Қарағай
Қорғанбекке
Зеренді көлді жағалай,
Көмкере біткен қарағай,
Көркіне көңлі мас болып,
Керілген кербез ағадай.
78
Дыңылдап ырғақ санамай,
Самалды сүйген саралай,
Серуендеп еркін сеңгірге
Секіріп шыққан баладай.
Тас жарып өскен толағай,
Бойлаған көкке дарағай,
Шайырлы иісі бұрқырап,
Қайқайған төре-қарадай.
Құмары күндіз тарамай,
Тұнжырап түнде қалардай,
Сәулеге бөлеп сезімді,
Күмістен сырға тағады ай.
Зеренді көлді жағалай
Мүлгіген қалың қарағай,
Түбіне көлдің үңіліп,
Көп ойға батқан данадай.
Тоқтаусыз уақыт ағады-ай,
Куә боп оған қалады ай,
Көк мұнар мұңға малынған
Мәңгілік жап-жас қарағай!
Марат Нәбиев алпыс жаста
Марат бір қызық адам!
Ой өрісі де, мінезі де, сөзі мен ісі де ерекше!
Ол – кәсіпкер, кәсіпкер болғанда да нағыз өндірістің басшысы.
Барлық күш-қуатын, ақыл, білімін ел игілігіне аямай жұмсап келе
жатқан Алаштың қайраткер, бірегей азаматы. Бір замандасына
әзілдеп: «Сендер бөлесіңдер де аласыңдар, ал біз қосамыз да кө-
бейтеміз!» деген сөзінде бүгінгі қазақ өмірінің біраз шындығы жа-
79
тыр. Осындай тауып айтқан сөздері «Мараттың айтқандары» деген
атпен бірнеше рет жеке кітап болып басылып шықты.
Оның шаруашылық саласындағы бітірген қыруар жұмыстары
бөлек әңгіме!
Марат бүгінгі биігіне бір күнде жеткен жоқ. Балалық шағы со-
ғыстан кейін еліміз енді есін жия бастаған, барға қанағат деген
уақытқа тура келді. Оқыды, арман қуып, алға ұмтылды. Агроном
болып, астық өсірді.
Кеңестік жүйемен бірге, шаруашылық та қираған кезде, жұ-
мыссыз қалды. Ақыры, жаңа заманның айдынына батыл құлаш
ұрып, қойып кетті. Кәсіпкерліктің ащы терін де, тәтті жемісін де
татты. Аяқтан шалғанды да, тасадан тас лақтырғанды да көрді.
Қайсар Марат қиындықтардан қайтпай, қайрала түсті. Шындық
үшін шайқастарда шыңдалды. Оның қарсыластары да өте үлкен,
ірі болды. Марат ауыл арасы, ағайынмен айтысып-тартыспай, ата-
мекеннің байлығын туған жер түлектерінен тартып алып, қарпып
асап үйренген жат елдік алпауыттармен қаймықпай алысты. Же-
ңілсе, жасымады, жеңсе, асып-тасымады. Адамгершілігіне көлеңке
түсірмей, өмір жолында қадамын нық басып келеді.
Ал оның дос-жарандары – бүгінгі қазақ елінің ең айтулы, көр-
некті тұлғалары!
Жас кезінде В. Пекелистің «Адам, сенің мүмкіндігің...» деген
атақты кітабын құмарта оқып, өз мүмкіндігін мейлінше дамытуға
ұмтылып, жан-жақты қабілетін жетілдіруден бір жалыққан емес.
Дарынды жан көрсе, сүйеу болып, қолынан келген жақсылы-
ғын жасап бақты! Шахматшы, әлем чемпионы Дәурен Сәдуақасов-
ты құлын күнінен танып, табиғи талантын жарқыратып ашуына
жасаған қамқорлығы аңызға бергісіз. Дәуренді оқытып, жаттықты-
ру үшін Ресейден атақты гроссмейстер Ювенковты арнайы шақы-
рып, бүкіл қаражатын көтеріп алған ғой. Айта берсек, әдебиет, мә-
дениет және өнер саласында белсене кірісіп кетіп, еңсере көтеріп
кеткен жұмыстары қаншама!
«Паң Нұрмағамбет киностудиясына» құрылтайшы болғанды-
ғын да көзіқарақты қауым жақсы біледі. Тікелей Мараттың қол-
дауымен, Ақмола, Көкшетау аймағында төрт көркем, алты деректі
фильм түсірілді.
Марат Нәбиев қолтығынан демеп, қамқорлық жасап, қаржылай
көмектескен талапкерлердің біразы алға басып, азамат атанды.
80
Олардың ішінде айтулы қайраткерге, әр салада елеулі тұлғаға ай-
налғандары да бар. Сенімін ақтамай, алдап кеткендері де жоқ емес.
Бір тойда сапқа тізіліп, сөйлеп тұрған бір топ адамға қарап
отырып, жақын ағасы Айтбай маған:
– Осылардың көбін адам қылған Марат! – деді.
– Е-е, біздің Марат адам еместерді де адам қылған ғой! – деп
қалдым әзілдеп.
Айтекең күліп жіберіп, басын изеп:
– Дәл айттыңыз-ау! – деп жатыр.
Сарыарқаны қысқан сары аяз саясатты жастайынан сезініп, кө-
ріп өскен зерделі жігіт туған тіл мен тарихым деп тебіренді. Жас-
тық арынмен дауыс көтеріп, ашық айқасып, айқайласқан кездері де
болды. Партия билігінен таяқты да жеді. Бәрібір бұғып қалмай,
мүмкіндігінше әрекет жасады. Ол заңды да! Өйткені әкесі Әскен
алғашқылардың бірі болып Кенесары ханның есімін ардақтау мә-
селесін батыл көтеріп, немерелеріне Абылай, Кенесары, Наурыз-
бай деп ат қойған қаламгер! Анасы Парида Паң Нұрмағамбеттің
немересі!
Әскен ағамыз Сталинградта соғысқан. Басына жарықшақ тиіп,
төбесінің төрттен бірін жұлып әкеткен. Содан елге оралады. Жан-
жары Парида екеуі он төрт баланы өмірге әкеліп, оның он бірі
аман-есен ержетіп, бір-бір үй болып өседі.
Әскен аға мен Парида апаны деректі фильмге түсірдік. Жа-
нында әңгімелесіп отырғанда: «Әкел қолыңды» деп, менің қолым-
ды ұстап алып, төбесін сипатып көрсетті. Әлгі жарықшақ жұлып
кеткен сол жақ төбесінде сүйек түгілі, сүйектің орнына салынған
дәнеме жоқ! Құр тері ғана жауып тұр! Әуелде тіпті шошып кеттім,
басына бірдеме тиіп кетсе қайтеді деп! Әскен ағаның қаперіне кі-
ріп-шығар емес, ақырын жымиып күліп қояды. «Міне, осылай келе
жатырмын!» – дейді. «Батырсың, аға, батырсың!» дедім, ризашы-
лықпен. Шынында да солай! Қан майданда мұздай қаруланған әккі
жаумен арпалысып, басының жартысын окопта қалдырып, қалған
жарты басымен осынша ұрпақ, әулет тәрбиелеп өсірген, өлең-жыр
мен қарасөзден тұратын том-том кітаптар жазған, сексен тоғыз
жыл ғұмыр кешкен алаштың абыз ақсақалының өмір тарихының
өзі аңызға бергісіз!
Әсекеңнің ағасы Масғұт 1938 жылы әскерге кетіп, фин соғы-
сына қатысқан. Ұлы Отан соғысы кезінде немістер Прибалтиканы
81
тұтқиылдан бір-ақ басып алғанда, совет солдаттарымен бірге тұт-
қынға түскен. Фашистік лагерьде аштық пен қиыншылықтан енді
өлдім-ау дегенде, Мұстафа Шоқай құтқарып алған екен. Түркістан
легионында болыпты. Америкалықтар азат етіп, кемемен АҚШ-қа
алып кетпек болған. СССР-ға барсаңдар, Сталин сендерді атып
тастайды, – десе де, Масғұт ата елге қайтқан. Келген бетте совет
өкіметі өзінің кешегі жауынгерін он жылға соттап жібереді. Сібір-
дегі лагерьде бір положенец әбден қысым көрсетіп, өлтірмек бол-
ғанда, Масғұт ата қонышында жасырып сақтап жүрген пышағымен
әлгінің қарнын жарып жібереді. Анау өліп қалып, бұл кісіге тағы
да срок қосып береді. Момын қазақ баласын ширықтырған, шы-
нықтырған қатігез заманға не дерсің? Мерзімін өтеп, Сталин қай-
тыс болған соң, 1956 жылы, он сегіз жылдық тар жол, тайғақтан
өтіп, аман-есен елге оралып, еңбек еткен. Батагөй ақсақал еді.
Зайыбы Үміт менің нағашым, әжем Қамиланың бауыры Әбілға-
зымның қызы. Мені көргенде, жиеншарым деп, жаны қалмайтын.
Масғұт ата немере, шөберелерінің ортасында тоқсан жасқа
толғанын тойлады. Ол кісінің бата,тілек сөздерін Марат бірнеше
рет жеке кітап етіп шығарды.
– Адам елді сағынады екен! Жер сағындырады екен! – деп, аһ
ұра күрсінуші еді жарықтық.
«Масғұт ағам тоқсан екі жасында қайтыс болды. Ертерек кетті
ғой, әлі де жасауы керек еді!» – деп, өзі де тоқсанға тіреліп тұрған
Әскен аға бауырын қимай, ет жүрегі езіліп еске алғанда, не жыла-
рымызды, не күлерімізді білмей қалған да бір қызық сәт болған.
Әкесі Нәби жүз жасаған ақынға бұлай айту жарасып та тұр!
Марат бауырым маған: «Аға, біздің әкелеріміз фашистермен
басымен соғысқан ғой!» – деп әзілдейді, менің әкем Тақанның да
сол соғыста шекесіне жарықшақ тигенін меңзеп. Екеуміз бір күліп
аламыз. Күрсінеміз және...
Анасы Парида Рақымжанқызы тоқсан жасқа толғанда, барлық
әжелерге деген құрметімді білдіріп, өлең жазып едім.
Әже, қандай аппақсың,
Ай нұрындай,
Немере мен шөбере
Тай-құлындай,
Шұрқырап,
Үні қандай әжелеген,
82
Жүрегіңді
Жылытқан жайлы ұғымдай,
Қасиетке
Бөледің төрімізді,
Бір өзің
Бір әулеттің байлығындай,
Аялаған
Айнала дүниені,
Аппақ болып жасай бер,
Ай нұрындай!
Осындай ата-анадан тәлім алған, жан-жағына жылу беріп тұра-
тын жалынды от сияқты, ел-жұртына да, туған-туыстарына да ұй-
тқы, басшы бола білген Марат бауырымыз, міне, асқар тау ата бо-
лып, алпыс жасқа толып отыр!
Қайраттанса,
Қара дауыл, бұрқасын,
Балуан Шолақ
Елу бір пұт кір тасын,
Бір-ақ ырғап көтергенде,
Базарда,
Қайран қалып,
Керген екен жұрт қасын...
Сол Балуанның айдалада бейіті,
Ескерусіз,
Ұмыт қалса – ұлтқа сын.
Елу бір пұт тас көтерген Балуанға,
Қоя алмаған екі пұттық бір тасын.
Амал қанша, заман болған осындай,
Ұстағандар елде билік тұтқасын.
Басына да бара алмаған Балуанның
Ұлығынан ұлы жұрттың ыққасын.
Санасы бар,
Намысы бар,
Қаны бар,
Елден қалай
Бір азамат шықпасын.
83
Агрономы
Атқа мінді ауылдың,
Атасының
Ұлылығын ұққасын.
Елу бір пұт боп қалатын жобасы,
Шомбал таспен
Бейіт басын мықтасын.
Атасының
Ардақтаған аруағын,
Қыран Марат,
Даңқың көкке шырқасын!
Қан майданда өмір, өлім қас-қағым,
Отан үшін құрбан етіп жас шағын,
Әскен аға Сталинград түбінде
Төккен жаудың...
Өзінің де жас қанын.
Гранатты
Қағып тастап басымен,
Беріп қайтқан
Төбесінің қақпағын...
Он бір бала
Өсіп, өніп, өркендеп,
Жалғастырған
Ата-баба дастанын!
Толықтырып ел қазақтың санатын,
Жайсам деген дүниеге қанатын.
Өркен жайған Әсекеңнің орманы,
Ортасында өр тұлғалы Маратым!
Арғы атаңыз асып туған жан болған,
Нағашыңыз Нұрмағамбет Паң болған.
Қаршадайдан намыс үшін қарысып,
Көңіліңе Алаш деген ән қонған.
Өсірсем деп туған елдің мерейін,
Өміріңде үлкен арман, мән болған.
84
Ақселеулі даламызда толқытып,
Ақ самалмен өсіргенің дән болған!
Жастай оқып, мүмкіндігін адамның,
Ашамын деп алдында бар ғаламның.
Еркін самғап шексіз ғылым көгіне,
Қиял жетпес қызық іске бара алдың.
Менделеев айтып кеткен жобамен,
Келді, тіпті, көмірден де газ алғың!
Араладың ғаламшардың жер, көгін,
Есептесек, төбе-төбе еңбегің.
Кең даланы дүбірлеттің тұлпардай,
Хан қазына халқымызға бергенің.
Бәйтеректей тамыр жайдың тереңге,
Ие болмақ, ер болмаса, жерге кім?!
Серік еттің Баян сұлу – гүл қызды,
Баяндылық Баян саған білгізді.
От пен судан алып шығып тайғақта,
Алақанын төсеніш қып жүргізді.
Жан жарыңды сен де ерекше қадірлеп,
Аспандағы алып бердің жұлдызды!
Биігіңе сүйінсін тек ел қарап,
Ақиықтай кең әлемге кер қанат.
Бақ жұлдызың жоғарыда жарқырап,
Әулетіңмен мың жасай бер, ер Марат!
|