33
қағымдай өте шығар думанды өмірдің мәні неде сонда? Не үшін
өмір сүріп, нені мұрат тұтамыз? Адам баласын мәңгілік толғанды-
рар мәңгілік сұраулар өзінің бүкіл болмысымен, бүкіл
жұмбаққа
толы ұлылығымен алдыңнан тағы шығады. Аттап, елемей кете ал-
майсың, ол тек қас наданның ғана қолынан келмек. Тек өз өмірің
емес, жалпы адам баласының, адамзат тағдырының мәні неде? Сан
ғасырлар бойы алға ұмтылып, қараңғылықпен күрескен, сол кү-
рестерде өзінің ардақты ұл-қыздары дүниедегі ең қымбаты – өмі-
рін құрбан етуге дейін барған адамзат мұраты не сонда? Ұлы рево-
люцияларда, кешегі соғыстарда өлімге
қасқайып қарсы тұрған
қыршын жастарды алға бастаған не? Тек өзінің ерлігін паш етіп,
адам атын ақтап кету ғана ма екен? Бәрі де, дүниедегі әділ күрес
атаулының бәрі де адамзат бақыты үшін, жарқын болашағы үшін,
жақсылық, әділеттік үшін. Бүгінгі ізгі жүректі
адам атаулының
ұмтылары да, тілек-мүддесі де осы.
Қасым айтады ғой:
Достарыңызбен бөлісу: