тарихшылар қоғамдық дамуды талдауда прогресс теорясын қолданды. Оның басты идеясы барлық адамзат өз тарихының бейбітшілікте біртіндеп нығаяды. Өйткені, қазіргісі, болашағы бір бағытта даму идеясымен байланыста болады.

Прогресс тұжырымдамасы көптеген еңбектерде талданды. Бұл теория екі француз авторларының еңбектерінде жан – жақты көрсетілді. Экономист, мемлекет қайраткері Анна Робер Жак Тюргоның (1727 - 1781) «Дүние жүзілік тарих туралы танулар» (1750) шығармасы және математик, ағартушы философ Жан Антуан Никола Кондорсэнің (1743-1794) «Адам ойы прогресс тұжырымдамасы буржуазиялық мәнде болды, себебі ол табиғи құқыққа сәйкес келетін қғам буржуазиялық қоғам деп есептеді».


Тақырып 6. Романтизм дәуіріндегі тарихи философия (Х1Хғ.1-жартысы) 2 сағ.
1.Романтистік тарихнаманың қалыптасуы.

2.Консерваторлық романтикалық тарихнамадағы ұлттық мектептер

3.Либералдық романтикалық тарихнамадағы ұлттық мектептер.
Ағартушылық ғасырының философтары өз еңбектерінде табиғат, қоғам және тарихтағы тәртіп туралы жаңаша түсініктер қалыптастырды.1770-ші жылдардан бастап түрлі елдерде бұл идеялар әлеуметтік және саяси тәртіпті шын мәнінде қайта құруға тырысушыларды рухтандырып отырды. Айқын дәлел Франция болды. 1789 жылы Ұлы француз революциясы басталды, 1792 жылы монархия құлап республика жарияланды. Келесі жыл корольды жазалау және якобиндік террормен әйгілі болды. Революциядан соң Наполеонның билікке келуі, империяның жариялануы, Европаның картасын қайта қиюға әкеп соққан әскери жорықтар мен басып алуларымен есте қалды.

Ұлы француз революциясы өз жақтастары мен қарсыластары арасында өткір айтысты тудырды. Көз алдында өтіп жатқан тарих рационалдық схемаға келмейтін қорытындыларды тудырды. Ойшылдардың жүйелі тәртібін әлеуметтік сілкіністер төңкеріп тастады. Жуық арада құрылатын ақыл, ерокіндік, бақытқа негізделген патшалықтың орнайтыны туралы теорияларға сенім жоғалды. Революцияның тәжрибесін ұғынудың нәтижесінде қоғамды

индивидтердің механикалық суммасы ретінде және ақылдың әлемді саналы өзгерте алатындығы, прогресс туралы қайта қарауына жағдай туғызды.

Осындай жағдайда, XVIII-XIX ғғ.аралығында Европада романтизм деп аталған идеялық – көркем бағыт қалыптасты. Әдебиеттегі романтизмнің өкілдері: Германияда И.В.Гете, И.Ф.Шиллер, Э.Т.А.Гофман; Фпанцияда В.Гюго, П.Мериме; Британияда Шелли, Байрон, В.Скотт; Ресейде В.А.Жуковский, А.С.Пушкин сияқты ақын – жазушылар, суретшілер Э.Делакруа, Т.Жерико, У. Тернер, философтар – Фихте, Гегель, А.Шопенгауэр болды. Романтизм өнер мен әдебиет мектептерінің бағыттарына, ғылымға, Х1Х ғ.алғ. үштігіндегі қоғамдық ой мен философияның өзгеруіне ықпал етті.

Тарихи білімде де романтизмнің ықпалы сезілді. Бұл кезеңде тарих жеке пән ретінде көріне бастады. Егер ХУ111 ғ. тарихи шығармалардың авторлары көбінесе философтар, антиквар – коллекционерлер, публицистер мен әдебиетшілер болса, Х1Хғ.алғ.жартысында өткенді зерттеу маманданған кәсіби қызмет сипатына ие бола бастады. О.Тьерри, Ф.Гизо, Ж.Мишле, А.Токвиль, Л.Ранке, Б.-Г.Нибур, Т:-Б.Маколей, Т.Карлейль, Н.М.Карамзин секілді тарихшылардың шығармалары Европа мен әлемде кеңінен танымал болды.

Романтик – авторлар өз көзқарастарын ағартушылардың теорияларына қарсы қойғанына қарамастан, көп жағдайда ағартушылықтың интеллектуалдық мұрасына сүйенді.

Романтикалық және консерваторлық тұрғыда берік философиялық қағидыларды алғашқы болып сынаған кейінгі Ағартушылықтың өкілдері еді.Бұл ағымның өз идеяларын қайта қарауға қабілеттілігі оның өмірін біршама ұзартты, сондықтан Х1Х ғасырдағы қоғамдық өмір мен ғылымдарда Ағартушылықтың ықпалы әлде де мықты еді.Тарихи білімдегі оның ықпалы ертекәсіби тарихтың келбетінен, зерттеудің ғылыми дәлдігін талап етуінен байқалды.

Романтизм идеялары әр елде әртүрлі танылды. Ең алғаш Францияда таралды.Романтиктердің көзқарастарының әркелкілігіне қарамастан, бұл идеялық ағымға тән ортақ принциптерді табуға болады.Романтизм Бэкон мен Ньютонның таным заңдарына бағынышты рационалдық механикалық табиғаттың орнына барлық нәрсенің негізі болатын аса құдіретті жасампаз күшке бағынатын табиғғатты «ашты». Романтиктердің ішкі үндестік, еркіндік күреске толы ұлы және таза табиғат жайлы майымдаулары олардың адам туралы түсініктерімен сәйкес келді. Адам – күшті де асқақ сезімдерге, құштарлықка ие, түйсіктік ұғыну, шабыт пен шығармашылыққа қабілетті әлемге қарсы тұра алатын индивид деп саналды.

Романтиктер үшін ең бастысы тарихилық принципі болды. Ағартушылар бұл принципті даму идеямында жүзеге асырылды: таиғат пен қоғамдағының барлығы адам еркіне бағынбайтын үдемелі қозғалысқа тәуелді. Романтиктердің шығармаларында тарихтың қозғалысы органикалық үрдіс ретінде түсіндірілді. Барлық құбылыстардың қосымша – тарихи өлшемі пайда болды: Оларды қалыптасу, даму, гүлдену және күйреу сәттерінде қарастырған жөн деп түйілді. Өткеннің барлық құбылыстары қайталанбас, ерекше болып көрінді. Осылайша, романтизмнің тарихи шығармаларында өткен мен қазіргінің арасында алшақтық бар екені түйсінді. Бұл көзқарастың мәні барлық тарихи кезеңдер адамзат қауымдастығының дамуы үшін қажетті, өзінше маңызды. Ағар- дың пайымдауларында ортағасырлар кезеңі – варварлықтың, қараңғылық пен ырымшылдықтың уақыты ретінде үнемі теріс бағаланып келсе, керісінше романтиктер бұл кезеңді үлгі ретінде қабылдап отырды.

Романтиктердің концепциясы бойынша халықтар, мемлекеттер және мәдениет табиғи жолмен дамыды.Романтикалық бағыттағы философиялық қағидалардың ықпалымен, әлемдік тарихтың негізін өзін халықтар тарихында кезекпен танытып отыратын қандай да бір Рухтың қозғалысы құрайды (Гегелде ол идея, Шеллингте - әлемдік рух, Фихтеде- Құдайылық шындықты көрсететін эго – принцип ).

Егер ағарт- лар өткеннен жалпы әмбебап заңдарды іздеген болса, ром- р ұлттық тарихтағы өзіндік сипат пен ерекшелікке аса назар аударды. Бұл ерекшеліктер әр ұлтқа тән халықтық рухтың сипатымен бірігіп ұлттық мемлекеттің дамуын туғызады. Уақыт бойынша романтизм Европалық елдердегі ұлттық қозғалыстардың жандануымен тұстас келді Сондықтан да сол кезеңнің ойшылдары үшін: ұлт, ұлттық мемлекет, патриотизм сияқты ұғымдар өзекті болды. Ұлттық тұтастық идеясы орын алып, тарихшылар өз алдарына халықтың рухының көрінуін зерттеу мақсатын қойды.

Х1Х ғ.алғ. жартысында тарихқа деген қоғамдық қызығушылық өте жоғары болды. Әр елде ол әртүрлі көрінгенімен белгілі тарихшылардың еңбектері бірнеше рет басылып, баспасөз бетінде талқыланып отырды. Ашық лекциялар оқу тәжрибесі кең таралды, Европа мен Америкада тарихи қоғамдар мен мұражайлар, арнайы журналдар құрыла бастады. Кей елдерде ұлттық тарихтың көп томдық деректері басылып шықты. Мысалы:1826 жылдан бастап «Германия тарихының ескерткіштері»; 1835ж.- « Франция тарихы бойынша басылмаған құжаттар»; Италияда 1836ж. «Отан тарихының ескерткіштері»; АҚШ- та 1832-1861 жж. 38 томдық « Американың мемлекеттік құжаттары» жарық көрді.

Халық творчествосын зерттеу ерекше орын алды. Халықтың рухы оның тілі, фольклоры, хикаялары, салттарынан көрінеді деп саналып, осы мәселелерге мән берілді. Бұл әрекет болашақ мәдени – антропологиялық зерттеулер жүргізудің негізін салды.

Х1Х ғ.алғ. үштігінде тарих дербес пәнге айналып келе жатса да, әдебиетпен етене жақын болып қала берді. Жаңа әдеби жанр – тарихи роман пайда болды. В.Скотт, В.Гюго, О. ДЕ Бальзак, А.С.Пушкин, Дж.Ф.Купер секілді жазушылардың тарихи шығармалары ұлттық тарихты жазу тәсілдеріне әсерін тигізді.

Романтизмнің тарихнамасының түрлі ағымдары болды, идеялық алшақтық ең алдымен тарихшының идеологиялық таңдауына байланысты болды. Осы кезде тарихтың қоғамдық маңызы біртіндеп өсіп келе жатқан еді. Х1Х ғ.алғ. онжылдығында консервативтік бағыттағы тарихшылардың ықпалы зор болды.

Консерваторлық романтикалық идеяның өкілдері: Англияда Эдмунд Берк; Францияда Ж.де Местр, Л. Бональд, Ф.Р.Шатобриан; Германияда құқықтың тарихи мектебінің өкілдері Ф.К.Фон Савинья, К.Ф.Эйхгорн болды.

Либералдық бағыт өкілдері: Францияда О. Тьерри, Ф.Гизо, Ф.Минье, А.Тьер болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет