Ші бет беттен Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет3/12
Дата11.02.2018
өлшемі2,05 Mb.
#37477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

И.Н.Тихонин М.М.Сенькин ұсынған белдік (бүйрек аумағы) новокаин тежеулерін пішуден болған асқынуларда, еннің зақымдалуында, тік ішектің ауруларында тағы да осы аумақтың мүшелерінің ауруларына қолданылады.

Ұлпа терапиясы. Жануарлар мен өсімдіктер ұлпалары ежелден емдік мақсатта қолданылып келген. 1930 жылы М.П.Тушнов құрамында жоғары молекулярлы белок гидролизінің өнімдері бар ағзамен емдеу әдісін ойлап тауып ұсынған. Ал Н.И.Краузе 2% хлорацид ерітіндісінде консервіленген тері мен басқа ұлпаларды қолданып, жарақаттың жазылу процессін жеделдету әдісін ойлап тапқан.

В.П.Филатов 1993 жылы ұлпа терапиясының негізін ашып, ол үшін жануарлар мен өсімдіктердің консервіленген ұлпасын қолдануды ұсынған.

В.П.Филатов бойынша консервіленген ұлпалардың ынталандыруды және емдік әсері жануарлар ұлпаларын төменгі температуда, өсімдіктер ұлпасын қараңғылықта өңдеу процессінде пайда болатын ерекше заттар — биогенді стимуляторлардың әсеріне байланысты. Биогенді стимуляторлар ақуызтектес емес заттар: олардың құрамы негізінен алма, лимон, сүт, янтарь, карбон қышқылдарынан, сонымен қатар 2 амин қышқылдары — аргинин мен глютаминнен тұрады. В.П.Филатов осы құрама бөліктердің барлығының да ынталандырушы әсерін ұлпаларды консервілеу процессінде пайда болатын ақуыздың ыдырау өнімдері — нуклепротеидтер мен гистамин, сонымен қатар гиалурон қышқылы және биокатализаторлармен байланыстырады.

Биогенді стимуляторлар тек консервіленген ұлпаларда ғана пайда болып қоймай, мал организмінде сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен де, атап айтқанда малды аса зорықтырғанда пайда болатыны белгілі. Олар Богомольцтің антиретикулярлы цитотоксикалық сарысуын тері астына еккенде, ультракүлгін және рентген сәулесі әсер еткенде, төмен қарқынды (интенсивті) гелий - неонды лазердің қызыл сәулесінің әсерінен де пайда болатыны анықталады.

В.П.Филатов бойынша консервілеу кезінде пайда болатын биостимуляторлар жүйесімен оның вегетативті бөлімдеріне әсер етіп, сонымен қатар зат алмасу процесстеріне және басқа да организмнің көптеген қызметтерін ынталандырып қалпына келтіреді. А.М.Заблудовский биогенді стимуляторлар организмге новокаин тежеулеріне ұқсас әсер етеді деп санайды. Г.Е.Румянцев бойынша ұлпа препараттары қалпына келу процесстеріне қатысатын өзіне тән заттар — биокатализаторлардың (аутокатализаторлар, гистологиялық гормондар) құралады. Бұлардың басқа да пікірлер көп, бірақ препараттарының мал организмінің қызметтерін ынталандырып қалпына келтіру әсері бүгінгі танда толық дәлелденген. Ұлпа препараттары жүйке жүйесінің торфикалық қызметін жақсартып тиреоидты ұлпаның, бүйрек безінің, ұйқы безінің қызметтерін жоғарылатады; адренокортикотропты гормонның түзілуі көбейеді;

кортикостероидтардың бөлінуі үдейді; ішек-қарын жолының қызметі, фосфорлы және газ алмасу жақсарады; ретикулоэндотелий жүйесінің (РЭЖ) қызметі және регенеративті қалпына келу процесстері ынталанады; жүйке қызметі, қан көрсеткіштері, жара экссудатының РН ортасы қалпына келеді немесе үдейді, малдың жалпы жағдайы мен тәбеті жақсарады.

Емдік мақсатта жануарлардың ағзаларының консервіленген ұлпаларын атап айтқанда: теріні, көкбауырды, бауыр, жемсау безі, қан, қағанақ (планцета), шарбы (іш майы), ішперде, көздің қасаң қабығы, шыны дене, көз бұршағы, ен, тырнақ ұлпасын, өсімдік тектестерден - алоэның жапырағын пайдаланады.

Ұлпа препараттарын дайындау. Теріні ауру малдың өзінен немесе басқа сау малдардан асептика, антисептика ережелерін сақтап алады. Ол үшін малдың мойын аумағының жүнін қырқып, теріні йодты спирт ерітіндісімен (1:1000) өңдеп ұршық тәрізді етіп кесіп алады, паренхиматозды ағзалар бірден мал сойылғаннан кейін алынады. Тері мен алынған ұлпаларды 10-15 мм мөлшердегі бөліктерге кесіп стерильді Петри ыдыстарына немесе аузы тығыз жабылатын ыдыстарға салады.

В.П.Филатов бойынша ұлпаларды консервілеу. Ұлпалар салынған Петри ыдысын немесс аузы кең ыдыстардың бетін дәкемен жауып, тем-пературасы 4º С тоңазытқышқа 6 - 8 күнге қойып, сосын 120°С автоклавта 1 сағат залалсыздандырады. Залалсыздандырылған ұлпаны асептика, антисептика талаптарын қадағалап емдік мақсатқа пайдаланады. Қолданылғаннан қалып қойған консервіленген ұлпаларды қайта залалсыздандырады.

Өсімдік тектес ұлпаларды қара қағаздан жасалған конвертке немесе сырты қара қағазбен қапталған шыны құттыға салып 10-15 күн қараңғы жерде 2 - 4º С температурада ұстайды. Сосын консервіленген өсімдіктерді натрий хлордың изотониялық ерітіндісімен шайып, кішкене бөліктерге бөледі де жоғарыда айтылғандай автоклавта залалсыздандырады.



Н.И.Краузе бойынша ұлпаларды консервілеу. Аузы тығыз жабылатын шыны құттыға 1% хлорацид ерітіндісін құйып, оның ішіне 2,5 - 20 грамдық ұлпа бөліктерін салып бөлме температурасында қараңғы жерге қоямыз.

Бірінші 3 - 4 күні хлорацид ерітіндісін күн ара ауыстырып, кейін тек 6-шы күні ауыстырады. 7 күндік консервілеуден кейін ұлпа пайдалануға дайын болады. Тура осы талаптарды ұлпаны 2% хлорамин ерітіндісімен консервілегенде бұлжытпай орындау керек. (М.В.Плахотин, П.Ф.Сим-бирцев). Консервіленген ұлпаларды сол ерітіндінің өзінде 4-айлық уақытқа шейін сақтауға болады. Бірақ ұлпаны қолданар алдында 1 тәулікке хлорацид ерітіндісімен алмастыру керек.



В.А.Герман және И.А.Каланшик бойынша ұлпа ұнтасын даярлау. Тоңазытқышта консервіленген ұлпаны (бауыр, көкбауыр, ен және тағы басқа) залалсыздандырылған ет турағыштан өткізіп, заалсыздандылылған изотониялық ерітіндісімен 1:3 ара қатынаста ерітіп, 2 сағат бөлме температурасында тұндырады. Сосын 60 минут 80°С су моншасында ысытады да, 2 қабат стерильді дәке сүзгісінен өткізеді. Сүзіндіні 5-10 мл ампулаға құйып ауызын дәнекерлеп 120°С -та автоклавта 60 мин залалсыздандырады. Салқын қараңғы жерде сақтайды.

Теріні айтылып кеткендей әдіспен алып, 2% хлорацид ерітіндісінде 7 күн консервілейміз. Терінің өлшемі жарақаттың немесе ойылымның өлшемімен бірдей болу керек. Жарақатты және оның айналасын антисептикалық өндеуден кейін консервіленген теріні жарақатқа бейімдеп қондырып, таңып тастайды. Бейімдеп қоңдыруды әр 5-7 күнде қайталайды.



Ұлпа терапиясының әдістері. Емдік мақсатта көбінесе консервіленген ұлпаны денеге жамап бітіру кең қолданылады. Ол үшін мойын аумағының ортаңғы тұсында операциялық алаңды дайындап, жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру жасайды. Сосын теріңдігі 2-3 см ұзындыққа кесіп, ішін кеңейтіп тері асты қалта жасайды. Қан ағысын тоқтатқан соң, асептика, антисептика талаптарын қадағалап, консервіленген ұлпаны қуысқа енгізіп жараның жиектеріне 3-4 жерден тігіп салады. Керек болған жағдайда ұлпа терапиясын 20 күннен соң қайталайды.

Жарақаттар, ойылымдар мен күйіктерді емдеуде хлорацид немесе хлорамин ерітіндісінде консервіленген тері не басқа ұлпаларды бейімдеп қондыру (аппликация) әдісін қолданады. Малға егетін ұлпа мөлшері малдың түрі мен салмағына тікелей байланысты.

Ұлпа терапиясын жазылуы ұзаққа созылған жарақаттарда, ойылымдарда, қаяуларда, торшалардың бөлініп көбеюінен мүшенің ұлғаюында (пролиферат), тыртықтан пайда болатын контрактураларда, өзектің таралуында, терінің созылмалы ауруларында, жүйке қабынғанда, жартылай және толық салдануларда, ашық іріңді-өлі етті процесстерде, көз ауруларында, акушерлік - гинекологиялық патологияларда, ішкі жұқпалы емес ауруларда қолдану жақсы нәтиже береді. Ал жабық іріңді-өлі еттену процесстерінде, сепсисте, ірі қара малдың 7 айлық буаздығынан бастап емге қолдануға болмайды.

Соңғы жылдары мал организмінің қорғаныс күштері мен өнімділігін көтеру мақсатында лазер нұрын пайдалану медицина мен ветеринарияда кең өріс алуда.

Ғалымдардың деректеріне сүйенсек лазер нұрының әсері ауыл шаруашылық түліктерінің ет, сүт, жүн өнімділігін арттыруға, сонымен қатар асептикалық және ойылым жараларды емдеуде өте жақсы нәтижелер береді екен.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің хирургия кафедраның қызметкерлері А.А.Иманбаев, Б.К.Ильясов, Ғ.А.Ишмухамедов кейінгі кездері лазер нұрын хирургиялық ауруларды емдеуде пайдаланып, оның мал организміне жалпы әсерін, әр түрлі жарақаттардың жазылу процессіне әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ғылыми зерттеулер лазер нұрының әсері жарақаттың биологиялық өздігінен тазару кезеңін тездетіп, жас дәнекер ұлпаның өсіп жетілуін, оның эпителийленілуін жеделдететіні дәлелдеді.

Клиникалық, морфо - биохимиялық зерттеулерді пайдаланып гелий неонды лазер нұрының жергілікті әсері ірі қара мал жарақатның регенеративтік қалыпқа келу процессін жеделдетіп, жазылу мерзімін қысқаратыны айқындалды. Ірі қара мадың әр түрлі жарақаттарын емдеуде лазер нұрын пайдаланып кешенді емдеу әдісі игеріледі.

Қансырау. Жарақаттардың жиі кездесетін асқынуларының бірі осы қансырау. Қансырау әсіресе ірі қан тамырлардың жарақаттануынан көп қан жоғалту салдарынан болады. Жалпы жан – жануарлар қанының 1\3 жоғалтса оның өміріне қауіп төнеді. Қанның көп аққаны жаман. Алғашқы кезде малдың қан тамырының соғысы, тынысы жиілейді. Көрінетін кілегей қабықтары бозарып, көкшіл тартады. Мал жатып қалып, кейіннен жағдайы ауырлап өліп кетуі де мүмкін. Мал түліктерінің қансырауға төзімділігі әр түрлі. Мүйізді ірі қара малымен иттер төзімді келеді. Мысалы мүйізді ірі қара денесіндегі 60 қанынан айырылғанда ғана өлуі мүмкін (жалпы қан мөлшері 15 литрдей болады), ал жылқы қансырауды ауыр көтереді. Ол қанының 40% жоғалтса өлуі мүмкін. Сондай – ақ ауру, арық малдар қансырауға төзімсіз келеді. Әсіресе ірі қан тамырлары жарақаттанса қансырау жылдам болады. Ұйқы артериясы жарақаттанғанда 15 – 20 минуттан соң, ал жамбас артериясы жарақаттанса 30 минуттан соң қансырау болады.

Қансыраудың себептері көп. Қан қысымы көтерілгенде, артериосклероз ауруына шалдыққан малдың қан тамыры жарылып кетуі де ғажап емес. Сондай-ақ сыртқы ауаның қысымы төмендегенде аурудың құлағынан, танауынан, тамағынан қан кетеді. Сыртқы атмосфералық ауа қысымы ұлғайғанда да қан кетуі мүмкін. Операция кезінде құрсақ немесе кеуде қуыстарынан көлемді ісік алынса, солардың орны да қанауы мүмкін. Сондай жағдайлардың бірі- қан ауруы гемофилия. Гемофилия ауруына шалдыққан малдың төл кезінен-ақ қанның ұю процессі баяулап, ауру мал әлсін - әлсін қансырай береді. Оған еркек жынысты малдар жиі шалдығады. Танаудан, ішектен кеткен қанды тоқтату өте қиын, төл кездерінде осындайға душар болған малдар кейін өлімге де ұшырайды. Мұндай мал қосымша хирургиялық ауруға шалынса, оны өлімнен құтқарып қалу өте қиын болады. Сондықтан хирургиялық операция алдында, операция кезінде және операциядан кейін осындай ауруға көп көңіл бөліп, қажет кезде қан құйып, қанап тұрған жерді тығындап, фибрин пленкаларын кең қолдану арқылы қансырау процесін тоқтату керек.

Әсіресе бауыр ауруына шалдыққан, сарғайып кеткен малға қан құю қажет. Ондай малдарда қан ұюы төмендеп кеткендіктен, операциядан соң ішектен, танаудан қан кетеді. Кейде тері астындағы қан тамырларынан да қан кетеді. Мұндай жағдайды холемиялық қансырау деп атайды. Сарғайған малды операциялық алардан бұрын оған қан құйып, азығын жөндеп, К, С витаминдерін енгізеді.

Айтылған себептерден басқа қансырау қан тамырының осалдығынан пайда болуы мүмкін. Қан тамырының қабырғасы осал болса, қан сыртқа шығады. Фосфор, бензолмен уланғанда, уремия. холемия жағдайына ұшырағанда, орталық жүйке жүйесінің қызметі нашарлағанда, қантамырының төңірегіне, сыртына шығады. Жүйке және эндокрин мүшелердің қызметі нашарлағанда танаудан, емшектен, ішектен кеткен қанды викарлық қансырау деп атайды.

Қансыраудың салдарынан ағзадағы қан азаяды да, торшаларда қан жеткіліксіз келеді. Қансырау өткен уақытына қарай екі түрге бөлінеді. Біріншісі бірден қансырау, екінші ол ұзақ уақытқа созылған баяу қансырау. Бірден қансырау кезінде мал организмдегі қан гемоглобинінің үштен бір бөлігін жоғалтып алса, уақыт тарлығына байланысты жоғалтқан қанның орнын толтыруға мүмкіншілік болмағаннан мал өлімге ұшырауы мүмкін. Осындай жағдайда ми да қансызданып қалады. Содан келіп тіршілік өше бастайды. Бірден қансырау салдарынан қан қысымы тез арада төмеңдеп кетеді, қан ішіндегі эритроциттер саны да күрт азаяды. Ал ұзақ уақытқа созылған баяу қансырау кезінде мал ағзасы жоғалтқан қанды толықтыруға мумкіншілік алады. Мұндай малдың өз бетімен жүру қабілеті болады.

Қансырау жағдайына ұшыраған мал организімінің жолғалтқан қанын толтыруы уақытқа, аурудың жүрек – қан тамыры жұмысының жағдайына байланысты. Әлсіреген, жасы ұлғайған малдың, сонымен қатар өте жас төлдердің жоғалтқан қанын толтыру процессі созылмалы келеді.

Қансыраған малдың ағып тұрған қанын операциялық әдіспен тоқтатпаса ол өледі. Жарақаттанған қан тамыры аса ірі болмаса және қан ұю процессі өзгермеген болса, тамыр өзегінде ұйыған қаннан тығын пайда болып, аққан қан өз бетімен тоқтайды. Қан құю процессі нашар болғанда жарақаттанған жерден аққан қанды тоқтату өте қиынға түседі.

Қансыраудың клиникалық белгілері. Қансыраудың белгілері көп-ақ. Қансыраудың белгілері жарақаттанған жердің көлеміне, оған байланысты жарақаттанған қан тамыр өзегінің диаметріне байланысты болады. Малдың жарақатынан қан ағуына қанша уақыт өтті, қанша қан жоғалтты және жоғалтқан қан сыртқа әде ішке ақты ма міне осы жағдайлардың бәріне байланысты. Қансыраудың белгілері екіге белінеді. Бірінші, қанынан айырылған малдың жағдайы нашарлап, өзгерсе, оны жалпы өзгеріс белгілері дейді. екінші, жарақат төңірегіндегі өзгерістерді жергілікті өзгеріс белгілері деп атайды.

Қансыраудың қай түрінде де көп қан жоғалса, жалпы өзгеріс болады. Жаңуарлар әлсіреп, мазасызданып, әлсін - әлсін тала береді. көзі қарауытып, сұп - суық қара тер басып, кілегей қабықтары бозарып, тамыр соғуы жиілейді, қан қысымы азаяды.

Жергілікті белгілері әр түрлі болады. Бұл белгілерді анықтау үшін қай қан тамырының жарақаттанғанын, ол тамырдың қасында қандай мүше, қуыс тұрғанын, қан құйылған жерде қандай органның қаншалықты нашарлап, өзгеріске ұшырағанын білу ләзім. Бас сүйектің ішіне қан құйылса, малдың жүйкелері жансызданып, есінен танады. Кеуде қуысына қан құйылса, малдың тынысы тарылады. Кеуденің қан кұйылған жағы тыныс алу процесінде артта қалып, кеудеге фонендоскоп қойып тындаса, өкпе қызметінің шуы әлсірегенін байқауға болады. Кеуде қуысына қан құйылған кезде соның төңірегіне алақанды қойып, оның үстінен саусақпен шертіп байқаса, дыбыстың сау малдыкінен мүлде өзгеріп, тұншығып шығатынын білуге болады.

Осы әдіспен қанның кеуде қуысына қаншалықты көп құйылғанын, өкпенің қаншалықты қысылып, тыныс алу процесінен бөлек қалғанын анықтауға болады. Ал осы төңіректі инемен тессе, ине кірген жерден кеуде қуысына құйылған қан шыға бастайды. Жүрек қабына қүйылған қан жүректің сыртындағы қапты кеңітіп жібереді. Қан құйылуына байланысты жүрек қызметі нашарлап, күре тамырында қан қысымы жоғарылайды. Жүрек құйылған қанның әсерінен қыспаққа алынып, езіне тән қызметін атқара алмайды. Егер де жедел түрде операция жасап, жүрек қапты тіліп, жиналған қаннан тазартпаса, мал өлімге ұшырайды. Жалпы тамыр соғуы жиі. Жүрек теңірегін саусақтармен тоқылдатса, жүрек қабының кеңігенін дыбыстан айыруға болады. Осындай дыбыс өзгеріп, дыбыстың тұншығуы көбейе түседі.

Буынға қан құйылған малдың жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді, қансыраудың жалпы белгілері де көзге түспейді. Бірақта қан құйылған буынның көлемі ұлғайып, аяқтарын қозғалтса, ауру үдей түседі, буынына қан құйылған аяқтарды басу ыңғайсыз, мал шыдамайды. Тағы бір белгі - қан құйылған ісіктің екі жағына алақан салып, бір алақанның саусақтарымен ісікті тез түртіп қалса, ісік ішіндегі сұйық екінші қолдың алақанына толқын сияқты келіп соғады.

Қарынның ішкі құрылымы, қуыстарының көлемі үлкен болғандықтан іш қуысындағы органдар, олардың қан тамырлары жараланғанда, қансырау белгілері бірдей пайда болады. Іш қуысындағы органдардың ең нәзігі көк бауыр. Көк бауыр, асқазан- ішектердің қан тамырлары жараланғанда құрсақ қуысына көп қан құйылып, организм қасқа уақыт ішінде қансызданып қалады. Қансыздануға құрсақ қуысында орналасқан бауыр, көк бауыр, ұлтабар, ащы ішек пен тоқ ішек, қуық, жыныс мүшелердің құрылымы ұшырайды.

Құрсақ қуысына қан жиналғанда, сол жерді соққылап тексергенде тұншықпа дыбыс пайда болып, ауру малдың тұрған орнын ауыстырса, осы дыбыстың естілуі өзгереді. Қарын ішіне қан кеткенде тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Іш құрылымдары қатты ауырады. Ішек - қарынды басып көрсе, олардың еттері жиырылады.

Қан тоқтату әдістері. Қан - мал денсаулығының оның бар тіршілік болмысының кепілі. Сондықтан дәрігерлер қан мәселесіне айырықша қарайды. Мал жараланып қалса, мал дәрігері ең әуелі оның қанын тоқтатуға асығады. Кішігірім қан тамырынан аққан қан ұю процесі арқылы өз бетімен тоқтауы мүмкін. Қан тамырынан ағып тұрған қанды уақытша және біржолата тоқтату әдістері бар.

Қанды уақытша тоқтату әдістері.

Уақытша қан тоқтату әдістері бір нешеу:

а) Қан ағып тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш салу арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Бұл әдісте қанап тұрған жерге дәкені бірнеше қабаттан салып, қысып таңып тастау керек. Осылай еткенде қанау баяулайды, тоқтайды. Жарақатқа байланатын дәке микробтардан таза, стерильді болу керек. Жарақат және жарақаттанған қан тамыры ірі болса, соңынан қанды түпкілікті тоқтату үшін қан тамыры байланып, ол жерге хирургиялық тігіс салынады.

ә) Қанап тұрған артерия қан тамырларын бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі бар. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатқанда жиі қолданылады. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс. Бармақпен қан тамырын басу әдісі кездейсоқ жарақаттарда және операция кезінде ірі қан тамырларынан аққан қанды уақытша тоқтатудың шұғыл әрі жылдам әрекеті ретінде белгілі.

Көбіне қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке тамыры да қатты қысымға түсетіні хақ. Ондайда басып түрған жердің зардабы күшейіп, үдей түседі.

б) Малдың ірі қан тамырлары жарақаттанып, қан шапшып ақса, қан ағып тұрған қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысып қанын тоқтатады.

в) Малдың аяқтарының жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қанап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу, резеңке, түтіктерді де қолдануға болады. Осы мақсатта 1873 жылы Эсмарх деген хирург ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

Қан ағуды біржолата тоқтату әдісі. Қанап тұрған жердің қанын біржолата тоқтату әрекеті тек қана малдәрігерінің қолында. Біржолата қан тоқтату әдістері 4 топқа бөлінеді:

а) механикалық әдістер;

ә) физикалық әдістер;

б) биологиялық әдістер;

в) химиялық әдістер.

Жарақатынан қан ағып жатқан малдың қанын тоқтату үшін тек бір әдісті қолданып қоймай, жағдайға байланысты малдәрігері бар білімін, тәжірибесін салады. Сонымен қатар қан ағып, қансыраудан пайда болған өзгерістерді емдейді..

Механикалық әдістер. Ұсақ қан тамырлары жарақаттанып, қанап тұрған шақта жарақатты таңғышпен қатты қысып байласа, қан ағу тоқтауға тиіс. Ал ірілеу қан тамырлары жарақаттанғанда оған қоса жарақаттанған жерге 5 - 10 пайызды иод ерітіндісіне батырылған мәрлі тығыны қойылып таңылады. Паренхиматозды органдардан қан ағып тұрса, жарақатты операциялық жолмен тығындайды. Дәкені ұзыншалау кесіп, соны жарақатға бірнеше қабат қылып бүктеп кіргізеді. Паренхиматозды органдардан басқа жатырдан, танау қуысынан, жамбас ішіндегі органдардан қан кеткенде де осындай әдісті қолданады. Тығын ретінде салынған дәке 48 сағаттан кейін алынуы керек. Қанның біржолата тоқтауына осы мерзім жеткілікті.

Қан ағып тұрған тамырды байлау. Қан ағып тұрған тамырды операция кезінде төңірегіндегі ұлпалардан оңашалап алып, қысқышпен ұстап тұрып, қысқыштан төмен жерін жібек, капрон жіппен бір рет байлайды да, қысқыш алғаннан соң екінші рет байлайды. Тамырдың кесілген екі жағын, екі бөлігін де байлау керек. Тамырдың бір ұшын ғана байлау дұрыс болмайды. Жараланған тамырдың диаметрі үлкен, өзегі кең болса, қан қысымы көтерілген кезде байлаған жіпті орнынан сырғытып жіберуі мүмкін. Ал сырғып кетсе қан ағу қайта басталады. Осыны болдырмау үшін, қанаған қан тамырынан инемен жіп өткізгеннен соң ғана барып байлайды.

Тамырды жарақаттың жоғарғы жағынан байлау. Егерде жарақат қатты қанап тұрса және аққан қанды тоқтату қиын болса, хирург сол тамырды жарақаттан жоғары тұсынан кесіп, байлап тастайды. Осыған ұқсас жағдай жарақат қатты іріңдеген кезде де болады. Сонымен қатар кейбір ірі немесе өте нәзік операциялар жасалған кезде, әуелі сол органға баратын тамырды тауып алып, оны мықтап байлайды. Содан соң ғана операцияға кіріседі. Егерде ірі тамырдың бұтақтанатын жерін, яғни осы тамырдан жан-жаққа тамырлар тарайтын бөлімін байлап тастаса, сол байланған жерден төмен қарай ұлпалар қарайып, өлімге ұшырайды.

Қанап тұрған қан тамырын табу қиын болса, онда инемен сол тамырдың төңірегіндегі ұлпаларды бірге тіккенде, іште қалған қан тамыры жіпті тартып байлаған кезде қанағанын қояды. Сонымен қатар қанап тұрған беттері біріне-бірі жабысып, тромб пайда болады, арнайы аспап арқылы қанап тұрған тамырды сыға кысып немесе тамырды қысқан қысқышты жарақаттың ішіне 5 - 7 күнге дейін қалдыруға болады.

Жарақаттанған қан тамырын өзара біріктіріп тігу. Қан тамырын тігудің өзіне тән өзгешелігі бар. Егерде қан тамырының ішкі қабығы тігілмесе, сол жерге қан түйіршіктері жиналып, тромб пайда болуы мүмкін. Ал осындай тромба операцияны жоққа шығарады, себебі, сол жерден қан жүруі тоқталады. Осы жәйді ескере отырып жараланған. кесілген тамырды тігіп біріктіргенде, ішкі қабыққа асқан ыждағаттылықпен қарау ләзім. Кейбір ірі тамырлар жараланғаңда оны байлап тастауға болмайды, себебі, жарақаттанған жердің төменгі жағы қансыз қалады. Кесілген тамыр, осы себеті де біріктіріледі, ал біріктіруге жағдай болмаса, алдын-ала дайындалған жасанды қан тамырынан жамау жасайды. Жамау ретінде көптеген күре тамырлардың бірін, аяқтың ішкі не сыртқы жағынан сылып альш, пайдаға асырады. Кейде жамау ретінде өлген малдан алынған тамырларды да арнайы әдіспен дайындайды. Оны лиофильдік құрғату дейді. Яғни өлген малдың қан тамырын тастай мұздатып, қатырып барып дайындайды. Тамыр жамауын пластмассадан да, басқадай заттардан да жасайды. Соңғы жылдары жараланған тамырлардың өзегін тікпей-ақ желім арқылы біріктіріп жүр. Көбінесе тігу әдісі қолданылғандықтан, тігу үшін атравматикалық иненің көмегімен операция жасалады.

Қан тоқтатудың физикалық әдістері. Суық және ыстық арқылы қан тоқтату әдістері. Физика заңдарына сәйкес суықтық қан тамырын құрыстырып, өзегін жіңішкертеді, ал ыстық белокты бүрістіріп, қан ұю процесін тездетеді. Осыны ескеріп, маддәрігерлері қан тоқтатуға суықты кең қолданып келеді.

Суық су құйып, қар - мұзды қанап тұрған жерге баса қойса, тамыр өзегі тартылып, тромбының пайда болу процесі тездейді. Ішкі мүше тамырларынан қан кетсе, оны суық сумен жуып, оның үстіне мұз салып резеңке ыдыс қояды. Малдың дене қызуынан қойылған мұз тез еріп кете береді. Осыған байланысты мұзды жаңартып отыру керек. Сонда ғана қан тоқтайды, қансырау процесі азайады.

Сонымен қатар паренхималық органдар мен ұсақ қан тамырлардан қан акқан жағдайда, қайнап тұрған тұзды су пайдаланады, оның қан тоқтатар қасиеті бар.

Ағзы аралата тоқ жіберіп, денені қыздырып емдеу әдісін диатермия дейді. Жараланған қан тамырындағы қанды тоқтату үшін хирургиялық диатермия әдісі қолданылып, жылу беретін аспаптардың қуаты жоғары болғандықтан, тамыр күйіп, бүріліп қалады да, қан тоқтайды. Бұл әдісті ұсақ және орталай диаметрлі тамырлардан қан аққанда қолданады.

Бұл әдістің пайдалы жері сол - ол операция жасауды тездетеді, тамыр байлаудың қажеті болмай қалады.

Соңғы жылдары О.К. Скобелкиннің басқаруымен хирургия саласында жаңа бір жаңалық туды, ол лазер сәулесінің қасиетін пайдаланып, ірі операциялар жасау. Бұл әдістің ұтымды жері сол - лазер сәулесі тиген жерде қан ұйып, ағымы тоқтап, микробтар жойылып, жара іріңдемей тез жазылады.

Ал қан тоқтатуда В.С. Савельев ұсынған плазмалық скальпельдің келешегі зор.

Биологиялық әдістер. Бұл әдістер бірнеше топқа бөлінеді. Олар:

а) қанап тұрған жарақатты операция кезінде малдың майы, бұлшық еті, фасция, іш май шарбысымен тығындау;

ө) витаминдер енгізу;

б) бұлшық етке жануардын қанынан алынған қан сарсуын егізу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет