99
та бойлы, ақсары кісі еді» деп жазып жүргендер, оның руының
Ақсары болғанын арқау етіп жүрсе керек. Ал мүсінші, марқұм Тө-
леген Досмағамбетовтің Степняктағы Біржан бейіті басындағы
және «Көкшетау» Мәдениет сарайы алдындағы екі ескерткішінің
де бет-әлпеті әлгі ұсынылып жүрген суреттегіге келмейді. Небір
ғаламат туындылар қашаған талантты Төкең
Біржан бейнесін оның
ұлы Теміртас кейпінен іздесе керек.
– Электрониканың, техниканың тұрмысымызға дендеп кет-
кен заманында ата-бабамыздың көне өнерін ұстанып, жыр ай-
татыныңыз таңғалдырады. Және магнитофон мен теледидардың
«наушниктерінен» құлағы тұнып, миы ашыған жұрт жырыңыз-
ды тамсанып отырып тыңдайды. «Батыр Баянды» не себепті
жырлап кеттіңіз?
– Атам Әлімжан хиссашы, жырларды жатқа айтатын болыпты.
Осы өңірдің жұрты Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамырын» кезінде
менің анамның ауызынан естіген екен. Өзім 4-класс оқып жүрген-
де «Жазушы боламын» дейтінмін. ҚазМУ-дің филология факуль-
тетінде оқып жүрген кезім еді. Бір күні арнайы курс өткізіп тұрған
Рымғали Нұрғалиев: «Мағжан Жұмабаев деген қазақтың великий
ақыны болған. «Батыр Баян» деген поэмасын 1922-1923 жылдары
Ташкенттен шыққан «Шолпан» журналы басқан. Пушкин атында-
ғы кітапханадан тауып алып оқуларыңа болады.
Мағжан он бес
жылдан соң ақталады» – деді, сосын маған қарап: «Сенің өзіңнің
де атың Баян екен, сенің тауып оқығаның дұрыс», – деді. Расында
да Мағжан он төрт жылдан соң ақталды. Ғұлама ұстазым бір-ақ
жылға қателесіпті! Содан мен Пушкин атындағы кітапхананың
сирек қолжазбалар қорынан «Шолпан» журналын,
одан Мағжан-
ның «Батыр Баянын» тауып алып оқып, көшіріп алдым. Төте жа-
зумен жазылған екен. Поэма бірден қатты ұнады, одан ерекше әсер
алдым. 1975-1976 жылдардан бері жырлап келемін. Әдеби орта-
ларда айтып жүрдім, осы поэманы біраз адам менің аузымнан ес-
тіп, танысты. Ол кезде жырын жырламақ түгілі, Мағжанның атын
да атай алмас заман еді. Келесі әңгіме,
Мағжан ақталып, «Батыр
Баян» баспасөзде жарияланып, жұрттың еш қиындықсыз оқуына
мүмкіндік туды. Енді оны жырлаудың жұртқа керегі бар ма деп
ойлағам. Олай емес екен!
Достарыңызбен бөлісу: