Шығармалары деректі дүниелер


Қанаттанып халқыңа нәр ақтардың



Pdf көрінісі
бет14/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf

 
Қанаттанып халқыңа нәр ақтардың. 
 
Сенің көшің тоқтамас жер бетінде
 
Өлмес мәңгі сапарға жаңа аттандың. 
 
Әрине, суық қайғы, суық кайғы, 
 
Көңілін халқың бірақ суытпайды. 
 
Егер де халық өзін ұмытпаса, 
 
Бақыл бол, халық сені ұмытпайды!
 
Қасым мен Мұқағали жырын қатар оқып, екі туындыны ұқсас 
десек – бұл тегін емес. Осынау кесек тұлғалы екі ақынды бір-
біріне теліп, тепе-теңдік белгісін тік сыза салу да мұрат емес.
Кез келген адам байқарлық бір-ақ нәрсе – екі жырдың өлеңдік 
құрылысы да, тіл бояуы да бір-біріне мүлде ұқсамайды. Екеуі екі 
басқа дүние, екеуі де өнердің екі түрлі озық үлгісі. Екі ақынның да 
айна-қатесі жоқ өз үні, Қасым – Қасым да, Мұқағали – Мұқағали. 
«Өзім туралы» өртке тиген дауылдай» болса, Мұқағали жырында 
«Өмір мен өлім күйзеліп, жайлап сырласады».
Бірақ бұл жырлардың үндестігі тереңнен тамыр тартады, көзге 
көрінбегенмен, жүрекке барар қан тамырлары байланысып жатыр 
– қос жүрек бірге, бірдей соғып тұр. Жырлар сарыны ұқсас, өлмес 
рухы ұқсас, ой тереңдігі, сезім сыршылдығы ұқсас, өмір трагедия-
сынан үлкен оптимистік, ерлік қорытынды шығаруы ұқсас. Екеуі 
де өлімді өнерімен жеңуге ұмтылған өр ақын жыры, терең ойға 
қалдыратын өмірге ғашықтық жыры.
Шынында да, мына өмір кімнің басынан өтпеген? Біреуге ерте, 
біреуге кеш. Бесенеден белгілі осы ащы шындық екі жырды оқы-
ғанда көңіл көзіне айқын көрініп, өз салмағын сезіндіріп кетеді. 
«Жаспыз ғой»... «Алыста ғой...» деп жүрген тоқ көңілге қозғау са-
ла ойландырады. Япырмау, бүгінгі тірлігің, қуаныш-күлкің... Қас-


33
қағымдай өте шығар думанды өмірдің мәні неде сонда? Не үшін 
өмір сүріп, нені мұрат тұтамыз? Адам баласын мәңгілік толғанды-
рар мәңгілік сұраулар өзінің бүкіл болмысымен, бүкіл жұмбаққа 
толы ұлылығымен алдыңнан тағы шығады. Аттап, елемей кете ал-
майсың, ол тек қас наданның ғана қолынан келмек. Тек өз өмірің 
емес, жалпы адам баласының, адамзат тағдырының мәні неде? Сан 
ғасырлар бойы алға ұмтылып, қараңғылықпен күрескен, сол кү-
рестерде өзінің ардақты ұл-қыздары дүниедегі ең қымбаты – өмі-
рін құрбан етуге дейін барған адамзат мұраты не сонда? Ұлы рево-
люцияларда, кешегі соғыстарда өлімге қасқайып қарсы тұрған 
қыршын жастарды алға бастаған не? Тек өзінің ерлігін паш етіп, 
адам атын ақтап кету ғана ма екен? Бәрі де, дүниедегі әділ күрес 
атаулының бәрі де адамзат бақыты үшін, жарқын болашағы үшін, 
жақсылық, әділеттік үшін. Бүгінгі ізгі жүректі адам атаулының 
ұмтылары да, тілек-мүддесі де осы.
Қасым айтады ғой: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет