Паракриндік бездер-өз өнімдерін интерстицийге, яғни мүшенің стро-масын құрайтын борпылдақ талшықты дәнекер тінге бөлетін бездер.
Секретті бөліп шығару
(Экструзия немесе секреция) әдісіне қарай, бездердің үш типі бар:
Мерокриндік бездерде (10.23 сурет А) секреттің экструзиясы (шығарылуы) экзоцитоз немесе диффузия механизмдерімен (Гистология, 1-бөлім 3-тарау, 3.7; 3.8 –сурет) яғни плазмолемманы зақымдамай және жасуша құрылымдарын бұзбай жүзеге асырылады. (мысалы сілекей және ұйқы безі).
Апокриндік бездерде (10.23 сурет Б) секретпен бірге цитоплазманың апикальді бөлігі немесе микробүрлерінің ұштары да бөлінеді. Секреция нәтижесінде жасушаның биіктігі төмендейді (мысалы, тер және сүт бездері).
Голокриндік бездерде (10.23 сурет В) дифференциялануы пісіп жетілуі кезінде кариопикноз және цитоплзмасының түбегейлі өзгерілуі –дегенерациясы (тозуы, азғындауы) нәтижесінде гландулоциттер (бездік жасушалар) толығымен бұзылады да, секретке айналады (мысалы, май бездері).