Шығармалары деректі дүниелер


Маңғыстау қ. 1998 ж. 18 тамыз. Ұрпақтар санасына ата-бабаларымыздың ерлік рухын, кісілік



Pdf көрінісі
бет32/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

 
Маңғыстау қ. 1998 ж. 18 тамыз.
Ұрпақтар санасына ата-бабаларымыздың ерлік рухын, кісілік, 
адамгершілік қасиеттерін сіңіретін бірден-бір қазынамыз – ба-
тырлар жыры, толғау, термелер. Оларды бізге жеткізген жыр-
шы, жыраулар екені белгілі. Жақында осындай өнерді өмірінің өзе-
гіне айналдырған жандардың бірімен кездесудің сәті түскен еді. 
Төменде халқымыздың ғасырлар бойы бірге жасасып, бірге қайна-
сып келе жатқан ұлттық өнерін насихаттауда көп еңбек сіңіріп 
жүрген жыршы Баянғали Әлімжановпен болған әңгімені назарла-
рыңызға ұсынуды жөн көрдік.


95
– 
Рухани экспансия жүріп жатқан қазіргідей уақытта ұлт-
тық өнерімізге тиісінше мән беріп, оны жаңғырту мақсатында 
үкіметке хат жолдағаныңыздан хабардармыз. Жерге қаратпас 
жайсаң ағаларымыз барда халқымыздың тауы шағылып, сағы 
сына қоймайтыны хақ. Әңгімені осы төңіректен бастасаңыз.
– Атадан қалған көне өнерімізді жаңа заманға үйлестіріп, сах-
наның талабына қарай бейімдеп, халыққа қызықты етіп жеткізе 
білуіміз керек. Өйткені, бүгінде жасыратыны жоқ, көп халықтар 
мұндай ескі жыр айту өнерлерін жоғалтып алды. Ал, біздің қаны-
мызда болғандықтан, құдайға шүкір, өзімізбен бірге бұл өнер де 
әлі жасап келеді. Міне, осыған мемлекеттік тұрғыдан мән берілсе 
екен деген тілек білдіріп, Иманғали Тасмағанбетовтың атына хат 
жолдаған болатынмын. Мәдениетіміздің үлкен жанашыры, қай-
раткер бауырымыз бұл істі қолдап, соның нәтижесінде жақында 
Астанада тілдер фестивалінің аясында Республикалық жыршы-
жыраулардың өнер байқауы өткізілгелі отыр. Бұл мемлекетіміздің 
жыршылық өнерге мән бергендігінің белгісі деп есептеймін.
– Бір кездерде теледидардан «Халық қазынасы», «Терме» де-
ген цикл, жекелеген жыршылар туралы хабарлар беріліп жүрді. 
Бұл біздің зиялы қауымның бодан ел боп тұрған кездің өзінде ті-
лімізді, дәстүрімізді жоғалтпауға бағытталған жұмысы еді ғой. 
Қазір осы мәселелерге тиісінше мән берілмей қалған сияқты ма, 
сіздің ойыңызша қалай? 
– Сөзіңіздің жаны бар, ата-бабаларымыз аңсаған армандарына 
қолымыз жетіп, тәуелсіздік таңы атқан тұста осы батырлар жыры 
мүлде ұмытылып, шетте қалып қойды демеймін, дегенмен теледи-
дардан көп көрінбей кетті. Ал жыршылардың бас қосуы оқта-текте 
өте қалса, сол жүрдім-бардым, жеңіл-желпі ғана мән беріліп кел-
гені ақиқат. Мысалы, 1999 жылы Астанада «Алпамыс батыр» жы-
рының 1000 жылдығына арналған жыр кешіне, мен рухани мазмұ-
нын айтпаймын, жыршылар жақсы жырлады, ұйымдастырушылық 
жағынан келгенде өте бір көңіліміз толмады.
Рас, бір кездері қазақ ауылдарында кешкілік астан кейін бәрі 
бірдей домбыра алып айтпаса да, батырлар жырын әуендетіп оқып 
отыратын дәстүр болды. Біз содан ауызданып өстік. Ал енді, өз 
басым осы халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өске-
німді жеке бақытым деп есептеймін. Ұлтты ұлт етіп көрсететін, 
айшықтайтын жыр тұрғанда қазақтың тілі де жасай бермек. Тек 


96
осы өнеріміздің өріс алып, дамуына жағдай жасауымыз керек.
– Таяуда Қызылорда қаласында «Ғасырлар үні» атты респуб-
ликалық жыраулар конкурсының өткенін, онда сіздің жүлделі 
орындардың бірін жеңіп алғаныңызды жыр сүйер қауым жақсы 
біледі. Осы конкурс жайында айта кетсеңіз.
– Бұған республикамыздың түкпір-түкпірінен 24 жырау қаты-
сып, үш кезеңнен тұратын үлкен жарыс болды. Осында біраз жі-
гіттер өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде бас жүлдеге бұл дәс-
түрді жалғап жүрген жақсы жыршылардың бірі, ақтөбелік жырау 
Демеубай Жолымбетов ие болды. Бірінші орынды Серік Жақсығұ-
лов жеген жас жігіт, ал екінші орынды Майра Сәрсенбаева мен 
белгілі алматылық жыршы Ақан Әбдуәлиев жеңіп алды. Мынау 
Майра деген – атасы Сәрсенбай жырау, әкесі Алшынбек жырау, 
өзі бала жырау. Көрдіңіз бе, дәстүрді қалай жалғап келе жатқанда-
рын, өзінің бөлек мектебі де бар. Ал үшінші орынды жыршылық 
өнерді өмірлерінің өзегіне айналдырған семейлік Дүйсен Нығмет-
жанов пен ақтаулық Амандық Көмекұлы бөлісті. Жалпы, Қызы-
лорда бұл шараны өте жақсы өткізді. Олар қаланың орталығында-
ғы Қорқыт ата монументінен бастап жыраулардың шеруін жасады. 
Сол күні екі жақ көшеге лық толы халық шығып, орталықта үлкен 
жыр кеші болды. Ашық алаңның ортасында жырладық. Мәселен, 
осындай шеруді Астанада өткізсе. Қазақ жыраулары, қазақ жыр-
шылары, батырлардың жыры келе жатыр деген қандай жақсы! 
Мұны Қызылорда облысының әкімшілігі, мәдениет басқармасы 
және сол жердің азаматтары, әрине, үкіметтің қолдауымен өткізді. 
Алдағы болашақта осындай тамаша іс шаралар елордамызда да 
ұйымдастырылады деп ойлаймын.
– Терме, толғауларды домбырадан ажыратып алып, кейбір 
әншілеріміз эстрадаға салып, өзгертіп айтып жүр. Осыған көзқа-
расыңыз қандай? 
– Бұл дәстүрді бұзғандық емес, керісінше, мұны құптау керек. 
Өйткені, осы арқылы ұрпақтың санасына аталарымыздың сөзі же-
тіп жатыр ғой. Қандастарымыздың құлақтары жынды сөздерден 
гөрі, өз еліміздің құнды сөздерін көбірек ести берсе, одан қашпау 
керек. Қазір баяғы заман емес қой. Терме, жырларды адам бәлен-
бай сағат бойы тыңдап отыра алмайды. Оған уақыт та жетпейді. 
Сондықтан, жұртты жалықтырмайтын жағын іздестірген жөн.
Бүгінде жапондар каратэсін, қытайлар кунфу – у-шуын айтады, 


97
корейлер таэквондасын танытып жатыр. Бізде таза сипаттағы ұлт-
тық өнерімізді осы заманға лайықтап, үлкен бір рухани құрал ре-
тінде қолдануымыз қажет. Өзіңіз айтып өткен «Халық қазынасы», 
«Терме» деген хабарлар циклін жандандырып, жаңаша түрлендіріп 
теледидарға шығару – кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі. Со-
нымен бірге мектептерде Қобландының, Алпамыстың, Қозы Көр-
пеш – Баян сұлудың мазмұнын тереңдетіп оқыту керек. Астанада 
өткелі отырған байқаудың негізгі мақсаттарының бірі де осы – жас 
кезінен балалардың санасына халық қазыналарын сіңіре беру. 
Өйткені, бұл дегеніміз рухани нұр ғой...
– Өзіңіздің тікелей ат салысуыңыздың арқасында қаламызда 
ұйымдастырылып отырған байқауға сізден басқа тағы да кімдер 
қатысады деп күтілуде? 
– Бұған республикамыздың ең таңдаулы жыршы-жыраулары 
шақырылып отыр. Оған Алмас Алматов, Сардарбек Қожағұлов, 
Елікбай Исаев, Эльмира Жаңабергенова, Демеубай Жолымбетов, 
Майра Сәрсенбаева, 13 жасар қарағандылық Дидар Қамиев және 
тағы басқалар қатысады. Осы арқылы ауыз әдебиетінің інжу-
маржандарының ұмыт болмайтындығын, қайта келер ғасырдың 
қазынасына айналатынын айғақтағымыз келеді.
Гүлбаршын Өкешқызы. 
«Астана ақшамы» г. 2001 ж. 11 қыркүйек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет