1.Топта бірлесе жұмыс жасап, тапсырманы сәтті орындадық
2.Тапсырманы орындауда қиындықтар кездесті
3. Тапсырманы дұрыс орындауда мұғалім көмегі қажет болды
Дискриптор
1топқа
1.Картада қандай елді-мекендер бейнеленгенін айтады.
2.Картаның басқа картадан ерекшеліктерін біледі?
3. Аудан елді-мекендері оның тарихы бойынша өз білімдерін көрсетеді
2топқа
1.Аудан гербінің авторларын анықтайды
2Гербтің мән-мағынасын ашады
3.Қосымша ой-пкірлерін білдіреді
Аяқталуы
5мин
Кері байланыс «Альфавит әдісі» (Аудан
картасындағы кездесетін елді-мекендердің бас әріптері
бойынша түсінік беру)
Бағалау. Мадақтау
Рефлексия
«Табыс ағашы»
Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.
Үйге тапсырма:
Оқушылар аудан тарихы бойынша
бір беттік хабарлама дайындау.
Сабақтан алған әсерлерін ,көңіл күйлерін білдіреді.
Жалағаш ауданы - Қызылорда облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс.
1939 жылы 17 қазанда құрылған.
Жер аумағы — 27,1 мың км².
Тұрғыны — 36,9 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шамамен 1,4 адамнан келеді (2015).
Аудан орталығы — Жалағаш кенті. Жалағаш –теміржол стансасы, жұмысшылар кенті, 1939 жылдан бастап ауданның орталығы. Сырдария өзенінің оң жағалауында, Қызылорда каласынан батысқа қарай 72 шақырым жерде орналасқан. Ол 1906 жылы Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезінде станса-бекет болып құрылған. Жалағаш арқылы Ташкент-Самара тасжолы және Ташкент-Орынбор теміржолы өтеді.
Жалағаш кентін жоспарлау және салу социалисттік қоғам кезінде қолға алынған.
Қазіргі таңда ауданда 35,7 мың адам тұрады, халықтың сыйымдылығы 1,6 адам/м2. Аудан жеріндегі 1 кент және 14 ауылдық округке біріктірілген.
Жері негізінен жазық. Солтүстік тақыр (Дариялық тақыр жазығы), сор, сортаң, Сыр бойындағы жері шалғынды-батпақты, оңтүстікке қарай (Қызылқұм) құмды келеді. Ең биік жері — ауданның солтүстікнде орналасқан Егізқара тауы (288 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Қыс айларында жылымық күндер жиі болып тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы — 9–12°С, шілдеде — 25–26°С. Жауын-шашынның жылдық. Шөлдік белдемде орналасқандықтан Жалағаш ауданының топырағы Сырдария өзені жайылмасында шалғынды сұр, сортаң, солтүстігінде тақырлы сортаңды сұр топырақ, ал оңтүстігінде ақшыл сұр, сұр, қызыл құмды топырақ дамыған.
Жазық жерлерде және төбе аралықтарында баялыш, жүзгін, шеңгел, сексеуіл, еркек шөп, күйреуік, су айдындары бойында қамыс-құрақ, ақбас, кекіре, т.б. өседі. Жануарлардан жабайы шошқа, борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр, шиебөрі, ақ бөкен, қоян, кекілік, қырғауыл, т.б. мекендейді.
Ауданның алғашқы басшысы Кистанов Сергей Иванович 1897 жылы Орынбор облысының Бузулук ауданында туған. 1939 жылдың қазанынан 1944 жылға дейін Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.
Ауданда 21 мектеп 17 кітапхана, екі музей, 7 мәдениет үйлері, 8 ауыл клубтары бар. Аудан көлемі шөл және шөлейт аймаққа жатады. Қарақұм мен Қызылқұм жүздеген жылдар бойы мал жайылымы болып келеді. Ауданда 31 мың гектардан астам инженерлік жүйеге келтірілген егістік жер бар. Аудан бойынша 58 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік ескерткіштер болып бөлінген.
Халқы Халықтың орналасуы біркелкі емес. Негізінен, Сырдария бойын қоныстанған. Орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,7 адамнан келеді.
Ірі елді мекендері:Жалағаш, Аққұм,
Ақарық, Бұқарбай батыр, Еңбек, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мәдениет. Жергілікті өлкетанушылар ежелгі Сыр бойы - Жалағаш жерінің төрт құбыласы түгел өркениетті мемлекетті - сақ тайпаларының державасы туралы деректер тауып, аудан жұртшылығы өз тарихын мақтаныш етуде.
Ауданымыздың қиыр теріскендегі Қарақұмнан түстіктегі өзбек жерімен шектесетін Қызылқұмға дейінгі 5-6 жүз шақырымдай ата-бабаларымыздың іздері сайрап жатыр.
Сырдарияның бұрыңғы арналары Жаңадария, Іңкәрдария бойларында мыңдаған жылдар бұрыңғы өркениетті мемлекеттер топырақ астында жатыр. Сол бір кездегі сақ, қаңлы бабаларымыздан қалған құрылыстардың құландылары олардың білім дәрежесінен хабар береді. Бабаларымыздың металлургиядағы, құрылыс архитектурасындағы, тұрмыстағы, қоғамдағы іскерліктері таңырқатады. Көктонды, Қошқарата, Қарасар сияқты қалалардың орналасу. жағдайы, олардың тізбектеліп барып Қармақшыдағы Жетіасарға қосылуы осыдан 2 мың жыл бұрыңғы қаңлы мемлекетінің экономикалық- әлеуметтік мәдени суретін көз алдына келтіреді.
Жалағаш ауданы ХХ ғасырдың екінші жартысында «Күріш фабрикасы» атанып, сол шыққан биігімізден бүгінге дейін түспей тұрғанымыз белгілі. Ал сол диқаншылық қабілет пен қасиет бізге ғасырлар бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздар дарыған ба деп ойлаймын. Көненің көзін іздеген археолог ғалымдар мыңдаған жылдар бұрынғы егіс танаптарын, суармалы егіс орындарын тауып отыр. Олардың себебін ше ежелгі дәуірден бері қарай 2,5 миллион гектар жер суландырылған көрінеді. Інкәрдария мен Жаңадариядан тартылған су жолдарын, қалаларға тартылған су құбырларын археолог емес, қарапайым адам жай көзбен де көруге болады.
1939 -1944 ж.ж. Кистанов Сергей Иванович, ауданның алғашқы басшысы, 1939 жылдың қазанынан 1944 жылға дейін Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.