Басымнан таярмысың бір күн, дәурен.
Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай,
Жүзіңде шалқып тұрған күлкім, дәурен.
Осы секілді жаныңды сыздатар жыр жолдары көптеп кездесе-
ді, оларды тебіренбей оқу мүмкін емес, өйткені өзекті жанның бә-
ріне де ортақ нәрсе бұл. Табиғат заңы – тумақ бар да, өлмек бар,
дүниеге келу – қуаныш, бақыт болса, дүниеден кету трагедия емес
пе? Әлмисақтан белгілі бұлжымас қағида болғанымен, сезімтал
жүрек езіле ауырып, буырқанады. Бірақ табиғат заңын өзгерте ал-
майсың. Ақын мұны мойындай отырса да:
Бір күні от өмірім қалса өшіп,
Қайран ел туған жерден кетпес көшіп.