Шығармалары деректі дүниелер


Ата-бабадан қанына сіңген қасиет, қазақ



Pdf көрінісі
бет35/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

 
Ата-бабадан қанына сіңген қасиет, қазақ
 
үшін жырды жыршының аузынан естудің жөні бір басқа болып 
шықты. Бір сағатқа жуық айтылған әсерлі жырды жұрт тапжылмай 


100
ұйып отырып тыңдайды. Сондықтан, жыршылық өнерінен алшақ-
тауға болмайды. «Батыр Баянды» менің орындауымда республика-
лық, облыстық радио, республикалық теледидар жазып алды.
– Баян аға, енді «Манасқа» келейік. Кезінде Ғафу Қайырбеков 
(«Е. Қ», 22-қазан, 1992 ж.): «Қазір Көкшетаудағы жас ақын 
Баянғали Әлімжанов сол «Манастың» бірнеше тарауын қырғыз 
тілінде керемет орындайды. Қайда жүріп үйренгенін Құдайым 
білсін. Қазақтағы манасшы – Баянғали – сирек құбылыс. Ау, қан-
ша туыс болғанымен, басқа ұлттың бүкіл бір хиссасын жатқа 
айтқан кім бар? Орыстар мұны «феномен» десе керек» деп баға 
беріпті. Осы жайтқа қысқаша тоқталып өтсеңіз...
– Бұл тақырып талай талданып жазылды ғой. Мен бүгін басқа 
қырынан келейін, қызықтарын айтайын. Қырғыздың Асанбек 
Иманбаев деген журналисі «Қырғыз мәдениетіне қатысы бар қазақ 
азаматтары туралы» марқұм Сәбира Майқанованы, Мұзафар Әлім-
баевты және мені түсіріп, телехабар дайындаған. Онда мен «Ма-
настан» «Көкетай ханның асынан» ұзақ толғағам. Ол кезде «Жұл-
дыз» журналында қызмет істеп жүрген кезім еді, қырғыздың бес 
қызынан хат келіпті. Алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын 
білдіріп, келіп қайт депті (күледі). 1993 жылы Бішкекте «Ақтаң-
дай-93» деген айдармен Қазақстан-Қырғызстан ақындарының ай-
тысы болды. Бас жүлдеге маған түйе мінгізді. Оны мен қазақ елші-
лігіне байладым. Сол айтыста «Манасты» айттым. Қырғыздар дүр-
кіреп кетті. «Қазақтың Манасты айтқаны қызық екен», – десіпті. 
Сонда Мәдениет министрлігінің орынбасары, «Манас-1000» ди-
рекциясының директоры марқұм Шеримбек Шаршеев мені құшақ-
тап: «Манастың мыңжылдық тойына арнайы шақырамыз, келі-
ңіз!», – деді. Кейін 1995 жылы халықаралық конкурсына қатысып
арнайы жүлдеге ие болдым. Қырғыз манасшылары Назарқұл, 
Асанхан, Ұрқаш, Қаба, Шабай, Базарбай, Анарбек, т. б. «Ой, аза-
мат!» деп алақандарына салды. Мен оларға: «Бұл конкурстарың 
мен қатысқан соң халықаралық болды, әйтпесе өңкей қырғыз өз-
дерің өткізсеңдер қалай болар еді?» дедім қалжыңдап. Сол сапарда 
Алматыға соғып, Қазақстан Ғылым академиясында, «Манас» жы-
рының мың жылдығына арналған үлкен конференцияда жырла-
дым. Шыңғыс Айтматов ағамыз қолымды алып: «Саған шоң рах-
мет!», – деді. Арада біраз уақыт өткен соң «Манастың»1000 жыл-
дық тойына шақыру келді. Таласқа ұшып келсек, қарақұрым ха-


101
лық. Қол бұлғап, құшақ жайып қарсы алды. Манастың күмбезіне 
құран оқыдым. Үш қабатты киіз үй тігіпті қырғыздар, тамаша! 
Киіз үйлерді аралап келе жатқанымда: « О, Баянғали! Кел, «Ма-
насты» айт!» деп бір қырғыз тележурналисі бас салды. «Ағаларым 
сөйлесін!» – деп мен ыңғайсызданып қалдым. «Манастың Тала-
сында тұрып, «Манасты» айтпай кеткенің болмайды!», – деп ол да 
қадалып тұрып алды. Содан таудай ағаларымның ортасында, Та-
ласта тұрып «Манасты» айттым. Тағы бір топқа таяп келсек, Қы-
тайда тұратын ұлы қырғыз манасшысы Жүсіп Мамайды көрдік. 
Аппақ сақалды, жүзінен нұр төгілген кісі екен, келіп сәлем беріп, 
қолын алғанымда үлкен бір рухани тазалықты, қуатты сездім. Та-
ныстым. «Көкшетауда көк моншақ деген ел бар ма? – деп сұрады. 
«Оны білмедім, бірақ қырғыздар бар», – дедім. «Олар Абылай за-
манында барған қырғыздар ғой, ал көк моншақ тарихы арыда жа-
тыр, сұрастырып көрші!», – деп бір қойды. Кетерде «Манасты» 
ұмытпай айта бер!», – деп, жақсы-жақсы тілек айтып, ризашылық 
білдіріп, батасын берді. Жалпы, қырғыздың «Манасы» – 1000 
жылдық тарихы бар ұлы рухты, ерекше қуатты мұра. Бала күнімде 
ерекше әсерге бөленіп оқып, радиодан тыңдағам, қатты ұнатқан-
мын. «Манасты» жырлау үлкен махаббат, сүйіспеншілік, қастер-
леуден, ақ пейіл, адал ниеттен туған деуге болар.
– Сіз 215 рет айтысқа түсіп, оның 22-сінен бас бәйге – «Гран-
приді» жеңіп алған, жүлдегер атанған айтулы ақынсыз. Деген-
мен, осы айтыс кездерінде өкінген, қиналған кездеріңіз болды ма? 
– 
Болды. Айтыс кезінде ақиқат сөзіңді бұрмалап, ойыңды те-
ріске шығарып, өресіздік танытатын қазылар да, қарсыластар да 
болды. Сондай жайттар өкінтеді-ақ! Мәселен, бір кездері әйелдер 
босанатын үйге барып босануы
 
үшін ақша төлететін заң шықты. 
Мұны мен өрескел қателік, аналар үшін, ел үшін ауыртпалық деп 
түсіндім. Үйінде босанып, қиналған жас аналар барын естіп жүр-
дім. Сосын бес-алты мың адам жиналған стадионда өткен бір ай-
тыста осы ақша төлеуді тоқтату мәселесін көтеріп, жанайқайымды 
былай деп жаздым:
Махаббат сонда дағы маздап жатыр,
Ғашықтар көк көрпені қозғап жатыр.
Роддомға төлер ақша таппаған соң,
Келіндер қой қорада қоздап жатыр.
Сөйтсем, қарсыласым «біздің қазақ – батыр халық, оларға род-


102
дом керегі жоқ, олар ақ қар, көк мұздың үстінде босана береді, со-
сын да балалары батыр болады», – деп бұра тартты. Өкініштісі, аяқ 
астынан менің сөзімнің мәнісіне ой жүгіртіп үлгермеген жұрт 
оның жеңіл-желпі әжуасына қол соғып, гуілдеп кетті. Шынымды 
айтсам, сол сәт ішімде бірдеңе үзіліп кеткендей болды. Мен ол пі-
кірімді іліп әкетіп, үкіметке, Денсаулық сақтау министрлігіне сын 
айтады, деп үміттенгем. Кейде тіпті басқа жағдай болады. 1999 
жылы Ақтөбеде өткен Көтібар батырға арналған тойда көмейіме 
келіп қалған соң
Көтібар қас дұшпанын еңіреткен,
Ел үшін қан мен терін төгіп өткен.
Аждаһадай ажалға қарсы шауып,
Қайтпаған қылыш пенен зеңбіректен! – дедім.
Сөйтсем, айтыстан кейін көпшіліктен біреу: Көкшетаудың 
ақыны тым әсірелеп жіберді-ау, әйтпесе кім жалаң қылышпен
 
қар-
сы шауып, жеңуші еді?», – депті. Сонда оған алқалы жиында бір 
ғалым, профессор бұлтартпас жауап қайтарыпты. Ол кездегі патша 
әскерінің зеңбірегі бес-алты рет доп атқаннан кейін қызып кетеді 
екен де, қашан суығанша атпай күтіп тұрады екен. Соны біліп ал-
ған Көтібар олар кідірген сәтте шын мәнісінде жалаң қылышпен ат 
қойып, шауып алады екен. Әскерилердің Көтібармен соғысқанда 
зеңбіректі абайлап пайдаланыңдар, әйтпесе опық жейсіңдер» деген 
тұрғыдағы архивте құжаттары сақталған екен. Мұны айтқан жаңа-
ғы кісі Үкетай Байжомартов деген өте бір зиялы, білімдар адам, 
Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқыған кісі екен. Бұл енді қыза-
қыза келгенде аузыма Құдай салғандай деген сөз.
– Айтыс ақыны, жыршы, манасшы болғаныңызбен, жазба 
әдебиеттен қол үзіп кетпегеніңіз кәміл.
– Әрине. «Шешендік сөздер, шешілмеген сырлар» деген мақа-
лам 1973 жылы мен ІІ курста оқып жүргенімде «Қазақ әдебиеті» 
газетінде жарияланды. Мұнда билердің авторлығын тану жөнінде 
мәселе көтердім, ол пікірімді газет бетінде үлкен ғалым Балтабай 
Адамбаев қолдады. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, «Қа-
зақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істедім. Әдеби сындар, интер-
медиялар, сценарийлер жаздым. «Құдалық», «Қожанасыр» атты 
пьесаларымды Көкшетаудағы Ш. Құсайынов атындағы облыстық 
сазды-драмалық театры соңғы бірнеше жыл бойы қойып келе жа-
тыр. «Құдалықты» Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Ғабит Мү-


103
сірепов атындағы академиялық Жастар мен балалар театры қойып 
жүр. «Жынды Қаратайдың қасіреті»атты кітабым шыққалы Семей, 
Өскемен, Астана театрлары осы кітаптан алып, кей шығармала-
рымды сахнаға шығарып жүрген көрінеді. 2000 жылы «Қайран 
кемпір-шалдар-ай!» пьесасын, соңғы кезде «Жолбарыс пен Пони», 
«Алтын ноқта» атты балаларға арналған екі пьеса жазып, аяқта-
дым.
– Баян аға, әсерлі әңгімеңізге көп-көп рахмет. Мерейтойыңыз 
мерекелі болып, өмірде де, өнерде де тек қана жеңіске жете
беріңіз! 
Сұхбаттасқан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет