90
бердім батамды» дегендей, кейінгіге үмітпен көз тастайтын кезге
де шүкіршілік, жақындап келеміз.
Оразалы Досбосынов, Бекарыс
Шойбеков, Мұхамеджан Тазабеков, Аманжол Әлтаев сынды ыл-
дидан шапса өрге озған, құлашы кең, от ауызды, орақ тілді жастар
легі келеді. Мен соған қуанамын. Соңғы рет М. Әуезовтың 100
жылдығына орай басталған, бірнеше кезеңмен өткізіліп келе жат-
қан телеайтыста мені Оразалы Досбосыновпен бірге салды. Үш
мың көрермен тамашалап отырды. Сахна төрінде бас жүлде – қы-
зыл түсті жеңіл автомобильді көлденең тартып қойыпты. Намысқа
басып, «Бас бәйгені сен алуға лайықсың»
деп емеуірін танытқан
қазылар да болды. Бірақ адалынан ақтарылсам, ел күйзеліп, аш-
жалаңаш отырған осындай кезде алабөтен мырзалық көрсетіп,
жүлдеге машина тігудің өзі көңіліме жақпады. Екіншіден, дүние –
көздің құрты ғой. Адам пенде, бірде
болмаса бірде сол пендеші-
ліктің жетегінде кетуі ғажап емес. Ендеше халықтың рухани жүгін
көтеретін, адалдық пен тазалықтың, азаматтық ақыл-парасат, ірілік
пен асқақтықтың туын көтереді деп үміт артып отырған баладай
аңғал сенгіш ақын қауымды дүниеге бола бір-біріне алакөз етудің,
жүз-жүзге, ел-елге бөліп, алауыздықтың дәмін себудің қажеті жоқ
деп ойлаймын. Сондықтан да жас жағынан алғанда баламдай Ора-
залымен сөз салыстырып жатуды бойыма мін көрдім. Оған жо-
лымды бердім. Ақын Ербол Ханбатыров және басқа да көп кісі,
әсіресе
жас ақындар, қолымды ұстап, разылық білдіріп: «Сіз өз
биігіңізде қалдыңыз!» дегенді айтты. Оразалыға жол бергеніме
жоғарыда айтқан үш мың көрермен куә.
Достарыңызбен бөлісу: