Шығармалары деректі дүниелер


«Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа



Pdf көрінісі
бет16/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf
Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 614bfa4fc93940.60747302, 130592
 
«Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа
 
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін!»
 
Басқа жауап болуы да мүмкін емес. Өмірде екі-ақ жол бар: не 
өмірде мән жоқ деп сары уайымға салынып, азып-тозу, не өр рух-
пен Адам атыңды ақтап жеңіске ұмтылу, жету. Алдыңғысы тұман-
ды теңіз өрінде адастырып, жарға соғар жалған шырақ та, соңғысы 
өмірдің жарқын, бақыт жолына, шексіз ерлік көкжиегіне бастар 
жарық жұлдыз, Темірқазық.


35
Бұл жырлар тек қазақ әдебиетімен, бүгінгі күнмен ғана шекте-
ліп қалатын дүниелер емес. Бұл – жалпы адамдық мәні бар жыр-
лар. Кез келген адам, қай ғасырдың, қай ұрпақтың, қай халықтың 
адамы болмасын, осы екі жырды оқыған, сезінген сәтте жан-
дүниесі бір сілкініп, өзіне, өмірге ой көзімен, ар көзімен бір қарар. 
Жауыннан кейінгі жасыл желектей тазарып, тіршілік қадірін, құді-
ретін тереңірек түсінер, сөйтіп Адам атын биік ұстар. Бұл жырлар 
жаттық, жатырқауы жоқ, кез келген ақ ниетті адамның жүрек сөзі, 
өз жыры, «Өзім туралысы» болуға лайық. Өйткені бұлар – мәңгілік 
өмір жыры! 
Бұл мақала 1977 жылы «Лениншіл жаста», 1978 жы-
лы «Жазушы» баспасынан шыққан «Уақыт және қалам-
гер» жинағының 6-кітабында жарияланған.
Жарықтық Ғафекең, Ғафу Қайырбеков адамның бір дүлділі еді.
Түр-тұрпаты құлан сияқты болып көрінетін маған.
Аңызға ден қойсақ, Құлагер көкке шапшыған көркем жылқы 
болмаған. Салбырап, бойын жасырып тұрады екен.
Ғафекең де топқа түсерде шаршаңқылау қалыпта елеусіздеу 
тұратын.
Апырмай, қалай болар екен деп қасына барып қалсам:
– Айналып кетейін, Баяшым, менің арқам бар ғой, топты көр-
генде дүр ете түсіп, көтеріліп кетемін ғой! – дейтін.
Содан ортаға шығады...
Ақ самалдай аңқылдап, ақ сұңқардай саңқылдап, ағыла сөйлеп 
кеткенде жұрт ұйып тыңдайтын.
Шап-шағын тұлғасына біткен неғылған зор дауыс, неғылған 
мол қуат! 
Бір қызығы, таңды таңға ұрып, талмай сөйлесе, түбі көрінбей-
тін терең еді.
Өзін де, өзгені де көтере сөйлейтін биік еді.
Ойлы сөз Ғафекеңе әуеден келіп құйылып жатқандай көріне-
тін...
Қанша сөйлесе де жұрт жалықпай тыңдап, тағы да айта түссе 
екен деп, бір рақат күй кешетін.


36
Қазақтың табиғи шешендігін қадір тұтқан небір зиялы заңғар-
лардың өзі риясыз көңілмен: «Сөйлесе Ғафу сөйлесін!» деп сүйсі-
ніп, таңдай қаға тыңдаушы еді.
«Мұндай да адам болады екен-ау, ә!» деп, бір көргендер бір 
жасап қалатын.
Негізі, ақын сөзінің түбін ағын сөзімен байланыстырады ға-
лымдар. Шынында, ағын су, өмірдің ағыны, энергияның ағыны, 
ғарыштық ағындар деген қандай қызық әрі киелі ұғымдар! 
Ағын суда арамдық болмайды деген атам қазақ! 
Шалқар ойларды орайын келтіре, шырайын кіргізе шарықта-
тып, шуақты күлкісі ізгі сезімдерді оятып, кісілік болмысы адам-
ның қашанда адам екендігін еске салып, жанталасқан жалғанда 
жан жылуын молынан төгіп, жан-жағын жадыратып жүретін еді 
жарықтық! 
1992 жылы Кенесары ханның 190 жылдығында Көкшетауда 
үлкен жиын, конференция болды. Ғафекең дәл сол кезде Бурабай-
да, Оқжетпес санаторийінде Бәдеш апаймен бірге демалып жатыр 
екен. Кенесарының хабары құлағына тиген соң конференцияға 
келді. Хан демекші, Кеңес заманында «Басқаның патшалары бәрі 
жақсы, біздің хандар қалайша жаман болған?!» деп өлең жазып, 
сол үшін біраз дауға қалған Ғафекең, енді тәуелсіз ел болып отыр-
ғанда, қалай үндемей қалсын?! 
Конференцияға дайындалып келген небір ығай-сығайлар та-
маша сөйледі. 
Бірақ, ең керемет сөзді демалыс үйінен келген Ғафекең айтты: 
«Кенесары қазақтың ең соңғы ханы – одан кейін қазақтың жеке 
хандығы біржола құлап, отар елге айналған! 
Кенесары қазақтың ең бақытсыз ханы – хандығының рақатын 
көрмей, азабын тартып өткен! 
Кенесары қазақтың ең батыр ханы – басқаны қойып, алып им-
перияның өзімен алысқан! – деп, хан тағдыры мен халық тағдырын 
тарата талдап, тереңнен толғай келіп: «Кенесары – халқының азат-
тығы үшін құрбан болған қазақтың ең сүйікті ханы! Әйтпесе, осы 
күні қай бастық халық үшін басын беріп жатыр?! – деп, прези-
диумға бір қарап қойып, ағыла берген... 
Біржан салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестивалін-
де, 1994 жылы Степняк қаласында, Ғафекең тағы да Оқжетпестен 
келіп, қазақтың әнші-ақындық, сал-серілік дәстүрі туралы ой ұш-


37
қындарын жарқырата шашып еді. Даңқты әнші-композитор-
ақындарды әспеттей келіп: «Біржан сал – солардың бәрінің ұстазы, 
әкесі!» деп, бір-ақ түйген... 
Жезқазғанға бір шығармашылық сапармен барғанымда ақын, 
тарих зерттеушісі Қуаныш Ахметов екеумізді ақын ағамыз Сай-
лаухан Нәкенов қонаққа шақырды. Дастархан басында сөзден-сөз 
шығып, Сайлаухан аға бір әңгіме айтты.
– Бір жолы Алматыда бір топ ақын – Мұқағали, Шәміл, Сағи, 
тағы біраз ақындар бар, бәріміз Көктөбеге барып, думандатып 
отырдық. Дастархан басында Ғафекең ағылып, жалғыз өзі сөйледі. 
Біраздан соң бір шаруалары болып, ертерек кетіп қалды. Содан 
кейін ғана басқалар сөйлей бастады. «Ғафудың алапасы артық 
қой!» – деді Мұқағали. Аруағы күшті дегені ғой! – деп, Сәкең бір 
сәт үнсіз қалды... 
Шынында да, жарықтық Ғафекең қызық адам еді. Ол кісінің 
өлеңі де, өмірі де тұнып тұрған поэзия болатын. Поэзиядағы ақын-
дық әлемін біз әлі толық танып, түсіне қойған жоқпыз. Көбіне 
ұтымды, тапқыр сөздерін қағып алып жүрміз. Ал арғы иірімдеріне, 
ақындық қуат-қайнарына, поэтикалық байлығына, ой-сезім әлемі-
не тереңірек бойлап көрсек, табиғи қазақ жырының тұңғиық сыр-
ларына қаныға түсер едік. Ғафекеңе тән туа бітті төкпелік жазба 
поэзияның биік те нәзік әуенімен үйлесіп, жарасым тапқан кезде 
өзгеше бір сарын, ерекше бір дүние жаратылатын.
Мен ол кісінің өн бойынан есіп тұратын ежелгі эпостардың, 
дала жыраулары мен шешен билерінің, ақпа-төкпе ақындарының 
ағыл-тегіл энергетикасын, алаш арыстары мен алыптарының ақыл-
ой қуатын, дәстүр-тағлымын сезінетінмін.
Бірде музейден Гетенің бюстін көргенім бар. Бір жақын ада-
мымды көргендей күйге түстім. Иә, «мұнда да отыр Ғафекең!» – 
деп, Жарасқан Әбдірашев әзілдегендей, біздің Ғафекең бір қыры-
нан қарағанда тіпті Гетенің өзіне де ұқсап кететін! 
Өмірге ақын болып туған талант нағыз ақын болып өтті! 
Пенде ғой кісі 
Кей-кейде шенді көздедім,
Болсам деп бірі, 
Биікте жүрген өзгенің,
Есімде менің 
Сол арманға да жақындап, 


38
Бола да жаздап 
Болмай да қалған кездерім! 
Қосақтап саған 
Дүниенің өзге кәсібін,
Таппаспын опа, 
Осы ғой менің жан сырым, 
Өтермін сені, 
Өтермін сені ардақтап, 
Өлеңім менің –
Өмірдей ынтық ғашығым! – деп, өзі айтқандай, оның поэ-
малары, өлеңдері барша қазақ баласына танымал болды. Ол бүкіл 
қазақ даласын жырлады, барған сапарынан жырлар топтамасын, 
тіпті кейде тұтас кітапты төге салатын. Көкшетаудың көркі мен 
серілерін, Маңғыстаудың мұңы мен мұнараларын, Алатау мен Ал-
тайдың ақиықтарын жырлады, туған жері Торғайдың қасиетті то-
пырағына тәу етті. Мәшһүр Жүсіптің кесенесінде Ғафекеңнің «Қа-
зақтың пайғамбары Мәшһүр Жүсіп!» деген бір ауыз өлеңі тасқа 
қашалып жазулы тұр. Ал қазақ поэзиясы тарихындағы ең көркем 
шедеврлердің бірі «Ана туралы жырына» баға жете ме! Шәмші 
Қалдаяқов екеуінің тағдыр үндестігінен, талант үйлесімінен туған 
таңғажайып ана жыры – анадан туған адамзат барда шырқала бе-
ретін асыл дүние! 
Соғыстан кейінгі кездің кең таралған махаббат әні – «Алматы-
да көшесі бар Гогольдің...» деген өлеңі ЖенПИ-дің қыздарына, 
оның ішінде тұп-тура Бәдеш апамызға арналған. Ал, Бәдеш апай 
екеуінің махаббат сезімі, бір-біріне деген ілтипат, құрметі жастары 
ұлғайған шағында да әдемі әзілден, көзге көрінбес нәзік иірімдер-
ден үнемі, үзілмей, үздіксіз есіп тұратын... Бір жолы бір беделі зор 
баспа Ғафекеңнен жастарға өнеге ретінде үлгілі отбасы туралы 
публицистикалық толғау, очерк сияқты кітап жазып беруін өтініп-
ті. Ал, ол кісінің ақындық шабытпен жазған кітабы шын мәнінде 
өміршең махаббат тарихын көркем бейнелеген дидактикалық по-
весть, педагогикалық поэма болып туа қалған.
Мен ол кезде «Жұлдыз» журналының проза бөліміндемін, аға-
мыз журналға ұсынған қолжазбасын алдымен маған оқытты. Оқып 
біткен соң жақсы пікірімді айта келіп:


39
– Мына Бәден деген кейіпкеріңіз Бәдеш апамыздан аумай қа-
лыпты, ал анау Әбу деп отырғаныңыз өзіңіз емес пе?! Бұл шығар-
ма сіздердің махаббаттарыңыз туралы баршаға әсерлі, әсіресе қыз 
балаларға тәлімі мол көркем дүние болып шығыпты! – дегенімде:
– Сен оны қалай байқап қойдың, ә?! – деп кәдімгідей толқып 
кетті. – Менің Бәдешті қалай жақсы көретінімді білсеңдер ғой, 
шіркін! 
Айтса айтқандай, Бәдеш апамыз қазақ қыздарына үлгі бола-
тындай көргенді, көрікті, көрнекті кісі, Сәбеңнің, Сәбит Мұқанов 
атамыздың ардақты зайыбы, ғасыр жасаған Мәриям апамыздың 
өнегесін алған, жолын жалғастырушы аяулы қазақ аналарының 
бірі! Жалпы, Ғафекеңнің отбасынан да, өз басынан да ақындық пен 
адамгершіліктің қазақы дәстүрі анық байқалып, жаныңды жылы-
тып тұратын.
Бір жолы бір жастардың тойына баратын болып, Бәдеш апай 
тойға апаратын сыйлық іздеп, бөгеле берсе керек. Сонда Ғафекең: 
«Бол, кеттік енді, білген адамға мен өзім падаркі емеспін бе!» – 
деген екен...
Өмірдегі осындай қызықтарына қарап отырып, байырғы араб, 
шығыс елдерінің шалқып өткен шайырлары мен көне дүние – Ев-
ропаның бекзада ақындарының аңыз боп кеткен ғажайыптары Ға-
фекең болып, біздің заманға көшіп келіп, қасымызда жүргендей 
көрінетін. Ол кісі тіршіліктің әрбір сәтін, тіпті, шарап ішудің өзін 
керемет өнерге, поэзияға айналдырып жіберетін.
Ғафекеңді көргенде жабырқап жүрген жандардың өзі бірден 
жадырап, өз-өзінен күле бастайтын. Өйткені Ғафекең ақын ретінде 
ғана емес, адам ретінде де талант еді! 
Қалижан Бекхожин жетпіс бес жасқа толарда ғалым Әбділха-
мит Нарымбетов мақала жазып әкеліпті. Мен онда сын бөлімінде-
мін, мақаласын оқып шықтым. Негізі дұрыс, Қалекеңнің өмір жо-
лы, өлең-поэмалары түгел қамтылған. Бірақ, хрестоматиялық ың-
ғайда жазылған, ғылыми кітапқа лайықты болғанымен, журналға, 
мерейтойлық мақалаға келіңкіремейді. Жастығым ғой, мен осы 
пікірімді Әбекеңе тура айта салайын! Жасы менен көп үлкен кісі 
қызараңдап, ренжіп қалды да, екеуміз сөзге келе жаздадық. Әбекең 
қолжазбасын алды да шығып кете барды. Сәлден кейін редактор 
шақырады. Барсам Әбекең отыр. Бекежан ағамыз жұмсақ мінезді 
кісі еді ғой, биязылап менен жағдай сұрады.


40
– Иә, Баянғали, Әбекең ренжіп келіп отыр, мақаласын неге 
дайындап бермейсің? – деді.
Шегінетін жер қалған жоқ, «Әбекеңнің мақаласы журналға жа-
рамайды!» – дедім. «Сен маған қалай жазуды үйретейін деп пе 
едің?!» – деп Әбекең қып-қызыл болды. «Үйретпеймін, бірақ бұл 
күйінде жарамайды!» – деп мен де қайнап тұрмын. Екі ортада Бе-
кең ыңғайсызданып отыр.
Сол кезде Ғафекең кіріп келді! 
Есіктен кірген бойда жағдайды айтпай түсіне қойды. Бірден 
төрге озды да:
– Айналып кетейін, Әбеке, сен дейтін доктыр наук, прапессір, 
қазақ әдебиетін, соның ішінде Қалекеңнің шығармаларын көптен 
зерттеп жүрген адамсың, о кісі туралы сенен артық кім жазады? 
Мына әкелген мақалаңыз бізге таптырмайтын дүние! А бірақ... мен 
жаңа Қалекеңмен сөйлесіп келдім. Біз жетпіс бес жылдыққа өзінің 
бір топ жаңа өлеңдерін және бес-алты бет Хамаңның, Хамит Ерға-
лиевтің құттықтау сөзін беретін болдық! Баяғы жағдайдан кейін 
ақсақалдардың бұлайша жарасып жатқандары тіпті дұрыс боп тұр! 
Ал, сен мақалаңды басқа жерлерге апарсаң, қуана-қуана басады 
ғой! –деді.
Бәріміз де жадырап сала бердік. Бекең жымың-жымың етеді. 
Әбекең күлімдеп, «е-е, бәсе!» – деп, бізбен қол алысып, татуласып, 
қолжазбасын көтеріп кете барды.
– Әне, мен болмасам, бір төбелестің үстінде отыр екенсіңдер! 
Айналып қана кетейін, Баяшка, мен жүрген жерімді өстіп жарас-
тырып жүремін ғой! – деп, бір күлдірген Ғафекең.
Бір жолы Тұрсын Жұртбаев бір жақсы повесть жазып, «Жұл-
дызға» ұсынады. Біраз уақыт өткен соң, повесінің жайын сұрамай 
ма? Сөйтсе Ғафекең: «Сен бір ғаламат повесть жазған екенсің, со-
ны қол қойып, нөмірге жіберейін десем, рүшкі ұстауға әлім келмей 
отыр!» – депті. Повесі мақталған соң Тұрсекеңде тұрыс бола ма, 
«Қаламгер» кафесіне Ғафекеңді алып келеді. Біраздан соң Ғафекең 
темекісін рақаттана бұрқ еткізіп қойып: «Айналып кетейін, Тұр-
сынжан, баяғыда біткен шаруа ғой – повесің баспаханаға кетіп 
қалған!» – деп қарап отыр дейді... Не деген тонкий, емкий юмор! 
Басқа біреулер болса: «Ауырып тұрмын, басымды жаз, повесіңді 
жу, жолын аш», – деген сияқты бірдеңелерді айтып, сөздің құнын 
кетірер еді-ау! Осындай әдемі күйге бөленіп, көңіл шарықтаған 


41
кездерде, Ғафекеңмен ішкен ащы судың өзі керемет тәтті болып 
кететін! 
– А бірақ... – дейтін жарықтық. – Ғафу ішіп жүр екен деп өсек 
қылмаңдар, жандарым! Өсек қылғанда да маған неғыласыңдар? 
Мен қандай жағдайда келсем де, таңғы алтыдан тұрып, жұмысқа 
барғанға дейін жазуымды жазамын! 
Шынында да өте еңбекқор еді. Жұрт аңыз қылады, Расул Ғам-
затовтың «Менің Дағыстаным» атты кітабын аударғанда, бір сөзін 
екі рет жазбай, сызбай, тап-таза қолжазбаны бір-екі аптаның ішін-
де бітіріп алып келгенінде, баспадағылар «Ғафеке, мынауыңыз 
шынымен аударма ма, жоқ Ғамзатовтың кітабын жай көшіріп 
шықтыңыз ба?!» – деп, таңғалғаннан талып қала жаздаған екен. 
Серік Тұрғынбекұлы қызды-қыздымен, көркемдік жағынан Ғафе-
кеңнің аудармасы Ғамзатовтың түпнұсқасынан да күшті деп, қа-
раптан-қарап қызылкеңірдек болып жүреді.
Қасым Аманжолов ауырып жатқанда, жарыққа шығатын кіта-
бы баспа тарапынан біраз өңдеуге, күзеп-түзеуге ұшыраса керек. 
Сонда ол кісі Ғафекеңе: «Мейлі, осылай-ақ шыға берсін, қазір 
менде хал жоқ, маған ақшасы керек! Бірақ, түпнұсқасын сақтап 
қой, кейін кезі келгенде түзетіп шығарарсың!» – деп, тапсырып 
кеткен ғой. «Мен Қасымның аманатын орындап, кейін сол кітабын 
түзетіп шығардым!» – деп Ғафекеңнің айтқаны есімде. Қасым 
Аманжоловпен өте сыйлас, рухани туыс болған Ғафекең ол кісі 
жайлы да талай әңгіме шертетін.
– Қасекең думан-тойдың ертесінде ауырып тұрып, бір стақан-
ды тартып жібергесін: Дүние неткен жап-жарық! Осындай ма еді 
бұрын да! – дейтін! Сөздің сөлі «осындай ма еді бұрын да» деге-
нінде тұр ғой! – деуші еді Ғафекең.
Тағы да Қасымның бір қызық өлеңін келтіретін: Тобылғы торы 
сыраны, толқытып ішер күн қайда, тобылғы меңді сұлуды... – деп 
кете беретін.
Ғабең, Ғабит Мүсірепов туралы кітабы да шебер жазылған. Ға-
беңнің әңгімелерін де қызық қылып айтушы еді.
– Ғабеңнің мінезі ауыр еді. Патша келсе, қозғалмайтын. Мақ-
тауға тіпті сараң.
Бірақ, Ілияс Омаров туралы бір сөз айтты. «Ұлттың мәйегі бо-
латын адамдар болады, олар ұлтты ұлт қылып ұйытып, ұстап тұра-
ды, ондай адамдар өте сирек, бәлкім бес-алты-ақ адам болады, 


42
мына Ілияс Омаров сондай адам!» деп, өзін сол санаулыларға қос-
пайтынын сездіргендей болып еді Ғабең! – дейді Ғафекең. – Бір 
күні Ғабең бір жерге баратын болды, қасында тағы ақсақалдар бар. 
Бірақ, көлік жоқ! Жаңадан «Москвич» алған кезім: «Мен апара 
қояйын!» – дедім. «Рөлде кім?» – деді Ғабең. «Өзім», – дедім. Ға-
бең үндемей, амалсыздан мінді машинаға. Құлдыраңдатып алып 
келдім. Түсе бергенде, «Ғафу, рақмет!» – деді Ғабең шегелеп. «Ға-
бе, сіз туралы кітап жаздым, рақмет айтқан жоқсыз! Өлеңдеріме де 
рақмет айтқан жоқсыз! Енді неғып айтып қалдыңыз?» – деп сұра-
дым. «Қорықтым, айналайын!» – деді Ғабең. Содан, көп ұзамай 
Бәдеш апаң машинаны сатқызып құтылды, менің шопырлығымнан 
шошып! 
Қолтаңба бергені де қызық еді. Кітабын ұсынған адамнан аты-
жөнін сұрап алатын да, қолма-қол бір ауыз өлеңді жаза қоятын. 
Және шетінен тапқыр өлеңдер! Қол мерген батырлар мылтығын 
сілтеп қалса, нұсқағанын қағып түседі дегендей, Ғафекең қаламын 
сілтеп қалса, бір қызық шумақ топ ете түсетін. Айтқандайын, ол 
кісінің руы да Мерген еді.
Маңғыстауға барған бір сапарымда Жұмасай деген прокурор-
дың үйінде қонақ болдық. Әңгіме-дүкен үстінде Ғафекеңнің кіта-
бын алып келді.
«Айналайын Жұмасай,
Атыңа затың құба сай,
Жомарт жанға ұқсайсың, 
Бермесең де семіз ет пен құла шай!» деген қолтаңбасы тұр.
– Ана жылы келгенде кездесуге әдейі барып, қолтаңба жазды-
рып алдым. Атымды сұрады да, сарт еткізіп жазды да берді. Уақыт 
жетпеді, әйтпесе үйде қонақ қылар едік! Енді, Ғафекеңе бере алма-
ған дәмді сіздер келіп татып отырсыздар! О кісіге сәлем айтыңыз-
дар!» – деп, үй иесі аңқылдап жатыр.
– Айтамыз, сіздің өлеңіңіздің қаламақысын ішіп-жедік дейміз, 
– деп, әзілдеп аттандық...
Сағат Әшімбаев ағамыз айтып еді: Ғафекең уникум, қайталан-
бас адам ғой. Бір жолы, Жазушылар одағының партия ұйымының 
хатшысы болып тұрғанда Совет аудандық партия комитетінен бір 
нұсқаушы телефон соғып, бір қағаздарды тез арада дайындап әке-
ліңіз деп талап етеді. Небір дөкей деген партия-совет басшылары 
үлкен құрмет көрсетіп жүрген ақын райкомның қатардағы нұс-


43
қаушысы қатаң талап қойғанына көнбей, қатты-қатты сөзге келіп, 
аяғында «Иди к черту!» деген ғой. «Аяғы айқай болып, райкомға 
барып, кешірім сұрап келе жатырмын», – деген екен Ғафекең бір 
күні жолығып қалғанда.
Иә, Ғафекең өз заманының – Кеңес заманының перзенті. Әуелі, 
шыр етіп дүниеге келгеннен қорасан ауруына шалдығып, ажал 
аузынан қалған. Соғыс уағында елде қызмет істейтін адам жоқ, он 
бес жасар бала азық-түлік кәртішкесін беретін бюроны басқарады. 
Сол кезде бір мәселелер болып, аудан басшысы кәріне мініп: 
«Картбюроның бастығын алдыма алып келіңдер, қазір сотқа бере-
мін!» – дейді. Бала Ғафу есіктен имене кіріп, бұрышта елеусіз тұ-
рады. Қаһарлы райком оны көргенде қаршадай балаға қара нардың 
жүгін артқызған соғыс қасіретіне қабырғасы қайысып, соттатпақ 
түгілі, өзі жылап жіберіп, кейіннен оқуға жіберген ғой...
Жастайынан өмірдің ауыртпалығын көріп өскен ол қиындық-
тардың бәрін жеңіп, еліміздің аса көрнекті ақыны болды. Жақсы-
лығы да, жамандығы да араласып жатқан, қайшылығы көп кеңес-
тік дәуірге біржақты қарап, бір сөзбен сыза салу, ойып алып тастау 
мүмкін емес, өйткені ол – тарих, ел тарихы. Сол заман аясында 
өмір сүріп, адам боп өткен, ақын боп өткен ағаларымызға саяси 
қайраткер, күрескер болмадың деп кінә тағудың өзі жөн-жобаға 
сыймайды. Ғафекеңді құдай тағала ақын қылып жаратқан, ол – та-
лант, оның қазақ халқына жасаған қызметі де сол ақындығы, ана 
тілінде жауһар жырлар жазып, ата дәстүрін сақтап, молайтып, 
жалғастырып кеткендігі! 
Мен Ғафекеңмен бірге «Жұлдыз» журналында 1983 жылдан 
бастап қызмет істедім. Сол кезде Жамбыл облысының Талас ауда-
нында «Жұлдыздың» дөңгелек үстөлі өтетін болды. Ғафекең Бә-
деш апаймен, жазушы Кәрібай Ахметбеков төртеуміз бардық. Та-
лас ауданы – елу алты Социалистік Еңбек Ері шыққан, қаракөл 
қойын өсіретін атақты аудан. Ел азаматтары Қаратаудың бір қой-
науында екі күн қонақ қылды. Аупарткомның бірінші хатшысы 
Рақыжан Ерсейітов Ғафекеңмен құрдас болып шықты. Одан басқа 
облатком төрағасының орынбасары Елубай, аупартком хатшылары 
Амангелді, Нілзия, ауатком төрағасы Әбілқайыр деген кісілер, ән-
шілер, комсомолдың басшы қыздары болды. Әңгіме-дүкен, мәжі-
ліс, өлең-жыр, тамаша думан өмірдің қайталанбас бір сәттері ғой, 
шіркін! 


44
Далада, жиналмалы кереуеттерге таңға қарай қисайып, ұйық-
таған сияқты едік, шыққан күнмен бірге:
Сен бізді бастап келген Кәрібайсың,
Туған жерде жолыңнан жаңылмайсың,
Тұр-тұрдан хабар келсе, мазаң кетер, 
Бәрібір енді ұйқыға жарымайсың! – деп бас жағымызда 
саңқылдап ағамыз тұр! Таза ауада тынығып қаппыз, атып-атып 
тұрдық...
Сонымен, екі күннен кейін таудан түсіп, аудан орталығына ба-
ру керек болды. Аупарткомда бірінші хатшы атақты шопандарды 
жинап, сағат он бірде «Жұлдыз» журналының Талас ауданындағы 
дөңгелек үстөлін өткізуге дайын отыр! 
Сағат он бірде Ғафекең Қаратаудың қойнауында мәжіліс-
думан құрып отыр! Арада пәлен шақырым жол жатыр! 
Оны ойлап жатқан ешкім жоқ! Өңкей дөкей қызметкерлер Ға-
фекеңнің иіріміне кірген, қайтып шыға алатын емес. Бір тілекке 
бір тілек жалғасып кетіп жатыр.
Бір кезде біреуінің есіне түсті-ау! 
– Айтпақшы, ауданда біз дөңгелек үстөл өткізуіміз керек қой! 
– деді.
– Өй, айналып кетейіндер сол, мынау үстөл дөңгелек емес пе? 
Осыдан артық қандай дөңгелек үстөл керек сендерге? – деп еді 
Ғафекең, ешкімнің де кеткісі келмей қалды.
Содан не керек, Бәдеш апай есебін тауып, жолға шықтық-ау 
бір кезде. Біраз азаматтар қимай қоштасып, жол-жөнекей ауылда-
рында қала берді. Аудан орталығына келген соң да, қызметкерлер-
дің көбі екі күнгі «демалыстан» кейінгі демалысқа кетіп, аупар-
ткомға бір-екі-ақ адам жетті бізбен бірге. Сағат бірден асып кет-
кен. Бірінші хатшы Рақыжан Ерсейітов қабағын түйіңкіреп:
– Ғафеке, қасыңыздағы кісілеріңіз азайып қалыпты ғой! – деді, 
қағытып.
– Өй, айналып кетейін, Рақыжан, біз бір жүзіп келе жатқан ке-
меміз ғой... Жолдан біреулер сәлем беріп мінеді де, бірер сағаттан 
соң сау бол деуге де жарамай, түсіп қала береді. Біз ілгері қарай 
жүзе береміз! Менің кісілерім түгел, сен өз кісілеріңді мен кеткен 
соң Қаратаудың қуыс-қуысынан теріп аларсың! – деді Ғафекең. 
Бәріміз күліп жібердік. Манадан күтіп тұрған қойшылармен әңгі-


45
мелесіп, кейін толықтырып, дөңгелек үстөл материалдарын жур-
налға жақсылап жарияладық.
Содан, дөңгелек үстөл аяқталған соң, бірінші хатшы аудан орта-
лығындағы бір жаңа, сәулетті тойханада қонақасы берді. Ол тойхана 
тек ұлттық тағамдар ғана ішілетін орын екен. Дастарқанда құстың 
сүтінен басқаның бәрі бар, бірақ арақ-шарап қойылмаған. Күн ыс-
тық. Күйіп барамыз. Ғафекеңде үн жоқ, ыстық сорпаны сораптап 
қояды. Бірінші хатшы ауданның шаруашылық табыстары жөнінде 
шабыттана әңгіме айтып отыр. Қаракөл қойы негізінен егіз туады 
екен... жүз қойдан жүз он төрт қозы алған қойшыны жұмыстан шы-
ғарып жіберген екен... қозыны туған бойда сойып алған тері шап-
шынай деп аталады екен... алтынмен бағаланады екен... бірақ, бай-
қауымша, бұл сөздер Ғафекеңнің құлағына кіретін емес. Бір кезде 
орнынан тұрды да, шығып жүре берді. Тыңдаушылық рөлді Бәдеш 
апай алды да, мен ағамыздың артынан жетіп бардым.
– Маған ана потребсоюздың председателін шақыршы! – деді 
ақырын ғана.
Аудандық тұтынушылар одағының төрағасы Мәдіомар деген 
кісі болатын, шақыра қойдым. Екеуі күбір-күбір сөйлесіп, ары қа-
рай бір қуыстарға кіріп кетті.
Дастарқан басындағылар ештеңе байқаған жоқ, әңгімелесіп 
отыр. Бір кезде Ғафекең кіріп келді. Баяғы Ғафекең! 
– Ал, айналып кетейіндер, – деп бастады. – Сендер мына жерге 
Көктөбедегі сияқты бір ғаламат ресторан салып, оған жақсы заң 
енгізген екенсіңдер. Мен келді деп заңды бұзуға бола ма? А бі-
рақ... Менің тамырым тарылып, жүрегім қаға бастады. Сендер оны 
байқамадыңдар. Содан кейін мен мына жаққа барып ұрлық қылып 
келдім! 
Жұрт тым-тырыс.
– Мен ақын адаммын ғой, жасырмай ашық айтып жүремін ғой, 
мына Мәдіомармен барып, ана жақтан бір стақан коньяк ішіп кел-
дім! 
Жұрт не күлерін, не жыларын білмей қалды.
– Бұл потребсоюз дегенің бір керемет екен ғой, мен кешеден 
бері райком, райисполком деп жүріп байқамаппын ғой, дүниенің 
кереметі потребсоюзда екен ғой! 
Қарағым, айналайын Мәдіомардан,
Шығарды-ау қысылғанда бір құмардан,


46
Жарқырап екі көзім шыға келді-ау,
Шіркін-ай, кең екен ғой мына жалған! – деп қарап тұр! 
Жұрт ду күліп, қол соғып жіберді.
Кешке мәдениет сарайына лық толған аудан халқымен әдеби 
кездесу өткіздік. Оның сценарийін дайындап, жүргізіп отырған 
ақын Нарша Қашағанов бір жаңалық болсын деді ме екен, кезде-
суді бастаған бетте: «Ғафеке, Қасым Аманжоловтың «Өзім тура-
лы» жырын сіз керемет айтады деп естиміз, кешімізді сол әнмен 
бастап беруіңізді өтінеміз!» – деді. Өзі де тықыршып әрең отыр 
екен, Ғафекең: «Айналып кетейін сол, бұл маған сөйле дегенің 
ғой!» деп, ағыла жөнелді де, арғы-бергіден небір аталы сөздерді 
төкті дейсің. Өлең де оқыды, ән де айтты, қысқасы, кештің аяғына 
тақау бір-ақ тоқтады. Жұрт овация жасап, қызық кездесу болған 
сөйтіп...
Содан кейін «Ойық» кеңшарына келіп, директор Ералы Дада-
баевтың үйінде қонақ болдық. Ералы ағамыз тұлғалы, келіскен 
азамат екен. Әйелі де мол денелі, топ-толық, мақта сияқты үлпіл-
деп тұрған кісі. Ғафекең сөйлеген сайын Ерекең қасында отырған 
әйеліне: «Түрегел!» – дейді. Әйелі үлп етіп ұшып тұрады. Біз қай-
ранбыз. Сөйтсек, Ерекеңнің заңы бойынша, әйелі Ғафекеңнің сөзін 
түрегеп тұрып тыңдауға тиіс екен! Ертеңіне жеңгей екі аяғын баса 
алмай әрең жүрді! 
Ерекең бір дәптер мен қаламын әдейі дайындап қойған екен 
Ғафекеңнің айтқан сөздерін жазып алмаққа! Бірақ, бірер сөзін түр-
тіп үлгерді де, доғарды. Өйткені, пулеметтің атқан оғын санау 
мүмкін бе! Сол үйде сатирик ақын Оспанәлі Иманәлив бірге бол-
ды. Бір кезде елінде демалып жүрген Рафаэль Ниязбеков ағамыз 
жеңгей екеуі кіріп келді. Арқа-жарқа амандық-саулықтан кейін 
Ғафекең:
– А-а, бұл Рафаэльмен бірге бір сапарда болып едік, – деп, тағы 
бір қызықты бастады. – Мен бұған: Ы-ра-фа-эль, Бар болса, ұйым-
дастырсайшы бір-екі әйел! – деп әзілдесем, бұл да дайын тұр 
екен... – деп, бір күлдірді. Бәдеш апай жұртпен бірге күліп жатыр. 
Рафқаң кәдімгідей қысылыңқырап қалды. Жеңгейдің әдемі жүзі 
бұзылыңқырап кетті. Сөйтсе, Ғафекең:
– Өй, айналып кетейін, келінжан, ойыңа да алма, баяғыда бол-
ған шаруа ғой! – деп, одан сайын төндіріп қойсын. Сонда барып 
қалжыңға бұрып, рақаттана күлді бәрі...


47
Өстіп шалқыған сәттерде:
– Ал, енді Баяшым жырласын! – деп, маған домбыра ұстатып, 
жырлатады, «Манасты» айтқызады. Кейде менің айтып қалған 
сөздеріме күліп алып:
– А-а, бұ да менің айтқан сөзім бе! Мен өстіп жүрген жерімде 
із қалдырып, шашып жүремін ғой! Өй, айналып кетейін, Баяшка, 
памитың жақсы екен! – деп, шегімізді қатыратын...
Сол сапарда ақын Ғафу Қайырбековтың атын да, жырларын да 
бүкіл елдің өте жақсы білетіндігіне, басшылардың да, халықтың да 
алдында атақ-абыройы зор екеніне көзім жетті. «Ана жырын» бү-
кіл халық өз жырындай айтатыны баршаға белгілі ғой, ал ақынның 
одан басқа да шығармаларын, кітаптарын әр үйдің төрінен, кезде-
суге келген жұрттың қолынан көріп, риза болдық. Ол кісінің атақ-
даңқын, әсіресе, тапқыр сөздерін, қызық мінезін естіп-біліп, бір 
көруге құмар болып жүрген жандар көп кездесті.
Әрине, сөйлей білген ақын тыңдай да білетін, әрдайым айнала-
сындағы адамдарға зер сала қарап, ден қоя тыңдап, аталы сөзді 
қағып алатын құймақұлақ еді. Дүрілдетіп жүріп-ақ, көрген-
баққанын, естігенін ұмытпай, қаншама тамаша жолжазбаларды 
дереу жазып тастайтын.
Сол сапардан кейін біз бір туғандай болып, бауырласып кет-
тік...
1987 жылы менің анам Бәтима дауасыз дертке шалдықты. Ата-
анама қарау үшін елге көшетін болдық. «Жұлдыз» журналының 
ұжымы құрметтеп, жиын өткізіп, бас редактор Бекежан Тілегенов, 
жауапты хатшы Ахат Жақсыбаев, Маршал Әбдіхалықов, Софы 
Сматаев, Кәрібай Ахметбеков, Ұзақбай Доспамбетов, Жарасқан 
Әбдірашев, Төлен Қаупынбаев, Шөмішбай Сариев, Тұрсын Жұр-
тбаев, Тұрсынжан Шапаев сынды ақын-жазушы ағаларымыз жылы 
сөздерін айтып, арқамнан қақты. Серік Тұрғынбекұлы ағамыз ма-
ған арнаған бір тамаша өлеңін оқып берді. Тағы да жарықтық Ға-
фекең қызық жасады.
Баян-сапар. Інім Баянғали Әлімжановқа. – деп, өлең оқыды.
«Жұлдыздың» кенжетайы, сүйкімдісі,
Мың күнге азық болған бір күнгі ісі.
Жан-жағын дауылдатқан, дабыл қаққан, 
Келгенде қыранға ұқсап сілкінгісі.


48
Шабыттың шын перзенті, төл баласы, 
Ежелгі жүйріктердің олжаласы,
Қызметке туған жерге шектің сапар, 
Қолдасын жолдың пірі, жол данасы.
Көзіңде жарқыраған болашағың,
Алдыңда болар шағың, толар шағың,
Қалықта аспан жердің арасында, 
Тұрмыста саз кешпесін толарсағың! 
Рахмет «Жұлдызға» еткен еңбегіңе,
Жұлдыздай шыға бер сен ел көгіне,
Оранып мауқыңды бас бала қыран, 
Көк майса Көкшетаудың жөргегіне! 
Даланың данышпаны, ол да ағасы,
Қазақтың ортасында мол бағасы,
Көкшеге қанат болып алып ұшсын 
«Жұлдыздың» жырмен жазған жолдамасы! 
Әрине, сендей жанды көз қия ма, 
Ұқсаған бойы биік боз қияға,
Махаббат, шапағатты қатар жинап, 
Қайтарсың аман-есен өз ұяңа! 
– Ойбай-ау, Ғафеке-ау, мынадай өлең арнасаңыз, біз де ауылға 
көшіп кетер едік! – деп жіберді бір қаламдастар әзіл-шыны аралас.
Жиын тарап, шығып бара жатқанымызда, Ғафекең мені қол-
тықтап алып:
– Айналып кетейін, Баяшым, мен сені баламнан, Бақытымнан 
кем көрмеймін ғой! Өлең деген жүректен туады ғой, әйтпесе, басқа 
біреулер көшіп жатса, мұндай өлең қайда-а! – деп қояды! 
Бұл өлең Алматыдан алақандай ауылға көшіп келген маған қи-
налып жүрген кездерімде үлкен рухани сүйеніш болды. Ата-анам 
да қайталап оқытып, ақын ағама алғыстарын жаудырып отыратын.
Ал Ғафу ағам оның үстіне өз ниетімен Көкшетау обкомының 
бірінші секретары Мақтай Сағдиевке хат жазып берген. Не жазға-
нын білмеймін, конвертке сап, желімдеп, қолыма ұстатты.
– Осыны Мақтайға берсең, сені хан көтереді! – деді.


49
Елге келген соң, Көкшетауға, обкомға барайын. Бірінші хат-
шының көмекшісі Сағынтай Шәріпов біздің ауданның, Құдықа-
ғаштың жігіті екен. Жылы қарсы алды, бірақ Сағдиевқа кездестіре 
алмады. «Кейін хабарласып, келерсің, сәті түскенде жолықтыра-
мын!» – деп шығарып салды. Кейін де әне-міне болып кетті, ең бас-
тысы, бірден қабылдай қоймаған жерге қайта келуге онша көңіл 
хошым болмай қалды. Сөйтіп ол хат ашылмаған күйі сандығымда 
жата берді де, ақыры Мақаңның қолына тиген жоқ. Соны білгенде: 
«Әй, Бәдеш, мынау менің Мақтайға жазып берген хатымды әлі бер-
мепті, неғылған адам әй?!» – деп шыр-пыр болып еді.
Сонымен, анамыз біз келген соң он бір айдан кейін, 1988 жылы 
өмірден озды. Біз әкеміз Тақанмен бірге Кеңащыда тұра бердік. 
Жаздыгүні Ғафекең мен Бәдеш апай арнайы біздің ауылға келіп, 
анамыздың басына құран оқып, бата қылды. Ол кісі келді деген 
соң, облыс қозғалып, аупарткомның бірінші хатшысы Қызыр Жұ-
мабаев бастаған аудан басшылары тік тұрып, құрмет көрсетіп, кез-
десу өткізді. Сол кезде Біржан сал зиратына интернационал аупар-
тком, ауатком қызметкерлерімен бірге барғандағы бір жағдай 
есімнен кетпейді. Ғафекең зиратқа қарап, тік тұрған қалпы үн-
түнсіз көбірек бөгеліп қалды. О кісі қозғалмаған соң, жұртта да үн 
жоқ. Қасында тұрғанмын, кенет сезе қойдым, жарықтық ішінен 
құран оқып тұр екен! 
Біздің ауылға, Кеңащыға осы келген сапарында әкемізден бас-
тап, туған-туыстарымызға дейін кітаптарын қолтаңбасымен сыйға 
тартты. Әкем Берлинге дейін барған соғыс ардагері, совет зама-
нында отыз тоғыз жасынан бастап намаз оқыған кісі еді, былай деп 
жазыпты:
Әрі әке, әрі сүйеу Баян салға,
Тірегің күндіз-түні таянсаң да,
Әулеттің қара шаңырақ әулиесі, 
Сыйладым құран білгіш тақиялы шалға! 
Үлкен апайымыз Ләйла тәтемнің жолдасы Өсербай жездеміз 
ұзын бойлы, ірі денелі кісі болатын. Есіктен кіріп келіп, сәлемдес-
кен бойда, атын атап, «Өсербай жездеміз» деп таныстырғаным сол 
еді:
– А-а, Өсербай деп өссін деп қойған екен, бұл да сол атын ақ-
тап өскен екен! – деді...


50
Ең кіші жездемді: Ауылға келгелі Алматының жартысын жоқ-
татпай, жанымнан табылып жүрген жайсаң жездем Талғат! – деп 
таныстырып едім, «Өмір оттары» кітабына:
Жігіттің ең жақсысы жан аңсары, 
Арман-ау соған көңіл жалғасқаны,
Баяштың сүйенетін бәйтерегі –
Аман бол, айналайын Талғат сары! – деп жазды да берді.
Алпыс жылдығына орай арнайы шығарылған қос томдық шы-
ғармалар жинағының бір томын маған, бір томын әйелім Әлияға 
әдейілеп атап тұрып жазып берді: Маған:
Айналдым жалын, өрттей Баянымнан, 
Жүргендей серік болып баяғыдан,
Бір өзің бір өлкедей бауырым едің, 
Тағдырдың сақта құдай таяғынан! – деп, Әлияға:
Әлия, қамал болшы азаматыңа, 
Шабатын күнде тұлпар, қазанатыңа,
Осынау бір баланы сақта, қалқам, 
Түбінде тұлға болар қазақ атына! – деп жазыпты.
Ол да бір көңілге ыстық, қайталанбас күндер екен ғой! 
Жарықтық Ғафекеңнің маған деген ағалық, тіпті әкелік ықы-
лас-мейірі осындай бір рухани жағдайлардан, жақсы сөзі мен жо-
ғары бағасынан ылғи да байқалып тұратын.
«Ақынның жанын түсіну керек! Ақын адам сәл нәрседен қа-
наттанып кетсе, сәл нәрседен сынып қалады. Ақын жанына абай 
болу керек!» – деп аялап, арқамнан қаққан алақан табын әлі күнге 
сезініп келемін! 
Бір күні, мүлде кездейсоқ «Егемен Қазақстаннан» «Манас» 
эпосының мың жылдығына орай жазылған Ғафекеңнің «Манас пен 
манасшылар» деген мақаласы көзіме түсті. Ойымда ештеңе жоқ, 
жүгіртіп оқып жатырмын. Кесек-кесек ойларын кестелеп келтіріп, 
бір кезде былай деген екен: «...Және біздің қазір Көкшетаудағы 
жас ақын Баянғали Әлімжанов сол «Манастың» бірнеше тарауын 
қырғыз тілінде керемет орындайды. Қайда жүріп үйренгенін құдай 
білсін! Тіпті Қырғызстан манасшылар жиынына қатынасты-ау 
деймін. Қазақтағы манасшы – Баянғали сирек құбылыс. Әттең, со-
ған мән беріп жатқан біз жоқ. Ау, қанша туыс болғанымен, басқа 


51
ұлттың тілінде бүкіл бір қиссаны жатқа айтқан кім бар? Орыстар 
мұны феномен десе керек». 
Өн бойымды тоқ соғып өткендей болды! 
1994 жылы Ғафекең мен Бәдеш апайды Бурабайдан, өзінің жыл-
да демалатын сүйікті «Оқжетпес» санаторийінен Степнякқа, Біржан 
салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестиваліне алып келдім. 
Рөлде өзім. Менің шопырлығыма қарап отырып, өзінің шопырлығы 
есіне түсті-ау деймін, Бәдеш апайға қарап күліп қояды. Ақыры, біз-
дің үйде, Кеңащыда қонақ болып, түнде қайтарында директор Қа-
лиасқар Әйткеновтен шопырымен машина сұрап алды.
– Біздің Баяшканың шопырлығы күндізге ғана жарайтын шо-
пырлық екен, соған да рақмет! – деді күліп.
Сол жолы біз үйде атам Біржанның тойы деп, фестивальге кел-
ген көкшетаулық ақын-жазушыларды, өнер адамдарын, мәдениет 
қызметкерлерін – қырық шақты адамды қонақ қылдық. Ішінде Ес-
тай Мырзахметов, Болат Бекенов, Төлеген Қажыбаев, Тасболат 
Алпысов, Иран Ильяшев, Базарбай Кәкенов сынды ағаларымыз, 
аудан әкімі Кеңес Мұқатов, орынбасары Сансызбай Балтабеков, 
ауылдас көршіміз Молдабай Кешуов сияқты азаматтар бар, әкеміз 
бәрі төргі үйде Ғафекеңмен әңгімелесіп отырған. Әрі-бері шаруа 
қамымен жүргенде, құлағым шалып қалады. Әңгіме айтып отыр-
ған Ғафекең арасында: «Әзер болса қызыл қасқа сиыр кетер деген-
дей!» деп қояды. Жұрт ду күледі. Күлген сайын мен қысылып ба-
рамын. Ақырындап әкемнен «сіз айтып қойған жоқсыз ба?» – деп 
сұраймын. «Айтқам жоқ!» – дейді әкем. Қонақ күтумен әбігер боп 
жүрген Әлияға: «Сен айтып қойған жоқсың ба?» – деймін. Ол ба-
сын шайқайды таңданып.
Менің таңғалғаным – осы тойдың қамымен бір қызыл қасқа 
сиырымызды кеңшарға өткізіп, жігіттер ақшасын қолма-қол алып 
берген. Ол кезде ақша да, бәрі де дефицит, таршылық уақыт бола-
тын, әйтеуір, азаматтардың көмегімен, әлгі қызыл қасқа сиырдың 
ақшасына дастарханға керек-жарақты түгендеп қойғанбыз. Енді 
келіп, Ғафекең «әзер болса қызыл қасқа сиыр кетер дегендей» деп 
соғып отыр! 
Сөйтсем, жай бір сөздің мәтелі екен...
Бірақ, дәл осы жерде неғып айтыла қалды десейші! 
Ғафекеңнің осындай бір адам түсінбейтін қасиеті болатын! 
Және оны өзі сезіп, білетін еді.


52
Кей-кейде ғана, өте жақын адамдарына жұмбақ жағдайларды 
сыр ғып айтатын...
Сонымен, біздің ауылдағы әлгі жиында Ғафекеңе ел атынан ат 
мінгіздік. Алғысын айтып, разы боп аттанған...
Қараша айында қайтыс болды деген хабары келді.
Таңертең Көкшетауға, аэропортқа барғалы жолға шықсам, жер 
аппақ, алғашқы қалың қар жауып, жылмықтанып, қайта қата бас-
таған. Сұмдық көктайғақ! Қасымда балдызым Тұрар, ауылдас 
Бауыржан, Мұратхан деген жас жігіттер бар, үш рет жолдан ұшып 
кетіп, екі рет теріс қарай айналып кетіп, әйтеуір, жеңіл «Жигули-
ді» төртеулеп итеріп шығарып алып, тайғанақтап, 150 шақырым 
жердегі Көкшетауға әупірімдеп бес сағатта аман-есен жеттік-ау! 
Сөйтіп, ұшақтан қалып қойып, мен топырақ сала алмай қалдым.
Қырқында бардым. Әлгі атты сойып, пойызбен апардым... Құ-
ран оқып, дұға қылдым...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет