«Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:
оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрнісін қалыптастыруға әсер ету;
білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
«Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу нысаны. Субъектінің рухани тәжірибені және адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.
«Өзін-өзі тану» пәні адам өмірінің құндылықтың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.
«Өзін-өзі тану» үрдісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтың бағдарларын анықтауға:
адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі;
Өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.
«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы
«Өзін -өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы әр бір жас кезеңінде өз ерекшеліктері мен заңдылықтары болатын адамның өзін-өзі жүзеге асыруының үздіксіз үрдісімен байланысты.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны.
Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |