27
терең ойды діттеген жеріне жеткізеді. Образдары керемет – айна-
қатесі жоқ ақынның өзі, өз жүрегінің лүпілі. Ол өлім трагедиясы-
нан өмірдің жарқын жырын шығарады. Жырдың өне бойы әділдік-
ке, адалдыққа құлшыныс әуеніне толы. Жан-жүрегіңді сілкіп-
сілкіп алып, мына өмірдің қыр-сырына тереңірек үңілдіретін, та-
зартатын, жақсылыққа ұмтылдыратын қуат сонда қайдан келген?
Бұндай
адал сыршылдық, әрине, тек Қасымдай ақындық қуат-
құдіретімен ғана келмек, оның түп тамыры, сайып келгенде, өмір
мен өлімді тұтас, бар қайшылық тартысымен қоса қамтып, қасірет,
қуаныш атаулыны мейлінше табиғи жырлай білуде жатыр. Жыр-
дың қайғылы тұстарын алып тастаңызшы, не қалар екен?
Анық байқалатыны – өлеңнің жандылығы. Ол
өзінің даладай
дархан табиғилығымен, кең тынысымен жүрегіңді баурап алады.
Бұнда біресе қайғыру,
біресе қуану, тағы да күдік, тағы да сенім
бар, айна-қатесіз өлеңге түсе қалған жан-дүние арпалысы, өмір
жолындағы, өнер жолындағы ізденістің әр сәті, сол сәттегі жүрек
лүпілі. Осы күйінде
ол сені мына ұлы, кең өмірді аралатып алып
кетеді, өмір мен өлімнің сырын шерте келіп, таудан құлаған қуат-
ты селдей тіршіліктің жарқын жазығына алып шығады. Өлең аяқ-
талмай қалғандай әсер етеді, бірақ ол дәл осы күйінде нағыз біртұ-
тас, айтарын айтып, жеріне
жеткізіп кеткен шығарма, бұлдыр тұ-
манды жарып кең өмірге шыға келеді, ары қарай да өмір мен жыр-
дың таусылмасын айқын сезініп, бойыңа қуат біткендей болады.
Жігеріңді қайрап, қысылғанда күш береді,
өмір салтанатын, жар-
қындығын жырлайды.
Иә, қазақтың Қасымы дүниеден өтті, бірақ құлаған жоқ, жарық
дүниемен ғана қош айтысты, ал өлең – өнер өмірі үзілген жоқ. Өр
ақын, өрт ақын соны біліп кетті, кейінгіге сенімін артып кетті.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Достарыңызбен бөлісу: