Байқоңырдың бастауы болған Төретам кенті
https://www.youtube.com/watch?v=DZ6BFvAcXpY&t=112s
Төретам атауының шығу тарихы: Ел аузындағы әңгімелерге сүйенсек, ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда орын алған оқиғалар былай сыр шертеді: «Сырдария бойын мекен еткен қария өзен бойында ағыспен келе жатқан мәйітті көреді. Ол мәйітті жағалауға шығарып қараса, ер адам екен. Үстінде зерлі төре киімі бар екенін байқапты. Сол елді мекен халқын шықырып, әлгі жігітті төре салтына сай арулап, қазіргі Байқоңыр қаласы орналасқан төбенің басына жерлейді. Төре жігітті тапқан малшы қария түсінде «Менің жатқан жерімді қорша, үстімді мал таптамасын» деген төре жігіттен аян алады. Қария бұл кісінің тегін жан емес екенін біліп, маңайдағы халықпен бірігіп, кірпіш құйып,
бейітін анық көруімізге болады. Аты-жөні белгісіз бабаны төре киіміне, түр-тұлғасына қарай осы маңнан өткен керуеншілер, жолаушылар «Анау төбеде тұрған кімнің бейіті, тамы?» деп сұрай салғандарға «Төренің тамы» деп айтқан екен. Бертін келе төренің тамы орналасқан аумақ, яғни қазіргі байқоңыр қаласы мен Төретам кенті орналасқан жер Төретам деп аталып кеткен. Ел аузында сақталған әңгімелер бойынша 1903 жылы патшалық Ресейден темір жол салу жобасымен арнайы экспедиция келеді. Жергілікті жердің атауын сұрастырған экспедиция мүшелеріне Төретам деген екен. Расында бұл жерде төре бейітінің алыстан мұнартуында бір сыр бар болар деген байламға келіп, патшалық Ресей мақұлдаған үкімімен станцияға Төретам атауын берген. Ресей құрылыс инжинерлері, әскери казактар жергілікті халықпен жұмыла бірігіп, еңбек етуінің арқасында бекет құрылысы бітеді. Сол кезеңдерде аймақтарда 10-15-ке жуық үй болған. Халықтың негізгі шарушылығы төрт-түлік мал өсіру, толысып тасып жатқан Сырдария өзенінен балық, ну қамыс арасынан аң, құс аулу тіршілік көзіне айналған. Сырдария өзеніне тоқталып өтсек, тіршіліктің қайнаған ортасы болған. Өзені балыққа толы, жағалай қамыс арасында қоян, қабан, түлкі, киікке толы болған деседі.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі
.
Жаңа сабақты ынтасымен тыңдайды.
|
Сабақ соңында оқушылардың эмблемаларын санау арқылы бағам жасайды. Бағалау. Мадақтау
|