Ші бет беттен Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет12/12
Дата11.02.2018
өлшемі2,05 Mb.
#37477
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Парез бен паралич пайда болғанда В.М.Плахотин мен А.Г.Ипатова күнделікті 2 күн немесе күнара салданған нерв аймағын сәулелендіру және сәйкес бұлшық етті гелий – неон лазерінің қызыл түсімен сәулелендіру керек. 4-5 күні массаж және жылулық процедурасы жасалынады. 14-15 күні жеңіл моцион, парафин, озокератин аппликациясын тағайындайды.

Ұзақ парез және паралич кезінде массаж, тітіркендітгіш сүрпе май және линимент жағу, гальвани және фарад тоғымен ритмикалық электролизация, УВЧ-мен әсер ету керек.

Дәріс 14-15. ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕР

Аталған тақырыпты толық меңгеру ұшін зілді ісіктердің пайда болуының негізгі теорияларын зерттеу қажет. Ісіктер табиғатта кеңінен таралған, малдың барлық түрлерінде кездеседі. Ісіктердің өзіне тән пайда болуы, дамуы, клиникалық белгілері болады: Ісік жасырын түрде, ешқандай белгісіз және сатылы түрде өтеді. Ісіктер баяу өседі, ауырсыну болмайды және мүшенің қызметі бұзылмайды. Дифференциальды диагностикада абсцесс, гематома, лимфоэкстравазаттан ажырату қажет.

Ісіктерді оперативті емдеуде асептика және антибластика ережелерін қадағалап, оларды толық меңгеру қажет. Емдеудің терапевтикалық әдістерімен танысу қажет.

Бақылау сұрақтары.

1.Ісіктердің классификациясы.

2.Үй жануарларында ісіктердің пайда болуын бақылау.

3.Зілді ісіктерге тән клиникалық белгілер.

4.Ісіктердің дифференциальды диагностикасы неге негізделеді?

5.Ісік ауруларының ақырғы кезінде ісіктерді оқшаулаудың маңызы.

6.Ісіктерді емдеудің тиімді әдістерін ата.
Лабораториялық жаттығу сабақтары.
Тақырыбы: 1. Малмен жұмыс істеудің техника қауіпсіздігі. Хирургиялық аурумен ауырған малдарды клиникалық әдіспен зерттеу.
Сабаққа қажет: Әртүрлі малдар. Малдарды бекіту - байлау құрал – жабдықтары. Орамал, сабын, спиртті тампон. Фонендоскоп, термометр, балғашық.

Сабақтың мазмұны: Студенттер малмен жұмыс істеудің техника қауіпсіздігінен түсініктеме алады.


  1. Мал дәрігері малмен жұмыс істегенде жалпы техника қауіпсіздігін сақтауы тиіс. Малдар дәрігерді жарақаттамас үшін ол алдымен ережеге сай бекітіліп байланады. Ол үшін арнайы станоктар, операция столдары пайдаланылады. Ал шаруашылық жағдайында мал берік орнатылған, тегіс бағандарға немесе астына төсеніш төселіп, жыққанда жарақат алмайтын әдістермен жығып бекітіледі. Әр малды жығу, бекіту әдіс тәсілдері бар. Мысалы сиырды жығуға Гесс әдісі кең қолданылады. Студенттер сабақ барысында осы әдіспен жығып сиырды бекітіп үйренеді. Ұсақ ұй жануарларын, лабораториялық жануарларды бекітудің де өз ерекшеліктері бар. Итке тұмылдырық кигізіліп, ал мысықтың аяғына аяққап кигіліліп қауіпсіздендіріледі.

  2. Гигиеналық талаптар. Мал дәрігері малмен жұмыс істеу барысында малдан адамға жұғуы мүмкін зооантропоноз ауруларды (туберкулез, бруцеллез, құс тұмауы, шошқа тұмауы т.б.) жұқтырып алмас үшін арнайы киімдер киеді. Оған халат, қалпақ қолғап, маска тағы басқалар жатады. Жұмыс барысында тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды. Жұмыстан соң арнайы киімдерді шешіп, қолды жуып, спиртпен залалсыздандыру қажет.

Сабақтың екінші жартысында студенттер топтарға бөлініп оқытушының тапсырмасымен клиникадағы малдарды хирургиялық аурулардың клиникалық белгілерін анықтау үшін клиникалық әдіспен зерттейді. Нәтижесі баяндалып, талқыланады, бағаланады. Бұл әдіс өндіріс жағдайында диагноз қоюда кең пайдаланылады. Клиникалық зерттеу анамнез жинау, қарау, тыңдау (аускультация), сипау, соққылау (перкуссия), дене қызуын өлшеу (термометрия(арқылы жұргізіледі. Сондай – ақ арнайы құралдармен (УЗИ, рентген, компьютерлік томография) және лабораториялық зерттеулер (қанды, жарақат жағындысын) жасалады.

Клиникалық зерттеу жоспары:

  1. Тіркеу.

  2. Анамнез жинау (бағып күтілуі және ауруы туралы).,

3. Жалпы зерттеу :

- Т,ТС,ЖС - өлшеу,

- Жануардың габитусын (дене бітімі, денесін кеңестікте ұстауы, қоңы, мінез – құлқы, тұлғасы) зертеу,

- Терісі мен тері туындыларын (жүнін, тұяғын, мүйізін),

- Лимфа түйіндерін (бездерін),

- кілегейлі қабықтарын зерттеу.

4. Ішкі ағзалар мен жүйелерді зерттеу:

- Жүйке жүйесін,

- Ас қорыту жүйесін,

- Тыныс алу жүйесін,

- Жүрек және қан айналу жүйесін,

- Зәр шығару және жыныс мұшелерін,

-5. Клиникалық – лабораториялық зерттеулер (қанды, зәрді жарақат жағындысын зерттеу. УЗИ, рентген, компьютерлік томография жасау.

Зерттеу нәтижесінде диагноз қойылады. Емдеу жүргізіледі. Диагноз – ауру туралы дәрігердің қысқаша қорытындысы, тұжырымы.Диагноз аурудың клиникалық белгілеріне сүйеніп қойылса – ол симтоматикалық диагноз деп аталады. Егер аурудың неден болғаны анықталса онда ол этиологиялық, өлексені сойған соң анықталған диагноз - патанатомиялық деген атқа ие.


  1. Жараланған малдарды зерттеу әдістері




  1. Студерттерге жануарлардың жарақаттарын анықтау әдістерін үйрету.,

  2. Жануарлардың жарақаттарын емдеу әдістерін үйрету.,

Алдымен жараланған малды клиникалық зерттеуден өткізеді. Содан кейін жарақаттың түрін айырады, қаншалықты зақымдалғанын, жараланған жердің қызметінің бұзылу дәрежесін, алғашқы емдеу көмегін кім жасағанын анықтайды. Жарақатты зерттегенде оның түріне, қуысынан аққан экссудатына, айналасындағы қызуы, ісінуіне, ауырсынуына көңіл бөледі. Осыдан кейін жарақаттың ішін зерттейді. Бұл әрекетті емдеумен бірге өткізеді, сондықтан зарарсыздандырылған аспаптарды қолдану керек.

Жарақаттың экссудатын зерттегенде оның көлеміне, түріне, қоюлығына, иісіне, РН көрсеткіштеріне тағы басқа жақтарына көңіл бөледі. РН көрсеткішін лакмус қағазымен айырады. Жарақаттың қуысындағы микробтардың сапасын және олардың тиісті антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

Жарақаттың таңбасын зерттеу. Зерттеу мағанасы — жарақаттың жазылу процесстерін бақылау, қолданылған емнің нәтижесін білу. Бұл сұрақтарды Сенькин М.М. жылқыларда, Мартьянов С.Н., ірі қара малда, Ишмухамедов Г.А. қойларда зерттеген. Зерттеу алдында жарақаттың айналасын тазартып, оның бетіндегі қоқым, ластарды физиологиялық ерітіндіге суланған тампонмен тазартады. Осыдан кейін таза шыныны жарақаттың бетіне тиістіріп жағынды алады. Жағындыны 3-4 әйнекке алады. Жағындыны кептіріп, бекітіп бояйды. Дайын болған жағын — таңбаларды микроскоп арқылы зерттейді.

Зерттеудің клиника-морфологаялық маңызы. Зерттеу ретінде жағындыда болатын қан, дәнекер ұлпа торшаларының сан және сапалық өзгерістеріне көңіл аударады. Қан торшаларына лейкоциттер, эозинофилдер, моноциттер, лимфоциттер, эритроциттер жатады, ал дәнекер ұлпа торшаларына — гистиоциттер, полибластар, профибробластар, фибробластар, макрофагтар, көп ядролық торшалар жатады. Жарақаттан алғашқы кезенде алынған жағындыда қан торшаларының саны басым келеді, 1-2 күндері эритроцит, өте көп лейкоцитгер, микробтар болады, фагоцитоз кезеңдері де байқалады. Лейкоциттердің ішінен де ыдыраған дегенеративтік түрлері көп кездеседі.

Кейіннен дайындалған жағындыларда (5-6, әсіресе 8-10-12 күндерде) қан торшалары мен бірге дәнекер ұлпа торшаларының да пайда болуы байқалады. Олардың саны микроскоптың бір көру аумағында 10-15 болса, ол жақсы нәтиже деп саналады, өйткені неғүрлым осы торшалар көп болса, соғүрлым жазылу процессінің жақсы жүріп жатқандығын көрсетеді. Егер де олардың саны 2-3-тен аспаса, онда жарақаттың жазылуы оған әр түрлі себептердің әсерімен бәсеңдеген (малдың жалпы жағдайы, жарақатта бөгде зат болуы, қан тамырлары, жүйкелердің жарақаттануы). Осы көрсеткіштерді ескеріп жарақаттың емін өзгертіп, белсенді, шаралар қолдану қажет. Сондықтан цитологиялық зерттеуді бір жағынан бақылау ретінде қолданса, екінші жақтан жарақатқа дұрыс ем қолдану ретінде қолданылады.

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1. Б,К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық). Алматы. 2008. 400 бет.

2. С.В. Тимофееф. Общая хирургия животных (учебник). Москва. «Зоомедлит». 2007. 666 стр.

3. Общая ветеринарная хирургия. /А.Д.Белов, М.В.Плахотин, Б.А. Башкиров и др. – М. Агропромиздат, 1990. –592с.

Қосымша әдебиеттер

4. Практикум по общей и частной ветеринарной хирургии /И.А.Калашник, Б.Я. Передера, А.Ф.Русинов и др. - М. Агропромиздат, 1988. – 303 с.

5. Справочник ветеринарного врача. – СПб.: «Лань», 2004.-896с.


6. Орлов Ф.М., Лукьяновский В.А. Словарь ветеринарных хирургических терминов. – М.: Росагропромиздат, 1988 –301с.

7. Хаперский Ю.А., Луницын В.Г. Остановка кровотечения при срезке пантов у маралов//Ветеринария,2004 - №6- С. 51.

8. Абишев Г. Травматизм сельскохозяйственных животных, Алма-Ата, «Кайнар»,1975.- 168с.

9. Терехов П.Ф. Ветеринарная онкология. - М., «Колос» ,1977.-89с.

10. Материалы первого евроазийского ветеринарного конгреса. Алматы. 2007.

11. Лукьяновский В.А и др. Болезни костной системы животных- М. «Колос»,1984.- 125с.

12. Донская Т.К., Нарусбаева М.А. Болезни собак, -М.- 2003.-184с.

13. Нечаев А.Ю. Ветеринарная анастезиология в учебном процессе//Ветеринария,2002 - №10- С. 53.



14. Кашин А.С., Медведева Л.В. Вправление вывиха коленной чашки у лошади //Ветеринария,2003-№3-С. 8-9.

15. Хирургические операции у собак и кошек. - М.: ООО «Аквариум-Принт», 2005. - 232с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет