Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет10/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

 
Өмір дегенге
 
Тірлікте сірә жетер ме ой
 
Жарық сәуледен басқаның бәрі – бекер ғой. 
 
Бекер ғой бәрі, 
 
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, 
 
Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой!.. 
 
Тамшыдай ғана нұрына, міне, зарықтым, 
 
Өмір осы екен, сырына, міне қанықтым. 
 
Жаса сен мәңгі!.. 
 
Жаса сен мәңгі!
 
Жарық күн!
 
... Табытпын, табытпын, табытпын... 
 
Оқып отырған сәтте-ақ, көңілің алас ұрып: «Апырмай, өмірдің, 
мына жарық күннің қадірін түсінбей жүрдім бе?» деп күдіктенесің, 
оның соншалықты ыстық, тәтті екенін жан дүниеңмен сезініп, қа-
дірін ұғынғандай боласың, тірлікке ой жүгіртесің. Ары қарай: 
«Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой» дейді ақын. Бұл не 
сөз? Тағы да сөзбе-сөз, жабайы түсінбей, ақын сырына үңіле қа-
райықшы. Бұл арқылы күн сәулесінен, яғни табиғаттан, табиғи 
тірліктен басқаның бәрі бекер деп тұрмаған болар. Жарық, сәуле 
дегенге ақын үлкен, терең мағына сыйғызатын тәрізді. Жарық... 
Сәуле... Екеуі де жүрекке ыстық сөздер емес пе? «Жарық сәуле» 
жарқындық, жақсылық дегенмен мағыналас жатыр. Бұған әсіресе, 
«Жетімдер үнін» оқығанда көз жетеді. Әлгінде ақын:


30
Өмір дегенге 
Тірлікте сірә жетер ме ой, – десе, мұнда:
Тіршілікте біреуін біреу күндер, 
Бізге жат өлі кімдер –
Тірі кімдер.
Жиылып, жер шарының жетімдері,
Алдында Ақиқаттың бірігіңдер! 
Міне, ақынның позициясы, тірілерге айтып кеткен өсиеті. Бе-
кер ғой, бөтен ғой дегені – өмірдің ласы. Жарық сәуле – жарқын-
дықтан, жақсылықтан басқаның бәрі бекер ғой! 
«Табыт үнінің» аяғында «Жаса сен, мәңгі, Жарық күн!» деген 
жолдар ақын жүрегін жарып шыққан ұраны десе де болады: бұл 
ұлы өмірге қол соғу, тіршілік гимні. Сол сәтте-ақ «Табытпын, та-
бытпын, табытпын» деген қайғы-мұң қоса жүр. Бұл «біттім, біттім, 
біттім» дегендей естіледі. Бұнда да өмірді қимау, қайғы бар.
Бірақ ақын рухы күйремеген.
Жо-жоқ, осынша қасіретке, сағынышқа, ғашықтыққа толы 
«Табыт үнінің» өзінде ақын рухы қалың мұң арасынан айдай ай-
қын аңғарылса, «Халық үні» бөлімі – оның өзіне-өзі күш беруі, 
болашаққа үмітін артуы. Ақын өз жырының өлмесіне сенеді:
Болашақ дүниеге шыр еткенде,
Бір ұрпақ бір ұрпаққа іліккенде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет