Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет5/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

«Жалын» альманахы, 1976 ж. 3-саны.
Автордан: Кезінде журнал талабына орай мақаланың қысқарып 
қалған жерін осы кітапқа қосуды жөн көрдім.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі түрк беглері – қазақ билері-
нің арғы атасы. Мұндағы 
бег
сөзі 
г
дыбысының 
й
-ге айналу заңды-


23
лығы бойынша 
бей-би
болып айтылатын болған. Түрктердің 
бег
сөзінің 
би
сөзі екендігін академик В. В. Бартольд те көрсеткен. 
Осы 
бег
сөзі жөнінде айтылған пікірлерді екшеп келіп, ол кісі әлгі 
пікірлердің бәрі 
бег
сөзінің негізгі үш мағынасына келіп тіреледі 
деген қорытынды шығарады.
Сол үш негізгі мағынаның бірі – төреші. 
Бег
сөзі үш мағына-
сында да көне түркі жазуларында кездеседі деп жазады. (В. В. Бар-
тольд. Сочинения (в 9-ти томах) том 5. стр. 502) 
Беглер төреші болды деген сөз, олар билік айтқан, шешен бол-
ған деген сөзбен бір.
Қазақ ұғымындағы би сөзі негізінде төреші деген мағынада 
қолданылады. Ал В. В. Бартольд көрсеткен алғашқы екі мағынасы, 
яғни бұқарадан және билеуші династия өкілдерінен өзгеше адам 
деген және шағын тайпаның не рудың «князі» деген мағыналары 
қазақ билеріне онша тән емес. Әсіресе, біріншісі сирек қолданыла-
ды. Екінші мағынасы рубасы деген сөз ғой. Бұл жерде айтарымыз, 
кейбір билер әрі рубасы, әрі би болған. Рубасы шешен болып, би-
лік құрып, төрелік айтқан. Сонда би сөзінде осы сөздің екінші ма-
ғынасы (рубасы) мен үшінші мағынасының бірігіп келуі көрінеді. 
Бірақ, қазақ ұғымындағы би сөзінде негізгі, шешуші мағына – тө-
реші деген мағынасы.
Түрк қағанаты тұсында шешендік өнер дамыған сияқты. Ор-
хон-Енисей жазулары билердің сөз саптауына жақын... Жазуларда 
кейде қара сөзбен айтылатын тұстар да бар. Және бір жазудың 
өзінде жыр ағымы, шешен сөз үлгісі, қара сөздің қабат келуі де 
билерге тән қасиет. Шешендік образдар да кездесіп отырады. Бұл, 
әсіресе, Тоңуқуқ
(Түрік ғалымы Әли Ульви Элеве Тоң-уқуқ – пер-
вый вельможа деген мағына береді деп жазады. Сонда, Тоң – 
тұңғыш, уқуқ – ақық, яғни асыл зат, асыл зада болар ма екен?!) 
ескерткішіне тән. Мысалы:
Сақунтум:
Туруқ буқалу 
Семіз буқалу 
Арқада білсер,
Семіз буқа,
Туруқ буқа, тійін 
Білмез ерміс, тійін,
Анча сақунтум.


24
(С. Е. Малов. «Памятники древнетюркской письменности», 
1951 ж., 61-бет.) 
Ойладым:
Арық бұқаның,
Семіз бұқаның 
Артта барын білсе де 
Семіз бұқа,
Арық бұқа, деп 
Айыра білмес деп, 
Осылай ойладым. – деген сөздер,
(«Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1967 ж. 46-47 бет) тағы да:
Иуйқа ерікліг топлағалу учуз ерміс 
Иінчге ерікліг үзгелі учуз 
Иуйқа қалун болсар 
Топлағулуқ алп ерміс,
Иінчге йоған болсар,
Узгулук алп ерміс. (С. Е. Малов кітабы, 62-бет) 
Жұқаны топтау оңай
Жіңішкені үзу оңай, 
Жұқа қалың болса, 
Алып топтайды. 
Жіңішке жуан болса, 
Алып үзеді, – деген сөздер бұған дәлел бола алады. (48 б. 
Ерт. әд. нұс.) 
«Күлтегін» ескерткішіндегі мына бір жолдар тіпті таныс.
Түрк будун тоқ 
Арық оқ сен 
Ачсық, тосық өмез сен 
Бір тодсар, ачсық өмез сен. (28-бет) 
Түрк халқы тоқсың,
Арық едің сен,
Аштықта тоқтықты түсінбейсің,
Бір тойсаң аштықты түсінбейсің. (29-бет, Ерт. әд. нұсқа) 
Ал осы сөздер қазақ халқында:
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала аш болам деп ойламайды, – деген түрде де айты-
лады.


25
Ескерткіштерде билерге тән ұғымдар да кездеседі. «Күлтегін-
де» (үлкен жазу) «Іліг тутуп төруг ітміс» деген сөздер бар. Осын-
дағы «төруг ітміс» төрелік еткен деген сөз ғой. «Пәлен бидің төре-
лігі», «Пәлен би осылай төрелік етті» деген сөздер қазақ халқының 
ауыз әдебиетінде көп кездеседі.
«Тоңуқуқ» ескерткішіндегі:
Біліг есі 
Чаб есі бен көртум.
Ақыл иесі,
Сөз иесі мен болдым, (61-бет) – деген сөздер де билерге 
тән ұғым.
Пәлен рудың сөзін пәлен би ұстап келіпті деп көп айтылады.
Тұтас шумақтар ұқсастығы, ойлау жүйесіндігі жақындық терең 
тарихи сабақтастықты аңғартады. Орхон-Енисей ескерткіштерін 
жазуда билердің атқарған ролі болды. Жазулар тікелей билердің 
қатысуымен жазылған болу керек. Бәлкім, Білге Тоңуқуқ үлкен 
шешен би болған да шығар. Оның өзі туралы айтқан сөздері, дәлі-
рек айтсақ, білімділігі, ақылдылығы, «сөз иесі» шешендігі қазақ 
билерімен ұқсас. Оның қызметі, атқарған рөлі де Майқы би, Төле 
би, Қаз дауысты Қазыбек, Бұқар жырауларды еске түсіреді.
Біз тек Күлтегін, Тоңуқуқ ескерткіштеріне ғана жүгіндік. Ал 
бұлармен қатар «Елтеріс қаған», «Мойун Чур», «Білге қаған» (Мо-
гилян) және қабір басына қойылған құлпытастардағы тағы басқа 
жазуларда да қазақ шешендік сөздеріне жақын материалдар мол 
ұшырасады. Міне, осы материалдарды қазақ шешендік сөздерімен 
салыстыра отырып, Түрк қағанаты кезіндегі шешендік өнердің да-
му дәрежесін мейлінше айқындаған жөн. Және тікелей түрк ше-
шендік өнерінен қазақ шешендік өнерінің дамып шығуына баса 
назар аударылуы керек.
Екеуі де авторы қайтыс болғаннан кейін жеткен, тапсырып 
кеткен аманаттай кейінгіні ойға қалдырып, аласапыран сезім тол-
ғанысына түсірген әрі өзгеше, әрі бір-біріне жақын дүние. Бірі – 
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралысы» да, екіншісі – Мұқағали 
Мақатаевтың «Реквиемі».


26
«Өзім туралы» жазылғанына жиырма жылдан асып бара жатса 
да, мәні кемімек түгіл, күннен-күнге қызуы артып барады. Әде-
биетшілерді былай қойғанда, бұл өлеңді білмейтін оқырман жоқ 
деуге болады.
Осы ұлы тіршілік жырында ең өзекті мәселелердің бірі – өмір 
мен өлім күресі, өмірдің мәні қойылған. Ақын өлең, поэзия тілімен 
үлкен азаматтық, философиялық толғауында өмірге ой жүгірте 
отырып, терең түйіндер жасайды.
Өмірмен қоштасу, өлімнің ащы зарын да өзіне тән ерлікпен 
ашық жеткізген.
Дариға, о дариға, шіркін дәурен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет