Шығарма Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»



Дата07.02.2022
өлшемі13,85 Kb.
#83274
Байланысты:
sabaq-kz attachment esse-eln-sygen-elbasy


Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Бостандық орта мектебі

Шығарма
Тақырыбы:
«Елін сүйген Елбасы»
Дайындаған: Сабырова Назгуль
9 сынып
Мұғалімі: Каиржанова Ш.Б.

Тәуелсіздігіміз енді ғана қолымызға тиіс, әрі қарай жүрер жолымызды, барар бағытымызды айқындап ала бастаған шағымызда-ақ Елбасы елдің берекесі мен қуатының бастауы – ел ішіндегі тыныштық, біртұтастық деген еді. Біз соңғы жылдары беттерін аршып, ашып, атқара бастаған тарихымызды қауіпті де қатерлі сәттер, кезеңдер аз болмаған. Екі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысы секілді ұзақ қырғын әр халықтың тарихында бола бермеген. Сол соғысты ақыры жеңіспен аяқтап, өз елін түбегейлі азат етіп құтқарып қалған күш – қазақтардың ауыз бірлігі, өз ішіндегі ынтымақтығы мен тұтастығы еді. Қиын сәттерде Елбасы тарих тағылымдарын еске алады, еске салады. Және сол дәстүрді ұстап келе жатыр.


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күнделікті қиындық-қарбаластар арасынан ел тағдыры, мемлекет болашағы үшін аса маңызды, ерекше орны бар мәселе – проблемаларды үнемі есіңде ұстап, көзден таса қалдырмай отырғаны ұнайды. Ғылымды бағалаған ғалымды қадірлейді. Президенттік сыйлықтардың қалам қайраткерлеріне берілетіндігі де оның терең ойлы, салиқалы шығарма туындыларды бағалайтының білдіреді.
Ендігі біздің дербес елдің деғ Елбасының да нысана-экономика деңгейі. Иә, бүгінгі екі ғасыр аралығында тұрған сәтте өткенді талап, саралап, болашаққа сөз саламыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше кітаптарының атында «ғасыр» деген сөздің болуы, жолдау бағарламасының «2030» деп аталуы Елбасының болашаққа көз тігетінін, елі үшін үлкен жақсылық күтетінін білдіреді. Сол үміт сол арман – әрқайсысымыздың да арманымыз. Өміріміздің мәңгі заңы-үнемі үздіксіз өзгеруі, жаңару, жақсару, дүние тегершілігі алға қарай айналады, көлеңкеден сәукелеге, аласадан биікке ұмтылады.
Бүгінде Қазақстан амыған экономикалы, аясына нық тұрып, жарқын болашақты, Астанадай бас қаласы гүлденген мемлекет. Бас қалада биік, аспанмен тілдескен ғимараттар, түрлі ойын-сауық кешендері бар, инфроқұрылымы дамыған тамаша қала. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, әсем қаланы тамашалауда . Сонымен қатар елбасымыз Қазақстанның өзге де өңірінің дамуына жағдай жасауда. Осындай бейбіт те тыныш елде өмір сүру үлкен бақыт, қуаныш.
Қазақстан өз егемендігінің алғашқы жылдары саясат саласындағы стратегиялық мақсатқа күшті Президенттік Республика құруды жатқызған болатын. Бүкілхалықтың Елбасы сайлауы тұңғыш рет1991 жылы 1 желтоқсанда өтіп, ел тарихында тұңғыш рет демократиялық жолмен өзінің көшбасшысын сайлады.
Даналықтың мәйегінен тарихтың тереңінен тағылым алған Елбасы Қазақстанның басты мүддесі сыртқа саясаттағы әріптестік пен ішкі саясаттағы тұрақтылық екеніне тоқталды. Әлемдік қауымдастық алдында бұл жол Қазақстан жолы деген атпен белгілі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Дүние жүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылында осыншама қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес». Расында да, аз уақыттың ішінде осындай толағай табысқа қол жеткізу әлем экономикасының тарихында болған емес.
Барша қазақстандықтарды тойланып отырған Тұңғыш Президент күнімен және алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, егемен елімізің гүлденуі мен тұрақтылығы жолындағы қызметтерінде табыстан табысқа жете беруімізге тілек білдіргім келеді. Ел үшін жасап жатқан еңбегінен жүрегінде жатқан халқына деген зор махаббатты үшін Елбасымызға РАХМЕТ айтқым келеді. Елін сүйген Елбасымыз аман болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет