1. Біржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнекті тұлғаларының
бірі. Ұлттық өнердің жарық жұлдызы. Оның есімі қазақ елінің өте
ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энцикло-
педияларда, тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Біржан
бабамызды соншалықты биікке көтеріп, алаш аспанында шарық-
татқан – оның құдай берген табиғи таланты, асқақ әні, ойлы, се-
зімді өлеңі, аңызға айналған әншілігі. Оның әндері бір жарым ға-
сырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып
келеді. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестиваль-
дарда Біржан әндері ұдайы, күн сайын шырқалып, талай ұрпақтың
рухани азығына айналды. Оның мұрасы тірі. Ол халықпен бірге
жасай беретін бай қазына. Кез келген тарихи тұлғаның қадір-
қасиеті – көпірме мақтау сөз, жарнама-дақпыртпен емес, оның жа-
саған ісімен, еліне, адамзатқа сіңірген еңбегімен бағаланады. Түп-
тің түбінде, таразыға еңбек тартылады. Ал, Біржан салдың еңбегі –
оның өнері, қалтқысыз адал, таза, асқақ, шалқар, терең мазмұнды
әндері мен өлеңдері. Ол әлі күнге дейін тірі! Ел аузында! Халық
жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемінде! Өйтке-
ні, оның жаны бар, қаны бар, жалпы адамдық мазмұн-маңызы бар!
Өз дәуірінде Сегіз сері, Нияз серілердің дәстүрін жалғастырған
Біржан сал Арқада тұтас әншілік мектеп қалыптастырып, қазақ
музыкасын жаңа биікке көтерді. Оны ұстаз тұтқан өнердегі шә-
4
кірттерінің өзі бір-бір тұлға! Халқымыз Ақан сері, Балуан Шолақ,
Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Жаяу Мұса, Естай және басқа да ақын,
әнші, композиторлардың есімін қашанда үлкен құрметпен атаған.
«Біржан – сал-сері, әнші-композиторлардың бәрінің әкесі, ұстазы!»
– деп еді жарықтық Ғафекең, Ғафу Қайырбеков, 1994 жылы, Бір-
жан салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестивалінде.
Атақты академик Ахмет Жұбановтың өткен ғасырдың орта шенін-
де айтқан: «Біржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетінің
алыбы... Өнер қайраткері, азамат Біржанның аты қазақ музыкасы-
ның тарихында алтынмен жазылады», – деген аталы сөзі шындық-
қа айналғалы не заман!
2. Біржан сал – сан қырлы талант. Оның қарапайым қалыпқа,
жалпақ ұғымға сыя қоймайтын жұмбағын біз әлі толық танып-біле
қойған жоқпыз. Ертеректе Москвадан келген совет ақын-
жазушыларына академик ағамыз Мұхамеджан Қаратаев Біржандай
құбылыстың құпиясын ары айтып, бері айтып түсіндіріп бақса ке-
рек. Бірақ, қанша айтса да, жоғарыдан келген, жер-жаһандық өл-
шемдерге үйренген өр кісілер сахара сал-серісінің сырын ұғына
алмайды. Сонда Мұхаң: «Вы Пушкина знаете?» – депті. «Да, ко-
нечно!» – деп шу ете түседі олар. «А Чайковского?» «Естественно,
да!» «Надеюсь, Шаляпина тоже знаете?» – дейді ағамыз бастырма-
латып. «А как же его не знать?» – дейді москвалықтар бұрқырап.
Сонда Мұхаң: «Так вот, Биржан сал есть Пушкин, Чайковский,
Шаляпин в одном лице!» – депті салмақты сабырмен.
Меймандар ойын-шыны аралас ойлы сөзге тоқтаса керек. Бұ-
ның
үстіне
Біржан
бабамыздың
классикалық
ақын-
импровизаторлығын, айтыс дүлдүлі екендігін қосып көріңіз!
3. Біржан сал әндерін қазақтың дарынды, даңқты әншілерінің
қаншама буыны асқақтата салды десеңізші! Өзін қазақтың дәстүр-
лі әншілік өнерінің заңды өкілі санайтын өрелі әншілердің Біржан-
ға соқпағаны, өз мүмкіндіктерін Біржан әндерімен сынап көрме-
гендері кемде-кем шығар. Абайды оқымаған кісі нағыз қазақ ақы-
ны бола алмайтыны сияқты, Біржанды білмеген адам да нағыз қа-
зақ әншісі бола алмайды. Біржан әндерін шырқаған әншілерді ой-
ша бір шолып өтсек, көңіліміз ризашылық сезіміне толады. Әміре
Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан
Бабақов, Байғабыл Жылқыбаев, Қали Байжанов, Кәрім Ілиясов,
5
Жаналы Қалиев, Сайран Мағзұмов ,Жәнібек Кәрменов, Қайрат
Байбосынов, Еркін Шүкіманов, Жоламан Құжиманов, Иран Тасқа-
ра , Совет Балмұқанов, Әбсалық Салықов , Қажыбай Жахин, Саян
Мұхамедияров және басқа да көптеген дарынды әншілер оның ән-
дерін әрқайсы өзінше әрлендіріп, жаңа қырларын ашып, жаңғырта
жырлап, жұртшылықтың жанына жақсы әсер беріп, алғысқа бө-
ленгені бір бөлек құбылыс. Алтын қордағы асыл дауыстарды жи-
нап, түгендеп, бүгінгі һәм келешек буындарға тыңдатып, таратып
отыру да – маңызды шаруалардың бірі.
4. Біржан туралы бірталай көркем шығармалар жазылған. Бір-
жан – кейіпкер, герой ретінде де ақын-жазушыларды үнемі қызық-
тырып келеді. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Біржан
салдың Абай елінде қонақ болып, ұлы ақынмен сырласып, қанша-
ма асқақ әндерді шырқап, аттанып бара жатқанда жаңа ән шығар-
ғанын, оған Абайдың «Қозыкөш» деп ат бергенін айрықша ілти-
патпен суреттейді. Мұқан Төлебаевтың әйгілі Біржан-Сара опера-
сының өзі неге тұрады! Ал, кезінде жерлесіміз, атақты «Жас қа-
зақ» әнінің авторы Рамазан Елебаев жоғарғы оқу орнына түсерде
емтихандық жұмыс ретінде «Біржан-Сара» деген музыкалық пьеса
жазған екен. Біржан туралы шығармаларда оның бейнесі әр сурет-
кердің дүниетанымына орай әр қырынан бедерленіп, тіпті кейде
қайшылықты, даулы қалыпта көрінеді. Көркем әдебиетте де, сурет,
мүсін өнерінде де солай. Ал, бұның өзі Біржан салдың күрделі,
кесек, терең тұлға екендігін дәлелдей түседі. Сондықтан, өзімізге
ұнамаған дүниенің бәріне үрке қарамай, оның бәрін тарихи Біржан
деп емес, Біржанның сан қырлы көркем бейнесі деп қабылдап, мұ-
қият жинақтап, танып-біліп, түсінуге тырысқанымыз жөн. Асқар
Сүлейменовтың «Адасқақ» повесі, Сәкен Иманасовтың «Айтыс»,
Кеңшілік Мырзабековтың «Біржан сал», «Қоянды жәрмеңкесі»
поэмалары, Досхан Жолжақсынов пен Таласбек Әсемқұловтың
«Біржан сал» көркем фильмі, Ерік Асқаровтың «Біржан сал» дра-
масы, Ғалихан Ахметовтың алты томдық романы, т.б. арғы-бергі,
ірілі-уақты көркем шығармалар Біржан тағдыры, Біржан образы
арқылы аса дарынды өнер адамының күрделі көркем бейнесін жа-
сауға деген қызығушылықты, ізденісті аңғартса керек. Ал, Біржан-
ға арналған өлең-жырлар бір төбе. Қазақтың көрнекті ақындары-
6
нан бастап бүгінгі жастардың жазған жырларының басын құрап,
түбінде бір кітап қылып шығарсақ, құба-құп.
Мүсінге келетін болсақ, атақты Төлеген Досмағамбетовтың
еңбегі ерекше еді. Ол кісі Біржан салдың Көкшетау қаласындағы
ескерткіші мен Степняктағы бейітінің басындағы бейнесін жаса-
ған. Бұл жерде бір назар аударатын жағдай бар. Осы күнге дейін
Біржан салдың суреті деп кітаптарда, энциклопедияларда жария-
ланып жүрген сурет анық Біржан атамыздың суреті емес. Көзі тірі-
сінде суретке түсті ме, жоқ па, оны қазір ешкім де білмейді. Анығы
– бізге жеткен фотосуреті де, портреті де жоқ. Ал, өткен ғасырдың
орта кезінде жоғарыдан Біржанның суретін табу керек деген нұс-
қау келеді. Партия-совет басшылығының тапсырмасы қалайда
орындалуға тиісті. Содан, аудан азаматтары жандары қысылып,
әрі-бері ойланып, елден сұрастырады. Жоқ суретті кім тауып бере
қойсын! Сол кезде ауданда идеология, мәдениет жағында қызмет
істеп жүрген Әшкен Аужанов деген азамат өз атасының ұлттық
киіммен түскен, ескіріп, сарғайған фотосын әкеліп береді. Бұл сөз-
ді мен Әшкен Аужановтың өз аузынан естідім. Сол фотосурет пе,
әлде суретшілердің соған қарап, ұқсатып салғаны ма, әйтеуір Бір-
жанның суреті болып кең таралып кеткен қыр мұрынды, қырқа
сақалды нұсқаның жайы осы. Ал, мүсінші, нағыз суреткер Төлеген
Досмағамбетовтың мүсіндеуі бұдан мүлде басқаша. Сірә, қарым-
ды, дарынды мүсіншінің ішкі интуициясы сездірген болар, ол жал-
ған суретке жоламай, Біржан бейнесін баласы Теміртастың суреті-
нен, немересі Мұхаметқали Теміртасұлының келбетінен іздеп, су-
реткерлік қиялымен суарып жасаған. Соны жалғастырған Манар-
бек Бұрмағанов бауырымыздың жасаған ескерткіші де құрметке
лайық.
Ескерткіш демекші, Көкшетау қаласындағы Мәдениет сарай-
ының алдында тұрған Төлеген Досмағамбетов жасаған бейнеге
байланысты даулы, кейісті пікірлер де айтылып жүр. Оның түйіні
«Біржан бабамызды неге мұнша жәбір-жапа шеккізіп, қол-аяғын
байлап, домбырасын сындырып бейнелеген?! Атамызды әсем әб-
зел-тұрманды сәйгүлікке мінгізіп, құндыз бөрік, әдемі жібек шапан
кигізіп, үкілі домбырасын ұстатып, асқақ қалпында көрсету керек
еді-ге» саяды. Әрине, плакаттық, ұраншыл талғамға сүйенсек, со-
лай да болар еді. Алайда, суреткер Досмағамбетов аса көрнекті
тарихи тұлға, дара дарын тағдырының трагедиялық сәтін арқау ете
7
отырып, бұғаудағы рухтың азаттық аңсауын, байлаудағы өнердің
бостандыққа талпынуын көркем бедерлеп, ой толғағанын сезіне
алсақ, бұл ескерткіштің қаншалықты терең сырлы, құнды дүние
екенін түсінер едік.
Біржан бейнесіне қатысты тағы бір қызықты әңгіме бар. Бір-
жан сал орта бойлы, ақсары кісі болған екен деген сөздер айтылып
та, жазылып та жүр.
Сірә, ақсары деп, оның руы Ақсары Керей болғасын айтылып
кетті ме екен, кім білсін? Ал, үлкендерден естіген аңыз-
әңгімелерге қарағанда, Біржан сал қарулы, балуан адам болған. Бір
жолы мейманасы тасыған, қайратына мастанған бір жас жігіт Қо-
жағұл ауылына келіп, ат ойнатып, «қане, ер болсаңдар, менімен
күреске шығыңдар!» деп, өзеуреп қоймапты. Тіпті болмағасын,
Біржан өзі шығып, әлгі жігітті көтеріп алып соққанда, оның құй-
рығы жерге кіріп кетіпті! Саздау жер болды ма екен, кім білсін?
Қалай болғанда да, атамыз алысқанның артын жерге тығып жібер-
ген деп, айызың қанып айтуға жақсы!
1998 жылы Қызылту ауданының Бірлестік ауылына құдалыққа
бардық. Сонда Уәли Оразбаев деген шежіре қариямен кездестік.
Руы – Керей, жасы жетпістердегі ақсақал көрген-баққанын, есті-
ген, түйгенін жазып жүреді екен. Біраз әңгімесін тыңдадық. Сол
кісінің айтуы бойынша, Ресей патшасы Романовтардың таққа
отырғанына 300 жыл толуына арналған тойына біздің елден бара-
тын атқамінерлер Балуан Шолаққа күреске түсіңіз деп қолқа са-
лыпты. Сонда Балуан Шолақ: «Менің жасым ұлғайып қалды. Ора-
залы балуанды апарыңдар, бір жықса сол жығады!» – депті. Ораза-
лы балуан, руы Бәсентиін, сол тойға барып, күресіп, жеңіп келіпті.
– Оразалы балуанды мен қартайған кезінде көрдім, – деді Уәли
ақсақал. – Әңгімелесе келе балуан: «Біз – әнші, балуан, ақынның
бәрі Біржанның айналасында болатынбыз. Біржан біздің ағамыз,
үлгі беруші ұстазымыз болды!» – деді. Сөздің реті келгенде: «Бір-
жанның тұлғасы қандай еді?» – деп сұрадым. «Осы маған тақау
болып қалар», – деді Оразалы балуан.
Уәли ақсақалдың мына сөзіне қызыққаным сондай – енді Ора-
залы балуанның тұлғасын жобалай қойғым келді. Қасымда белгілі
өнер қайраткері, режиссер, әртіс Мұратбек Оспанов бар еді. Оның
бойы – бір метр сексен бес сантиметр, салмағы 105 килі тартады.
8
– Оразалы балуан мына біздің Мұратбекпен салыстырғанда
қалай еді? – деп сұрадым.
– Оразалы балуанның жанында Мұратбегің бала ғой! – деп
күлді Уәли ақсақал.
Ар жағын өздерің жобалай беріңдер!
Ал, атақты әнші, аяулы ақсақал Кәрім Ілиясов ағамыздың өз
аузынан естіген бір әңгіме: Кәрекең бала күнінде, 1930 жылдары
Степнякта тұрған екен. Сонда Біржан салдың баласы Теміртастың
тізесінде отырып, әнін тыңдапты, өзі де ән салыпты, Теміртас ата-
мыздың батасын алыпты. «Біржан салдың баласы Теміртастан ал-
ған сол батаны Нұрлан баламызға бердім!» – деп, біздің Нұрланға
ақ батасын беріп еді жарықтық ақкөңіл ағамыз Көкшетауда, біздің
үйге келгенде.
– Теміртас ұзын бойлы, ірі денелі, өте күшті кісі болатын. Атқа
мінгенде, созылып отырса, екі аяғы жерге тиетін. Қиянатшыл ке-
лімсектермен көп төбелесті. Қалың тобына жалғыз өзі төтеп беріп,
жайпап тастайтын. Ақыры, сондай өшіккендер ақкөңіл адамды
«ақша жеп қойды» деген жаламен жазықсыз соттатып, итжеккенге
жер аударып жіберіп тынды ғой! – деп, өзегі өртене сыр шертетін
Кәрім ағамыз.
Ал, дүние, – деп, Біржан атамыздың өзі айтқандай, «Теміртас»
әні қандай қасіретті болса, Теміртастың тағдыры да сондай қасі-
ретті болған. Теміртастың баласы Мұқаметқали ақсақалмен талай
мәрте кездесіп, әңгімелестік. Ол кісінің айтуынша, Теміртас сол
кеткеннен елге орала алмай, бостандыққа шыққанша қайтыс бо-
лып, топырақ сол Сібірден бұйырған. Балалары боранды, аязды
күндердің бірінде адасып кетіп, содан аман келгені жалғыз Мұқа-
метқали. Ол кісі ұзын бойлы, ірі денелі, қара торы, келбетті, кесек,
қайратты адам еді. Жасы сексеннен асқан шағында да білектері
сойылдай берік, сіңірлі, сом болатын. Шопыр болып жұмыс істе-
ген, қоңыр даусымен ептеп өлең де айтатын. Мұқаметқалидың ба-
лалары, олардан тараған ұрпақтары бар.
Бұған қоса, тағы бір сөз: Біржан салдың домбырасы Алматыда,
республикалық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Сол
домбыраны мен қолыма ұстап, шертіп көрдім, созған қолым басы-
на зорға жетті! Бойы ұзын, құлашы кең, мол жаралған адамның
мұрасы екені көрініп тұр. Ал, енді Бүркіттінің басынан шырқаған
9
әні айлы түнде алты қырдан асып, аспанға кеткен кісінің кеудесі де
біраз бар шығар-ау!
5. Біржан туралы жазылған зерттеулер, ғылыми еңбектер тіпті
көп. Айтылған пікірлер де баршылық. Оның барлығы Біржантану-
ға қосылған үлес деп білуіміз керек. Сол еңбектердің, пікірлердің
басын құрап, тиянақтап жинап, жас ұрпаққа танытып, насихаттап
отыруға тиіспіз.
6. Біржан шығармалары сонау ақ патша заманында жариялана
бастаған. «Біржан-Сара» айтысы революцияға дейін сегіз рет жеке
кітап болып басылып шыққан. Ал, осы күндері оның кітаптарын
іздеп табу оңай емес. Ең соңғы рет қашан жарыққа шыққанын да
ұмытқан сияқтымыз. Аудандық кітапханада 1959 жылы шыққан
Біржан әндері кітабының жалғыз-ақ данасы қалыпты. Біржанның
ән ноталарын түгендеп алайын деп, іздеп әуре-сарсаң болып жүр-
генімде, 2012 жылы Алматыдан шыққан «Сарыарқа әндері» жина-
ғын әнші Еркін Шүкіманов, 1983 жылы «Өнер» баспасынан шық-
қан Біржан салдың «Ләйлім шырақ» кітабын менің жиенім, дом-
бырашы-ұстаз Тәстембек Смағұлов тауып берді-ау әйтеуір! Біраз
жылдан бері бабамыздың кітабын нотасымен, сөзімен, ұлы компо-
зиторларға лайықты классикалық түрде әдемілеп шығару мәселе-
сін көтеріп келеміз. Төл шығармаларын жоғалтпай сақтап, жарық-
қа шығарып, мектептерде оқытып отырсақ, ақын-композиторға
деген ең үлкен ескерткіш, нағыз құрмет сол! Бұның өзі біздің ел-
дің, біздің ауданның бетке ұстар мәдени паспорты, меймандарына
ұсынар қымбатты сыйлығы десек те артық емес.
Біржан салдың ескерткіш-кешені ашылу салтанатында айтқан
осы ұсынысымызды ауданның бүгінгі әкімі Абай Сәдуақасұлы дұ-
рыс түсініп, құлшына қолдап, соның нәтижесінде осы кітап жа-
рыққа шығып отырғанын атап көрсетіп, бұл іске ат салысқан бар-
лық азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз!
7. Біржан әндері – қазақ музыка әлеміне ерекше әсер еткен
қуатты құбылыс. Оның шығармалары басқа өнер туындыларында
да
Достарыңызбен бөлісу: |