Секреторлық процестің гистофизиологиясы. Секреторлық цикл. Мембраналар ағымы. Секреторлық (сөл шығару) функциясын атқару барысында гландулоцит, секреторлық цикл деп аталатын бірізді және заңдылықты түрде қайталанып тұратын өзгерістерге ұшырайды. Секреторлық цикл бірінің үстіне бірі айқасып өтетін төрт фазадан (10.22 сур) тұрады: - Бастапқы заттардың (шикізат) жұтылу фазасы кезінде гландулоциттің ішіне
базальді беті арқылы қаннан секреторлық өнімді синтездеу үшін қажет ұсақ молекулалы заттардың түсуі; 2. Секретті синтездеу фазасы кезінде бастапқы молекулалардан бездікжасушаның синтездік аппаратында: грЭПТ-да ақуыз секретінің, агр ЭПТ-да липидтердің, гликогеннің, холестериннің синтезі өтуі; 3. Синтезделген өнімнің жинақталу фазасы барысында секреторлық өнім Гольджи комплексіне (Гистология, 1-бөлім, 4-тарау, 3.4) түсіп, пісіп жетіледі де, секреторлық гранулдарға, вакуольдерге буынып түйінеді. Соңғылар цитоскелет элементтерінің (микротүтікшелер мен микрофиламенттер) қатысуымен жылжып, экзокриндік бездер жасушаларының – апикальді полюсінде, ал эндокриндік бездер жасушаларының базальді полюсінде жиналады:
Достарыңызбен бөлісу: |