Менің туған жерім – Степняк қаласындағы Бұлақбасы ауылы.
Бұлақ құдығы бар еді. Жүк машинасы батып қалып, жуан сі-
ңірлі доңғалағын шыр айналдырғанда, сол батқан жерінен бұр-
қылдап су шығып жататын.
Бұлақ басы!
Мөлдір бастау бұлағым,
Сәби кезден
Сездім күннің шуағын.
Жалаңаяқ
Қозы-лақпен жарысып,
Көк кілемдей
Көгалына құладым.
Осы ауылда
Тұңғыш рет қуанып,
Осы ауылда
Тұңғыш рет жыладым! – деп басталатын өлеңім туған жері-
ме арналған.
Степняк қаласы тұрған жер бұрын «Мыңшұқыр» аталған екен
дейді. Жобасы, алтын қазған кені көп болғасын айтылған-ау! Бұл
жерден бағы замандарда монғолдар алтын алған деседі. Монғол
тұнбалары (монгольские илы) дейтін шұқырлардан кейін орыс
кеншілері алтын құмын қазып шығарған. 1901-1902 жылдары
196
патша үкіметінің тапсырмасымен Шпрингбах деген кәсіпкер кенші
келіп, кен қазу жұмыстарын бастайды. 1906 жылы Троицк шахта-
сын қазады.
Сол кезде бұл қалашық Шытырымбек атанып кеткен. Шприн-
гбахтың
ауласын қоршаған шарбағында иірілген жыландар алтын-
ды күзетіп тұрады екен деп ел әлі күнге аңыз қылады. Жылан ал-
тын мол жерде болады екен ғой, терең шахтаның түбінде де орда-
лы жыландар қайнап жататын көрінеді. Революция кезінде боль-
шевиктер ол шахталардың бәрін, жыланымен қоса, динамитпен
жарып жіберген дейді.
Степняк совет өкіметі кезінде керемет өркендеген қала болып-
ты. Халқының саны 40-50 мың адамға жеткен. Алтын жүрген жер-
ге неше түрлі пәле үйір болмай ма, нағыз жұмыскер, маман-
кеншілермен қабаттаса небір сотталған, қашқан-пысқан қарақшы-
лар да қаптап келген сияқты.
1934 жылы мұнда Сергей Киров келген. Жайдан-жай емес қой,
әрине. Алтыны көп, маңызы зор болғасын келеді де.
Сол уақыттарда алтынды жиырма килограмдық, трапеция
сияқты құймалар түрінде шығарады екен. Бастықтар: «Кімде-кім
осы құйманы екі алақанымен екі жағынан қысып алып, тік көтеріп,
есіктен шығып кетсе, соған тегін береміз!» – деп ойнағанды жақсы
көреді екен. Ешкім көтеріп ала алмайды екен.
– Бала күнімізде өзектен аққан судан аттап өтіп бара жатқанда
жылтырап жатқан алтын құмын көріп қалсақ, қолма-қол сүзіп ала-
тынбыз. Дүкенге әкеліп, кірге тартып өлшеп, өткізсек, бон деген
ерекше ақша төлейтін. Арнайы дүкенде керек-жарақ нәрселерді
жай совет сомына бермей, бонға ғана беретін! – деп, әкем айтып
отыратын.
Біздің бала күнімізде, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары
алтын ұрлап сотталғандар туралы детективке бергісіз ақпарлар
дүңк-дүңк естіліп жататын.
Ел айтады: Ашаршылық жылдары айналадағы ашыққан ауыл-
дардан кімде-кім Степнякқа жетсе, аман қалады екен. Жете алмай,
айдалада көмусіз қалғандар қаншама? Степняктан Тассуға қарай
баратын дала жолының шетінде елеусіз жатқан бір ескі төмпешікті
Ұғыш жездем көрсетіп еді: «Аштықта өлген бір бейбақ!» – деп,
бетін сипаған.
197
Өмірхан Тоқтаров атамыздың әңгімесі: Сол аштық кезінде Кү-
реңтай батырдың баласы Ижан Степнякқа жете бере жығылған
екен. Сол жерде қала берген мәңгіге. Кейіннен, кісілер мәйітін
тауып, жерлепті, сонда қалтасы тола ақша дейді. Сонша ақшасы
жанын алып қала алмаған, бір түйір нанға татымаған!
Тағы да Қабжан нағашымыздың, кемпір-шалдардың айтқаны:
Ашаршылық кезінде ауылдардан сыпырып алған жылқының бәрін,
бір кезде аудан орталығы болған үлкен кент – Казгородокқа айдап
әкеліп, ет комбинатына өткіземіз деп, түк қоймай сойып тастаған.
Оған сыймағасын, сыртқа тау-тау ғып етті үйіп қойған. Бір адамға
бір түйір татырмай, қарулы кісілер күзетіп тұрған. Бірер күнде ол
еттің бәрі сасып, бүлініп кеткен соң, ашығып, тарығып, қырылып
жатқан халыққа берместен, өртеп, көміп тастаған! Ал, бұған не
дейсің?! Қасақана, қазақ халқын қыру үшін жасалған саяси науқан
емей немене!?
Өмірхан Тоқтаров атамыз айтып еді: Асыра сілтеу кезінде
ауылға азық-түлік салығын жинауға келген шолақ белсенділер түгі
жоқ ауылдың астын үстіне келтіре тінтіп, ештеме таба алмаған
соң, ауылдың бір бас көтерер азаматын қысымға алады. «Тыққан
азықтарыңды, тұқымдарыңды тауып бер!» – дейді. Ана кісі: «Еш-
теме қалған жоқ, бар бидайды да, малды да, етті де өткен жолы түк
қоймай сыпырып әкеткен!» – дейді. Сонда: «Ах, сен контра, апар-
тон, бізге, совет өкіметіне қарсылық көрсетіп тұрсың ғой!» – деп,
жындары қайнаған шолақ белсенділер әлгі кісіні күздің қара суы-
ғында ауыл сыртына жаяу айдап апарып, терең қара суға батырып-
батырып алып, қоя беріпті. Не деген жауыздық десеңші, ұрып-
соқса, денесінде таңба қалады да, ертең, бәлкім, жауап беру керек
болады. Ал қара судан ешқандай белгі қалмайды, бірақ, өкпесі қа-
бынып, не ауру боп қалады, не мүрдем кетеді! Міне, отызыншы
жылдардағы қазақ ауылына жасалған зорлық-зомбылықтың нақты
бір суреті, дерегі осындай!
Мен бала күнімнен әкемді батыр деп ойлап көрмеппін. Жарық-
тық, ешкімге қатты сөз айтпайтын, ашуланбайтын, ешкіммен тө-
белеспейтін момын кісі еді. Шешеміз Бәтима шапшаң мінезді бо-
198
латын. Кей-кейде әкемді жерден алып, жерге салатын, сонда ана
кісі «әй, қой!» деп бір дауыс көтермей кетті! Бірақ, мамам көңілі
түссе – көл! «Әкең пәшестің бәрін қиратып, жеңіп келген! Нағыз
герой осы!» – дейтін, жүзі нұрланып.
Осы бір герой, батыр деген сөзді мен әкеме шақтай алмай басым
қататын. Төрт-ақ класс білімі бар жарықтық бала күнімнен батыр-
лар жырын оқып өсірді бізді. Сонда, менің қиялымда батыр деген
арғымақ мінген, ақсауыт киген, алмас қылышы мен ақ найзасы айға
шағылысқан алып тұлғалы, арыстандай ақырған, даусынан қалмақ-
тар қоғадай жапырылатын қаһарман болып көрінетін. Ал мына керзі
етік пен көнетоз күпәйке киген, қара еңбектен қажымайтын қажыр-
лы, қайратты, орта бойлы ғана қарапайым кісіні қайран шешемнің
солардың қатарына қалай қоятынына қайран болам! Тек әйтеуір ке-
зінде жастықпен басқа жақтан келгендермен ерегісіп қалғанда:
«Мой отец Берлин брал!» – деп, қиқу салғаным рас!
Менің әкем Тақан Әлімжанов соғыстың алғашқы кезінен бас-
тап, аяғына дейін қатысқан. Соғысқанда да, нағыз қырғынның
ішінде жүрген, алғы шепте, жаудың бетінде, жауған оқтың өтінде
болған. Бүкіл Ресей мен Европаны түгел жаяу жүріп, жауды түре
қуып өткен. Жаяу әскердің барлаушылар тобында талай мәрте
майдан шебінен өтіп, жау тылына түрлі жауынгерлік тапсырма-
лармен барып қайтқан. Әскери атағы – сержант. Қызыл Жұлдыз
орденімен, қатардағы жауынгерлер мен сержанттарға берілетін ең
жоғары ерлік белгісі «Ерлігі үшін» («За Отвагу») медалімен наг-
радталған. Одан басқа да «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» ордені,
көптеген медальдары бар. Үш рет жараланған. Екеуі ауыр, біреуі
жеңіл. Ұлы Отан соғысының үшінші топтағы мүгедегі.
Бір жолы шекеден танк снарядының жарықшағы тиіп, ауыр
жараланыпты. Темір жарықшақ миға екі миллиметр қалыпты. Ми-
ға қарай кетпей, сүйекті бойлай қадалып, тұрып қалған. Дәрігерлер
госпитальда жарақатын жуып, ем-дом қолданып, қанша тазаласа
да, жарықшақты ала алмаған. Содан, емделіп, алғы шепке келген-
де, қайтадан шекесі ісіп, басы ауырып, әбден азап көреді. Коман-
дирлер оның ауыр халін көріп, госпитальға тағы жібереді. Жуып,
тазалап, емдейді, бірақ сүйекке тереңдеп кірген жарықшақты ала
алмайды. Қайтадан соғысқа келіп, майданға кіріп кетеді. Сөйтіп,
шекесін қасып қойып, соғысып жүргенде, бір күні, қанша дәрігер
жабыла іздегенде таптырмай, түспей қойған, сүйекке тікелей кіріп,
199
тереңде жатып алған жарықшақ, асханада тамақ ішіп отырғанда,
өз-өзінен сылдыр етіп табағына түсе қалған! «Ар жағынан ірің
теуіп шығарған ғой... Ой, бір рахаттандым-ау!» – деп, сүйегін жа-
рып түсе қалған жарықшағын жүрегі жарыла қуанып еске алатын
жарықтық! Шекесі өле-өлгенше тыртық болып жүрді. 1996 жыл-
дың жазында соғыс мүгедектеріне жеңіл автомобильдер беріледі
екен деген хабар шықты. Ол кезде әкем төсек тартып жатқан.
«Мені облысқа, комиссияға апар!» – деп, қоймады. Ішінде арманы
кетпесін деп, « Жигулидің» алдыңғы орындығын барынша созып,
шалқасынан жатқызып, Кеңащы ауылынан 150 шақырым жердегі
Көкшетау қаласына алып бардым. Аудан мен облыстағы кейбір
дос-жарандарым: «Өй, сізді бәрі біледі, бастықтарға айтсаңыз, ана
жерге бір қой, мына жерге бір қой берсеңіз, біреу-міреулер кішке-
не көмектесіп жіберсе, шал машинаны мінеді де қайтады!» – деп
ақыл берді. «Қой, – дедім, – біздің шал кеше соғыста қанын блат-
пен төккен жоқ қой! Машинаны да блатпен алмайды, еңбегімен
алады!» Сөйтіп, дәрігерлер комиссиясына алып келдім. Комиссия
бастығы Жәмкен Құдайбергенов ағамыз екен, біздің елдікі, Құдай-
берген молданың немересі, үлкен дәрігер. Мектепте інісі Халелмен
(Халиолла) бір класта оқығанмын. Жаны қалмай қарсы алып, әб-
ден тексеріп: «Ағамыздың бес кісілік сырқаты бар екен! Он кісілік
еңбегі бар екен! Мұндай ардагерлер қазір өте аз қалды ғой, бәріне
де машина берсе артық емес! Бірақ, бірақ...» – деп, жылы сөзбен
шығарып салды. Бірағы – заң бойынша, соғыста аяғынан жаралан-
ған кісілерге машина беріледі екен. Ал біздікі – бастан! Содан, үй-
ге келе жатқанда: «Шал, естідің ғой өз құлағыңмен, енді мазаны
алмай тыныш жат! Осының бәрін баяғыда ойлауың керек еді! Оққа
басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба?!» – дедім. «Әй,
Баянғали-ай!» деп, риза болып, рахаттана күлді! Сонымен бітті
машинаның жыры!
– Бір ауыр жарақаттан кейін елге қайтаратын болды. Түскі та-
мақтан кейін жүресіңдер деп, командир қағаздың бәріне қол қойып
берді. Жолдастармен қоштасып, түскі асты ішіп отырғанда, радио-
дан Сталиннің бұйрығын самбырлатып оқып тұр! Жүруге, мылтық
атуға жарайтын жаралылардың барлығы алғы шепке, соғысқа жі-
берілсін дейді! Сөйтіп, елге кетеміз деп, өмірден үміттеніп қалған
қайран басымыз қанды қасапқа қайта кірдік! – деп, еске алушы еді
сол күндерді.
200
Негізінде, ол кісінің соғыс туралы әңгімелері қызық болатын.
Әңгіме айтуы да ерекше еді. «Біз әңгіме білмейміз ғой, көбіне жа-
ңылып, ұмытып қаламыз! Уот, әңгімеші деп баяғының шалдарын
айт, ағып отыратын!» – деп қойып, ақырындап сөзін сабақтай бе-
рер еді. «Әй, әкеңнің әңгіме айтқаны бар болсын! – деп шешем
киіп кететін арасында. – Әне жерін тастап кеттің ғой! Жөндеп айт-
пайсың ба Бәкөшке! (Менің ерке атым!)» – деп, түзеп жіберетін.
Әңгімеқұмар маған бәрі қызық. Әсіресе, оқ пен оттың ішінде қы-
зыл қанды кешіп көрген кісінің бояма-әсіресіз нақты әңгімесі бүкіл
жан-дүниемді жаулап алатын. Бірақ, не сиқыры барын кім білсін,
мектепте оқытатын соғыс тарихы жайлы кітаптарды қатып қалған
заң, бұлжымайтын ақиқат, өзіміз сияқты адам жазған дүниеден
гөрі көктен түскен керемет көріп, алыстағы бейтаныс батырлар-
дың ерлігіне сәби сана-сезімім көзсіз сеніп қалғандықтан ба, жа-
нымдағы жақын адамның төккен қан мен тері, көрген бейнет-
азабы, еңбегі мен ерлігі ешкімнен де кем емес екендігін бұлдыр-
бұлдыр түйсінгеніммен, солардың қатарына қоюды осы күнге дей-
ін ойлап көрмеппін! Бәлкім, өз әкемді өзім дәріптегендей болмай-
ын деген де шығармын, кім білсін!
Қыстың ұзақ кештерінде әңгіме-дүкен құратын едік. Сыртта
қақаған аяз, ышқына соққан боран. Кішкентай ғана ағаш үй жып-
жылы, ұядай. Пеште қайың мен қарағай алаулап жанып жатады.
Оттың жалыны бойымызды, әке-шешеміздің әңгімесі жанымызды
жылытып, ойымызды шарықтатып әкетеді. Бейбіт өмірдің отына
қызыға қарап отырып, соғыс өрті туралы қарапайым да шынайы,
әсіре бояусыз әңгімелерді тыңдай отырып, бала жүрегіміз соғыс
атаулыға қарсылық танытып, лүпілдей соғатын.
От жанып біткесін, анамыз қып-қызыл, ұшқын атқан қызулы
шоқты ұзын темір көсеумен көсеп-көсеп жіберіп, таба нан жабады.
Нан піскенде аңдып отырып, әкеме шетінен бір тілгізіп алып, сары
майға қосып жегенді жақсы көретінбіз. Нанның шетін ұзыншалап
тіліп, ортасынан екі бөлетін. Біз оны бөпе нан деп атаушы едік.
Қытырлақ, тәтті бөпе нанға таласатынбыз, бірақ, кенже болған-
дықтан, бір бөпе нан қашанда маған тиетін! Ата-анам мені бетім-
нен қақпай, еркін, тіпті еркін өсірді.
– Папа, соғыс қандай қорқынышты! Қырғын қантөгіс! – дей-
мін, кинодан көргенімнің әсерімен. – Бірақ, біздің солдаттар оқтан
қорықпайтын батыр болыпты! Ал, сен қорқып көрдің бе!?
201
– Оқтан қорықпайтын кісі бола ма екен?! – деп күрсінеді әкем.
– Соғысқа ең алғаш кіргенде жаман қорқасың! Жараланып, госпи-
тальдан шығып, соғысқа қайта кіргенде тағы қорқасың! Қалған
уақытта етің өліп кетеді. Анандай қанды қырғыннан тірі қаламын,
елге қайтамын деген ой жоқ. Қорықсаң да өлесің, қорықпасаң да
өлесің! Әйтеуір, кеудеңде жаның барда соғысу керек, жауды қыру
керек! Бітті! Немістер бомбылап жатқанда, снарядтар гүрсілдеп
жатқанда, елең де қылмайсың, тамағыңды ішіп отыра бересің!
Өйткені, тамақ суып қалады ғой! Снаряд ысқырып жатқанда селт
етпейсің, өйткені, дыбысы естілген снаряд саған тимейді. Ол өтіп
кеткен снаряд!
Ең алғаш соғысқа кіргенім әлі есімде. Постыда тұрғанда неміс-
тер бомбалады. Гүрс-гүрс жарылыс, қызыл жалын, қара түтін.
Сонда, қорыққанымнан орнымнан қозғала алмай қатып қалыппын!
Сол посты тастамай, тұра беріппін! Бір кезде жақын жерден гүрс
ете қалды... Әрі қарай дым білмеймін. Сөйтсем, топыраққа көміліп
қалыппын! Кейін, біздің жауынгерлер аршып алды. Дін аманмын,
бір жеріме сызат түспеген!
– Бір күні барлауға, тіл алуға бардық. Бір шағын ауыл, бізше
айтқанда. Келіп, ақырын байқасақ, немістер жоқ екен. Сұрастыр-
сақ, біздің адамдар екен, жау қолында қалған. Кешке қарай неміс-
тер келіп, моншаға түседі деді. Соларға монша жағып жатыр екен.
Аңдып, тығылып жаттық, орманның шетінде. Бір кезде бірнеше
үш аяқты матасекілмен келіп түсе қалды. Ешкімнен айылдарын
жиятын емес, алшаң-алшаң басып, топырлап моншаға кірді де кет-
ті. Сәл күттік те, енді шомыла берді-ау дегенде, ақырын басып же-
тіп келдік. Қарасақ, күзет дәнеңе жоқ, киім-кешек, қару-жарақтары
жатыр жайрап кіреберісте. Командиріміз бір дөкей орыс болатын,
ай-шай жоқ моншаның есігін сарт еткізіп ашып: «Хенде хох!» деп
кіріп барды. Қаруымызды кезеп, біз қырып салуға дайын тұрмыз.
Немістердің есі шығып, қалшиып қатты да қалды. Жау келеді де-
ген қаперлерінде жоқ, буға балқып, рахаттанып жатқанда оқтың
аузында қалу оңай ма? Дөкей орыс командир естерін жиғызбастан,
жобасы бастығы-ау деген ірілеу біреуін шап беріп ұстай алды да,
бір-ақ жұлқып, бізге қарай лақтырып жіберді. Қолма-қол, шала-
пұла киіндіре салып, ала жөнелдік. Командиріміз бір бума гранат-
ты тастап жіберіп, моншаның есігін жаба салып, соңымыздан сыр-
202
тқа атып шықты. Гүрс ете қалды да, бүкіл монша қып-қызыл жа-
лынға оранып кете барды. Біз тілді штабқа әкеліп тапсырдық!
– Бір күні түнделетіп барлауға барып, қайтып келе жаттық. Таң
алдында қалың егіннің арасынан бір топ немістерді көріп қалдық.
Шу шығармай, ақырын жылжып келеді. Бақылап қарасақ, алда-
рында жеңіл танкілері бар, бірнеше машинаға мінген, мұздай қа-
руланған, түсі суық, сақадай сай қанішер топ сияқты. Біз бар бол-
ғаны он шақты адамбыз. Барлау тобы болғандықтан қару-
жарағымыз сай, оқ-дәріміз мол, бірақ жеңіл қару ғана. Ақылдаса
келе, бұларға тұтқиылдан шабуыл жасауды ұйғардық. Өйткені,
бұлар тегін келе жатқан жоқ, әлдебір төтенше, маңызды тапсыр-
мамен келе жатыр. Содан не керек, таң қараңғысымен оқ пен гра-
натаны жаудырдық келіп. Кенеттен жасаған шабуыл қашанда
тиімді ғой, әп-сәтте техникалары отқа оранып, әскерлері қанға ба-
тып, қырылғаны қырылып, жараланғандары мен жан сауғалаған-
дары бой тасалай қалды. Кеудесінде жаны бар, жүруге жарайтын
бір-екеуін «тілге» алып, біз де зыттық олар естерін жиғанша.
Атыс-жарылыстың даусын естіген біздің әскерлер де өре түреге-
ліп, сақадай-сай бола қалды. Сөйтсек, шынында да жаудың сырт-
тан орағыта айналып келіп, тұтқиылдан соққы жасамақ болған бір
зымиян жоспарын іске асырмай, тамырынан қиып түсірген екен-
біз! Бізге командирлер: Бұл ерліктерің үшін сендерді батыр атағы-
на, наградаға ұсынамыз деп, алғыс айтты. Кейіннен хабар болмай
кетті. Астан-кестең қырғындардың кезінде награда қағаздары түгі-
лі, штабтардың да күлі көкке ұшып, қаншама дәкүмент, қаншама
жауынгерлердің ерлік істерінің куәлігі із-тузсіз жоғалмады дейсің!
– Украинада азат еткен бір қалашықта тыныс алып, бекініп
тұрдық. Бірнеше жауынгер бір үйде отырғанбыз. Әлгі үйдің қызы
бізге бір жымың етіп, сыртқа шығып кеткен. Көп ұзамай біздің
әскерлер тұрған жерге бір топ фашист самолеттері ұшып келіп,
бомбының астына алды. Біздің әскерлер зениткамен атқылап, қар-
сы самолеттер шығып, ақыры құлатқанын құлатып, қалғанын қуып
жіберді. Біз айран-асыр болып, ойлай келе әлгі үйдің қызынан кү-
діктендік те, ақырын аңди бастадық. Біраздан кейін тағы оңаша-
ланған сәтінде, үстінен түстік. Рациямен байланысқа шығып, не-
містерге хабар бергелі жатыр екен. Қолма-қол тұтқындап, штабқа
әкеліп тапсырдық. Сөйтсек, төбесіне шөмеледей ғып үйіп қойған
қалың шашына жасырған екен рация құралын!
203
– Соғыстың соңына қарай фашистердің жанталасқаны сондай –
өлерменденіп, кейде тіпті бір солдатты бір самолет қуалаған кез-
дерін де көзбен көрдік. Бір күні бір неміс самолеті біздің бір капи-
танның соңына түсіп алып, ал қуала! Жүйткіп келе жатып, ірі ка-
либрлі пулеметпен атқылап келеді, капитан жанталасып, бұлталақ-
тап қашып келе жатты да, самолет тақап келе бергенде шалқасы-
нан жата қалып, наганмен атып-атып жіберді! Оның оғы самолет-
тің жанармай багына тура тиді білем, бұрқ етіп, от-жалынға оран-
ған самолет жерге құлап түсті де, гүрс етіп жарылды. Әлгі капи-
танды қолма-қол наградаға ұсынды!
– Бір жолы орман ішінде түскі тамақ ішіп отырғанбыз. Жаны-
мыздағы бір жауынгер өз-өзінен қисайып құлай кетті. Бұған не боп
қалды деп қарасақ, жаны жоқ, өліп қалыпты. Басы қан-қан. Не
атылған мылтықтың даусы, не жарылыс естілген жоқ. Айран-асыр
болдық. Бақсақ, алыстан, самолеттен атылған ірі калибрлі пуле-
меттің оғы өз екпінімен қаңғып келіп, тып-тыныш тамағын ішіп
отырған байғұстың тура төбесіне келіп түсіп, тесіп өткен! Ал, ама-
лың бар ма тағдырға!
– Қатал, мазасыз, менмен командирлерді шабуыл кезінде, са-
пырылысқан соғыста өшігіп жүрген солдаттардың өзі атып жібе-
ретін. Ақыры бір өлім, деп, өздерін қорлап, кемсіткен, ызасы өткен
командирлерді ту сыртынан басып салып, қанды қырғынға кіріп
кете беретін. Ал, өздері сыйлаған, адамгершілігі мол командирлер
үшін жанын қиюға дейін баратын.
– Бір күні орманда, барлауда жүріп, бір ағаштың түбінде дема-
луға аялдадық. Үшеуміз. Бір орыс, бір өзбек және мен. Кенет
ағаштың ішінен екі солдат жүгіріп шыға келді. Пормысы біздікі.
Аңдап қарасақ, орыстар. «Свои!» десіп, сөйлесіп жатырмыз. Сөйт-
сек, фашистер жағына шығып кеткен власовшылар екен. Айда,
бізді үгіттеуге кірісті. Немістер жағына өтіңдер, онда бәрі жақсы,
керемет деп қояды. Бізге қосылмасаңдар, бұл жерден аман кете
қоюларың екіталай, өйткені, орман тола генерал Власовтың әскер-
лері деп әкетіп барады. Әлгі орыс оларды мақұлдаған сыңай таны-
тып, алдаусыратып отырғанда, өзбек екеуміз оларға байқатпай
ыммен келісіп, кенеттен екі власовшыны атып тастадық! Сөйтіп,
ағаш-ағаштың арасымен, жасырын жүріп отырып, өзіміздің әскер-
ге жетіп, жағдайды командирге баяндадық. Ол жоғарыға қолма-
қол хабарлап, соған орай әскери жоспарларға өзгерістер енгізілді.
204
– Соғыста маршал Жуков басқарған майданда болдым. Воро-
неж, Харьковты азат еттік, Дрезден, Лейпцигті алдық. Берлинге
қырық шақырым жерде ертең шабуылға шығамыз деп тұрғанда,
соғыс аяқталды, неміс фашистері берілді, біз жеңдік деген қуа-
нышты хабар келді! Қалай қуанғанымызды айтуға тіл жетпейді!
Мылтықта оқ қалдырмаймыз деп, автоматтың барлық оғын салют
қылып, аспанға атып бітірдік!
– Немістердің үйлері керемет болатын. Үйлерінің бүкіл қабыр-
ғасы шкаф сияқты, тұтас жасалған. Сонда, қашқан фашистер есік-
терінің бәріне граната қыстырып кете берген. Олардың үй тола
нәрселерін алмақшы болып асығып-аптығып барған жауынгерлер-
дің көбі ойда жоқта сондай жасырын жарылғыштарға түсіп қаза
болды. Тіпті, әлі соғысқа, қан майданға кіріп үлгірмеген, жаңадан
әскерге келген жас жауынгерлер, әсіресе Өзбекстаннан келгендер,
соғыс бітті, енді елге қайтамыз, құрқол бармайық деп, дүние-
мүлікке қызығып, темір жол бойында тізіліп тұрған вагондарды
аралап жүргенде, көпшілігі минаға түсіп, қаза болды.
– Бір жолы барлаудан келе жатып, адасып, айналсоқтап, көп
жүріп қалдық. Күн тұман, бұлыңғыр. Қалжырап келе жатқанда бір
жартылай қираған ескі шым үйге тап келіппіз. Сонда бекініп, де-
малуға жата қалдық. Ұйықтап кетіппін. Түс көрдім. Түсімде ше-
шем Қамила қолдан пісірген таба нан беріп жатыр екен. Шетінен
үзіп алып, аузыма салып, жей бергенде оянып кеттім.
Ішімнен қуанып, е-е, елге аман қайтады екенмін деп үміттеніп,
жақсылыққа жорыдым! – деп, мұңайып, ойға батушы еді-ау жа-
рықтық!
Әкем жас кезінде, соғыстың алдында бір дертке шалдығады.
«Ішімде бір беріш пайда болды», – дейтін. Содан, Көкшетау ма,
Қызылжар ма, бір үлкен қалаға барып, операция жасатып, ауруха-
нада біраз жатады. Ол уақытта жоқшылық кез, қазіргідей ағылып
жатқан машина да жоқ, алыс жерге барып келу бір мұң.
Аруханадан жазылып шыққан соң, үйге кетейін десе, жол жү-
ретін ақшасы жоқ. Не істерін білмей, басы қатып, дәлізде отырған-
да, бір әйел кіріп келіпті. Терезенің алдына тұра қалып, сөмкесінен
буда-буда ақшаны алып шығып, санай бастапты. Әкемізде үн жоқ,
қызыға қарап отыра береді. Бір кезде ақшасын санап тұрған әйел
бір он сомдықты жерге түсіріп алады. Әкейде үн жоқ, демін ішінен
алып, тырп ете алмай отыр. Әлгі әйел ақшасын санап болып, сөм-
205
кесіне салады да, түсіп қалған он сомдықты байқамай кете береді.
Ол кеткен соң, әкеміз әлгі он сомдықты алып зытады. Сол ақша
үйге жетуіне толығымен жеткен екен!
– Ал, қайтерсің... Бұйырған деп алдым да жүре бердім! Егер де
ол әйелге ақшаң түсіп қалды деп айтсам, ол маған он сомды қиып
бере қоя ма?! – деп, бір күліп, бір күрсінетін жарықтық. Кейінде
талай он сомды өзі де талай кісіге өтеусіз берген әкемізге қиналған
сәтте ақшалы әйелді кез қылғаны да жаратқанның!
Соғыстан бұрын Степнякта, шахтада жұмыс істеген. Жер ас-
тында аудара салуға ыңғайланып жасалған екіаяқты темір арба-
кәләмушка, рельспен жүретін вагонеткамен руда тасығанының өзі
бізге бір қызық болып көрінетін.
– Алдымыздан біреу-міреу шығып қалмасын, қағып кетпейік
деп, «бойся!» деп айғайлап отырамыз! – деген даусы әлі күнге құ-
лағымда...
Біздің аталарымыз Керейдің ішінде Ашамайлы, Танаш би, Та-
рышы, Ақсары. Ақсары алты ата: Ақымбет, Тоқымбет, Нұралы,
Нұрымбет, Еменалы, Бәйет.
Ақсарыдан шыққан айтулы адамдар: Марал ишан (Нұрымбет),
Салық молда, Біржан сал (Нұралы), Шәймерден Қосшығұлов, Ра-
мазан Елебаев, Жайық Бектұров (Ақымбет), Тұрсынбек Кәкішев,
Ахмет Алдашев, Мақсұт Темірбаев (Нұрымбет), Серік Аяғанов
(үшеуі де медицина ғылымының докторлары), Қазыбек Смағұлов
(Бәйет, Қараталдың атақты бригадирі, диқаны, Мемлекеттік сый-
лықтың лауреаты), Ермек Нұғыманов (Нұралы), Ерік Нұрақаев
(Еменалы), Жомарт Омаров (Еменалы).
Біз Ақымбеттен тараймыз. Әкемнің жазып қалдырған шежіре-
сінде Ақымбеттен кейін Шораяқ Бектемір батыр айтылады. Ара-
сында біраз аталар ұмытылып кетуі де мүмкін!
Бектемір атамыздың санына бір соғыста жебе қадалып, сүйегі-
не дейін қиратып кетсе керек. Аяғы ауырып, жанына батып, ісіп,
іріңдей бастағанда, (гангрена басталған шығар) өзінің санын өзі
өткір қылышпен шауып тастаған екен дейді! Киіз, құрым күйдіріп
басып, әйтеуір аман қалған. Содан былай шораяқ Бектемір батыр
атанып кеткен екен! Ол кісіден кейін де бірер ата ұмытылған сияқ-
ты. Одан кейін Малай, одан Есенбай, одан Бөгембай, одан Қойгел-
ді болып тарайды.
206
Қойгелді атамыздың бір қызық әңгімесін әке-шешеміз таласа
тамсанып айтушы еді. Қой бағып жүргенде, бір сүзеген қара қош-
қар Қойгелдіге тұра ұмтылыпты. Сонда атамыз жарықтық төрт
тағандап тұра қалып, келіп қалған қошқардың маңдайына маңдай-
ын тосып, сүзіп жіберіпті! Қошқар шалқасынан түсіпті де, қаша
жөнеліпті. Атамызға дәнеңе болмапты! «Алла-ай, не деген бас де-
сеңші!» деп, шешеміз Бәтима марқұм әбден күлетін. Қойды қай-
ырмақ болып, ысқырып жүргенде, жаңбырдың тамшысы тура ас-
тыңғы тісіне тиіп, содан тісі тесіліп, түсіп қалыпты дегенді де ай-
татын. Сонда, жаңбыр тамшысының сондай бір қасиеті болғаны
ма, әлде, тіске тигенде бір реакция бере ме, кім білсін?!
Қойгелдіден – Әбіш, Әбжан.
Әбіштен – Әлімжан, Шалабай, Кәрімжан.
Әбжаннан – Әкімжан мен Аманжол.
Әбіш атамыз ақсақал атанған, сөз ұстаған кісі болған екен. Са-
қал-шашы отыздан асқан соң-ақ ерте ағарыпты деседі. Әжеміз
Мәрзия Мұқанқызы - Жауар Қарауыл. Әбіш атамыз алпыс сегіз
жасында, соғыстың алдында қайтыс болыпты. Бейіті Степнякта,
Бұлақ басында, ата-бабаларымыздың зиратында. Қойгелді, Әлім-
жан, Шалабай аталарымыз да, ағамыз Мейрамбай, ініміз Сәбитен,
апаларымыз Ләйла (Сәлсәбила), Мәймінә (Мәрия) бәрі сонда, Бір-
жан сал атамыздың жанында. Мәмилә деген әжеміздің де атын ес-
туші едім бала күнімде үлкендерден, анығын білмеймін.
Әлімжан атам Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Патша
қазақтан солдат алған 1916 жылдың Июнь жарлығына ілігіп, май-
данға кеткен. Міне, сол кезден бастап, революция, азамат соғысы
боп жалғасып, ел іші аласапыран, дүрбелең болып тұрғанда, біздің
әулет те біраз нәубетті бастан кешеді. Сол заманда Әбіш атамыз-
дың ауылын шауып, тонап кеткенде, бір замандас, көңілі жақын
кісілердің жұбатып шығарған өлеңі деп, мамам айтып отыратын.
Әуелі Қойгелдінің Әбіжаны,
Қалмады-ау тым болмаса Әлімжаны,
Бандиттер үйі-түзін түгел шауып,
Қалмады-ау ақсақалдың үйлік сәні!
Өлеңнің мазмұнына қарағанда, Әбжан атамыз да не соғысқа,
не бір іске душар болып кеткен сияқты. Әбжан атамызды қияңқы,
асау мінезді болған дегенді құлағым шалып қалғаны бар.
207
Әлімжан атамыз момын, шымыр адам болыпты. Қарының
бұлшық еті (бицепс) доп-домалақ, тастай болатын деп әкем Тақан
айтатын. «Ойбай, атаң момын болғанмен, жынына тисе ызақор
болатын! Құлынды оттыққа байлағанда, көне қоймаса, мойнын
бұрап ала жаздайтын! – деп күлетін мамам.
Қиыншылық, жоқшылық жылдарында қалқоздың бір арық аты
арам өліп қалады. Бастығы атам үйіне жаны ашып, мына жылқыны
сендер сойып жеңдер десе керек. Аштан өлсем де арамды жемей-
мін деп, Әлімжан атам алмапты. Содан, рабкопты басқаратын інісі
Кәрімжан келіп, азық-түлік әкеліп беріпті. Қисса, жырларды жақ-
сы көрген, жатқа айтқан, кітаптан оқып та беретін көзі ашық, көкі-
регі ояу кісі екен. «Ұғып ал, қызым! – деп, Қалқажанға айтып оты-
ратын», – дейді мамам. Қалқажан деп отырғаны, әкемнің қарында-
сы Жәнжәмила. Жәнжә тәте дейтінбіз. 1968 жылы қырық төрт жа-
сында қайтыс болды. Жолдасы Арыстанбек жездеміз ұлы Отан
соғысына бастан аяқ қатысқан. Сапер болыпты. Ол кісінің келіні
Жамал мұғалім атасы туралы аудандық газетке естелік жазбай ма!
Сонда, «соғыста жаяу жүріп көрген жоқпын, ылғи техникамен
жүрдім» деген атасының сөзін келтіреді! Сөйтсе, оны біздің тағы
бір жиен Шегей оқып алып, бөлесі Тәстембекке қалжыңдайтын
көрінеді: «Пол Европы прошагали, пол земли!» – деген солдаттар-
дың өлеңі қайда! Сенің әкең немене, соғыста көлікпен қыдырып
жүрген бе?!» –деп! Жәнжә тәтемнің балалары Тәстембек, Балғабек
Смағұловтар домбырашы, өнерпаз. Тәстембек бүкіл Еңбекшілдер
ауданының ұл-қыздарына домбыра үйреткен үлкен ұстаз. Оның
інісі әрі шәкірті Балғабек Қарағандыда, Тәттімбет атындағы оркес-
трдің домбырашысы. Ол баласы Балқан екеуі «Бал Керей» деген
дуэт құрып, қазақ күйлерін келістіре тартқанда, арқаңды шымыр-
латады. Темірбек жиен мұғалім әйелі Жамал екеуі Сәуледе, қара
шаңырақты ұстап отыр.
Аталары Смағұл құда құдайға қараған жақсы адам еді. Өмірі
ауырып көрмеген екен, сексеннен асқан шағында сырқаттанып, тез
арада қайтыс болды.
Смағұлдың інісі Ықсан қарулы адам болыпты. Бір жолы өгіз-
бен жер жыртып жүрсе, әбден болдырған өгіз батпақтау жерге
батқан соқаны тарта алмай, теңселіп тұрып қалыпты. Сонда Ықсан
етігін шешіп тастап, өгізді доғарып, соқаға өзі жегіліп, сүйреп шы-
ғарыпты десетін жұрт. Ұста, зергер болған екен. Соғыс кезінде
208
өзінің табанақы, маңдай терімен тапқан қаржысын жеке танк жаса-
туға беріпті. Сол үшін Сталиннен алғыс алып, Москваға, Кремльге
де барып қайтқан.
– Талай дөкейлер жүрген Кремльдің қызыл кілемін осы қара
табаныммен басып жүрдім-ау! – дейді екен елге келгесін. Баласы
Балтабек менімен құрдас еді. Әзіліміз жарасып, көргенде бір жасап
қалушы едік!
Үлкендердің айтуы бойынша, Әлімжанның қызы немесе қа-
рындасы, Қалила деген апамыз болыпты, домбыраны бақайымен
тартады екен.
Әжеміз Қамиланы кішкентай кезімізде көрдік, есімде. Жүзі ап-
пақ, биязы, ақырын сөйлейтін кісі еді. Басында ақ жаулығы бола-
тын. Әжеміз әкемнің туған ағасы Қазихан әтәйім мен Мәрпәну тә-
теміздің қолында тұрды. Қазихан әтәйім қой аузынан шөп алмай-
тын момын, еңбекқор кісі еді. Олардың үйі қарсы көшеде, әжеміз
біздің үйге келіп, шай ішіп, әңгіме-дүкен құрып кететін. Әжеміздің
Бәязи деген туған інісі болды, ірі денелі, көзі үлкен, ұзын мұртты
кісі болатын. Аты да, тұлғасы қызық кісі ертегінің алыптары сияқ-
ты болып көрінетін маған. Ақсуда тұрды. Шешем әкеме: «Құдды
Бәязи! Құдай-ау, қалай тартқан!» – деп, қалжыңдап отыратын. Бәя-
зи нағашымыздың Бәжөк деген баласын да көрдік.
Шалабай атамыз ескіше оқыған, дін жолын ұстаған кісі. Бала
күнімізде көрдік, еміс-еміс есімізде. 1959 жылы, ерте қайтты. Зай-
ыбы Рақия апамыз ақкөңіл, салдырлаған кісі еді. Өмірі ашуланып,
біреуге ұрысқанын көрген емеспіз. Баламен бала болып, күліп, ой-
нап жүре беретін. Он төрт құрсақ көтерген екен, барлығы да жас-
тай шетінеп, содан Жарылғасын ағамыз аман қалыпты. Ол КазГУ-
дің филология факультетін бітіргесін, бірталай уақыт Ғылым ака-
демиясында қызмет істеп, ғылыми жұмыспен айналысты. «Батыр-
лар жыры» сынды халық қазынасының құнды мұраларын жарыққа
шығаруға ат салысты. Кейіннен ұзақ жылдар бойы Алматыдағы
Халық шаруашылығы университетінде сабақ беріп, доцент болды,
зейнеткерлікке сол жерден шықты. Жеңгеміз Күләш Жалаңаш
ауылынан, Албанның қызы. Рахия апамыз кейінгі жылдары Алма-
тыда, Жарылғасын мен Күләштің қолында тұрып, қамқорлығын
көріп, 1986 жылы сонда қайтыс болды, бейіті Алматының түбінде,
бұрынғы Калинин колхозының жеріндегі үлкен қорымда.
209
Кәрімжан атамыз ескіше, жаңаша оқыған, совет заманында
қызметкер болған екен. Бірсуатта рабкопты басқарған дейтін. Ол
кісі Ұлы Отан соғысы басталғанда біздің әулеттен ең бірінші кете-
ді соғысқа. Менің анам Бәтима – әуелі осы Кәрімжан атамыздың
жары болған. Одан Ләйла, Мәймінә (Мәрия), Мейрам үшеуі туады.
Кәрімжан атамыз соғыстың алғашқы айларында қаза болады.
«1941 жылы шиеттей үш баламен жиырма үш жасымда жесір қал-
дым! Көрдік қой бейнетті де, қайғыны да!» – деп, көкірегі қарс ай-
ырыла күрсінетін анамыз. Айта кету керек, анамыз қағаз бойынша
1914 жылы туған деп жазылады. Ал, негізінде, жоғарыдағы сөзіне
қарағанда, 1918 жылы туған! Жеңгесі, Қайырғожа молда нағашы-
мыздың зайыбы Титән апамыз: «Мен 1922 жылы Келдәулетке ке-
лін болып түскенде, сенің шешең Бәтима үш-төрт жастағы кішкен-
тай қара қыз болатын!» – деп, маған бір айтып еді.
Соғыстан аман келген соң, әкеміз бір қызға үйленеді. Бірақ,
көп ұзамай ол кісі қайтыс болып кетеді. Содан, ел ақсақалдары
жесір отырған анамызды менің әкем, қайнысы Тақан Әлімжанұ-
лына әмеңгерлік жолымен қосады. Одан Мейрамбай, Сұлушаш,
Баянғали, Сәбитен туады.
Үлкен апамыз Ләйла тәтем (азан шақырып қойған аты Сәлсә-
била, Құранда бар, жәннаттағы бір бұлақтың атауы) 1934 жылы, он
бірінші желтоқсанда туған. Ләйла тәтем ең үлкеніміз, ата-
анамыздан кейінгі қамқоршымыз болды. Қарағандыдан жоғары
білім алып, оқу бітіріп келген соң, Степнякта, Бірінші май (Перво-
майка) мектебіне мұғалім болып қызметке тұрды. Сол мектепте
өмір бойы физика-математика пәнінен сабақ беріп, зейнеткерлікке
сол жерден шықты. Бізге де сабақ берді. Мен еркелей беретінмін.
Кішкентай кезімде: «Ләл тәте, бірәндік әперші!» – деймін, әпереді.
«Бәкөш, қандай киім әперейін?» десе: «Киімнің керегі жоқ, маған
бірәндік әперсең болды!» дейді екенмін. Бір күні сабаққа барарда
киімдерім әбден ескіріп, тарылып қалғанын көріп: «Ләл тәте, бі-
рәндіктің керегі жоқ! Маған киім әпер!» – деп, жата қап жылаға-
нымды кейіннен қызық қылып айтып жүретін үйдегілер.
Сол Бірінші май мектебінде жұмыс істеп жүріп, Первомайка-
ның жігіті, Ақсары Керей, шуылдақ Өсербай жездемізге тұрмысқа
шықты. Өсербай жездем мал дәрігері болып жұмыс істеді. Ұзын
бойлы, келбетті, ақкөңіл кісі болатын. Әкесі Сүйіндік құда да, ана-
сы Күлшат құдағи да, інісі Амантай, қарындастары Клара (Гүлба-
210
ғила), Сара, Жанна (Жұмажан) бәрі де ұзын бойлы, даңғырлап
сөйлейтін кісілер. Шуылдақ десе шуылдақ! Ішінде кіп-кішкентай
болып Ләйла тәтем жүретін. Ол да бір қызық еді!
Жетпісінші жылдары Алматыдан пойызбен келіп, Мәтен стан-
сасынан (Макинка) түсеміз. Ол кезде қазіргідей ағылып жатқан
тәкси жоқ, Степнякқа, одан Кеңащыға жету де оңай емес, арасы
алпыс шақырым. Сол уақытта елдің, Степняк пен Кеңащының бі-
раз азаматтары бізді құрметтеп қарсы алып, шығарып салып тұр-
ғанын бүгінде ризашылықпен еске аламыз. Әсіресе, Өсербай жез-
деміз бізді ескі уазигімен күн демей, түн демей, боран-шашынға да
қарамай, қарсы алып, шығарып салудан бір шаршамайтын. Ренжу
деген жоқ, бір жарты құйып, «жездемізге жан жетпейді» деп мақ-
тап қойсақ болды, көзінің жасы төгіліп жүре беретін. Көңілінің
бостығын мен әзілге айналдырушы едім. Ата-анасы қайтқаннан
кейін, арада біраз жылдар өткен соң, туыстардың басы қосылып
қалғанда, сөз арасында құда-құдағиды еске алып: «Шіркін, ата-
ананың орны бөлек қой!» десем, бітті, жездеміздің екі көзінен жас
парлап қоя беретін! Өксігін баса алмай өңкілдеп отырған Өсекеңе
қарап, жұрт не жыларын, не күлерін білмей, булығатын да қала-
тын! Өзі де немере сүйіп, ата болып отырған, екі метрге жақын
бойы бар дөп-дөкей кісі сексен жастың о жақ бұ жағында жасап,
он шақты жыл бұрын қайтыс болған әке-шешесінің атын естіген
бойда көз жасын көлдетіп қоя бергеніне не дерсің! Және ол кезде
арақты қойған, сап-сау отырып, шынымен жылайды ғой! Мұны
көрген кейбір кісілер тіпті қонаққа жиналғанда: «Жездеңді жы-
латшы!» дейтін маған. Жаңадан қосылған, бұрын бұл «нөмірді»
көрмеген, тіпті, алыстан келген сыйлы кісілерге: «Ал, аңдып оты-
рыңдар! Қазір ана дөкей кісі жылайды!» – деп, бір үлкен сенсация
сияқты бірінші болып хабарлап қоюдың өзін қызық көретін. «Жез-
де жылату» деген біздің бір концерттік нөміріміз сияқты болып
кеткен сөйтіп! Жездейде де «отказ» жоқ, әңгіменің ретін келтіріп,
көңілін майдай ерітіп, ата-анасының бір қызықтарын айтып келіп:
«Шіркін, құда-құдағи қандай еді!» – десең бітті, еңкілдеп қоя бере-
тін! Өзі де бұған әбден үйреніп алғаны сондай, кейде бұл тақырып
қозғалмай қалып бара жатқанда, көңілін кернеп бара жатқан көз
жасын үйіне көтеріп әкетсін бе, қайтсін, «шынымен осы жерден
жыламай кетемін бе?!» дегендей: «Баянғали, атам мен апамның
ана әңгімесін айтпадың ғой! Мына әңгімесі есіңде ме?» деп, қозғап
211
жіберетін де, бастай бергеннен-ақ манадан әрең ұстап отырған тіз-
гінін еркін жіберіп, армансыз ішін босатып алушы еді...
Жалпы, менің апа-жезделерім бір ғажап, қызық адамдар. Жез-
делерімнің бәрімен де әзіліміз жарасып, кездескен жерде арқа-
жарқа болып, бір жасап қалушы едік!
Ләйла тәтемнен кейінгі апамыз Мәйміна (Шын аты Мәрия, біз
Дудә деп кеткенбіз) 1937 жылы туған. Тұрмысқа ерте шығып, жез-
деміз Ұғыш екеуі өмір бойы мал бағып, адал еңбек етті. Ұғыш
жездем ақкөңіл кісі еді.
Біздің бала кезімізде олар Құдықағаш пен Маркстің ортасында,
Мақпал таудың етегінде жалғыз үйлі қыстауда қой бағып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |