метиллизин амин қышқылы болады. Сонымен қатар, лизиннің төрт қалдығы өте күрделі десмозин комплексін құрайды және ол комплекс фибриллярлы белок – эластиннің құрамында болады.
Қазіргі кезде тірі организмдердің жасушаларынан 300-ге жуық басқа, белоктардың құрамына кірмейтін, бірақ өздеріне тән қызметі бар амин қышқылдары табылған. Олардың кейбірі белгілі бір заттардың синтезінде аралық қосылыс болып табылады.
Селеноцистеин
4-гидроксипролин 5-гидроксилизин
6-N-метиллизин γ-карбоксиглутамат
Амин қышқылдарының қышқыл-негіздік қасиеттері. Кәдімгі амин қышқылдарының қасиеттерін қышқылдар мен негіздердің классикалық теориясы тұрғысынан түсіндіруге болады. Амин қышқылдарының көпшілігі моноаминомонокарбон қышқылдары болғандықтан олар рН-тың бейтарапқа жақын мәндерінде қандай да бір айқын заряд көрсете алмайды. Моноаминомонокарбон амин қышқылдары рН-тың төменгі мәндерінде екі негіздік қышқылдар бола алады (H3N+CHRCOOH). Қышқылдықтың мәнін шамамен рН 6-ға дейін көтергенде карбоксиль тобы протонын жоғалтады, оның нәтижесінде электрлі бейтарап дипольді ионы пайда болады. Оны цвиттерион H3N+CHRCOO- деп атайды, яғни тірі клеткалардың ішіндегі сулы ортада амин қышқылдары биполярлы иондар болып табылады (немісше «цвиттерион» - «гибридтік ион» деген мағынаны білдіреді).
Таза заряды: +1 0 -1
Қышқылдықты, яғни рН-ты ары қарай көтергенде ол екінші протонның жоғалуына және H2N+CHRCOO- -ның пайда болуына алып келеді. Ионизацияның бірінші сатысындағы рК’- ның шамасы, яғни -карбоксиль тобының иондалуы, 2 – 2.5-ке тең болады, ал ионизацияның екінші сатысындағы рК’-ның шамасы 9 – 10-ға тең болып шығады. Сонымен қатар R–тобы бар және ионизацияға қабілетті амин қышқылдары басқа да иондық формаларда бола алады және олай болу сол R–тобының рК’-сына тәуелді болады.
Бақылау сұрақтар:
Қандай амин қышқылдары гидрофобты болады?
Қандай амин қышқылдары белоктың құрамына кірмейді?
Пептидтік байланыс кезінде амин қышқылдарынан не бөлінеді?
Цистеин мен цистиннің айырмашылығы неде?
Олигомерлі белокта суббірліктер бір-бірімен қалай байланысады?
Достарыңызбен бөлісу: |