Бүйрек үсті безі Глюкокортикостероидтар Минералокортикостероидтар Андрокортикостероидтар Саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Оның қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді:+ Глюкокортикостероидтар физиологиялық әсері: зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді; қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. Минералокортикостероидтар физиологиялық әсері: су-тұз алмасуына қатысады. Ол альдостерон мен ІІ-дезоксикортикостеронмен жүзеге асады. Олардың түрлі сұйықтықтардың осмостық қысымының әсерінен туатын тамырлардағы қан көлемі мен жасуша ішіндегі және жасушааралық сұйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері бар. Андрокортикостероидтар гистологиялық әсері: Андростерон, эстрол, прогестерон жыныс гормондарына қарағанда әлсіздеу, бірақ адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |