Әмітжан Зарина 2фк осөЖ №4 Онтология. Дүниені философиялық ұғынудың философиялық категориялары: болмыс, материя, сана Онтология – болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің негізі не?»



Дата07.02.2022
өлшемі23,31 Kb.
#92373
Байланысты:
осөж4
Тапсырма 1

Әмітжан Зарина 2ФК
ОСӨЖ № 4
Онтология. Дүниені философиялық ұғынудың философиялық категориялары:болмыс, материя, сана
1. Онтология – болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің негізі не?» деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория. Бар нәрселердің бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді. Бұдан ұғынатынымыз болмыс болмыссыздыққа ауысып жататындығы. Бабаларымыз дүниені «жалған» деп атауы, үнділердің «Ұлы сағым - Мая», ал Гегельдің «жоғала бастаған болмыс», немесе «Дүние дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» - дегенінен ұғатынымыз, дүниенің өзгергіштігі, екінші жағынан қанша өзерісе де - өмір сүріп қала беретіндігі.
Болмыс ұғымына қарсы ұғым – болмыссыздық (бейболмыс). Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің «Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш - адамзат» - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді;
2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі; 
3) рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге жіктеледі.
Болмыс категориясы-философиялық ойлаудың негізі. Онымен адам осы өмірдің, адамның орнын, заттар мен процестердің тіршілігін айқындап бере алады. 
Болмыс-бұл өзінің жиынтығындағы обьективті және субьективті шындық. Болмыс бұл тіршілік ететіннің барлығы. Басқа сөзбен айтқанда, болмыс-таза тіршілік, ешбір себебі жоқ. Болмыс өзіне-өзі себеп. Обьективті реалдық дегеніміз-табиғат заттарының әлемі, физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар мен адамның әлеуметтік заттар әлемі, яғни материалды, социо-табиғи әлем. Субьективті реалдық дегеніміз-адамның, оның санасының, руханилығының психикалық күй әлемі. Болмыстың негізгі түрлері:
1) материалды болмыс 
2) рухани болмыс
2.Материя – бұл обьективті реалдылықты білдіретін, адам санасынан тәуелсіз тіршілік ететін универсалды категория. Материя түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Барлық материя тірі деп қарастыратын философиялық ілім – гилозоизм деп аталады. Материя мәңгі, шексіз, жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне-өзі себеп деген қасиеттер материяның атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуты дегеніміз-барлық материялар мен материалдық обьектілерге тән қасиеттер. Материяның сондай-ақ модустары бар, ол материяның жеке түрлерінің қасиеттері. Ол құрылымдық дамудың деңгейін сипаттайды.
Материяның құрылымдық даму деңгейі
Табиғат Қоғам 
Неорганикалық табиғат Органикалық табиғат
Элементарлы бөлшектер, ДНК, РНК, белок, Адам, жанұя,
атомдар, молекулалар, клетка, организм, әлеуметтік топ,
галактика поуляция этнос, халық
Материяның формалары немесе өмір сүру тәсілдері – қозғалыс, кеңістік, уақыт. Қозғалыс-бұл материяның тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі, қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті. Қозғалыстың формасына тән ерекшелік - өзгермелік және тұрақтылық.
Кеңістік – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы.
Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.
Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация - материя немесе рухты санайтын философиялық ілім - монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция – дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм.
3.Болмыстың екінші ғажайып түрі – сана, рух. Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән идеалдық формасы. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі.
Адам өз түсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы арнаулы ми бөліміне жеткізеді, осы сәттен сараптау басталады. Ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық өрістер» негізінде жүреді.
Сана белгілі бір дәрежеге жеткенде сана-сезімге айналады. Рух дегеніміз - адамның өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Бірақ сана-сезім – адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері де кіреді.
Жеке адамның рухымен қатар, халықтың рухы туралы да айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханиятына – оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтыры жатады.
Рухтың жетістіктері ғылым мен шығармашылық жетістіктерден көрінеді.
Рухтың негізгі – адам бойындағы: ақыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан, адалдық, махаббат, сүйіспеншілік, ізгілік, ақиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еркіндік пен әділетілік т.б. жатады. Николай Александровия Бердяев: «Рух дегеніміз – ақиқат, ізгілік, әсемдік, еркіндік пен мән-мағына, ... Рух дегеніміз – адам ішіндегі оның құдайлығы» (Н.А.Бердяев «Философия свобонного духа» М. Мысль 1994.)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет