Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет3/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

(кино, опера, драма, т.б.) 
кеңінен қолданылған. Әйгілі «Біржан-
Сара» операсында Біржан әуендері тұнып тұр. Өткен ғасырдың 70-
жылдары шыққан «Алые маки Иссыккуля» деген атақты қырғыз 
киносында Теміртас әнінің лейтмотив ретінде алынып, нақышына 


10
келтіре орындалуы кезінде елеулі мәдени оқиға болды. (
Әнді 
орындаған – академик Өмірзақ Айтбаев
). Сол сияқты, «Қазақ-
фильм» туындысы «Біржан сал» фильмінде де біраз әндері шырқа-
лады. (
Әндерді орындаған – әнші Еркін Шүкіманов). 
Біздің «Паң 
Нұрмағамбет» киностудиясы 2010 жылы Степнякта түсірген 
«Аран» көркем фильмінде де бас кейіпкердің мұңайған кезде «Те-
міртас» әнін сүйеніш қылып айтатыны бар. (
Әнді орындаған – 
Баянғали Әлімжанов)
.
8. Бүгінде Біржан есімі құрметсіз емес. Оның атында респуб-
ликада, облыста оқу орындары, көшелер бар. Тарап кеткен совхоз 
да болған. Тіпті, осы Еңбекшілдер ауданына атын беру де көптен 
сөз болып келеді. Бұл әңгіменің өзіміз көрген-білген тарихы бы-
лай: 1990 жылдары Еңбекшілдер деген 
(дұрысы – еңбекшілер)
әрі 
жазылуы қате, әрі кеңестік саясаттың солақай, мағынасыз атауы-
ның 
(бұл аудан еңбекшілер ауданы болғанда, басқа
аудандар неме-
не, жалқаулар немесе билеушілер, қанаушылар ауданы ма?!)
ор-
нына бұл ауданға Біржан сал атын беру мәселесі көтеріле бастады. 
Бұл жөнінде әртүрлі деңгейде айтылып, республикалық, облыс-
тық, аудандық газеттерде ел азаматтарының, ішінде мен де бар-
мын, мақалалары жариялана бастады. 1995 жылы біздің ауданға 
президент Нұрсұлтан Назарбаев келді. Ол кісі Әбсәлам қажының 
мешітіне кіріп шыққан соң, Біржан салдың басына барып, құран 
оқытты. Зират басында ардақты ел ақсақалдары ауданымызға Бір-
жан сал атын беру жөніндегі ұсыныстарын айтты. «Ұсыныңыздар, 
қолдаймыз!» деді елбасы. Содан кейін қағаздары дайындалып, әй-
тіп-бүйтіп жүргенде он шақты жыл өтіп кетті. Ақыры, Еңбекшіл-
дер ауданына Біржан сал атын беру жөнінде Ақмола облыстық 
мәслихаты шешім қабылдап, республикалық ономастика комис-
сиясы қаулы шығарып, енді үкіметтің бекітуіне жіберген кезде, 
елді мекендерге жеке тарихи тұлғалардың есімін беруді тоқтату 
туралы концепция шықты да, бұл мәселе тағы шешілмей қала бер-
ді. Облыстық мәслихат шешімі ол концепцияға дейін шыққандық-
тан, заңды күшіне енуі керек қой деген уәжімізге ешкім де құлақ 
аспады. Алайда, елдің тілегімен, елбасының қолдауымен қабыл-
данған шешім түбінде оңынан бір оралар деп ойлаймыз. Оған қа-
рамастан, халық арасында біздің аудан Біржан елі атанып кеткелі 
қай заман! 


11
Беу, Біржан! 
Қан тамған қылышынан хан емессің,
Байлық пен мансап қуған жан емессің,
Аққу боп қалықтадың көк жүзінде, 
Соңынан ілестің де ән елестің.
Әндерің жұлдыздармен сырласады,
 
Көнбейді ыңғайына әр өңештің,
Сенің орның мәңгілік аспанда тұр, 
Ешкімнің қаулысына зар емессің! 
9. Осы Еңбекшілдер ауданында Біржан сал музейін ашудың да 
уақыты келген сияқты. Онда Біржан туралы арғы-бергі барлық ең-
бектерді, материалдарды шоғырландырып, аудио-видеоларға жа-
зылған әндерін жұртшылыққа тыңдатып, көрсетіп отырса, қандай 
тамаша болар еді! Оған қоса, Рамазан Елебаев, Мұхамед-Сәлім 
Кәшімов, Әбілқайыр Досов, Шәймерден Қосшығұлов және басқа 
да ауданымыздың айтулы адамдарының есімдері мен еңбектерін 
жинастырып, зерделеп, елге танытудың айрықша мәні бар.
10. «Біржан-Сара» айтысы туралы дау-дамай талай уақыттан 
бері үзілмей жалғасып келеді. Негізінен екі пікір бар. Бірі –Біржан 
мен Сара айтысқан дейді, екіншісі, олар айтыспаған, айтысты Әріп 
Тәңірбергенов жазып шығарған дейді. Екі жақтың да дәлелі мық-
ты, материалдары мол, ойлары қисынды. Бұл мәселеге әлі нүкте 
қойылған жоқ, қойылатын түрі де жоқ. Қалай болғанда да, бұлжы-
майтын бір ақиқат шындық бар. Ол – «Біржан-Сара» айтысы деп 
аталатын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің классикалық ғажайып 
мұрасы бар екендігі! Және, ол мұраға Біржан сал бабамыздың ав-
тор ретінде болсын немесе кейіпкер ретінде болсын, басты тұлға 
ретінде қатысатындығы! Тіпті, айтыстың Әріп жазған нұсқасы бо-
лып, оған кейіпкер болған күнде де, Біржан сал тұлғасы биіктей 
түспесе, төмендемек емес. Өйткені, осындай жауһар шығармаға 
басқа атақты ақындарды емес, Біржан салды басты тұлға етіп 
алуының өзі – оның қаншалықты қадірлі болғандығын көрсетсе 
керек. Әлем әдебиетіндегі әйгілі әдеби кейіпкерлерге кейбір ел-
дерде ескерткіш қойылып, әспеттейтін әдемі жағдайларға ой жү-
гіртіп көріңіз. Ал, жеке өз басым Біржан мен Сара кездесіп, айтыс-
қан деген әңгіме шын болса екен деймін. 1993 жылы Жетісуда Са-
ра Тастамбекқызының 115 жылдығы тойланды. Сонда Ешкіөлмес 


12
тауында, Баянжүрек деген жерде Біржан мен Сара осы жерде ай-
тысқан деп ескерткіш тас қойылды. Біржан атам барған, Сарамен 
айтысқан жерге барып, сол тойдағы айтыста Сараның қазіргі за-
мандағы дарынды сіңлілері шымкенттік Әселхан Қалыбекова, тал-
дықорғандық Қаныша Райысовалармен айтысып, Сара атындағы 
бас жүлдені жеңіп алғаныма шүкіршілік қыламын.
11. Біржанның дерті де жұмбақ. Бір жерден оқыдық па, естідік 
пе, әйтеуір біреулер оның ауруына диагноз қойып, медицина тер-
минімен атапты. Қазір неше түрлі ғажаптар шығып жатыр ғой, 
әйтпесе бір ғасырдан астам уақыт бұрын өмірден озған адамға 
диагноз қою қандай қисынға сыяды? Чезаре Ломброзоның атақты 
«Гениальность и умопомешательство» деген кітабында өте талант-
ты адамдардың әпенделіктері, ақылға сыя бермейтін ерекше мінез-
құлықтары мен қылықтары, психикалық ауытқулары туралы айты-
лады. Оның айрықша талант пен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет