Лактогенді гормон сүт бездерінің өсуін реттейді, оларды сүт шығаруға дайындайды.
Лактогенді гормон сүт бездерінің өсуін реттейді, оларды сүт шығаруға дайындайды.
Релаксин жүктілік кезінде жатыр етінің және жамбас сүйегінің біріккен жеріндегі буын байланысының біртіндеп босаңсынуына әсер етеді, жатырдың мойын еттерін босаңсытып, тууды жеңілдетуге себепші болады. Стероидтық түріне: прогестерон және эстроген жатады. Олар жүктілік кезінде зат алмасудың барлық түріне қатысады.
Гипофиз
Гипофиз
мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, самағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Аденогипофиз, меланогипофиз, нейрогипофиз деп аталады. Гипофизде соматотроптық, тиреотроптық, адренокортикотроптық, гонадотроптық, фоллитропин, лютеиндейтін, пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.
Гипофиз гормондарының физиологиялық әсері: Соматотропин денеде биосинтезді күшейтеді, органикалық, минералдық алмасуға әсер етеді; амин қышқылдардың қаннан жасушаларға өтуін, сіңуін тездетеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теңдігін өзгертіп, тұздардың сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. СТГ аз түзілетін болса, адамның бойы өспей қалады. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді.