Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет18/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf
Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 614bfa4fc93940.60747302, 130592
1990 жыл.
«Қорғанбек Аманжолов деген бір керемет шығыпты, мектепті 
бітірерде шығарманы өлеңмен жазыпты!» деген сөз аяқ астынан 
дүңк ете түсті. 1970 жылы Степняк қаласындағы Абай атындағы 
орта мектептің тоғызыншы класын енді бітіріп жатқан біз аузы-
мызды аштық та қалдық. Әдебиет пәнінен сабақ беретін Көпенова 
Қайыржан апайымыз екпіндете сөйлеп, Зеренді ауданынан түлеп 
ұшқан балапанды әбден әспеттеп, оның өлеңмен жазған шығарма-
сы облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде басылғанын айта 
келе, бір-екі ауыз үзіндісін де сөз арасында қыстырып жіберді.
Мен мұндай «данышпан» баланы көруге құмар болдым.
Сол жылы немере ағам Жарылғасын Әбішев мектеп бітіріп, 
Алматыға, КазГУ-дің филология факультетіне оқуға аттанды. Бір 
күні одан хат келді. Хатында Алматының әсемдігі, университет 
пен ұстаздары туралы жаза келіп: «Қорғанбек Аманжоловты көр-
дім, дәл қасында тұрдым!» – деп түйіпті аяғын.
Мен де оны көргім-ақ келді, бірақ «данышпан» қолға түсе бере 
ме, неше жыл университетте оқып жүргенде де, кейін де онымен 
кездесудің сәті түспеді. Баспасөз бетінен де оның жырларын көп 
байқай қоймадым. Қорғанбекті көру дегенің қар адамын көрумен 
бірдей болды сөйтіп.
Күндердің күндерінде, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінде 
қызмет істеп жүрген кезім еді, есіктен бір иман жүзді қара домалақ 
біреу ақырын басып кірді.
– Баянғали, мен сенімен әдейілеп танысайын деп келдім, мен 
Қорғанбек Аманжоловпын! – деді. Ұшып тұрып, құшақтай алдым.
– Өй, сен баяғыдан қайда жүрсің? Мен сені мектептен бері із-
деп келемін ғой! – деп, әлгі тарихтан сыр шертіп, арқа-жарқа бол-
дық та қалдық. Бірақ, бала күнімнен қол жетпестей көріп жүрген 


75
«данышпанымның» қарапайым ғана қарадомалақ болып шыққа-
нына көңілім кәдімгідей қоңылтақсып қалғанын да жасырмай, 
қалжыңға айналдырып, Қасым Аманжоловпен кездесу бұйырмаған 
соң, Қорғанбек Аманжоловқа да шүкіршілік қыламыз ғой деп, қол-
тықтасып «Қаламгерге» тарттық. Содан бері жұбымыз жазылмай, 
көңіл жарастығымыз бұзылмай, дос, бауыр болып келе жатырмыз. 
Айтқандайын, құдай бергенде, Қорғанбектің ата-тегі Қылды Қа-
рауыл – менің нағашым екен, құрдастығыма жиендігім қосылға-
сын қоямын ба, оны көрсем не телефонмен сөйлессем болды, өз-
өзімнен еркелігім ұстап, қиястанып шыға келемін. Ал, әзіл-
қалжыңды былай қойып, оның рухани еңбегін шындап таразылап, 
сарапқа салсақ, шығарманы өлеңмен жазған арманшыл баланың 
асқар алпыс асуына халқының жырын жырлап, жоғын жоқтап, 
ақиық ақын, қабырғалы қаламгер, қайраткер тұлға болып толысып 
келгендігін, яғни, кіші Аманжолов үлкен Аманжоловтың лайықты 
ізбасарларының біріне айналғандығын көрер едік.
Оның мектеп қабырғасында шығарманы өлеңмен жазуы тегін 
емес қой, құдай берген ақындық дарыны ерте оянуына ауыз әде-
биетінің, әсіресе батырлар жырының қайнарынан қаршадайынан 
қанып ішкендігі ықпал еткені даусыз. Бала Қорғанбек Қобыланды 
батырдың Қазанның қырлы-сырлы қамалынан Тайбуырылмен қар-
ғып бара жатқан суретіне қадала қарап отырып, қиял дүниесіне 
әбден-ақ батады екен. Сол кезде оның кіршіксіз сәби сана-сезімі 
болашақта алатын қамалдарынан найза ұстаған батыр болып емес, 
қалам ұстаған ақын болып қарғитынын бағамдады ма екен, кім 
білсін!? Анығы сол, мектеп қабырғасында жүріп жазған балауса 
өлеңдерінен бастап бүгінгі есейген шағындағы есті жырларынан 
есіп тұрған адамға тән мұң-шерін, сағыныш-арманын, махаббат 
сырларын, шаттық-қуанышын сезіне алсаңыз, оның нағыз ақын 
екендігіне қалтқысыз иланасыз. Ол тұнып тұрған лирик, ақпа-
төкпе табиғи ақын. Оның поэзия әлемі мөлдір, таза сезімге толы. 
Қорғанбекті оқығанда сан-алуан күй кешіп, көңіліңде бір нәзік 
толқындар оянып, ойың қозғалып, қиялың ақынның балалық ша-
ғын, туып-өскен жерін, «мешітті ғаламын» кезіп кете береді.
Мешітті ғалам туған үй,
Мекенім едің тал бесік,
Ертегі назды думан күй,
Еркелеп өстік ән кешіп.


76
Талқанның дәмі – таңдайда,
Аласыз көңіл алқаған,
Алақан табы – маңдайда 
Қамқор қол қаққан арқадан...
Бұйырып бақыт аздаған, 
Періште пәки күйімде,
Мейірім ғана маздаған, 
Мешітті ғалам үйімде...
Алдынан сол бір баланың 
Ашады дүние аранын,
Мешітті менің ғаламым,
Мен сені қайдан табамын?! 
Асылы, адам поэзияны логикалық қисындардан гөрі, жан-
дүниесімен, өзгеше бір сезім күйін кеше отырып қабылдайды ғой! 
Осы өлеңді зер сала, үңіле оқып көрсеңіз, біраз жерді шарлап қай-
тасыз да, кеудеңізді сағыныш кернеп, туған үйге ораласыз...
Ақынның дала туралы, сұлу Көкше жайлы жырлары туған өл-
кенің таңғажайып жанды суреттері іспетті. Зеренді ормандарының 
ішінде Қорғанбектің «Зеренді қарағайлары» деген өлеңін үлкен 
полотноға жазып, екі қарағайға арқанмен кере байлап, әуеге іліп 
қойған. Бұл табиғи жыр мен табиғаттың әдемі табысып, туысып 
кеткеніндей көңіліңді шуаққа бөлейтін, тиын сауған құйын заман-
да да адамдарға поэзияның керектігін айғақтап, сөз патшасы өлең-
нің қашанда өз биігінде тұра беретіндігін байқатқан бір керемет 
көрініс болды! Ал мына басынан аяғына дейін су жорғадай төгіл-
ген сұлу өлеңді қараңызшы:
Көктерек, Қызылегіс, Қарашілік,
Ортағаш – ойды бөлген таң асырып,
Төрт ауыл, төрт бауырым, 
Көңілімнің 
Көгіне көтерілген дара шығып.
Туған жерге деген махаббаттан туған, ой мен сезімге бай, өлең 
ырғағы, сөз музыкасы жаныңа рақат сыйлайтын осындай өлеңдер 
Қорғанбек поэзиясына тән көп жақсы қасиеттерді аңғартады. Мі-
не, менің бала күнгі «данышпаным» қазақ поэзиясы айдынына 


77
мөлдір бұлақтай сылдырлап құйылған мүлтіксіз жырлар сыйлап, 
көзі тірі кемел ақындардың алдыңғы қатарына даңғаза мақтаусыз-
ақ қосылып жүре бергелі қашан! 
Айта берсек, Қорғанбек туралы ауыз толтырарлық сөз аз емес. 
Адам ретіндегі ізгілігі, азамат ретіндегі ірілігі, баспасөз қызметкері 
ретіндегі қаққан қазықтай нығыздығы, жорналшы ретіндегі деректі 
шығармаларының елдік маңыздылығы, аудармашы ретіндегі ше-
берлігі, табанды еңбекқорлығы тарау-тарау әңгімеге лайықты. 
Әсіресе, қарасөзбен жазылған қалың-қалың кітаптарында халқы-
мыздың басынан өткен қилы-қилы тарихи оқиғалар жайында нақ-
ты деректерге сүйеніп, адам тағдырларын арқау ете отырып, үлкен 
ойлар толғайды. Ол еңбектері танымдық, тағлымдық мәні жоғары, 
оқушысына мол мағлұмат, ақпар, білім беретін бағалы дүниелер 
екенін де бір тұжырымдап қойсақ, артық болмас. Сондықтан да, 
алдағы қараша айында қазақ елінің руханиятына зор еңбек сіңірген 
көрнекті ақын, Көкше жерінің кемел азаматы Қорғанбек Аманжо-
ловтың алпыс жылдық мерейтойын ел болып көркейтіп атап өтсек, 
әбден жөн болар еді.
Сағынышқа толы өлеңдерінде ақын ес білгеннен әлденені са-
ғынып жүреді. Өскен соң да сағынады. Әлі сағынып келеді. Не 
нәрсе екенін өзі де білмейді, түсінбейді. Белгісіз бір нәрсе... Бай-
лық па, бақ па, атақ па, даңқ па... Жо-жоқ, тіпті де олай емес сияқ-
ты. Ал сонда не? Жауабы жоқ... Тек қана үздіктіретін, жанға маза 
бермейтін бір сағыныш бар жүректе. Сағынады ақын, аңсайды әл-
денені... Адам көңіл-күйінің бір терең, нәзік иірімі... Иә, шынында 
да адамдар дүниеде қолға ұстатпайтын, көзге көрінбейтін бір бел-
гісіз, сәулелі үмітті аңсап жүретіндей... Өмір сонысымен қызық, 
сонысымен мағыналы, бәлкім! 
Аңсарың таусылмасын, жан-жарың, балаларың аман болып, 
сәулелі үмітің алға бастай берсін, қара нардай Қорғанбек, қарағай-
лы қара ормандай Қорғанбек! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет