бәйгесіне тағы бір салып, Тама Есет батыр әруағын тағы бір дүр сілкінтпек ойлары бар көрінген. Айтыс жүріп жатыр. Қазылар алқасының құрамында мен де отырмын. Батыстың жарқыраған,
89
шаңытқан ыстық шуақты аспанының астында айтыс додасын тамашалаған ақтөбеліктер аңызғақтан қаталаса да табан аудармай, күні бойы тапжылмастан отырды. Төкпе жыры көпшіліктің көңілінен табылатын, аруақты өне- рі дүйім елге рух беретін Баянғали сол жолы да өз биігінен табыл- ды. Алайда, амал не, ұпай санын есептей келгенде бас жүлде бас- қаға тиді. Пікірімді ішке түйіп, қатар отырған «әріптестерім- нен» – қазылардан Баянғалиға қанша ұпай бергенін сұрастырдым. Көпшілігінің ұпай саны – өзімнің қойғанымдай. Ең жоғары ұпай.