Шығармалары деректі дүниелер


Олар да бұл Қасымды бір байқасын



Pdf көрінісі
бет8/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf
Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 614bfa4fc93940.60747302, 130592
 
Олар да бұл Қасымды бір байқасын. 
 
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
 
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?!
 
Сондай Қасымдардың бірі – Мұқағали еді. Ақын творчествосы 
жөнінде әлі талай сөз айтыла берер, ал біздің тоқталғымыз кеп 
отырғаны – тек соңғы жыры.
Бұл жыр жарияланғаннан кейін, кейбір жолдастардан әлдебір 
тосырқау, тіпті жабырқау сөздер естіліп қалды. «Өлімді жырлап-


28
ты... Сезген ғой...» дегендей, өр ақынның өкініш, уайымы емес пе 
деп аяғандай. Солай ма екен? 
Алдымен, ауру меңдеп ажалмен арпалысып жатқан ақынның 
көңіл-күйі, әрине, өлең болмысына қатты әсер еткен, сол жүдеу 
тартқан, жабырқаңқы кезіндегі жүрек сөзі бұл. Сары уайымға са-
лынып, дүниеден түңілген боркемік жанның мұңы емес, әрине. 
Жо-жоқ, бұл өр ақынның қыран қабақ, кең қанатты жан жыры. 
Моцарт музыкасына жүгініп, оны өзі айтып кеткендей, қазақ ақы-
нының көзімен көріп, көңілімен толғауы өз алдына бір жаңалық. 
Пушкиннің «Моцарт пен Сальериінде» Моцартқа реквием жазуды 
тапсыратын қара киімді белгісізден басталып қоя беретін Мұқаға-
ли жыры бірінші шумақтан-ақ терең қасірет лебін сезіндіреді. Мі-
не, Моцарт рояльға отырады. Аза бойыңды қаза қылып, музыка үні 
естіледі. Алыстан жеткен сарын әлдебір сыр аңғартқандай.
Тебіреніп, Моцартты тыңдап отырғандай әсер аласың – өнерді 
өнердің жаңғыртуы бұл.
Өмірді мынау азалы ауыр үн басты,
Күйзеліп, жәйлап, өмір мен өлім сырласты... 
 
«Реквимнің» көкейкесті, өзекжарды мәселесі осы екенін бірден 
аңғарасың. Одан ары осы сырласу басталады. Бұның бәрі Моцарт 
музыкасын әншейін өлеңмен баяндау емес, Мұқағалидың өз жүре-
гімен қабылдауы, өз жүрегімен қайта бір толғауы, түптің-түбінде 
өз үні, өз жыры.
Төбе құйқаңды шымырлататын табыт үні – өлімнің ащы зары. 
Мұнда сұп-суық табыт, яғни өлінің өзі сөйлеп тұр. Әрине, бұл ті-
рінің өлім туралы ойлауы, өлімді көзіне елестетуі, бірақ ақын соны 
тура өлінің атынан жеткізген. Керемет, сұмдық образ. Өлінің тірі-
лерге сәлеміндей, тілдесуіндей, аманатындай естілетін мына жа-
рық дүниеге деген сағынышын тебіренбей оқу мүмкін емес.
Мен сені сүйгем,
Жаныммен сүйгем, жарық күн!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет